ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
9
№9 (116)
29 тамыз
2014 жыл
С Ұ Қ Б А Т
та Елисеевалардың чемпиондық
атақтары Қыздар университетінің
абыройын асқақтатып келеді. Во-
лейбол, футбол, самбо секілді
спорт түрлерінен жеңімпаз қыздар
биылғы жылы Әйелдер денсаулығы
о л и м п и а д а с ы н ы ң е к і н ш і р е т
чемпиондық атақтарын қорғап, ең
белсенді, ең жылдам, ең тактикалы
ойыншы екендіктерін дәлелдеді.
Қыздар университетінің аруларымен
мақтану керек.
Сонымен қатар, қыздарымыз
нарық заманында бәсекеге қабілетті
болсын деп білікті тұлғалардың
дәрісін өткізу дәстүрге айналды. Іскер
әйелдер қауымдастығымен бірлесе
отырып шеберлік сағаттарын өткізу
арқылы студенттердің көшбасшылық
қабілеттерін шыңдап, тың идеяларын
жүзеге асыруға машықтандыру бас-
ты мақсат. Елбасы «Бой жарыстыра-
тын емес, ой жарыстыратын заман»
деп бекер айтпаған. «Жас келсе –
іске» деген қазақ халқы. Жастарды
іскерлікке баули отырып, іскерлігін
дамыту осы университеттен бас талса
деймін.
– Осындай ауқымды жұмыс
тардың барлығы да Қыздар уни
верситетінің 70 жылдығына тарту
болар?..
– Иә, есеп беретіндей, ескері-
летіндей 70 жылды артқа тастаған
Қыздар университетінің мерей-
тойына арнап бірқатар жұ мыс та р
әлі де жүзеге асырылып жатыр.
Оның ішінде құрылыс нысанда-
ры мен «Қазақ Аруы» ескерткіш-
субұрқағы бар. Қолына бейбітшілік
құсы көгершінді ұстаған мәрмәрдан
жасалған арудың мүсіні биік таған-
ға орналастырылды. Айналасына
Ел басымыздан бастап қазақ ой-
шылдарының ұлағатты сөздері
айқара ашылған кітаптарға жазыл-
ды. Сабақтан тыс уақытта тыныс-
тап, серуендеп қана қоймай, сол
өнегелі сөздерді тоқи жүрсін деген
ақ ниеттен туған әсем дүние. Барлық
жатақханаларда заманауи жаттығу
құралдарымен жабдықталған фит-
нес залдары ашылды. Саламатты
Қазақстанды құру, дені сау ұрпақты
өсіру үшін, әрине, қыздарымыздың
денсаулығы мықты, сұлу да сым-
батты болсын деп қолға алынды.
Университеттің әрбір аруы көркіне
ақылы сай болуы керек. Баспа
кітабының мол қоры бар ғылыми
кітапхананың электронды ресур-
сын байыту үшін арнайы сканер
алынды. Ақпараттық технологияның
дамыған заманында электронды
оқулықтардың маңызы зор. Интер-
нет желісі жүргізіліп, компьютер-
мен жабдықталған кітапханадан
білімін толықтырып, ұстаз болу –
мәңгілік оқу екендігін ұғынып тұрса,
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНДЕ
студенттік өмірдің бұдан артық
қандай жауапкершілігі бар?!
– Қыздар университетінің бо
лашақтағы жоспарларымен де
бөлісе отырсаңыз...
– Қыздар университеті жылдан
жылға дамып, көркейіп келеді. Зама-
науи білім беру деңгейіне ұмтылып,
көптеген шелелдік ЖОО орындары-
мен байланыс орнатып, қосдипломды
білім беруді қолға алып отыр. АҚШ-
тың Миссиссипи университетінде,
Лондон менеджмент академиясында
білім ала отырып, екі елдің де дипло-
мына ие болады алады. Осындай ауыз
толтырып айтарлықтай жетістіктерге
жетіп отырған Қыздар университеті
70-тің асуына таудай жоспарлармен
аяқ басып отыр.
1944 жылы шығарылған ұйғарыммен
тегін тамақ беріліп, әлеуметтік көмектер
көрсетіліп келген. Сол үрдіс үзілген жоқ.
Күні бүгінге дейін мемлекеттік грантта
оқитын студенттерге 3 мезгіл тегін тамақ
беріледі. Университеттің оқу корпуста-
ры мен жатақханалары шоғырлана орна-
ласып, Қыздар қалашығын құрап отыр.
Академик Күләш Құнантаева, Жәмилә
Елемесова, Шәмша Беркімбаева сынды
білікті басшылардың кезінде Қыздар
университетінің бас оқу ғимараты,
кітапханасы, Студенттер үйі салынып,
пайдалануға берілді. Студенттердің
игілігі үшін бүгінгі күнге дейін жұмыс
істеп келеді. Осындай Қыздар қалашығы
тағы бір 9 қабатты 450 орындық
жатаққанамен толықпақ. Құрылысы
басталып та кетті. Жоспар бойынша
1-қабатында медициналық бөлім болады.
Қыз баласы – болашақ ана, денсаулығы
с а у б о л у ы м а ң ы з д ы , б о л а ш а қ т а
денсаулығы мықты ұрпақ әкелу керек.
Сол себепті де студенттер дәрігерлердің
бақылауында, кез келген көмекті дер
кезінде алуға мүмкіндіктері арта түседі.
Сонымен қатар, қыздарымыз сым-
баттарын сақтап, қуаттарын артты-
ру үшін 32 орынды жүзу бассейнінің
құрылысы басталды. Бұл да Қыздар
университетінің әлеуетін арттыратын,
қыздардың болашағы үшін жасалып
жатқан үлкен шаруа.
Күрделі жөндеу жұмыстарының
н ә т и ж е с і н д е о қ у ғ и м а р а т ы м е н
бірқатар жатақханалар жаңарып,
қалашықтың айналасына гүлзарлар
отырғызылып, абаттандырылатын бо-
лады. Жаздық алаң-сахна да жаңармақ.
Білімді, өнерлі, талантты жастардың
жұлдызды жолы студенттік сахна-
дан басталары хақ. Жаңа сахналық
костюмдер тігіліп, жаңаша әндер жа-
зылып, Қыздар университетінің сал-
танатты кешіне дайындық шаралары
жүргізіліп жатыр.
– Қыздар университетінің 70
жылдық мерейтойына арнап тілек
жолдасаңыз...
– Қыздар университеті алғаш
ашылған кезде қазақтың біртуар зи-
ялы қауымдары қолдау білдіріп, оқу
ордасында көптеген дәрістер жүргізіп,
қыздардың сапалы білім алулары
үшін өз үлестерін қосқаны тарих-
тан белгілі. Заңғар жазушы Мұхтар
Ә у е з о в « Т ә ң і р ж а з с а , б ұ л и н т и -
тут қазіргі және болашақтағы қазақ
қыздарының шамшырағына айналады.
Осы шамшырақтың жарық сәулесі
сөнбесін» деп ақ батасын берген. Міне,
сол шамшырақтың сәулесі 70 жыл бойы
барша қазақ даласына түсіп тұр. Диплом
алған түлектер еліміздің әр аймағында
еңбек етіп келеді. Еңбектеген сәбидің
санасына сәуле беріп, ұлт үшін еңбек
ететін тұлға қалыптастыру жолында
қызмет атқаруда. Бүгінгі студент тер –
ертеңгі маман, болашақ ана, ұрпақ тәр-
биешісі. Қызға деген құрмет – бүкіл
ұлтқа деген құрмет деп есептеймін.
Атқарылып жатқан жұмыстардың
барлығы оң нәтижесін берсе екен
деп тілеймін. Корпоративтік рухы
мықты, біліктілігі жоғары профессор-
оқытушылар құрамы әрбір студентке
дұрыс бағыт көрсетіп, сапалы білім
беріп, өз мамандығын сүюге үйрете
берсе екен деймін. Ғ.Қайырбеков бас-
таған талай ақынның жырына арқау
болған Қыздар университеті болашақта
да шығармашылықтың, іңкәрліктің,
сұлулықтың ортасы болып қала берсін
деймін.
Қыздар университеті стратегиялық
бағдарламасы бойынша өз миссиясы-
нан таймай, халықаралық деңгейде
білім беретін оқу ордасына айна-
лып, әлемдік үздік оқу орындарының
қатарынан табылса екен деген тілек
бар. Жаңа білрескен жобалар, жаңа
бағдарламалар іске асырылып, шет елде
білім алатын, қос дипломды иеленетін
студенттердің саны артып, білікті сту-
денттер Қазақтанның атын әйгілендіре
берсін деп тілеймін. Кез келген оқу
ордасымен терезесі тең түсетіндей,
түлектерінің сапалы білімі мен саналы
тәрбиесінің нәтижесі Мәңгілік Қазақ
Елінің берекелі, ұйымшыл қоғамын
құруға негіз болады деп ойлаймын.
Ұшқыр ойлы, зейінді шәкірттеріміз са-
налы ұрпақтың шынайы ұстаздарына
айналсын.
Сұхбаттасқан
Қарлыға МЫРЗАӘЛІМ