Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Салықтық жоспарлау»



жүктеу 1,07 Mb.
Pdf просмотр
бет13/26
Дата19.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#20665
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

30 

 

жоспарлауға болады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер тұрпаты бойынша құрастырылған 



арнаулы  компьютерлік  бағдарламалар  салық  және  салық  топтары  құрылымы  аясында 

кодтандырылған.  Бұл  ағымдағы  және  перспективтік  салық  жоспарын  жедел  құрастыруға 

мүмкіндік береді. 

 

5 тақырып. Корпоративтік салық менеджменті 



1. Кәсіпорында корпоративтік салық менеджментінің қажеттілігі. 

2. Корпоративтік салық менеджменті басқару қызметінің бір түрі ретінде 

3. Салықтарды тӛлеуден жалтару. 

Бұл  салықты  Ұлттық  банк  пен  мемлекеттік  мекемелерді  қоспағанда  Қазақстан  Респуликасы 

резидент-заңды  тұлғалары  тӛлейді.  Арнаулы  салық  режімін  қолданушы  заңды  тұлғалар-шағын 

бизнестің  субъектілері,  шаруа  (фермерлік)  қожалықтары,  ауыл  шаруашылығы  ӛнімін  ӛндіруші- 

заңды  тұлға,  кәсіпкерлік  қызметтің  жекелеген  түрлері  корпорациялық  табыс  салығын  тӛлейді. 

Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, тӛлеу тәртібін, алу 

шарттарын,  жеңілдіктер  мен  санкцияларды,  тӛлеу  уақытын  айқындайды.  Негізгі  шектерде  бұл 

механизм заңдамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен 

бейрезиденттер,  соның  ішінде  кәсіпкерлік  қызметтен  алатын  табыстары  бойынша  коммерциялық 

емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да тӛлейді. 

Салық  кодексіне  сәйкес  жылдық  жиынтық  табысқа  мына  тӛмендегілерді  қоса,  салық 

тӛлеушілерінің табыстарының барлық түрлері қамтылады: 

 

тауарларды (жұмыстарды, қызметтер кӛрсетуді) ӛткізуден түсетін табыс; 



 

үйлерді,  ғимараттарды,  құрылыстарды,  сондай-ақ  амортизациялауға  жатпайтын  активтерді 



ӛткізу кезіндегі құн ӛсімінен түсетін табыс; 

 



міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар; 

 



күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар; 

 



мүлікті жалға беруден түсетін табыстар; 

 



ҚР-ң заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының 

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мӛлшерін азайтудан түсетін 

табыстар; 

 



борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар; 

 



кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар және басқа да 

табыстың түрлері. 

Алынған  жылдық  жиынтық  табыс  түзетілуі,  яғни  салық  тӛлеушінің  бұл  табысынан  мыналар 

алынып тасталынуы тиіс: 

1)  ҚР-ғы  тӛлем  кӛзінен  бұрын  салық  салынған,  ҚР-ң  резидент-заңды  тұлғасынан  алынған 

дивидендтер; 

2)  эмитент  ӛз  акцияларын  орналастыру  кезінде  алған  олардың  құнының  номиналдық  құнынан 

асып кетуі және ӛз акцияларын ӛткізу кезіндегі құн ӛсімі, 

3) қор биржасының ‗A‘және ‗B‘ ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды ӛткізу 

кезіндегі құн ӛсімінен алынатын табыс; 

4) мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар; 

5) табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік кӛмек ретінде 

алынған және мақсатты түрде пайдаланған мүліктің түрі; 

6) мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік 

кәсіпорыннан ӛтеусіз негізде алған негізгі құрал-жабдықтардың құны; 

7)  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы  заңнамаға  сәйкес  алынған  және  жеке  зейнетақы 

шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар. 

Бейрезиденттердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес кӛздерден алатын табыстарының 

тӛлем кӛзіне мынадай мӛлшерлемелер б/ша салық салынуға тиіс: 

1) дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%; 

2)  тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша тӛленетін сақтық сыйлық ақылары- 10%; 

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары б/ша тӛленетін сақтық сыйлық ақылары-5%; 

4)  халықаралық тасымалдарда кӛлік қызметтерін кӛрсетуден түскен табыстар-5%; 



31 

 

5)  жоғарыда  1-4  тармақшаларда  кӛрсетілген  табыстарды  қоспағанда,  бейрезиденттердің  ҚР-ғы 



кӛздерден алынатын табыстары –20%; 

Салық  тӛлеушілер  корпорациялық  табыс  салығын  тӛлеуді  ӛзінің  тұрып  жатқан  орны  бойынша 

жүзеге  асырады  және  бұл  салық  бойынша  аванстық  тӛлемдерді  бюджетке  салық  кезеңі  ішінде 

белгілі мӛлшерде ағымдағы айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын тӛлеп  тұруға міндетті. 

Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық тӛлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық 

табыс салығы жӛніндегі мағлұмдама б/ша есептеп шығарылған оны тӛлеу есебіне жатқызылады.                

 

6 тақырып. Корпоративтік салықтық жоспарлау 



1. Корпоративтік салықтық жоспарлаудың мазмұны және түрлері 

2. Салық тӛлемдерін тӛмендету механизміне салыстырмалы сипаттама 

1с.  Бизнсетің  сапалық  және  сандық  параметрлерінің  ӛсуіне  қарай  ол  ақпараттардың  күн 

сайын  үдеп  келе  жатқан  ағымын  ӛңдеу  үшін  қаржы  және  салық  қатынастарын  басқарудың 

құрылымдалған  нысанына  мұқтаж  күрделі  организмге  айналды.  Корпоративтік  салықтық 

жоспарлау салық міндеттемелерін оңтайландыруда бизнестің пайдалылығына тікелей үлес қосады.  

Корпоративтік салықтық жоспарлауды қаржы менеджментінің негізгі функцияларының бірі 

ретінде қарастыруға болады. Сонымен, түрлі шығындар (қаржылық, материалдық, еңбек және т.б.) 

қандай  бизнес  болмасын  оның  бастапқы  негізі,  ал  коммерциялық  кәсіпорынның  негізгі  мақсаты 

олардың ӛтімділігі және табыс табу болып табылады. Тек болжамды табыс пен ӛтімділік мерзімі 

кәсіпкерлікте қандай да бір мақсатқа сай шығын шегудің критерийі болып табылады. 

Салықтық шығындар табыс табуға бағытталмаған, олар корпорация қаражатының бір бӛлігін 

мемлекет  пайдасына  еріксіз  алу  болып  табылады.  Салықтар қайтарымсыз негізде  алынады,  яғни 

кәсіпорын бұл тӛлемдерден ешқандай қайтарым кӛрмейді. 

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы «корплрациялық салықтық жоспарлау» түсінігіне 

қызығушылықтың  ӛсуін  қамтамасыз  етеді,  яғни  экономикалық  және  құқықтық  кӛзқарас 

тұрғысынан салық сипатындағы тӛлемдердің кӛлемін жоспарлы және негіздемелі тӛмендету және 

корпорацияның салық ауырпталығын азайту. 

Бүгінде корпорациялық салықтық жоспарлаудың принципиалдық екі тәсілін бӛліп кӛрсетуге 

болады:  

ел ішіндегі салықтық жоспарлау; 



ұлттық  аумақтар  шекараларынан  тыс  салықтық  жоспарлау  (халықаралық  салықтық 

жоспарлау). 

Мұндай бӛлудің негізінде салықтық орта және салықтық тәуекел жатыр. 

Ұлттық шекара ішінде салықтық орта мен салықтық тәуекел барлық салық тӛлеушілер үшін 

шамамен  біркелкі.  Сондықтан  шешім қабылдау  алдында  бизнесте  бірінші кезекте  экономикалық 

және  саяси  ой  пікірлер  басшылыққа  алынады.  Халықаралық  салықтық  жоспарлау  кезінде, 

керісінше,  экономикалық-саяси  ой  пікірлер  бизнеске  шешім  қабылдау  кезінде  басты  рол 

атқармайды. Халықаралық салықтық жоспарлау елдер арасындағы салық салудағы ерекшеліктерге 

негізделеді.  Тәжірибеде  заңды  және  жеке  тұлғалар  ішкі  де  сол  сияқты  халықаралық  салықтық 

жоспарлау әдістерін бірдей кӛлемде қолдана алады. 

Кӛптеген ғылыми әдебиет кӛздерінде салықтық жоспарлауды ұйымдардың салық тӛлемдерін 

азайтуға немесе оңтайландыруға бағытталған қызметі түсіндіріледі. 

Экономикалық  әдебиеттерде  кӛбіне  салықтық  жоспарлау  деп  ұйымның  бюджетке  түсетін 

салық  тӛлемдерін  азайту  мақсатымен  қолданыстағы салық  заңдылығындағы  барлық  нюанстарды 

максималды  пайдалануға  бағытталған  нысаналы  қызметі  түсіндіріледі.  Сонымен  қатар  салық 

тӛлеушінің бұл қызметі салық заңдарын бұзуға емес, керісінше, қолданыстағы барлық жеңілдіктер 

мен салық құқығының ерекшеліктерін ӛз пайдасына заңды түрде пайдалануға бағытталған. 

Кәсіпорындағы салықтық жоспарлаудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады: 

- кәсіпорынның  әрбір  салық  бойынша  және жалпы жоспарда  жоспарлы кезеңдегі  мемлекет 

алдындағы салықтық міндеттемелерін анықтау; 

- ӛнімнің жоспарлы ӛзіндік құнын есептеу; 

- кәсіпорынның қаржы жоспарын дайындау; 

- жоспарлы кезеңде кәсіпорындағы (салық ауырпалығының) ауырлығын анықтау; 

- кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын жасау. 



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау