319
«БИОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӚПТІЛДІ БІЛІМ
БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Дурмекбаева Ш.Н., Ӛнерхан Г.
Ш. Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті
Кӛкшетау қ., Қазақстан
durmekbaeva@ mai.ru,
guline@mail.ru,
Мақалада
Ш.Уәлиханов
атындағы
Кӛкшетау
мемлекеттік
университеті, 5В011300-Биология мамандығы бойынша кӛптілді білім берудің
жолдары кӛрсетілген. Оқу жұмыс жоспарына сәйкес жоғары білікті
педагогикалық кадрларды базалық, кәсіби және тілдік тұрғыда дайындауды
қамтамасыз ететін мамандар енгізілген. Оқу жұмыс жоспарында пәндердің
50 % негізгі білім алу тілінде, 25 % - қазақ немесе орыс тілінде, 25% ағылшын
тілінде оқыту жоспарланған. Сонымен қатар кӛп тілді білім беру саласында
туындаған мәселелер айтылған.
Қазіргі еңбек нарығы мамандардың құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігіне
жеткілікті дәрежеде қатаң талап қойып отыр. Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспары бес институционалды
реформаны жүзеге асыру жӛніндегі 100 нақты қадамдағы білім беру
секторының бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық әлеуетінің ӛсуі үшін білім
беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуға біртіндеп кӛшу мақсатын атап айтты.
Бұл тапсырманы орындау үшін қазақстандық дәстүрлі білім жүйесін ең жақсы
деңгейде сақтап, сонымен бірге білім сапасының деңгейін халықаралық
стандарттарға сәйкес қамтамасыз етіп, студенттердің тілді меңгеруін арттыруға
мүмкіндік беру[1;2].
Кӛптілді білім беру – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген кӛптілді
тұлғаны қалыптастыру процесі болып табылады.
Ӛзара байланысты және әлемде ӛзара ӛмір сүру қабілетін артыратын жас
ұрпақ үшін тиімді құрал болып отырған кӛп тілді білім беру жүйесіне кӛп кӛңіл
бӛлініп келеді.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының
бірқатар мектептерінде оқушылар үш тілде білім алуда, сондықтан да
педагогикалық кадрларды үш тілде даярлау мәселесі күрт ӛсіп отыр.
Болон үрдісі контексінде Білім және ғылым министрлігінің біздің
мемлекетіміздің жоғары білім беру жүйесіне жүктелген міндеттеріндегі кӛп
тілді білім беруді іске асыру университеттің жұмысы үшін алғышарт болып
отыр.
Осыған байланысты 2012 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы
Кӛкшетау мемлекеттік университетінде бірнеше мамандықтар бойынша кӛп
тілді оқыту бағдарламасы жүзеге аса бастады.
Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті, биология
және оқыту әдістемесі кафедрасы кӛптілді оқытуды мынадай білім беру
320
бағдарламалары бойынша даярлайды:
5В011300 «Биология» (бакалавриат), берілетін академиялық дәреже:
«5В011300 - Биология» мамандығы бойынша білім бакалавры»;
6М011300- Биология (ғылыми-педагогикалық), берілетін академиялық
дәреже:
«6М011300-
Биология
мамандығы
бойынша
педагогика
ғылымдарының магистрі».
6М011300- Биология (бейіндік), берілетін академиялық дәреже:
«6М011300- Биология мамандығы бойынша білім магистрі».
Қазыргі уақытта кӛп тілді білім беру бағдарламасы бойынша оқитын
білім алушылардың шет тілін меңгеру деңгейі анықталып, одан әрі оқыту
жүзеге асырылуда.
2016-2017 оқу жылында Биология мамандығы бойынша білім алатын
студенттер мен магистранттардың саны 1-кестеде берілген. 2016-2017 оқу
жылы тұңғыш рет 6М01300-Биология мамандығы, бейіндік бағыт бойынша
ағылшын тобы ашылып, оған мемлекеттік грант негізінде 12 магистрант оқуға
қабылданды.
1-кесте. Биология мамандығы бойынша кӛптілді білім беру бағдарламасы
бойынша білім алушылардың саны (2016-2017 оқу жылы)
Мамандығы 1 курс
2 курс
3 курс
4 курс
5В011300-
Биология
21
9
8
9
6М011300
5
6М011300-
Биология
(ағылшын
тілінде)
12
Білім беру бағдарламасының мақсаты болып биология саласында жоғары
білімді, білім алушылардың әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті,
қазақ, орыс, ағылшын тілдері негізінде тілдік құзіреттіліктерді меңгерген
мамандарды даярлауда кӛптілді білім беруді жүзеге асыру саналады.
Оқу жұмыс жоспарына сәйкес жоғары білікті педагогикалық кадрларды
базалық, кәсіби және тілдік тұрғыда дайындауды қамтамасыз ететін мамандар
енгізілген. Оқу жұмыс жоспарында пәндердің 50 % негізгі білім алу тілінде, 25
% - қазақ немесе орыс тілінде, 25% ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.
Оқу үрдісінде жұмыс және типтік оқу жоспарлары, типтік және оқу
бағдарламалары, силлабустар пайдаланылады. Барлық пәндерден оқу-
әдістемелік кешендер жасалып, студенттер әрбір пән бойынша аудиториялық
жұмыс құралдарымен, яғни қысқаша дәріс тезистерімен, зертханалық,
практикалық, ӛзіндік жұмыстарға, аралық және ағымдық, қорытынды,
тәжірибе ӛту үшін қажетті материалдармен қамтылған. Кредиттік оқыту
жүйесіндегі оқу-әдістемелік кешеннің негізгі бір бӛлшегі бұл әрбір пән