8
Білім алушыларды оқытудың және білімін бақылаудың жаңа
технологияларын енгізуді қамтамасыз етеді.
Факультеттегі мемлекеттік мүліктің сақталуын, оның тиімді және ұтымды
пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Берілген өкілеттіктер шегінде факультетті
және оның құрылымдық бөліністерін тиісінше материалдық-техникалық
қамтамасыз етуге, факультеттің қызметіне инновацияларды енгізуге шаралар
қабылдайды.
Берілген өкілеттіктер шегінде факультеттің лауазымдарын білікті
кадрлармен жасақтау, факультет қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру
бойынша шаралар қабылдайды. Білім беру ұйымының кәсіби бағдар беру
жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді. Факультет
қызметкерлерінің салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді
уақтылы, толық және объективті декларациялауын қамтамасыз етеді.
Факультетте және оның құрылымдық бөліністерінде қолайлы және
қауіпсіз еңбек жағдайын, жұмыс уақытының және демалыс режимін, еңбекті
қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Құпиялылық режимін және оның факультетте сақталуын, сондай-ақ факультет
қызметкерлерінің қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді.
Факультетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу жөніндегі
жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.
Басшылыққа және білім беру ұйымының ғылыми кеңесіне факультеттің
және оның құрылымдық бөліністерінің қызметі туралы есеп береді.
15. Мыналарды: Қазақстан Республикасының заңдарын, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерінің жұмыс істеу және даму
мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, білім беру жүйелерін
басқарудың
теориясы мен әдістерін, оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу және ғылыми
жұмыс бойынша құжаттама жүргізу қағидаларын, кәсіби оқыту әдістемесін,
білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы нысандары мен
әдістерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, қауіпсіздік және
өртке қарсы қорғау техникасын білуі қажет.
6-параграф. Факультет бастығының орынбасары
16. Лауазымдық міндеттері: Факультет қызметінің белгілі бір бағытына
(бағыттарына) тікелей басшылықты жүзеге асырады. Факультеттің даму
стратегиясын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады.
Берілген өкілеттіктер шегінде жетекшілік ететін бағыт (бағыттар)
бойынша факультеттің бағдарламаларын, жоспарларын және басқа да
құжаттарын дайындауды және оларды орындауды қамтамасыз етеді.
Жетекшілік ететін бағыт (бағыттар) бойынша факультеттің және оның
құрылымдық бөліністерінің қызмет сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Факультеттің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
9
Факультеттің халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыруды, қолдауды
және дамытуды қамтамасыз етеді. Факультеттің басқа білім беру ұйымдарымен,
ғылыми ұйымдармен, ІІО-ның практикалық бөліністерімен және басқа да құқық
қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымының кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға және
өткізуге қатысады.
Оқу процесін, оқу практикумдары мен кәсіби практикаларды
ұйымдастыруды бақылайды және реттейді.
Білім алушылардың өзіндік жұмысын, оның ішінде білім алушылардың
оқытушының
басшылығымен
жүргізілетін
өзіндік
жұмысын,
білім
алушылардың жеке оқу жоспарларын орындауын бақылауды ұйымдастырады.
Факультетте және оның құрылымдық бөліністерінде қолайлы және
қауіпсіз еңбек жағдайын, жұмыс уақытының және демалыс режимін, еңбекті
қорғау және техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Құпиялылық режимін және оның факультетте сақталуын, сондай-ақ
қызметкерлердің қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді.
Факультет бастығымен бірлесіп, факультетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Факультет бастығына жетекшілік ететін бағыт бойынша факультеттің
және оның құрылымдық бөліністерінің қызметі туралы есеп береді.
17. Мыналарды: Қазақстан Республикасының заңдарын, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерінің жұмыс істеу және даму
мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, білім беру жүйелерін
басқарудың
теориясы мен әдістерін, оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу және ғылыми
жұмыс бойынша құжаттама жүргізу қағидаларын, кәсіби оқыту әдістемесін,
білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы нысандары мен
әдістерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, қауіпсіздік және
өртке қарсы қорғау техникасын білуі қажет.
7-параграф. Аға оқытушы - әдіскер
18. Лауазымдық міндеттері: тиісті бөліністе оқу және оқу-әдістемелік
жұмыс жүргізеді. Тиісті бөліністің даму стратегиясын әзірлеуге және оны іске
асыруға қатысады.
Оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспарын және оны орындау туралы
есеп жасайды. Тиісті бөліністің бағдарламаларын, жоспарларын, оқу-
әдістемелік, ғылыми-әдістемелік құжаттарын әзірлейді және оларды іске
асырады.
Өзінің қызмет бағыты бойынша оқу-әдістемелік материалдарды
даярлауға қатысады.
Тиісті бөліністің ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық, ғылыми-
әдістемелік конференцияларын, семинарларын, дөңгелек үстелдерін және басқа