134
Сұрақтар: -В какие казахские игры играют дети? (аттың атрибутын,
асықтарды көрсетіп) - Балалар асық ойнайды. Ат-жарыс ойнайды. Әткеншек-
алтыбақан тебеді.
2 Мұғалім ұлттық киім киген қуыршақтарды көрсетіп: Әсем, Азамат
пришли на праздник Наурыз. –Что они делают? Посмотрите в рабочие тетради.
«Әсем билейді. Азамат домбырада ойнайды.»
- Давайте, разукрасим их костюмы. У Асем «көк көйлек, қызыл етік», у
Азамата «сары жейде, қара шалбар».
Сұрақтар: - Көйлектің түсі қандай? (көк)
- Етік қандай? (қызыл)
Жейденің түсі қандай? (сары)
3. Мұғалім балаларға жайылған дастарқанның суретін көрсетіп, қазақтың
қонақжайлығы туралы айтады.
Праздник наурыз принято встречать за щедрым дастарханом. На столе
можно увидеть «белое» т.е. всё молочное, и «красное» т.е. блюда из мяса.
Посмотрите в ваши рабочие тетради, какие угощения ждут гостей?
Составьте предложения. Тапсырма: Боя-сары бауырсақ, қоңыр шұжық.
4. Сергіту сәті: Көлбең, көлбең, көлеңке
Көлбең,көлбең етеді,
Кәне, балалар тұрайық,
Біз көлеңке болайық.
Тұлпар қалай шабады? (қимыл жасап көрсету)
- Шаңырақ қандай болады? (үлкен,биік-қолдарын созып көрсету)
- Қыран қалай ұшады? (ұшып қимыл жасап көрсету)
5. -Вспомним «Секретные знаки», и составим рассказ о том, что делали
дети на празднике. (Балалар әңгіме құрастырады)
Сұрақ-жауап: -Саша, сен не жедің? (мен бауырсақ жедім). На каком
инструменте играл Арман? Оля не жеді? (Оля шұжық, шелпек жеді)
6. Наурыз туралы тақпақ қайталау.
№ 25 сабақ. Тақырып: «Мектеп».
Мақсаты мен міндеттері: Балалардың сөздік қорын байыту. Сөздерді бір-
бірімен байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін
арттырып, байқағыштық қасиетін жетілдіру. Сөздік қорын, тіл байлығын
дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс оқып, айтуа баулу.
Сөздік: Мектеп, дәптер, сөмке, кітап, біз, сен, сендер, ол, олар.
Грамматикалық құрылым: Тақтаға шық, сурет сал, сана, оқы, олар жазады,
өлең айтады, сөмкенін ішінде, үстелдің үстінде.
Көрнекі құралдар: Дымбілместің бейнесі, мектепке керекті құралдар (бор,
кітап, дәптер)
Әдіс-тәсілдер: Жұмыс дәптеріндегі сюжетті сурет ( Үлгісі осы кітаптағы
4-қосымша), дидактикалық, қимыл ойындар.
1. «Мектеп» ойыны: Мұғалім балаларға дәптер, кітап, қалам таратып
«Сенде не бар?» деп сұрайды. Балалардың жауабы: Менде дәптер бар, т.б. Жаңа
сөздермен таныстыру: - Мынау өшіргіш, мынау бор, мынау сызғыш. Сұрақ:
135
Мектепте не бар? (Жұмыс дәптеріңе қарап, сурет сал). Мектепте ту бар, балалар
бар, мұғалім бар, үстел бар, орындықтар бар, тақта бар. Тапсырма: Суреттерін
сал (тақта, орындық, үстел). (4 - қосымша)
2. «Дымбілмес мектепке барады». «Помогите незнайке собраться в
школу»,- деп мұғалім балаларға қарындашты, допты көрсетеді. -Не керек?-деп
сұрайды. Балалар сөйлем құрастырады: Үлгісі: Мектепке дәптер, қалам керек.
Ученику рогатка нужна? «Жоқ» дейді, балалар рогатканы сызып тастайды.
-Доп керек пе?
-Жоқ, керегі жоқ, - сызып тастайды.
3. Мұғалім тақтаға баланы шақырып: «Саша, секір»,-дейді. Саша секіреді.
- Ол не істеді?-деп сұрайды мұғалім. - Ол секірді. («Ол»-значит - он или
она). Когда все прыгают или что-то делают, говорят «олар», значит –они. «Олар
жазады»- Они пишут. Тапсырма:-Составьте рассказ на тему «Мектепте»- «В
школе»
4. Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар...»
5. Тақтаға баланы шақырып, ілініп тұрған сөз тізбегін оқытады.(Шартты
белгілер, сандар арқылы жазылған). Кішкентай - үлкен емес. 1, 2, 3, 4,
Кішкентайы секірді, Үлкен бала жүгірді. (2-3 рет қайталату)
6. Сөзді буындарға бөлу: Ө-шір-гіш –(3 буын); Қа-лам – (2 буын); Қа-рын-
даш –(3 буын); Бор –(1 буын). Сөм-ке –(2 буын). Сұрақ:-Назови школьные
принадлежности, состоящие из одного слога -(бор); 2 слога - (қалам, сөмке,
мектеп); 3 слога-(қарындаш, өшіргіш)
7. Қорытынды:
№ 26 сабақ. Тақырып: «Мектеп».
Мақсаты мен міндеттері: Мектеп туралы білімдерін кеңейту. Сөздерді
бір-бірімен байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сан есім, сын есім сөздерін сөз
қорына енгізу, күрделі сөйлем құрастыру. Жатыс септік жалғауын сөйлемде
дұрыс айтқызу. Сөздерді буындарға бөлу.
Сөздік: бор, сызғыш, дәптер, қалам, мен барам, тақта, ол барады, сынып.
Грамматикалық құрылым: Жатыс септік жалғауы: Сөмкеде өшіргіш бар.
1-ші, 3-ші жақтағы сөздерден тұратын сөйлемдер: Мен мектепке
барамын.
Көрнекі құралдар: ішіне оқу құралдары (өшіргіш, бор, дәптер, қалам, т.б.)
салынған сөмке, шартты белгілермен жасалған сызба-суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, оқу құралдары, жазба дәптеріндегі
тірек суретке мазмұнды әңгіме үлгісі. (Осы құралдағы 4-қосымша)
1. Т.Молдағалиевтің «Сәлем саған мектебім!» өлеңі.
Таңнан тұрып,
Бетім жуып,
Кітабымды реттедім.
Сәлем саған,
Келем саған,
Көп аңсаған, мектебім!
136
2. Жұмыс дәптеріне қаратып, «Сен қайда барасың?» -деген сұраққа жауап
бергізу.
-Мен мектепке барамын. Ол қайда барады?
-Ол мектепке барады. Саша мектепке барады. Саша 1- сыныпқа барады.
3. «Сөмкеде не бар?» ойын-жаттығуы. Мұғалім балаларға оқушының
сөмкесін көрсетіп: -Сөмкеде не бар?-деп сұрайды. Тақтаға шыққан бала оқу
құралдарын алып шығып, атайды: -Мынау қалам. -Мынау өшіргіш...
Сұрақтар: - Қаламның түсі қандай? (қара)
- Бордың түсі қандай? (ақ)
- Не ұзын? (өшіргіш пе, қарындаш па)
4. Азамат научился в школе делить слова на слоги. Он знает слова, где
есть 1 слог, где 2, где 3 слога. Тапсырма:-Придумай и ты слова, где есть 1, 2, 3
слога. Например: қа-лам (2буын). Что еще есть у Азамата в сумке?
5. Сергіту сәті: (қимылдар жасау)
Бас ойлайды,
Көз көреді,
Құлақ естиді,
Қол жазады,
Сурет салады,
Аяқ жүреді,
Біз секіреміз.
Біз билейміз.
Біз қазақша сөйлейміз
5. Мұғалімге не керек? Оқушыға не керек? Тақтаға мұғалімнің,
оқушының суреттерін іліп, сұрайды: Мұғалімге не керек? Мұғалімге бор, кітап
керек. (Керекті заттарды көрсетеді).
6. Шартты белгілерді, сандарды көрсетіп: «Составим предложение о том,
какие и сколько школьных принадлежностей есть у меня. Мысалы: «Менде 2
ақ, үлкен дәптер бар». Теперь скажите, что нет их у вас. «Менде 2 ақ, үлкен
дәптер жоқ». Тапсырма: - Теперь вы составьте предложения по своим рабочим
тетрадям.
7.Қорытынды.
№ 27 сабақ. Тақырып: «Біз қазақша сөйлейміз».
Мақсаты мен міндеттері: Өткен тақырыптарға байланысты сөздерді
бекіту, сурет бойынша құрған әңгімелерін естерінде қалдыру үшін қайталау
жұмыстарын ұйымдастыру. Есту, көру, оқу қабілеттерін дам ыту, сөздік қорын
байыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарын анық,таза айту үшін жаттығу
жұмыстарын өткізу.
Сөздік: - Бұзау, қыран, арыстан, жыл мезгілдері туралы сөздер, баға,
оқушы 1-ден 10-ға дейін сандар, жануарлар, аңдар.
Грамматикалық құрылым:құйрығы жоқ, көзі жоқ, құлағы жоқ, сөмкеде
бес пияз бар.
Көрнекі құралдар: сандар, кейбір дене мүшелері жоқ жануарлардың
суреттері, шартты белгілер.
Достарыңызбен бөлісу: |