Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата19.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#21088
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 

3) 

Пән барысында техника қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау 

Әдiстемелiк нұсқаулар

2) 


Сабақ  басталмас  бұрын  мұғалiм  компьютерлiк  сыныпта  жұмыс  істеу 

тәртiбi  мен  техника  қауiпсiздiгi  ережелерiн оқушылардың есiне  салып,  көздiң 

шаршағандығын басу жаттығуларын қайталауды ұсынады. Оқушылардың жаңа 

тақырыпты  меңгеру  деңгейi  мен  оны  қорытындылауы  мына  тәртiппен 

жүргiзiледi. 

 

4



) Ақпаратты  қабылдау психологиясы 

 

Адам  қоршаған  ортадағы  барлық  ақпаратты  сезiм  мүшелерi  көмегiмен 



қабылдайды, мысалы, көру және есту.  

 

Егер бiз ақпаратты көру арқылы қабылдасақ, онда ол  – көру ақпараты.  



 

Егер  бiз  ақпаратты  есту  арқылы  қабылдасақ,  онда  ол  –  дыбыстық 

ақпарат.  

Мұғалiмге арналған әдістеме: 

Адам  қоршаған  ортадағы  барлық  ақпаратты  сезiм  мүшелерi  көмегiмен 

қабылдайды: көру, есту, иiс сезiмдерi, сезiну, дәм арқылы. 

Балалар,  бiз  теңiздiң  жағалауында  тұрғанымызды  көз  алдымызға 

елестетейiк.  Не  естiдiңдер?  Егер  ауа  райы  ашық,  күн  шығып  тұрса,  онда 

толқындар жай тербеледi. Ал егер аспанды кiшкене бұлттар қаптап, қатты жел 

тұрса,  онда    теңiзде  толқындар  қатты  тербеледi  және  теңiз  жағасында 

толқынның дыбыстары естiледi. Бұл екi жағдайда да бiз көру және дыбыстық 

ақпараттарды алдық.  

Ал егер бiз гүл отырғызатын ыдысқа гүлдiң тұқымдарын сеуiп отырғызсақ, 

оны бiрнеше күн су құйып күтетiн болсақ, онда  не байқауға болады? Бiрнеше 

күн  өткеннен  кейiн  дәндердiң  қалай  бүршiк  атқанын  байқайсыңдар,  яғни  бұл 

жағдайда  көру  ақпараты  арқылы  ақпараттарды  аламыз.  Ал  көктем  айында 

құстардың  көңiлдi  сайрауынан  және  сiркiреген  жауын  тамшыларынан  

көктемнің келе жатқанын байқаймыз. Бұлардан көктемнің жақындағаны туралы 

дыбыстық ақпарат аламыз.  



Тапсырма 1: 

1. 


Терезеге қарап, күннiң жарқырап атқанын көрдi. Қандай ақпарат аласың? 

2. 


Бiз таудағы су ағынының дыбысын естiдiк. Бiз қандай ақпарат алдық? 

3. 


Ас үйде қайнап жатқан сүт тасып кеттi, сен оны қалай байқадың? 

4. 


Егер бiз қолымызды отқа жақындатсақ, онда қандай ақпарат аламыз? 

5.  


Мерекелiк торт пiсiрілдi. Оның дәмiнiң тәттi екендiгiн қалай байқайды? 

 

6.  Дыбыстық және көру ақпараттарына өздерiң мысалдар келтiрiңдер. 



Тапсырма 2: 

1. 

Қай  жануарға  қандай  үн  сәйкес  келеді?  Аңдарды  шығаратын 

дауыстарына қарап, бiр-бiрiмен жалға және ол суреттердi боя.  

2. 

Суретте  жасырынған  бейнелерді  тап.  Олар  қандай  үн  шығарады?  



Бейнелердің  кескінін  ажыратып,  айналдыра  сыз.  Суретте  мысық,  ит,  қаз 

жасырынып қалған.  

27 



3. 

Сурет  бойынша  ауызша  әңгiме  құрастыр.  Боя.  Әңгiменi  құрастыру 

барысында  олардың  қандай  дыбыстар  шығаратын  және  қандай  түспен 

боялатынын да ескер.  

 

5)  

Тактильдiк ақпарат.  

Әдiстемелiк нұсқаулар: 

Оқушыларға  ақпарат  және  оның  түрлерi  материалдарын  қайталату 

ұсынылады.  

Жаңа  тақырыпты  меңгерту  мен  оны  сынып  оқушыларымен  бiрге 

қорытындылау мына түрде өткiзiледi: 

 

Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты  иiс сезу,  сипап сезу  және 



дәмдi  сезу мүшелерiнiң көмегiмен қабылдайды.  

 

Егер бiз ақпаратты сезiм мүшелерi арқылы қабылдасақ, онда ол  – сипап 



сезу ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы – “тактильдiк ақпарат”.  

 

Егер бiз ақпаратты иiс арқылы қабылдасақ, онда ол – иiс сезу ақпараты 



болып табылады. 

 

Егер  бiз  ақпаратты  тiл  мүшесi  арқылы  қабылдасақ,  онда  ол  –  дәмдiк 



ақпарат деп аталынады.  

 

Есту, көру, сезу, иiс және дәм сезу мүшелерi – бұл ақпаратты алу арнасы 



болып табылады. 

Мұғалiмге арналған әдістеме: 

Бiз денемiз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз, мысалы, өзендегi 

су  жылы  ма,  әлде  үтiк  ыстық  па  және  т.б.  әрекеттердi  өз  денемiз  арқылы 

байқаймыз.  

Бiздi қоршаған иiстер де маңызды ақпараттар қатарына енедi. Егер газдың 

иiсiн  сезсеңдер,  онда  не  iстер  едiңдер?  Ондай  жағдайда  жедел  жәрдем 

қызметiне  хабар  беремiз.  Жаңа  жылда  қандай  иiстер  сезесiңдер?  Мәселен, 

шыршаның иiсi шығады, анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмдi иiс шығады. 

Бұл ақпараттарды бiз иiс сезу мүшелерi арқылы анықтаймыз. Сондықтан ол иiс 

сезу мүшесi арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.  

Ал  ендi  мына  бiр  көрiнiске  назар  аударайық.  Аруна  Әлімге  алма  бердi. 

Оның  сыйлаған  алмасының  қышқыл,  не  тәттi  екенiн  Әлім  қалай  бiледi?  Бұл 

жағдайда, ол дәм сезу мүшесi - тiл арқылы анықтайды. Ол – дәм сезу ақпараты 

деп аталады.  

Сонымен, ақпаратты мынадай  сезiм  мүшелерi арқылы қабылдаймыз: есту, 

көру, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және 

дәм сезу – бұл ақпаратты қабылдау арналары болып табылады. 



Тапсырма1: 

1. 


Суретте не бейнеленгенін әңгімеле. Боя.  

2. Ақпарат түрлерiн талқылау.  

1 және 2 суреттер – дәмдi сезу ақпараты. 

және 4 суреттер – иiс сезу ақпараты. 



және 6 суреттер – сипап сезу ақпараты. 

3. 

Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос.  



тышқан – сыр 

28 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау