31
үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы
әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола
алады.
Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация
қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі
мүмкін екенін ескеруі қажет.
Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір
тәртіппен жүргізіледі.
Мұғалім модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне
сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады;
• жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен;
бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады;
• жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының
көшірмелерін дайындайды.
Модерация кезінде:
• жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың балл
қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер
енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта
қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі
де мүмкін;
• соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;
• соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар:
ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы
(конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып
табылады.
32
5 БІЛІМ АЛУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ
Білім алушылардың ілгерілеуін қадағалау мақсатында мұғалімдер
оқытудың белгілі бір кезеңінде орындалған жұмыстарды сақтауы қажет.
Білім алушылардың портфолиосы бағалау нәтижелерінің анықтығы мен
дәлдігін арттыруға бағытталған. Портфолио – білім алушылардың мақсатты
түрде жинақтаған, олардың оқудағы нәтижесін, ілгерілеуін, белгілі бір оқу
жылындағы бір немесе бірнеше пәндер бойынша жетістіктерін көрсететін
жұмыстары. Портфолио бір оқу жылына арнап құрылады. Оқу жылы
аяқталған соң, оны білім алушыларға, ата-аналарға беру керек.
Портфолиода білім алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған
жұмыстары, балл қою кестелері, білім алушылардың рефлексиялары,
мұғалімнің ұсыныстары көрсетілген кері байланыстары болуы қажет.
Оның ішінде білім алушылардың жұмыс дәптерлері, салған суреттері,
тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезіндегі фотолары, зерттеу
жұмыстарының қорытындылары, мұғалімнің жұмыстарға берген пікірлері
болуы да мүмкін. Білім алушылардың кейбір жұмыстарын электрондық
нұсқада сақтауға да болады.
Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым:
• Титул беті;
• Пән бойынша бөлгіштер;
• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау
жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері, балл қою кестесімен жазба
жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.;
• Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін көрсететін күнделікті сабақ
үдерісінде орындаған жұмыстары;
• Мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары;
• Білім алушының рефлексиясы.
Портфолионың формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне,
пәнге байланысты. Мысалы, АКТ, информатика бойынша портфолио
электрондық үлгіде болуы мүмкін (электрондық портфолио), ол электрондық
тасымалдаушы құралда сақталады (дискіде).
33
6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық
бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі.
Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде
жүзеге асырылады.
Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық
жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін
жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды
көрсетеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан
барысында, тоқсанның соңында беріледі (7-кесте).
7-кесте. Нәтижелерді тіркеу
Білім алушыларға
қойылады:
Сипаты
Әр бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалаудың
балы
Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері
(жоғары, орта, төмен)
Тоқсандық жиынтық
бағалаудың балы
Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес
жинақталған балдар саны
Тоқсандық баға
Балды бағаға ауыстыру
шәкіліне сәйкес белгілі
пайыздық арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық
бағалаулардың балл саны. Білім алушылар тоқсандық
бағаны 50% бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы
бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы
бойынша жинайды
Жылдық баға
Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға
қатысты жинақталған балдар санының пайыздық
арақатынасы
балды бағаға ауыстыру
шәкіліне сәйкес
Тоқсан соңында бағалаудың барлық нәтижелері 1-ден 5-ке дейінгі
бірыңғай балды бағаға ауыстыру шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың
ашықтығын, салыстырымдылығын, білім беру үдерісіне қатысушылардың
бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (8-кесте).
8-кесте. Балды бағаға ауыстыру шәкілі
Балдың пайыздық
мазмұны
Баға көрсеткіші
Баға
0
Бағаланбады
«1»
1%-20%
Қанағаттанғысыз
«2»
21%-50%
Қанағаттанарлық
«3»
51%-80%
Жақсы
«4»
81%-100%
Өте жақсы
«5»