Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет26/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   168

84

латын  жұмыс  кезеңін  жəне  аралық,  яғни  салыстырмалы  қозғалыс 

белсенділігі төмен кезеңдерін бөліп көрсетуге болады. 

Интервалдық  қайталау  жаттығуларына  толық  немесе  жа-

рым-жартылай тынығу кезеңдеріне бөлінген əртүрлі немесе бірдей 

элементтердің стандартты комбинацияларынан тұратын жарыс, со-

нымен қатар кешенді жаттықтыру жаттығулары жатады. Мұнда осы 

комбинацияларға  кіретін  элементтер  (сипаты  мен  қарқындылығы 

бойынша)  біртектес  циклдік  немесе  ациклдік  жаттығулар  болуы 

мүмкін.  Интервалдық-қайталау  жаттығуларына  толық  немесе  жа-

рым-жартылай  тынығу  кезеңдерімен  арақашықтықтың  белгілі  бір 

бөлімдерін жоғары жылдамдықпен жүгіріп (жүзіп) өтумен қайталана 

кезектесе  орындалатын  жаттықтыру  жаттығулары  жатады.  Басқа 

мысал  ретінде  штанганы  бірінен-соң  бірін  бірнеше  рет  көтеруді 

келтіруге  болады.  Жарыстық  интервалды-қайталау  жаттығуларына 

биатлон мен спорттық бағдарлау жатады. Егер кешенді жаттықтыру 

жаттығуларын орындау кезінде жұмыс кезеңдері толық тынығудың 

аралық  кезеңдерімен  кезектестірілсе,  онда  мұндай  жаттығулар 

қайталама-үзілістік  жаттығулар  деп  белгіленеді.  Қайталама-

өзергіштіктік  жаттығулардан  жаттықтыру  мен  жарыс  кездерінде 

бірдей  сол  немесе  түрлі  жаттығуларды  қайталап  орындауды  ажы-

рата білу керек. Егер жаттығуды орындау кезінде жұмыс кезеңдері 

айтарлықтай  төмен  қарқынды  жұмыспен,  яғни  жарым-жартылай 

тынығудың  аралық  кезеңдерімен  (мысалы,  жортақтап  жүгірумен) 

алмасса,  онда  мұндай  жаттығуларды  интервалды  үзілістік 

жаттығулар деп белгілейді. Кешенді жаттықтыру жаттығуларының 

көпшілігі  мен  əр  жаттықтыру  сабағы  тұтас  алғанда  мəні  бойынша 

интервалдық қайталау жаттығулары болып табылады. 



85

ІV  ТАРАУ

СПОРТТЫҚ ƏРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ ОРГАНИЗМ КҮЙІНІҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Бұлшық  ет  əрекеті  организмнің  көптеген  физиологиялық 

жүйелерінің айтарлықтай өзгерістерін тудырады. Бұл өзгерістер ди-

намикасында: 

1. Сөре алдыңғы күй; 

2. Негізгі (жұмыс) кезең; 

3. Қалпына  келу  кезеңі  сияқты 3 негізгі  кезеңдерді  бөліп 

көрсетуге болады.



Сөре  алдыңғы  күй  жұмыстың  басталуының  (жаттығудың 

орындалуының)  алдындағы  функциялық  өзгерістермен  сипаттала-

ды. 

Жұмыс  кезеңі  ең  бастапқы  кезеңінде  қызметтердің  тез 

өзгеруімен  сипатталатын  бабына  келу  күйінен  жəне  келесі  одан 

кейін  негізгі  физиологиялық  қызметтер  салыстырмалы  өзгеріссіз 

болатын  (нақтылап  айтқанда,  баяу  өзгеретін)  тұрақты  жұмыс 

қабілеттілік  күйінен  тұрады.  Жаттығуды  орындау  үдерісінде  оны 

əрі  қарай  қажет  жағдайдағы  қарқындылық  деңгейінде  жалғастыра 

алмаумен немесе сол жаттығуды мүлде жалғастыра алмаумен, яғни 

жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен көрінетін қажу пайда болады. 

Бастапқы,  жұмыс  алдыңғы  деңгейге  дейін  қызметтердің 

қалпына  келуі  жаттығуды  тоқтатқаннан  кейінгі  белгілі  бір  уақыт 

мерзімі барысындағы организмнің күйін сипаттайды.

Организм  күйінің  көрсетілген  кезеңдерінің  əрқайсысына  түрлі 

жүйелер,  мүшелер  мен  тұтас  бүкіл  организмнің  физиологиялық 

қызметтерінің  ерекше  динамикасы  тəн.  Бұл  кезеңдердің  болуы, 

олардың ерекшелігі мен ұзақтығы орындалатын жаттығулар сипаты-

мен, қарқындылығымен, ұзақтығымен, оның орындалу жағдайымен 

жəне  сонымен  қатар  спортшының  жаттықтырылу  дəрежесімен 

анықталады. 

Сөре алдыңғы күй

Бұлшық  ет  əрекетінің  орындалуына  дейін  оны  күту  үдерісінде 

организмнің  түрлі  қызметтерінің  бірқатар  өзгерістері  жүреді.  Бұл 



86

өзгерістердің  организмді  алдында  тұрған  əрекеттерді  табысты 

орындауға даярлауда маңызы зор.

Ерте  сөре  алдыңғы  күй  жарысқа  дейін  бірнеше  күн,  сөре 

алдыңғы  күй  спорттық  жарыстар  атмосферасына  түскен  кезде, 

сөрелік  күй  сөреге  бірнеше  минут  немесе  секунд  қалғанда  туын-

дайды.  Спортшының  сөре  алдыңғы  функциялық  күйі  өзгерістерін 

алдыдағы жұмыстардың орындалуы үшін қозғалыс жəне вегетатив-

тік қызметтердің мобильденуімен жүретін организмнің биологиялық 

мақсатқа лайықты бейімделу реакциялары ретінде қарастырған жөн. 

Бұл өзгерістер ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауымен, бұлшық ет 

əрекетінің  сол  түріне  тəн  қозғалыс  доминантасының  жасалуымен 

сипатталады.

Сөреге,  дене  жүктемелеріне  спортшының  даярлығы  дегеніміз 

–  дене  жүктемесіне  қажетті  сапаны  қамтамасыз  ететін  тыныштық 

күйден  қысқа  уақытта  жұмысқа  көшуге,  қолайлы  жұмыс 

қабілеттілігіне жетуге, жұмыстың бір түрінен немесе қарқындылығы 

басқа  деңгейге  ауысуға  дайындығы.  Сөре  алдыңғы  күй  кез  келген 

жұмыс əрекетіне тəн. Ол жоғары жетістіктерге жету спортында анық 

көрінген. 

Қызметтердің  сөре  алдыңғы  өзгерістері  бұлшық  ет  жұмысы     

басталуына  дейін,  яғни  бірнеше  минутқа,  сағатқа  жəне  жауапты 

жарыстар кезінде тіпті, күндерге созылатын белгілі бір кезеңдерде 

жүреді.  Кейде  функциялық  өзгерістері  ерекше  айтарлықтай  бо-

лып  келетін  сөренің  алдындағы  (жұмыстың  алдындағы)  соңғы 

минуттарға  тəн  жеке  сөрелік  күйді  бөліп  қарастырады.  Ол  жұмыс 

басындағы  қызметтердің  жылдам  өзгеру  фазасына  (бабына  келу 

кезеңіне) тікелей ауысады.

Сөре  алдыңғы  күйде  организмнің  түрлі  физиологиялық 

жүйелерінің  сан  алуан  қайта  құрылулары  жүреді.  Бұл  қайта 

құрылулардың  көпшілігі  сол  жұмыс  кезінде  жүретін  қайта 

құрылулармен  ұқсас:  тыныс  алу  жиілейді  жəне  тереңдейді,  яғни 

ӨВ  өседі,  газ  алмасу  (О

2

  пайдалану)  күшейеді,  жүректің  жиы-



рылуы  жиілейді  жəне  күшейеді  (жүректің  минуттық  қан  көлемі 

өседі),  артериялық  қан  қысымы  жоғарылайды,  бұлшық  ет  пен 

қандағы сүт қышқылы концентрациясы  артады, дене температура-

сы жоғарылайды жəне т.б. Осылайша организм əрекеттің басталуы-

на  дейін  қайсыбір  «жұмыс  деңгейіне»  ауысады  жəне  бұл  көбіне 

жұмыстың табысты орындалуына мүмкіндік береді (К. М. Смирнов, 

1986).



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау