Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



жүктеу 263,95 Kb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата19.11.2018
өлшемі263,95 Kb.
#21524
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

16 

 

 



Ғылыми-зерттеу  бөлінісінің  қызметін  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар 

енгізеді. 

 

Ғылыми-зерттеу  бөлінісінің  басшылығына  өз  қызметінің  нәтижелері 



туралы есеп береді. 

29.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйелерінің  жұмыс  істеу  және  даму 

мәселелерін  регламенттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді,  білім  берудің 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының 

жоспарларын,  ғылыми-әдістемелік  құжаттарды  жасау  тәртібін,  ғылыми  іс 

жөніндегі құжаттаманы жүргізу қағидаларын білуі қажет. 

 

 



13-параграф. Кафедра бастығы 

 

30.  Лауазымдық  міндеттері:  кафедраға  тікелей  басшылық  етуді  жүзеге 

асырады.  Кафедраның  даму  стратегиясын  әзірлеуді  және  оны  іске  асыруды 

қамтамасыз  етеді.  Кафедра  қызметкерлерінің  арасында  еңбек  жүктемесі  мен 

міндеттерді бөледі. 

Кафедраның  бағдарламаларын,  жоспарларын,  басқа  да  оқу-әдістемелік, 

ғылыми-әдістемелік  құжаттарын  және  кафедра  қызметкерлерінің  жеке  жұмыс 

жоспарларын  әзірлеуді  және  оларды  іске  асыруды  қамтамасыз  етеді.  

Кафедраның  профессорлық-оқытушы  құрамының  жеке  жұмыс  жоспарларын 

бекітеді және оларды орындау бойынша жүйелі талдауды жүргізеді. 

Оқу  сабақтарының  барлық  түрлерін  өткізеді,  курстық  және  дипломдық 

жұмысқа  (жобаларға),  магистранттардың  және  PhD  докторанттардың  ғылыми-

зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілікті жүзеге асырады. 

Кафедраның  қызметкерлері  жүргізетін  оқу  сабақтарының  сапасын 

бақылауды жүзеге асырады.  

          Кафедраның 

ғылыми-зерттеу  жұмысын  ұйымдастырады.  Ғылыми 

зерттеулерді  жүзеге  асырады.  Кафедра  қызметкерлерінің  ғылыми-зерттеу 

жұмысын  орындауын  қамтамасыз  етеді.  Кафедра  білім  алушыларының 

ғылыми-зерттеу  жұмысын  жүргізуін,  оның  ішінде  ғылыми  үйірмелер  мен 

секциялардың қызметін қамтамасыз етеді. Кафедра пәндері бойынша аяқталған 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  талқылауды  және  ғылыми  зерттеу  нәтижелерін 

оқу процесіне енгізуді ұйымдастырады. Берілген өкілеттіктер шегінде кафедра 

қызметкерлері  мен  білім  алушыларының  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 

жариялауға ықпал етеді. 

Оқу-әдістемелік  материалдарды  сапалы  дайындауға  жауапкершілікте 

болады.  

Ғылыми-практикалық,  ғылыми-теориялық  конференциялар,  семинарлар, 

дөңгелек  үстелдер  мен  кафедраның  ғылыми  және  педагогикалық  қызмет 

саласындағы басқа да іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді. 




17 

 

Кафедрада  тәрбие  жұмысының  орындалуын  ұйымдастырады  және 



қамтамасыз  етеді.  Кафедра  қызметкерлерінің  жетекшілік  ету  жұмысын  және 

тәрбие жұмысының басқа да түрлерін өткізуін қамтамасыз етеді. 

Кафедраға  бекітілген  білім  алушылар  практикасының  барлық  түріне 

жетекшілік  етеді.  Кафедра  пәндері  бойынша  білім  алушылардың  білімін 

бақылаудың барлық түрлерін өткізуді қамтамасыз етеді. 

Кафедра  қызметкерлерінің  оқу,  ғылыми,  әдістемелік  жұмыстары  

мәселелерін  және  білім  алушылармен  тәрбие  жұмысын  талқылау  бойынша 

кафедра отырысын өткізеді. 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  кафедраның,  факультеттің,  білім  беру 

ұйымының  халықаралық  ынтымақтастығын  ұйымдастыруды,  қолдауды  және 

дамытуды  қамтамасыз  етеді.  Кафедраның  басқа  да  білім  беру  ұйымдарымен,                 

ІІО-ның  практикалық  бөліністерімен    және  басқа  да  құқық  қорғау 

органдарымен өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді. 

 

Кафедрадағы мемлекеттік мүліктің сақталуын, оның тиімді және ұтымды 



пайдаланылуын  қамтамасыз  етеді.  Берілген  өкілеттіктер  шегінде  кафедраны 

тиісінше  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуге,  кафедраның  қызметіне 

инновациялар енгізуге шаралар қабылдайды.  

 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  кафедраның  лауазымдарын  білікті 



кадрлармен  жасақтау,  кафедра  қызметкерлерінің  біліктілігін  ұдайы  арттыру 

бойынша  шаралар  қабылдайды.  Білім  беру  ұйымының  кәсіби  бағдар  беру 

жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады. Кафедра  қызметкерлерінің 

салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді уақтылы, толық және 

объективті декларациялауын қамтамасыз етеді. 

Кафедрада қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын, жұмыс уақытының 

режимін,  еңбек  және  қауіпсіздік  техникасы  талаптарын  сақтауды  қамтамасыз 

етеді.  Құпиялылық  режимін  және  оны  кафедрада  сақтауды,  сондай-ақ 

қызметкерлердің қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді. 

Кафедрада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмысты 

ұйымдастырады және өткізеді.  

Кафедра  қызметінің  сапасы  мен  тиімділігін  қамтамасыз  етеді.  Кафедра 

қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. 

 

Факультет, институт, білім беру ұйымы мен білім беру ұйымының ғылым 



кеңесіне кафедра қызметі туралы есеп береді. 

31.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйесінің  жұмыс  істеу  және  даму 

мәселелерін  регламенттейтін  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілерді,  білім 

берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, тиісті мамандықтар мен 

мамандандыру  бойынша  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларын  әзірлеу  және 

бекіту  тәртібін,  оқу  ісі  бойынша  құжаттама  жүргізу  қағидаларын, 

педагогиканы,  физиологияны,  психологияны,  кәсіби  оқыту  әдістемесін,  білім 

алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін, 

экономика  негіздерін,  еңбек  туралы  заңнаманы,  қауіпсіздік  және  өртке  қарсы 

қорғау техникасын білуі қажет. 



жүктеу 263,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау