188
ТҮСІНІКТЕМЕ
Бұл бағдарлама «Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен
әдістемесі» оқу пәнінің негізгі мазмұны мен құрылымын айқындайды.
Бұл пән 05010800 – «Дене мәдениеті және спорт»мамандығы бойынша спорт және
туризм академиясының студенттерін қосымша кәсіби дайындау болады.
Пәнді оқыту мақсаты – білім алушы студенттерге әртүрлі спорт түрлерінің жаттығуу
үдерісінің заңдылығын, балалар мен жасөспірімдердің спорттық сабақтарының
ерекшеліктерін және ұйымдастыру түрлерінің мазмұнын ілімдік негізде тереңдете оқыту.
Пәнді оқыту міндеттері:
1. «Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі»
мазмұны мен негізгі түсінігін айқындау, бұл пәннің орны дене шынықтыру жоғары оқу
орындарының бітірушілеріне және аралас білім жүйесіне арналған.
2. Балалар мен жасөспірімдер спорты бұқаралық спортттың, жоғары жетістіктер
спортының бір бөлімі ретінде, оның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен құрылымы, сондай-ақ
бақылау мен құру ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Мамандар даярлаудағы пәннің қажеттілігі мен рөлі, оны оқу үдерісіне енгізу
психологиясы, анатомия және физиология пәндерінің негізінде адам ағзасының өсу
ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік білімдерін ойланып талаптануға бағытталған.
«Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі» мамандар
даярлығының сапасын жетілдіруде жоғары кәсіби білімнің мемлекеттік міндетті стандарты
келісімімен икемін, білімін, дағдыларын қарастырады.
«Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорт теориясы мен әдістемесін» оқытуда
«Дене тәрбиесінің әдісі мен ілімі» пәнінің үлкен үш тарауын кешенді кәсіби оқу пәні ретінде
алға алады: 1) Дене тәрбиесі әдісі мен ілімінің жалпы негздері. 2) Дене тәрбиесінің жас
ерекшелігі негіздері. 3) Дене тәрбиесінің кәсіби–қолданбалы және спорт негіздері. Спорт
теориясы мен әдістемесінің негіздері. Мұнда спорттық жарыстар мен спортшыларды
даярлау жүйелері, сонымен бірге жарыстар мен оған дайындықты толықтыра, күшейте
түсетін және жарыстан, жаттығудан тыс жағдайлар да қарастырылады.
Құзыреттілік: «Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорт теориясы мен
әдістемесі»
пәні бойынша білімі мен тәжірбиелік іскерлігін меңгеру; мақсатты қою және
шешуді білу, оқытушы мен оқушылардың қызметін ұйымдастыру және болжау, зерттеу,
жоспарлау, модельдеу; оқытушылар мен жаттықтырушылар қызметінде мультимедиялық
және ғаламтор – технологияларды қолдану,
инновациялық шешімдер, ақпаратты жинау және
өңдеу, іздеу, шығармашылық және инновациялық мүмкіндігін қамтамасыз ету;
Кәсіби қызметте теориялық білімді қолдану дағдылары мен іскерлікті, білімді меңгеру;
стандарттық емес және баламалы шешімдерді таба білу, қиын жағдайда ойлану, тұрақты
кәсіби уәждемені және кәсіби өсу дайындығын қалыптастыру.
«Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі» пәнін
оқыту нәтижесінде студент білуі керек: балалар мен жасөспірімдер спортының мақсаты мен
189
міндеттерін, жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру әдістеріне, құралдарына, негізгі
қағидаттарына, міндеттеріне, мақсаттарына оқытудағы жаңа тәсілдерге, балалар мен
жасөспірімдер және кәсіби спортта дене қасиеттерін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс іс-
әрекеттеріне оқыту әдістемесі мен мазмұнының басты салаларына, балалар мен
жасөспірімдер және кәсіби спортта дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне, жоспарлауға,
бақылауға, және есеп жүргізуге сипаттама беру;
Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың, дене мәдениетінің құрамдас бөлімі
ретінде сипаттама беру, спортық жаттығулардың мәнін, оның мақсатын, міндеттерін, өзіне
тән қағидаттарын, мазмұнын, құрылымын және жоспарлау мен басқару технологиясын
ашуды меңгеруі керек.
Пәннің пререквизиттері: Студенттер бұл пәнді оқып үйрену үшін алдын-ала «Дене
шынықтырудың теориясы мен әдістемесі» курсын өту қажет.
Постреквизиттері: Кәсіби қызметте білім мен тәжірибелік дағдыны қолдану.
Күтілетін нәтиже: Студент алған білімдерін тәжірибеде қолдану үшін балалар мен
жасөспірімдер және кәсіби спорт негіздерін біліп дағдылануы керек.
190
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
«Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорт теориясы мен әдістемесі» ілімі мен
пәнінің даму тарихы және оны айқындаушы негізгі кезеңдері.
«Балалар мен жасөспірімдер және кәсіби спорттың теориясы мен әдістемесі» ғылыми
және оқу пәні ретінде, оның құрылымы.
Негізгі түсініктерін анықтау: Балалар, жасөспірімдер спорты, спорттық даярлық,
спорттық жаттығу, спорттық жаттығу құралы мен әдісі, спортшының көпжылдық даярлығы,
іріктеу, спорттық бағдар.
Балалар мен жасөспірімдер спортындағы ғылыми-зерттеу әдісі мен әдістемелік негізі.
МОДУЛЬ 1. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Жас спортшыларды іріктеудің заманауи жүйесі
Іріктеу жүйесінің негізгі түсінігі, спорттық-тәсілдік, дене даярлығының бастапқы
деңгейі, дене қабілеттерінің дамуы, спорттық дарындылық, спорттық бағдар, жас
спортшыларды іріктеу кезеңі.
Спорт мектептеріне іріктеу шарттар: дәрігерлік-биологиялық, педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік.
1.2 Жасөспірімдер спортының анатомиялық-физиологиялық негіздері
Спортпен айналысу үдерісіне адам ағзасының жас ерекшелік құрылысы және қызыметі,
бұлшық ет аппараты және қозғалыс қызыметін демеу, спортшы ағзасы жүрек соғу және
тыныс алу жүйесінің жүктемеге бейімделуі және даму ерекшелігі, бұлшық ет қызыметіндегі
жүрек соғу ерекшелігі.
Адамның қозғалыс тәсілі, қозғалыс тәсілін меңгеру және даму ерекшелігі спорттық
тәсілдің физиологиялық ерекшелігі, жаттыққандық дамуының физиологиялық шарты.
1.3 Жас спортшылардың жаттығу ерекшелігі
Дене даярлығының ерекшелігі, дене қабілетінің дамуы; төзімділік, икемділік, ептілік,
күш және шапшаңдықты тәрбиелеу құралы мен әдісі, дене қабілеттерін тәрбиелеуге әсер
етуші факторлар; жеке жаттығу сабағының тәртібі, жаттығудағы кіші, орта, үлкен циклдер.
Тәсілдік даярлығының ерекшелігі. Тәсілдік даярлық кезеңдері, қозғалыс дағдылары,
тәсілдік даярлықтың құралы мен әдісі, сабақтар тәртібі.
Тактикалық даярлық ерекшелігі; тактика түрлері, тактика даярлығының құралы мен
әдісі, сабақтар тәртібі.
Психикалық даярлықтың ерекшелігі; қозғалысты үйрету үдерісіндегі жүйке жүйесінің
ерекшелігі, балалар жүйке қызыметінің негізгі түрлері.
1.4 Жас спортшылар даярлығының көпжылдық жүйесі
Бастапқы даярлық кезеңінің сипаттамасы; оның ұзақтылығы, міндеттері құралдары,
әдісі және даярлық талаптары.