379
5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша
Кәсіптендіру пәндері
Алматы
ВОЛЕЙБОЛДЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ВОЛЕЙБОЛ
1.1 Пәнге кіріспе. Анықтама. Зерттеу нысаны. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Волейбол пәнінің оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны. Волейболдағы
терминдер мен анықтамалар және олардың сипаттамасы. Оқу жұмысының бағдарламасы,
ұйымдастырылуы мен мазмұны, курсты өту барысындағы сынақ нормативтері.
Волейболдың мектеп бағдарламасының базалық түрі ретіндегі теориясы мен
әдістемесінің мәселелері.
Волейбол пәнінің пайда болуы мен даму тарихы. Волейбол - дене шынықтырудың
бұқаралық спорт пен тұрғындарды сауықтыру барысындағы қолжетімді құралы ретінде.
Волейболшылардың республикадағы және халықаралық жарыстардағы жетістіктері.
Волейболды дамыту және жетілдіру бойынша жетекші органдар. Біліктілігі әртүрлі
волейболшылар мен мектеп командаларын даярлау жүйесі.
Сабақ білім берудің негізгі жолы ретінде, тұтас сабақтың және оның жекелеген
бөлімдерінің міндеттері мен мазмұны, сабақ барысында жаттығулар орындаудың тәсілдері.
Сабақ өткізудің психологиялық-педагогикалық және әдістемелік талдауы.
Оқу үдерісін жүргізу бойынша жұмысты есепке алу. Алдын-ала, ағымдық, қорытынды
есеп.
1.3 Ойын ережелері және құрал-жабдықтар.
Волейбол алаңындағы ойын ережелерінің және құрал-жабдықтардың эволюциясы.
Ойын алаңы, ойыншылардың алаңға орналасуы, олардың арасындағы қызмет бөлінісі,
кездесу барысында ойыншылардың алмасуы.
Ойын ұзақтығы, кездесу барысындағы тоқтау және үзілістер, кездесудің алаңнан алаңға
алмасуы. Жеке кездесу өткізу жөніндегі төрешілер бригадасының құқықтары мен міндеттері.
1.4. Волейболмен шұғылдану қауіпсіздігінің ережелері. Жарақаттардың туындау
380
себептері: оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстар өткізу ережелерінің бұзылуы; спорттық
жабдықтардың, сабақ өткізу орындары мен оларды өткізу шарттарының қанағатсыз күйі;
спорттық киім мен аяқ киімнің сәйкессіздігі; оқу-жаттығу сабақтарын өткізу әдістемесінің
дұрыс еместігі; шұғылданушылардың денсаулығын дәрігерлік бақылау ережелерінің
бұзылуы; келеңсіз ауа-райы жағдайлары.
2 МОДУЛЬ. ВОЛЕЙБОЛДЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Ойын әрекеттеріне үйрету әдістемесі. Үйрету барысындағы педагогикалық
қағидаттар мен ережелер. Ойынның техникалық-тактикалық тәсілдеріне үйретудің бірізділігі.
Үйрету кезеңдері: техникалық тәсілдермен және тактикалық әрекеттермен жалпылама
танысу, орындау барысында әрекеттер бірізділігіне үйрету, ойынға жақын жағдайларда
тәсілдерді жетілдіру, ойын жағдайларындағы амалдарды пысықтау. Жетектеуші және
имитациялық жағдайларда, оқыту және жетілдіру барысында қателіктерді түзету әдістемесі.
Оқытудың тұтас және бөлшектенген әдістері.
Оқыту үдерісіндегі оқытушының тәрбиелік жұмысы. Тәрбие жұмысының әдістері:
педагогтың жеке басының үлгісі, сабаққа қатысу және оқу үлгерімін есепке алу.
3.2 Волейболдың техникасы мен тактикасына үйрету негіздері
Техникалық-тактикалық әрекеттердің жіктелуі. Спорт ойыны ретінде волейболдың
өзіне тән белгілері мен қызметі. Ойын техникасы мен тактикасының жіктелу қағидаттары.
Волейболдағы техникалық-тактикалық әрекеттердің терминдері және жалпы түсінігі.
Ойыншылар қызметін әмбебаптандыруға және арнайыландыруға деген қазіргі көзқарастар.
Ойыншылардың қызметтері: шабуылдаушылар (бірінші және екінші қарқындағы),
байланыстырушы, қорғаушылар (либеро).
3.3. Волейбол ойыны техникасының құрылымдарын меңгерудегі бірізділік. Тәсілдерді
орындау техникасының жалпы сипаттамасы. Доп беру, берілген допты қабылдау, доп алып беру,
шабуылдау соққысы, құрсаулау, сақтандыру, допты қорғаныста қабылдауды орындау
техникасы. Шабуылдау және қорғану техникасының өзара байланыстары. Волейбол ойынын
үйретудегі жетектеуші және арнайы жаттығулар және оларды қолданудың бірізділігі.
Волейболдағы жеке және топтық техникалық әрекеттерге үйрету ерекшеліктері. Ойын
техникасына үйрету барысындағы бірыңғай қателіктер және оларды түзеу әдістері.
3.4 Жекелеген тактикалық амалдар: орын таңдау, орын ауыстыру тәсілдері, доппен және
допсыз әрекеттер.
Шабуылдау мен қорғанудың түрлі тактикалық үйлесімділіктерін жүргізу барысында
жиі көрініс табатын топтық тактикалық әрекеттер. Өзара топтық іс-қимылдар ұйымдастыру
тәсілдері.
3.5 Шабуылдау мен қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттер. Шабуылдау мен
қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттер немесе ойын жүйесі, олардың түрлері мен
орындау тәсілдері. Шабуылдау мен қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттердің
эволюциялық өзгерістері. Ерлер мен әйелдер командалары қолданатын заманауи ойын
жүйесі. Ойын ережелерін және жекелеген анағұрлым күрделі ойын кезеңдерін талдау.
3.6 Шабуылдау мен қорғаныс барысындағы жеке және топтық әрекеттер. Жеке
техникалық әрекеттерге үйрету әдістемесі: доп беру, берілген допты қабылдау, доп алып беру,
шабуылдау соққысы, құрсаулау, сақтандыру, допты қорғаныста қабылдау; олардың түрлері
мен орындау тәсілдері. Мектептегі үйрету және оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Волейболды 1-4 сыныптарда оқыту әдістемесі
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды волейбол ойынына үйретудің теориялық
негіздері. Бастауыш мектеп жасындағыларды дене шынықтыру жаттығуларына үйрету
ерекшеліктері. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды волейбол ойынына оқытудың
әдістері мен жолдары. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды волейбол ойынына үйретудің
педагогикалық шарттары. Ойын әдісін пайдалану волейбол ойынына үйретудің шарты
ретінде. Техникалық даярлық. Дене даярлығы. Доппен ойнайтын қозғалмалы ойындар (үлкен
және кіші). 1-4 сынып оқушыларын оқыту қағидаттары, құралдары мен әдістері.