Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет10/16
Дата19.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#21088
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

2. 

Қоғамдық  тәртіп  ережелерін  орындау  қажеттілігін,  адамгершілік 

тәрбиесі  мақсаттарының  мәнін  түсіну,  экологиялық  мәдениеттің  алғашқы 

дағдыларын меңгеруі мен іс-әрекетте көрінеді. 

3. 

Өзінің  жеке даралығын сезіну, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, 



өзін өзгерту, салауатты өмір салтының маңыздылығын игеруі.  

4. 


Табиғат  құбылыстарын  салыстыру,  олардың  жалпы  және  ерекше 

белгілерін  ажырату  мен  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігіне  қажетті 

жағдайларды білуі.  

5. 


Жергілікті жердегі әртүрлі белгілер бойынша бағытты анықтай алу мен 

картадан, глобустан елдерді, құрлықтарды, мұхиттарды таба білуі.   

6. 

Өз  өмірі  мен  денсаулығын  сақтау  және  қарапайым  қауіпсіздік 



ережелерін білу мен қолдана алуы.  

7. 


Қазақстанның  табиғаты  және  мәдениеті  туралы  білуі,  оған  ұқыпты 

қарым-қатынас жасау ережесін қолдана алуы. 



 

2.3 Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығы 

Математикалық  сауаттылықтың  әдістемесі  мазмұнын  кіші  жастағы 

оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін сипаттайтын 

ережелер, сондай-ақ оқытуда  дамытушылық және тұлғалық-іскерлік тұрғыдан 

қарау әрекеті құрайды. 

Математикалық  сауаттылықтың  мақсаты  бүгінгі  күн  талабына  сай,  жан-

жақты  дамыған,  белсенді,  өмірге  талпынысы,  тұрақты  қызығушылығы  бар, 

алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.  

Математика  білім  мазмұнының  ең  алғашқы  бастамасы  бастауыш  буында 

жүзеге  асатыны  белгілі.  Себебі,  бастауыш  буында  жоғары  сыныптарда 

оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім 

алуға  талпынушылық,  яғни  балалардың  оқу  әрекеті,  танымдық  белсенділік, 

жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, 

осы  кезеңде  баланың  белсенділігі,  оның  рухани  және  дене  күші  де  дами 

бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала 

жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға 

қою оңай мәселе емес. 

Бастауыш  баласы  үшін  жаңа  рөл  -  оқушы,  жаңа  әрекет  -  оқу  болса,  осы 

мәселелерге  олардың  шаршамай,  жалықпай,  қызығушылықпен  араласып 

кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің 

шеберлігін  және  осы  жастағы  оқушының  психологиялық  ерекшелігін  жете 

білуін керек етеді. 

Бастауыш сыныптардағы математикалық сауаттылық оқыту материалының 

мазмұны кіші жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік 

және  дағдылар  деңгейіне  қойылатын  талаптардың  өзгеруімен  байланысты 

дәстүрлі  модельге  елеулі  түзетулер  енгізген  жаңа  мектеп  бағдарламасымен 

анықталады.  Ал  функционалдық  сауаттылық  пәндік  сауаттылыққа  қарағанда 

кіші  ұғым,  немесе  оның  саласы  болып  есептелінеді.  Осыған  орай 

21 



функционалдық  математикалық  сауаттылық  дегеніміз  -  пәнде  игерген  білімді 

іс-әрекетте, тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі. 



Оқушыда  функционалдық  математикалық  сауаттылық  қалыптастыру 

үшін ең алдымен пәндік сауаттылық қалыптасуы керек. 

 

Математиканы  оқыту  мен  математика  пәнінен  сауаттылықты 



қалыптастырудың негізгі мақсаттарына тоқталайық: 

1)  Математика  –барлық  ғылымдардың  логикалық  негізі  –  күре  тамыры 

ретінде қарастырылады; 

2)  Математика,  ең  алдымен  оқушылардың  дұрыс  ойлау  мәдениетін 

қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі; 

3)  «Математикалық  сауаттылық»  (ауызша  және  жазбаша)  қабілетін 

қалыптастыру  арқылы  оқушының  «математикалық  сауаттылықты»  меңгере 

білу қабілетінің болуы; 

4)  Математика  әлемде  болып  жатқан  түрлі  құбылыстарды,  жаңалықтарды 

дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі; 

5)  Математиканың  болашақ  тұлғаны  моральдық,  эстетикалық  және 

этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар. 

Математика  дүниетанымды  қалыптастыруда,  математикалық  модельдеу 

идеяларын  ұсынады,  математикалық  сауаттылық  жалпы  функционалдық 

сауаттылықты  меңгеруде  математикалық  білім  мен  біліктіліктің  алар  орны 

ерекше.  Математикалық  сауаттылық  математикалық  сөйлеу  және  жазу 

мәдениетіне  қоршаған  ортаны  және  олардың  заңдылықтарын  баяндау,  оны 

оқып  үйренудің  оқушылардың  дүниенің  ғылыми  бейнесін  меңгерудегі  басты 

құралы  ретінде  ерекше  көңіл  бөлу  қажет.  Математикалық  сауаттылық 

оқушылардың  математикалық  тексті  оқуына,  жазуына  және  қайта  айтып 

беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең төмен талап ретінде 

қарау  қажет.  Сонымен  математикалық  біліктіліктердің  негізгі  құрамдас, 

толыққанды  тіршілік  жасауға  қажеттілік  ретінде  оны  арнай,  бағдарлы  түрде 

дамытып, қалыптастыру керек. 

Математикалық  сауаттылық  дұрыс  сөйлеу  қабілетін  математика 

сабақтарында  оқушылардың  келесі  қабілеттері  мен  бейімділіктерін  шыңдай 

түсуді меңзейді: 

1) Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар 

құра білуге; 

2) Материалды қисынды, мағыналық топтай, талдай білуге; 

3)  Математикалық  терминологияларды  түсіне,  қолдана  және  негіздей 

білуде; 


4)  Ұғымдардың,  түсініктердің  өзге  ұғымдар  жүйесіндегі  орнын  және 

түсініктер иерархиясы тұрғысында білуде; 

5)  Аузыша  және  жазбаша  математикалық  сауатты  сөйлеуді  меңгеру, 

математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білуге. 

Математикалық  сауаттылықтың  дамуы  оқушының  жалпы  сөйлеу 

мәдениетін  дамытып,  қазіргі  қоғамда  тұлғаның  ұтымды  сөйлеу 

коммуникацияларын  қалыптастырады.  Осыған  қоса,  көп  жылғы  іс-тәжірибе 

көрсеткендей,  математикалық  білімнің  меңгерілуі  мен  үйретілуі,  оқытылуы 

22 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау