ойластыруды; оқушылардың белсенділігін арттыру тәсілдерін, үй
тапсырмаларының түрлерін жинақтайды.
Оқушылардың қызметін ұйымдастыру оқушылардың алдына оқу
міндеттерін қоюдан және оны орындауға қолайлы жағдай туғызудан тұрады.
Бұл ретте нұсқаулық қызметтерін бөлу, алгоритмдерді ұсыну және басқа да
тәсілдер қолданылады. Қазіргі дидактика танымдық міндеттердің келесі
ережелерін ұсынады:
-
танымдық міндет білім жүйесі мен мазмұн логикасы сақталуы үшін
мәндік мазмұннан шығуы керек;
-
міндеттерді орындауға нақты жағдай жасалуы үшін оқушының даярлығы
мен даму деңгейі ескерілуі қажет;
-
талап өзіне ойды, елестетуді, шығармашыл принциптерді дамытуға
қажетті ақпаратты жинақтауы керек;
-
оқушының пәндік қызметін атқаруға оң мотивация жасауы қажет;
-
оқушыларды тапсырманы орындауға үйрету, оларды әуелі мұғаліммен,
сонан соң ұжымдық жұмыста, бірте-бірте өздігінен жеке қызмет жоспарына
көшіре отырып, қажетті тәсілдермен қаруландыру керек.
Сабақ беру оқыту үдерісін үздіксіз ағымдағы бақылау негізінде реттеуді
және тиянақтауды көздейді, яғни оқушының оқуы жөнінде және жеке
қызметінің әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі жөнінде ақпарат алу. Қарапайым
бақылау, жазбаша және ауызша сұрақ, сыныппен және өздігінен үй
жұмыстарын тексеру және басқа да әдістер мен тәсілдер түрінде атқарылатын
ағымдағы бақылаудың нәтижесін мұғалім тікелей сол сабақта да, алдағы
сабақтарда да ескереді. Бұл оқу жұмысының қарқынын баяулатуы немесе
жеделдетуі, ұсынылатын жұмыс түрлерінің көлемін азайтуы немесе көбейтуі,
материалдарды түсіндіру тәртібіне өзгеріс енгізуі, бағыттаушы сұрақтар мен
қосымша түсініктемелер, қиыншылықтарды ескерту және басқалар болуы
мүмкін. Мұғалім қызметінің бұл кезеңінде оқушының дербестігі мен
белсенділігін ынталандыру басты орын алады.
Оқыту үдерісін ынталандыру құралдарын пайдаланып реттеу мен
нақтылау тек қана жігерлендіру, оқу мүмкіндіктеріне сенімділік ұялату,
болашаққа ұмтылыс сияқты бағалаудың ойлап табылған жүйесі арқылы ғана
емес, сонымен қатар, әсіресе, бастауыш және орта сыныптарда бағалар жүйесін
қолдану арқылы да қамтамасыз етіледі. Көптеген ынталандыру мүмкіндіктері
педагогикалық қызметтің әдістері мен түрлерінде орын алады (оқу
пікірталастары, конференциялар, рефераттарды талқылау, оқытудың жұптық-
топтық тәсілдері, өзара тексеру және тағы басқалар).
Оқытудың тұтастай алғандағы педагогикалық үдеріс сияқты шарықтау
кезеңі педагогикалық міндеттерді шешу нәтижесін талдау болып табылады. Ол
білім беру, тәрбие және даму мақсаттарының бірлескен жетістіктер, сондай-ақ
оларға жету шарттары мен тәсілдері тұрғысынан іске асады. Бұл ретте қажетті
нәтижеге оқушыны, сондай-ақ мұғалімді де шамадан тыс жүктеу арқылы
жетуге мүмкін екендігін ескере отырып, оңтайлылық принципі талаптарынан
шығу керек. Талдау оқыту кемшіліктерінің себептерін, жетістіктердің негізін
анықтау, оқыту шеңберіндегі педагогикалық өзара ықпал етудің алдағы
20
жолдарын белгілеу керек.
Оқу қызметін қалыптастырудың соңғы мақсаты оқушының оның
субъектісі ретінде қалыптасуы, оқушының мақсат қоя алатын, міндеттерді
шешуге қажетті білім мен қызмет тәсілдерін өзекті ететін; өз қызметін
жоспарлай алатын, жоспарды іске асыруды ықшамдауды, қол жеткізген
нәтижені қойылған талаппен салыстыру, яғни сабақтың міндеттерін өздігінен
атқара алатын даму деңгейіне жетуі болып табылады.
Орынды
ұйымдастырылған
сабақтың
құндылық,
оқытушылық,
дамытушылық, тәрбиелік мәні болады. Мысалы, логикалық түрде байланысқан
сабақтардың ойластырылған жүйесі оқушылардың өздігінен орындау жұмысын
ұйымдастыруға, интеллектуалды еңбектің білігі мен дағдысына, оны ғылыми
ұйымдастыруға үйретеді. Сабақтағы мазмұнды байытылған шығармашылық
жұмыс оқушының санасы мен бойында қалыпты жұмыс жағдайын
қалыптастырады. Сабақ негізіндегі осындай психикалық жағдай үнемі
қабылданады және барлық психикалық қасиеттердің танымдық қызметіне
өнімді енгізудің басты шарты болып табылады. Сонымен қатар сабақтағы
қауырт қызмет оқушыны шыңдайды, оларды еңбек сүйгіштікке,
жауапкершілікке және басқа да жеке тұлғаның маңызды адамгершілік
қасиеттеріне тәрбиелейді.
Тәжірибелі ұстаздар әрбір сабақты, міндетті түрде барлық оқушылардың
материалды игеретіндей етіп жоспарлайды. Бұл мақсаттарда мазмұнының
ерекшеліктеріне, әдістердің өзгешелігіне және оқушылардың даму деңгейіне
сәйкес әртүрлі сабақтар қажет. Оларда құрама сабақтың орнына жаңа білімді
білдіру, білік, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту, шығармашылық
жұмыстарды орындау бойынша сабақтар болады. Әртүрлі сабақтарда
оқушылардың табысты ілгерілеуін ескеріп озық педагогтар ұжымдық оқыту
үдерісінде оқушыларды деңгейлік тапсырмалармен қамтиды. Бұл оқушыларға
әртүрлі деңгейдегі материалды игеруге, мұғалімнің басшылығымен жұмыс
істеуден өздігінен оқу және өздігінен білім алуға көшуге көмектеседі.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, сабақтың негізгі дидактикалық
құрылымы сабақтың күнделікті жоспар-конспектісінде көрсетілетінін айта
кеткен жөн. Бірақ, қазіргі кезде дүниежүзілік тәжірибеде күнделікті сабақ
жоспарынан тақырыпты жобалауға ауысу жүзеге асуда. Тақырыпты жобалау
сабақтың технологиялық картасын әзірлеу арқылы жүргізіледі. Сабақтың
технологиялық картасы – бұл әдістемелік өнімнің жаңа түрі, ол мектептегі оқу
курстарының тиімді және сапалы оқытылуын, сонымен қатар мемлекеттік
стандарттарға сәйкес білім бағдарламаларының жоспарланған нәтижесіне жету
мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Технологиялық картаны қолдана отырып
оқыту оқу процесін тиімді ұйымдастыруды, пәндік, метапәндік және тұлғалық
біліктерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, мұғалімнің сабаққа дайындалуға
кететін уақытын қысқартады [8-9].
Технологиялық картаны қолдану жобалаудың мәні ақпаратпен жұмыс
жасаудың инновациялық технологияларын пайдалану, тақырыпты меңгеруі
бойынша оқушыға арналған тапсырмалардың сипаттамасын беру, білім берудің
болжалды нәтижелерін жобалау болып табылады.
21