Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,06 Mb.
Pdf просмотр
бет48/92
Дата19.11.2018
өлшемі1,06 Mb.
#21356
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92

104
көңіл бөлген. Бұл мəселеге «Доказательство и опровержение» деген кітабында
тоқталады. Математика  философиясының  мектебін  Лакатос «формализм»
мектебі деп атады.
Формализм, Лакатостың  айтуынша, математика  тарихынан  математика
философиясын  ажыратады. Формализм  математика  мəртебесін  теріске
шығарады. Лакатос  Канттың  сөздерін  қайталайды: математика  тарихы
философияны басқаруынан айырылған, көрсоқырлықпен жасалған.
«Формализм» - дейді  Лакатос, - логикалық  позитивті  философияның
берік қамалы.
Лакатостың айтуынша, тірі математика үшін альтернативті рационализм-
машина  керексіз. Математиканы  формалдылықсыз  зерттейтін  зерттеуші
математикаға шығармашылығы мол логиканы ұсынады, бірақ формалистиканы
философияға мойындата алмады.
Бірақ, ол  математика  тарихы  мен  математиканың  жаңалық  жасау
логикасы (филогенез) жəне  математикалық  ойлары (онтогенез) формализмнен
сынаусыз жəне толығымен бас тартып дами алмайды, деп мойындады.
Математикалық  формализмнің  түп  тамыры  тереңде  жатыр. Ол
математиканың  догмалық  философияның  ұзын  шынжырының  соңғы  бөлігін
ұсынады. Екі  мың  жылдан  бері  догматиктер  мен  скептиктер  арасында  талас
болып  келеді. Догматиктердің  айтуынша, адам  интеллект  пен  сезім  күші,
немесе  тек  бір  сезім  арқылы  шындыққа  жетті  немесе  жетеді. Скептиктер
бойынша, біз  шындыққа  жете  алмаймыз  немесе  қиындықпен  жетуіміз  мүмкін
немесе  жеткенімізді  білмеуіміз  де  мүмкін. Бұл  таласта  математиктер
догматизмнің  бір  бекінісі  болып  тұрады. Скептиктердің  көптеген  бөліктері
сананың  теориясының  догматикалық  бекінісінің  беріктігіне  көз  жұмды.
И. Лакатос - бұған көз салу бекершілік деген.
Революциялық жəне революция аралық кезеңдегі ғалымның іс əрекеті.
Революциялық  жəне  революция  аралық  кезеңдегі  ғалымның  іс  əрекеті
туралы  сұрағында  Лакатос  кумуллятивті  кезең  деген  түсінікті  ұсынды;
революция кезінде теориялар толық жетілген формада болады.
Бұл  мəселеде, Лакатостың  Куннан  айырмашылығы - революция  кезінде
пайда  болған  ғылыми-зерттеу бағдарламасы  толығымен аяқталған жəне  толық
хатталған  болып  табылады. Лакатостың  айтуынша, ғылыми  зерттеудің
үздіксіздігі  революциядан  кейін  зерттеу  бағдарламасының  басталуында  əлі
анық болмайды, болашақта бұлыңғыр суреттеледі.
Бағдарлама  келесі  зерттеулердің  жобасына ықпал етеді. Ғылыми-зерттеу
бағдарламасы  жетілдірген  сайын  ол  дами  береді. Озық  даму  белгілі  бір
«қаныққан  орында» аяқталады, одан  кейін  регресс, яғни  кері  кету  басталады.
Бағдарламаның  жағымды  эвристикасы  шешілетін  мəселені  анықтайды,
сонымен  бірге  аномалияны  болжайды  жəне  оларды  анықталған  шешімге
айналдырады. Егер  Куннда  ауытқу  парадигмаға  сырттай  қатысты  болса,
Лакатостың  тұжырымдамасында  ауытқу  бағдарламамен  болжанады  жəне
ғылыми-зерттеудің ішкі іс-əрекеті болып табылады.
Дамыған  деген  зерттеу  бағдарламалардың  өзі  өзіндік  мысалдарын
біртіндеп  қана  жеткізе  алады. Теоретиктің  жұмысы  ұзақ  зерттеу


105
бағдарламасымен  анықталады  жəне  сол  бағдарламаның  мүмкін  болатын
болжамдарын айтады.
Бағдарламаның  дамуы  мен  жетілдіру  революциядан  кейінгі  кезеңде
ғылыми дамудың ең негізгі, керекті шарттары болып табылады.
Лакатостың  ойынша, революция  аралық  кезеңде  ғалымның  іс-əрекеті
шығармашылық сипат алған. Дəлелдеу барысында революцияның сəл де болса
маңызды  болуында  білімнің  тұрақтануы, бұл  білім  трансформацияланады,
өйткені  дейді  Лакатос, адам  ешқашан  өзі  дəлелдеймін  дегенін  дəлелдемейді.
Сонымен бірге, логикалық дəлелдің мақсаты - сенімге жету емес, сенімсіздікті
анықтау болып табылады.
Кунның  айтуынша, барлық  жаңа  жəне  анықталған  жаңа  парадигмалар,
келесі  бас  ауыртар  мəселелерді  шешу  кезінде  парадигмаға  деген  сенімді
бекітеді, оған ғылыми қоғамның барлық мүшелерінің іс-əрекеті бекітілген.
Лакатосттың  зерттеу  бағдарламасының  алғашқы  сыншыл  нұсқалары
бойынша, дəлелдердің процедурасы теорияға сенуге емес, күдіктенуге əкеледі,
қайта жаңадан жасауға, жетілдіруге, оның жабық тұрған мүмкіндіктерін ашуға
тырысады. Өз  кітабында  Лакатос  білімнің  өсуі  дəлелдемелер  мен  бас  тарту
арқылы  қандай  жағдайда  жүзеге  асады, нəтижесінде  шыққан  пікірталастар
өзгереді жəне алғашқы айтылған дəлелдер дəлелденбейді, - деп сараптайды.
Лакатоста  Кунға  қарағанда  революциялық  ғылыми-зерттеу  іс-əрекеті
революция  аралық  кезеңде  ғалымның  тікелей  қарама-қарсы  əрекеті  болып
табылмайды. Бұл  біріншіден, ғылыми  революцияның  түсінігімен  байланысты.
Өйткені, революция  барысында  жаңа  ғылыми-зерттеу  бағдарламасында  тек
алғашқы жобасы ғана жасалады, ал оның толығымен жасалған жұмысы барлық
революциядан кейінгі кезеңге бөлінеді.
Имре  Лакатос  өз  ғасырының  дара  бір  тұлғасы. В.Н. Порустың  сөзіне
келсек, Лакатостың  ғылыми-зерттеу  бағдарламасы  философия  тарихы  мен
методологиясындағы  орны  ерекше. Рационализм  оның  рухани  идеалы  болды.
Ол  сол  идеалына «рыцарь» ретінде  қызмет  етті. Лакатос  өзіне  сенбеген,
күдікпен  қарағандарды  интеллектуалды  бəсекеге  шақырды, дəйекті  сөздермен
қорғана білді. Лакатос Еуропа философиясы тарихында ерекше орын алды».
Лакатос  ғылыми-зерттеу  бағдарламасында  Ньютон, Эйнштейн, Декарт
теорияларын  мысал  ретінде  келтірді. Өз  ұстазы  Поппердің  іліміне  сүйеніп,
оның жəне өз ойларын тарихпен ұштастырды.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. К. Поппердің  сыншыл  рационализм  атты  қағидасын  қалай  түсінуге
болады?
2. Фальсификация 
қағидасының 
верификация 
қағидасынан
айырмашылығы неде?
3. Фальсификация жəне фальсифицияландыру, демаркация ұғымдарының
ерекшелігі.
4. К. Поппердің  фаллибилизм  қағидасы  ғылымның  даму  мəселесін


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау