18
Төменде кері байланыстың мысалдары көрсетілген (3, 4-суреттер).
3-сурет. А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал
4-сурет. Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал
4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру кезіндегі маңызды
кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау
жасау. Мұғалімге барлық оқу үдерісінде бағалау/бақылау нәтижелеріне
жүйелі талдау жүргізу ұсынылады. Мысалы, қалыптастырушы бағалау
нәтижелеріне толық талдау жүргізу үшін мұғалім арнайы құрастырылған
бақылау парағын қолдануына болады (5-сурет). Бақылау парағының үлгісі
3-қосымшада берілген.
19
5-сурет. Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша бақылау парағы
Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда
кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары
туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, тексерілген
жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:
• белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
• бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім
алушыларды;
• білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар,
тақырыптарды айқындап береді.
Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:
• әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік
бағыттағы мәселелерді анықтау;
• орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау
жүргізу;
• талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;
• шешімнің сыни нұсқаларын қарастыру, яғни, мәселені шешудің
жоспарлылығын, баламалылығын (альтернативтілігін), жетістігін,
кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;
• мәселені шешу, кемшілікті жою үшін өз тәжірибесін нақты қалай
өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;
• талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік,
портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);
• ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;
• ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып,
сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.
20
4.2 Жиынтық бағалау үдерісі
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының
мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі
кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін,
дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық
бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру
деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім
бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім
алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар
немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау,
түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге
мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы
үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау,
түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.
Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық
түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп,
оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады
(4-қосымша).
4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына,
оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған
кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім
алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу
мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық
бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/
ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары
анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.
4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды
жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру,
21
жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес
жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
• жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен
айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе
ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын
анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға
жататын оқу мақсаттарының саны (3-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі
болуы мүмкін.
3-кесте. «Математика» пәні бойынша бөлімдер мысалы, 1 сынып
1-тоқсан - 9 апта
Ұзақ мерзімді
жоспардың бөлімдері
Бағдарламаның бөлімшелері
Мақсаттар
саны
Сандар мен цифрлар
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
12
Сандармен амалдарды орындау
Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты
Тізбектер
Математикалық тіл
Геометриялық
фигуралар
Жиындар және олармен орындалатын амалдар
4
Геометриялық фигуралар
Геометриялық фигуралардың орналасуы
Шамалар мен өлшемдер
Есептер және математикалық модель
4
Шамалар және олардың өлшем бірліктері
3 бөлім
10 бөлімше
20
Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында
1-тоқсанда 3 бөлім берілген: «Сандар мен цифрлар», «Геометриялық
фигуралар», «Шама және өлшем бірліктері». Оқу мақсаттарының саны әр
бөлімде әр түрлі: бірінші бөлімде – 12, екінші бөлімде – 4, үшінші бөлімде –
4. Сәйкесінше математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-тоқсанда
әр бөлімді меңгеруді аяқтаған кезде үш рет өткізіледі.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын
құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік
ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге
келесі алгоритмдерге сәйкес өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру
ұсынылады (6-сурет):
1. оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын
меңгеру;
Достарыңызбен бөлісу: |