жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін
жаңалық ашуы тиіс. Мұнадай жұмыс – анализ бен синтез, салыстыру арқылы
тақырыптағы негізгі білімді анықтау, қорытындылау, әр түрлі әдіс тәсілдермен
есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды
шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;
–
өздігімен мысалдар мен есептер, сұрақтар құрастыру және оны өздігімен
шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу,
жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға
берілетін тапсырмалар.
4-
деңгей: шығармашылық деңгей:
–
оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым,
түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, белгілі
бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап
шығуына негізделген: теореманы дәлелдеу, заңдылықтарды мұғалімнің
көмегінсіз қорытып шығару, олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен
тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау [15].
Төменде осы әдіске негізделіп «Солтүстік Қазақстан қалалары» тақырыбы
бойынша сабақ жоспары жасалған (4-кесте). Дайындаған Жамбыл облысы Шу
ауданы М. Мақатаев атындағы орта мектебінің жоғары санатты география
пәнінің мұғалімі З.А. Манасбаева.
4-
кесте - «Солтүстік Қазақстан қалалары» тақырыбы бойынша сабақ жоспары
І кезең
1
2
Мұғалім алғашқы 5-7 минутта:
а) ұйымдастыру сәтін өткізеді;
б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу дәрежесі
тексеріледі;
в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын жаппай
тексеру жүргізеді). «КӨПІР» тапсырмаларын келесі сұрақтарға жауап беру арқылы тексеру:
1.Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанда неше қала және кент бар?
Ж: 23 қала мен 12 кент.
2
. Ақмола облысының құрамында облыстық дәрежедегі қанша қала бар? Атаңдар.
Ж: 2 қала. Олар: Көкшетау, Степногорск.
ІІ кезең
Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өздігінен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар төмендегі қадамдар бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне
сәйкес тапсырмаларын өздері толықтырады (10 минут);
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.
1-
қадам: теория
бойынша «Білу»
үшін тақырып
мазмұнынан
Кім? Не?
Кімнің? Кімге?
Кімді? Кімде?
Кімнен? Кіммен?
Қандай? Қай?
Бос орынға тиісті сөздерді жаз.
1.
Астана (778 мың адам) – республика астанасы – Қазақстанның
географиялық орталығында, ірі көлік магистральдарының тоғысқан
жерінде орналасқан.
2. 1950
жылдары қала еліміздің солтүстігіндегі тың және тыңайған
жерлерді игеру орталығы болды. Астана мәртебесін алғаннан кейін
жылдам көркейіп, өсе бастады.
3. Астана – республикамыздың ірі өндірістік, ғылыми және мәдени
орталығы. Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару,сонымен
36
4-
кестенің жалғасы
1
2
Қашан? Не істеді?
сияқты сұрақтарға
жауап беретін толық
ақпарат іріктелінуі
керек.
қатар тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Астана мәртебесін
алуына байланысты құрылыс индустриясы да жылдам қарқынмен дамып
келеді.
4.
Қала маңызды әуе жолдарының, теміржол магистральдары мен
мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолдарының қиылысында
орналасқан ірі көлік торабы болып табылады.
5. Франция жерінде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас
ассамблеясының 152 – сессиясында ЭКСПО Халықаралық көрмесі 2017
жылы Еуразия жүрегі Астана қаласында өтетіндігі мәлім болды.
Сессияға қатысушы мемлекеттердің 103 дауысын жинаған Қазақстан
халқы үшін үлкен мәртебе. Бұл «Болашақтың энергиясы» тақырыбын
көтеретін жауапкершілігі мол көрме тек Астананың ғана емес, тұтас
Қазақстанның да дамуына қосымша серпін береді.
6.
Халқының санының өсуі, негізінен, облысаралық көші – қон арқылы
жүзеге асырылады.
7.
Қысқаша тарихи анықтама: 1830 ж. – Ақмола бекінісі. 1862 ж. –
Ақмола қаласы. 1961-1992 жж. – Целиноград. 1992 ж. – Ақмола қаласы.
1997
ж. Ақмола қаласы – ҚР астанасы. 1998 ж.- «Астана» атауы берілді.
1999
ж. ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына медаль мен
«Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.
8. Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы - Көкшетау қаласы
орналасқан (141 мың адам).1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен
Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен
құрал-жабдықтары тиелген эшалон келді. Ол механика зауытына келіп
орналасты да, бірден әскери-қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.
9. 1960-
1970 жж. Ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп
кәсіпорындары іске қосылды.
10.
Радиозауыт, оттегімен демалатын аппаратура шығаратын зауыт,
Васильков кен – байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады.
11.
Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан,
онда Қазақстанның әсем қалаларының – Павлодар орын тепкен (334 мың
адам). Біздің ата – бабаларымыз қала үшін ең қолайлы жерді – Ертіс
өзенінің жағалауын таңдап ала білген.
12. Павлодардың қолайлы географиялық жағдайы, тас көмір, мыс,алтын,
күміс және басқа да сирек кездесетін металдардың мол қоры өткен
ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың назарын аударған болатын.
Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада өнеркәсіп дами бастады.
Мысал. 1955 жылы тұңғыш машина жасау зауытының (қазір трактор
зауыты) құрылысы басталды. 1968 ж. оның конвейерінен алғашқы
трактор шығарылса, ал 1969 ж. мыңыншы машина жасалып шықты.
Зауыттың қуаты одан кейінгі уақытта жылына 55 мың дана шығаруға
дейін жетті.
13
. Қуатты құрылыс материалдары өнеркәсібін құру тек қалада емес,
бүкіл экономиканы қайта құруда шешуші рөл атқарды: Ермак МАЭС –
нің, ферроқорытпа, алюминий және трактор зауыттарының құрылыстары
басталды.
14.
Павлодар – ірі мәдени және ғылыми орталық: онда екі университет,
Ресей ЖОО-ның филиалдары, екі театр (Қазақ музыкалық драма және
Орыс драма театрлары), көркемөнер және көне тарихи-өлкетану
мұражайы және т.б. бар.
37