Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



жүктеу 3,4 Mb.
Pdf просмотр
бет4/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,4 Mb.
#20720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

9

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016

8

ҚұрЫлЫС ЖАңАлЫҚТАрЫ



–  Оқу  корпусында  оқушыларға  арналған 

балалар бассейні мен әмбебап спорт залы қа-

растырылған. Далада екі жазғы футбол алаңы 

салынатын  болады.  Олар  әмбебап  спорт 

алаңдары  болмақ  –  футболдан  бөлек  оларды 

баскетбол, волейбол секілді спорттың басқа да 

түрлеріне пайдалануға болады. Тұрғын үй кор-

пусының  ауласына  балалар  алаңы  орнатыла-

ды. Онда хореография академиясында тұратын 

оқытушылардың балалар ойнайтын болады. 

Астананың бас сәулетшісінің тұжырымда-

масы бойынша Қазақ ұлттық хореография ака-

демиясы ЕХрО-дан Бәйтерекке дейін баратын 

қалалық саябақтың осінде орналасқан. 



– аумақта автомобильдерге арналған пар-

кингтер қарастырылған ба? 

– Бас жоспар бойынша бізде автомобиль-

дерге арналған төрт үлкен ашық көлік қоятын 

орын бар. Олар ғимараттың төрт тұсында ор-

наласқан.  Оған  хореография  академиясының 

төрт бұрышынан кіруге болады. Бұдан бөлек 

тағы  екі  шағын  автотұрақ  бар.  Жобада  көр-

сетілген  барлық  ашық  паркингтер  қазірдің 

өзінде салынып қойылған.  

–  ғимаратты  күзету  жүйесі  қарасты-

рылған ба? 

–  Кешен  қазіргі  заманғы  жүйемен  жаб-

дықталған.  Олардың  ішінде  кіріп-шығуды 

бақылау,  бейнеқабылау  мен  дабылқаққыш 

кіретін ғимаратты күзету жүйесі де бар. 

Хореография  академиясында  қазіргі  за-

манғы  өртке  қарсы  жүйе  орнатылған.  Сон-

дай-ақ,  кешен  ғимараты  барлық  ішкі  инже-

нерлік жүйені бақылайтын басқарудың ортақ 

автоматты жүйесімен жарақталған.  



–  астана  қолайсыз  жер  қыртысымен  та-

нымал.  сондықтан,  ғимараттың  барлығы 

дерлік мұнда бағаналық іргетастарға салына-

ды. Хореография академиясы да солай тұрғы-

зылды ма? 

– Хореография академиясы діңгектерге са-

лынған. Академия астындағы топырақ тығыз 

болып  шықты  да  жерасты  сулары  бізді  аса 

алаңдата қоймайды.

 

Бірегей нысанды 2016-шы жылы іске 



қосады 

– жарқын сейтжапарұлы, жылу, су және 

өркениеттің  басқа  да  игіліктерін  ғимаратқа 

кім тартады? 

– Құрылыс участогы аумағындағы барлық 

сыртқы  инженерлік  жүйелер  толығымен  тар-

деңгейінде бір-бірімен галерея арқылы бірік-

тірілгендігін  айтқым  келеді.  Тұрғын  үй  кор-

пусында  тұратын  оқытушылар  мен  оқушы-

лар,  сондай-ақ,  хореография  академиясына 

келушілер жаяу жүргіншіге арналған галерея 

арқылы  хореография  академиясының  керекті 

бөлігіне  тысқа  шықпай-ақ  бара  алады.  Бұл  - 

әсіресе, қыс кезінде ыңғайлы.  

– жарқын сейтжапарұлы, қазақ ұлттық 

хореография  академиясының  барлық  ғима-

ратының қабатының саны бірдей ме? 

– Әр ғимарат әр түрлі қабаттан тұрады – ба-

лет корпусы төрт қабатты, тұрғын үй корпусы 

тоғыз қабаттан тұрады, оқу корпусы – төрт қабат-

ты, театр - алты қабатты. Алайда, бір қарағанда 

барлық ғимарат бірдей секілді көрінеді. Биіктігі 

жетпей  жатқан  тұстарда  бірыңғай  архитекту-

ралық ансамбль болуы үшін және кешен әдемі 

көрінуі үшін арнайы парапеттер шығардық. 

– ғимараттың сырты немен қапталады? 

– Қасбетті әрлеуге табиғи тас, алюминий 

профильдері,  түрлі-түсті  алюминий  панель-

дері,  қыздырылған  шыны  мен  жабын  эле-

менттері секілді қазіргі заманғы тұтанбайтын 

материалдар  қолданылады.  Плиталар  табиғи 

тастан  бедерлене  отырып  қашап  жасалады. 

Қасбет  бөлігінің  негізгі  материалы  -  витраж. 

Ғимараттың жылу шығынын азайту үшін ішкі 

шыныда энергия үнемдегіш қабат болады. 



– құрылысқа қандай жаңа технологиялар 

немесе материалдар қолданылуда? 

– «БАЗИС» құрылыс компаниясы барлық 

уақытта  қазіргі  заманғы  технологияларды 

пайдаланады.  Мұнда  әлемдік  танымал  және 

өзін дәлелдеген брендтердің барлық қазіргі за-

манғы материалдары қолданылады. «БАЗИС» 

компаниясы  сонымен  қатар,  қазақстандық, 

ресейлік және еуропалық зауыттармен жұмыс 

істейді.  

–  жобаның  архитектурасы  өте  ерекше. 

ғимарат  кешкі  немесе  түнгі  уақыттары  жа-

рықтандырылады ма? 

–  Архитектуралық  жарықтандырылу  мін-

детті түрде болады. Архитекторлардың идеясы 

бойынша  әр  корпус  белгілі-бір  консистенци-

ямен  жарықтандырылатын  болады:  қайсыбір 

детальдарға жарық қатты түсіріледі, қайсыбірі-

не жарық көмескі етіп беріледі. Театрдың әдемі 

колоннадалары мен ғимараттың төбесінің өзіне 

тән жарығы болады. Ғимараттың барлық негіз-

гі кіреберістеріне де арнайы жарық түсірілетін 

болады. Ғимараттың сырты ерекше жарықтан-

дырылады.  Серуендеу  аймағы  үлкендігі  бір 

метрлік, көлік қоятын орындар – бес метрлік, 

жолдар – үш метрлік шамдалдармен жарықтан-

дырылады.  Барлық  жарық  түсіру  аспаптары 

LED  технологиялары  қолданыла  отырып  жа-

салған энергия үнемдейтін құрылғылар.  

Барлығы балалар мен 

оқытушыларға жайлы болуына 

арналған  

– қазақ ұлттық хореография академиясы 

аумағында  денешынықтыру-сауықтыру  ке-

шені болады ма?

2016-шы жылы астанада

бірегей қазақ ұлттық Хореография 

акадеМиясы ашылады 

Әлемдік брендтердің қазіргі заманғы 

қондырғылары 

– жарқын сейтжапарұлы, қазақ ұлттық 

хореография  академиясы  жайында  айтып 

берсеңіз. бұл не нысан? 

–  Қазақ  ұлттық  хореография  академиясы 

9,5 гектар жерді алып жатқан ерекше кешен. 

Мұндай нысандар бір-ақ рет салынады және 

олар ұзақ жылдарға есептеледі. Хореография 

академиясында  бастауыш  жалпы  білімнен 

бастап білім берудің ең жоғарғы сатысы - док-

торантураға  дейін  толық  циклды  білім  және 

тәрбие қызметі жүргізілетін болады. 

Құрылыс  Қазақстан  республикасының 

Мәдениет және спорт Министрлігінің жетек-

шілігімен  жүргізілуде.  Министрлік  жанынан 

Қазақ  ұлттық  хореография  академиясының 

арнайы Мемлекеттік қоры құрылған. Құрылы-

сты осы қор қаржыланыруда. 

Хореография  академиясы  балет  корпусы, 

тұрғын үй корпусы, оқу корпусы, театр ғима-

раты секілді төрт блоктан тұрады. Балет кор-

пусында  төбесінің  биіктігі  6  метрден  асатын 

аумағы әр түрлі 21 балет залы бар. Залдарда 

холлдар  орналасқан.  Оқушылар  сабақтардың 

арасындағы үзілістерде уақытын осында жай-

лы өткізе алады. Ғимараттың функционалдық 

қызметтері  балет  мектебінің  инфрақұрылы-

мына  қойылатын  барлық  қазіргі  заманғы  та-

лаптарға  жауап  береді.  Ғимаратта  медицина-

лық  блок,  киім  ауыстыратын  орындар,  душ 

бөлмелері, арнайы пәндерге арналған сынып-

тар  және  т.б.  бар.  Бұл  жайлардың  барлығы 

оқушылардың серуендеуіне арналған орталық 

ауланы айнала ықшам топтастырылған. 

Екінші блок – тұрғын үй корпусы. Онда 410 

оқушыға арналған жатақхана орналасқан, пе-

дагогтарға арналған 30 қызметтік пәтер, шару-

ашылық және қосымша жайлар бар. Тұрғын үй 

корпусының барлық қабатында демалыс және 

дайындық  бөлмелері,  буфеттер,  тәрбиешілер 

бөлмелері, әкімшілік жайлар және т.б. бар. 

Үшінші блокта оқу корпусы орын тепкен – 

бұл астыңғы және техникалық қабаттары бар 4 

қабатты ғимарат. Академияның негізгі оқу-тәр-

«БАЗИС» құрылыс компаниясы Астанада техникалық шешімдердің күрделілігі, архитектурасы мен функционалдық 

мүмкіндіктері жөнінен баламасы жоқ Қазақ ұлттық хореография академиясын салуда. Қазір құрылыста құрылыс 

саласының 1000-нан астам түрлі мамандары еңбек етуде. Жұмыс күні-түні жүріп жатыр. Нысанды 2016-шы жылдың 

күзінде  тапсыру  жоспарланып  отыр.  Қазақ  ұлттық  хореография  академиясының  құрылысы  мен  функциялары, 

сондай-ақ, осынау ерекше ғимараттың айналасында құрылысшыларымыз тұрғызатын инфрақұрылым жайында 

BN-ге нысанның басқарушы директоры Жарқын Сейтжапарұлы Әлімжанов егжей-тегжейлі айтып берді. 

тылып бітті. Бүгінгі күні уақытша қазандық іске 

қосылған.  Ол  кешенді  жылумен  толығымен 

қамтамасыз етіп отыр. Біз қалалық қызмет су 

құбыры, кәріз бен жылудың сыртқы жүйелерін 

2016-шы жылы салады деп күтіп отырмыз. 



–  бүгінгі  күнге  дейін  не  тындырылды, 

бүкіл  жұмысты  қашан  аяқтауды  жоспарлап 

отырсыздар? 

– Жылдың соңына дейін біз тұрғын үй кор-

пусын  толығымен  салып  бітіруді  жоспарлап 

отырмыз, жиһазды жеткізуші өзі алып келеді. 

Мамыр  айында  оқу  және  балет  корпустары 

бітеді, ғимараттардың қасбетін 2016-шы жыл-

дың қаңтарында аяқтауды ұйғарып отырмыз. 

Желтоқсанда бізде театрдың монолит жұ-

мыстары аяқталды, тағы бір айдан кейін ша-

тырдың металл конструкциялары жұмыстары 

мәресіне  жетеді.  Театр  ғимаратының  қасбет 

жұмыстары сәуірде аяқталады. Театр ғимара-

тындағы әрлеу жұмыстары жылдың бас кезін-

де басталып, тамызға дейін жалғасады. 

2016-шы жылдың мауысымында тапсырыс 

берушіге балет, оқу және тұрғын үй секілді үш 

бірдей  корпусты  тапсырамыз.  Театр  ғимара-

тын қазан айында беру жоспарланып отыр. 

Біз  бір  мезетте  абаттандырумен  де  айна-

лысатын  боламыз.  Маусым  айында  аумақты 

абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын 

бітіреміз. Театрды айналдыра тас төсеуіштер 

төсейміз,  ағаш,  бұта  отырғызамыз,  шағын 

архитектуралық формалар орнатамыз.  Хоре-

ография академиясының аумағына төрт скуль-

птура қойылады. 



– қазір нысанда қанша адам жұмыс істеп 

жатыр?

–  Қазір  нысанда  екі  ауысыммен  барлық 

құрылыс мамандықтарының өкілдері - 1 000-

ға жуық адам жұмыс істеп жатыр. 



– жарқын сейтжапарұлы, егжей-тегжейлі 

жауаптарыңыз  бен  қызықты  сұхбатыңызға 

рахмет! 

BN-нің анықтамасы: 

Жарқын  Сейтжапарұлы  Әлімжанов  – 

Астанадағы Қазақ ұлттық хореография акаде-

миясы құрылысының басқарушы директоры.  

«БАЗИС»  компаниясында  10  жылдан  астам 

уақыт еңбек етіп келеді. Екі бірдей – құрылыс 

және гуманитарлық жоғары білімі бар. 2005-

ші  жылдан  өндірісті  дайындау  бөлімінің 

бастығы  қызметінде  жүріп  компаниямыз 

сол  жылдары  Астанада  салған  барлық  ны-

сандардың  құрылысына  басшылық  жасады. 

Басқарушы  директор  ретінде    фотоэлектрлік 

модульдер  зауытының,  денешынықтыру-са-

уықтыру кешенінің, «КЕГОК» АҚ ғимараты-

ның құрылысымен айналысты. Қазір Жарқын 

Әлімжанов түрлі мақсаттағы төрт ғимараттан 

тұратын  кешенді  -  Қазақ  ұлттық  хореогра-

фия  академиясын  салып  жатыр.  Құрылыс 

аяқталған кезде бұл ғимараттардың барлығы 

ортақ архитектуралық ансамбльге айналады. 

Әлімжановтың  айтуынша,  бұл  нысан  күр-

делілігі жөнінен бір мезетте төрт бірдей КЕ-

ГОКты салғанмен бірдей. 

бие  бағдарламасы  осында  жүргізілетін  бола-

ды. Оқу корпусының құрамына әмбебап спорт 

залы, балалар бассейні, үлкен асхана кіреді. 

Төртінші  корпус  –  театр.  Театр  ғимараты 

жер  телімінің  оңтүстік  бөлігінде  орналасқан. 

Ол академия кешені композияциясын аяқтайды 

және негізгі қасбеті ЭКСПО 2017-ге қарайды. 

Бұл - техникалық жарақтандырылу, безен-

діру,  барлық  жарық  және  дыбыстық  қонды-

рғылар, декорацияға қажетті механизм секілді 

бүкіл  атрибуттары  бар  кәсіби  театр.  Театрға 

көпфункционалды  механикасы,  үш  қабатты 

түсіргіші,  шұңқырлары  бар  кәсіби  сахна  ор-

натылатын болады. Осының барлығы жобада 

қарастырылған.  Құрылысшыларымыз  жарық, 

дыбыс, механика секілді барлық механизмдер 

мен  қондырғыларды  толығымен  орнатады. 

Сахнаның техникасы мен механикасы ең соңғы 

үлгіде болады. Бұл сахнада кәсіби труппалар 

мен  артистер  өнер  көрсететін  болады.  Театр-

дың көрермендер залы 800 орынға есептелген. 



– кешеннің қандай да бір өзгешелігі бар ма? 

–  Барлық  төрт  кешеннің  үшінші  қабат 




жүктеу 3,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау