Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



жүктеу 263,95 Kb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата19.11.2018
өлшемі263,95 Kb.
#21524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  ЖОО-ның  сеніп  тапсырылған  бөліністерін 



(жетекшілік ететін қызмет бағыты бойынша) тиісінше материалдық-техникалық 

қамтамасыз  етуге  шаралар  қабылдайды.  Берілген  өкілеттіктер  шегінде  сеніп 

тапсырылған  бөліністердің  қызметіне  инновациялар  енгізуге  шаралар 

қабылдайды.  ЖОО-ның  сеніп  тапсырылған  бөліністерінде  (жетекшілік  ететін 

қызмет бағыты бойынша) бюджеттік қаражатты ұтымды және тиімді жұмсауды 

қамтамасыз етеді. 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  сеніп  тапсырылған  бөліністерде 

лауазымдарды білікті кадрлармен жасақтау, қызметкерлердің біліктілігін ұдайы 

арттыру  бойынша  шаралар  қабылдайды.  Өз  өкілеттігінің  шегінде  ЖОО-ның 

кәсіби  бағдар  беру  жұмысын  ұйымдастырады.  ЖОО-ның  сеніп  тапсырылған 

бөліністерінде  қызметкерлердің  салықтарды  және  бюджетке  басқа  да  міндетті 

төлемдерді  уақтылы,  толық  және  объективті  декларациялауын  қамтамасыз 

етеді. 

ЖОО-ның сеніп тапсырылған бөліністерінде қолайлы және қауіпсіз еңбек 



жағдайын,  жұмыс  уақытының  және  демалыс  режимін,  еңбекті  қорғау  және 

техника  қауіпсіздігі  талаптарының  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Сеніп 

тапсырылған  бөліністерде  құпиялылық  режимін  және  оның  сақталуын 

қамтамасыз  етеді.  Сеніп  тапсырылған  бөліністерде  қызметкерлердің  қызметтік 

тәртіп  пен  заңдылықты  сақтауын  қамтамасыз  етеді.  ЖОО-ның  сеніп 

тапсырылған  бөліністерінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жасау 

жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 

Сотта,  сондай-ақ  басқа  да  мемлекеттік  органдарда,  ведомстволарда  және 

мекемелерде  ЖОО-ның  мүдделерін  білдіреді.  Бұл  ретте  сенімхаттың  немесе 

ЖОО бастығының бұйрығы негізінде әрекет етеді. 

ЖОО бастығына жетекшілік ететін бағыт бойынша есеп береді. 

9.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын  және  жоғары  оқу 

орнының  білім  беру,  ғылыми,  шаруашылық,  қаржы-экономикалық  қызметін 

регламенттейтін  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілерді,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімі  бар  мамандарды  даярлау  саласындағы 

әдістемелік  материалдарды,  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

беру  (қосымша  білім  беру)  саласындағы  шетелдік  білім  беру  мекемелерінің 

ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелерін, еңбек заңнамасын білуі қажет.  

 

 

3-параграф . ЖОО институтының бастығы 

 

10.  Лауазымдық  міндеттері:  ЖОО  негізгі  құрылымдық  бөлінісі  – 

институтқа  жалпы  басшылықты  жүзеге  асырады.  ЖОО  институтының  даму 

стратегиясын  әзірлеуді  және  оны  іске  асыруды  қамтамасыз  етеді.  ЖОО 

институтының 

және 


оның 

құрылымдық 

бөліністерінің 

қызметін 

ұйымдастыруды, үйлестіруді және оны бақылауды жүзеге асырады. Өзара және 

ЖОО  институты  бастығының  орынбасары  (орынбасарлары)  арасында 

міндеттерді бөледі.  



 

Институттың  және  оның  құрылымдық  бөліністерінің  қызметін ағымдағы 



және  перспективалық  жоспарлауды  ұйымдастырады.  Берілген  өкілеттіктер 

шегінде институттың және оның құрылымдық бөліністерінің бағдарламаларын, 

жоспарларын  және  құжаттарын  дайындауды  және  олардың  орындалуын 

қамтамасыз етеді. Институттың және оның құрылымдық бөліністері қызметінің 

сапасын,  тиімділігін  қамтамасыз  етеді.  ІІМ-ге  ЖОО  институтының  қызметін 

жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.  

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  ЖОО  институтының  халықаралық 

ынтымақтастығын  ұйымдастыруды,  қолдауды  және  дамуды  қамтамасыз  етеді. 

ЖОО институтының басқа білім беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен, ІІО-

ның  практикалық  бөліністерімен  және  басқа  да  құқық  қорғау  органдарымен 

өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді. 

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  институттың  лауазымдарын  білікті 

кадрлармен  жасақтау,  ЖОО  институты  қызметкерлерінің  біліктілігін  ұдайы 

арттыру бойынша шаралар қабылдайды.  

Өз  құзыреті  шегінде  ЖОО-ның  кәсіби  бағдар  беру  жұмысын 

ұйымдастыруға қатысады.  

Оқулықтарды,  оқу  құралдарын,  монографияларды,  басқа  да  оқу  және 

ғылыми әдебиетті дайындау жұмысын ұйымдастырады.  

Ғылыми-практикалық, 

ғылыми-теориялық 

конференцияларды, 

семинарларды,  дөңгелек  үстелдерді  және  ЖОО  ғылыми-зерттеу  бөлінісінің 

басқа да іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді.  

ЖОО  ғылыми  кеңесіне  институттың  оқу-тәрбие,  ғылыми-зерттеу, 

ғылыми-әдістемелік  қызметінің  негізгі  мәселелері  бойынша  жұмысы  туралы 

есеп береді.  

ЖОО  ғылыми-зерттеу  жұмысының  ағымдағы  және  перспективалық 

жоспарларын  әзірлеуді,  ІІМ  ғылыми-зерттеу  жұмысы  жоспарына  ұсыныстар 

енгізуді ұйымдастырады.  

Институт  кафедраларының  және  басқа  да  бөліністерінің  оқу 

мекемелерімен  және  ұйымдарымен  ғылыми-әдістемелік  ынтымақтастығы 

жұмысын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады. 

Оқытудың  инновациялық  технологияларын,  оқытудың  техникалық 

құралдарын  қолдануды  ұйымдастырады  және  енгізеді.  Институттың 

материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту жұмысын жүргізеді.  

ЖОО  институтында  мемлекеттік  мүліктің  сақталуын,  оны  тиімді  және 

оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді.  

Институтта  және  оның  құрылымдық  бөліністерінде  қолайлы  және 

қауіпсіз  еңбек  жағдайын,  жұмыс  уақытының  және  демалыс  режимін,  еңбекті 

қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы  талаптарының  сақталуын  қамтамасыз  етеді. 

Құпиялылық  режимін  және  оның  ЖОО  институтында  сақталуын,  сондай-ақ 

қызметкерлердің қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді. 

Институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу жөніндегі жұмысты 

ұйымдастырады.  




жүктеу 263,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау