Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет11/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Педагогикалық  технология  өзінің  айқын  түсініктілігімен,  мұғалім 

меңгеруіне  жеңілділігімен,  оқыту  процесінде  қолдану  тиімділігімен  және 

әмбебаптылығымен  ерекшеленеді.  Сонымен,  педагогикалық  технология 

оқытудың  тиімді  жолдары  арқылы  оқыту  процесінде  қолданылатын  әдістер, 

тәсілдер мен қағидалар іріктеу болып табылады.  

Педагогикалық  технологияны  іске  асыру  барысында  төмендегідей 

міндеттерді жүзеге асыру қажет деп санаймыз:  

мұғалімнің  педагогикалық  кәсіби  іс-әрекетіне  деген  сенімділігі, 



шығармашылық шеберлігі;  

оқушылардың тұлғалық-бағдарлы дамуының ескерілуі;  



оқу  процесінің  кез-келген  кезеңіндегі  оқушы  дайындығының  іске 

асырылуы мен кепілдігінің міндеттілігі;  

оқыту  технологиясында  пайдаланылатын  педагогикалық  ақпараттың 



міндеттілігі;  

оқушылардың  білімді  меңгерудегі  танымдық  қызығушылығы  мен 



қажеттілігінің ескерілуі;  

оқушыларды  өздіктерінен  қорытынды  жасауға,  белсенді  іс-әрекетке 



ұйымдастыру;  

оқу  процесін  жобалағанда  іс-әрекеттің,  оқу  материалы  мен  оқыту 



материалының дәлелдігінің бірлігі;  

оқыту процесінің жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы;  



оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;  

шығармашылық іс-әрекетті нәтижеге жеткізу.  



Оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін жете зерттеген ғалымдардың бірі- 

И.Э.  Унттың  ойынша,  оқушыларды  жекелеп  оқыту  абсолютті  емес,  шартты 

түрде  ғана  жүзеге  асырылатынын  ескертті.  Оның  пікірінше,  оқушыларды 

жекелеп  оқыту  сынып-сабақ  жүйесінің  ерекшеліктеріне  байланысты  шартты 

болып  табылады:  әдетте  жеке  оқушының  емес,  шамамен  ұқсас  ерекшеліктері 

басым  оқушылар  тобының  дербес  ерекшеліктері  ескеріледі,  тек  таныс 

ерекшеліктер  немесе  оқу  үшін  маңызды  болып  табылатын  таныс 

ерекшеліктердің жиынтығы ескеріледі [12].  

Сондай-ақ,  В.М.  Монахов  жекелеп  оқытудың  үш  аспектісін  бөліп 

көрсеткен:  

1

)  психологиялық  тұрғыда  жекелеп  оқыту  баланың  талабын  анықтауға 



оңтайлы жағдай жасауға негізделеді;  

2

)  әлеуметтік  тұрғыда  ол  интеллектуалды,шығармашылық  әлеуетті 



ұйымдастыруға ықпал етеді;  

3

)  дидактикалық  тұрғыда  мектептегі  жетілген  прлоблеманы  шешуде 



дифференциялап  оқытудың  жаңа  жүйесін  жасаумен  сәйкес  келеді  [14].  М.В. 

Кларин дифференциялау оқушыларды әртүрлі профильде оқыту үшін топтарға 

бөліп, біркелкі емес, типтік мектептерде оқытуды көздейдейтінін айтқан [15].  

Проблемалық  оқыту  Д.  Дьюидің  (1859-1952)  теориялық  қағидаларына 

негізделеді.  

Проблемалық  оқыту  дегеніміз  -мұғалімнің  басшылығымен  проблемалық 

ситуацияларды  туғыза  отырып,  оны  шешу  жолында  оқушылардың  белсенді 

24 


 


дербес  іс-әрекетін  ұйымдастыру,  мұның  нәтижесінде  кәсіби  білім,  білік, 

дағдыларды  шығармашылықпен  игеру,  ақыл-ой  қабілеттерінің  дамуы  іске 

асады. Проблемалық оқытудың қазіргі технологиясына тоқталсақ, білім берудің 

болашағы проблемалық оқытумен тығыз байланыста. Проблемалық оқытудың 

мақсаты  ауқымды:  ғылыми  таным  нәтижелерін  меңгеріп  қана  қоймай,  оны 

алудың жолдарын игеру; оқушының танымдық дербестігін ұйымдастыру және 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыту;  білім,  білік,  дағды  жүйелерін  меңгеру 

және дүниетанымды ұйымдастыру.  

Проблемалық  оқыту  дегеніміз  дидактика  мен  алдыңғы  қатарлы 

педагогикалық  практиканың  қазіргі  даму  деңгейі  оқу  үрдісін  ұйымдастыру 

проблемалық  принципке  негізделеді,  сондықтан  оқыту  проблемалық  деп 

аталады,  оқу  проблемалары  жүйелі  түрде  шешіліп  отырады.  Педагогикалық 

әдебиеттерде  бұл  құбылыстың  бірнеше  анықтамалары  бар.  Айталық, 

проблемалық  ситуация  мен  оқу  проблемасы  проблемалық  оқытудың  негізгі 

ұғымдары.  Оқу  проблемасы  ақыл-ой  ізденісінің  бағытын  анықтайтын, 

қызығушылықты оятатын меңгеру үрдісінің логикалық-психологиялық қарама-

қайшылықтарының көрінісі. Оқу проблемасының екі негізгі функциялары бар:  

1.  Ақыл-ой  ізденісінің  бағытын  анықтау,  яғни  оқушының  проблеманы 

шешудің амалдарын іздестіруі.  

2.  Оқушының  жаңа  білімді  меңгерудегі  танымдық  қабілеттерін, 

қызығушылығын, іс-әрекет мотивтерін ұйымдастыруы.  

Мұғалім үшін бұл құрал оқушының танымдық іс-әрекетін басқарып, оның 

ойлау  қабілеттерін  қалыптастырады.  Оқушының  іс-әрекетінде  ақыл-ой 

қабілеттері  жанданады,  білімі  толығады.  Әдістемелік  ерекшеліктеріне  қарай: 

мақсатты; ойланбаған жерден; проблемалық мазмұндама; эвристикалық әңгіме; 

проблемалық  қойылымдар;  проблемалық  ойындық  жағдаяттар;  зертханалық 

зерттеу  жұмысы;  проблемалық  жаппай  эксперимент;  проблемалық  ойлау 

эксперименті;  проблемалық  есеп  шешу;  проблемалық  тапсырмалар  болып 

бөлінеді.  Проблемалық  әдістердің  ерекшелігі  сонда,  олар  проблемалық 

жағдаяттарды  жасауға,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  оятуға,  білімді, 

талдауды, білікті көкейкесті, заңды етуге негізделген. Проблемалық оқытудың 

қазіргі  теориясында  проблемалық  ситуацияның  екі  түрі  бар:  психологиялық 

және  педагогикалық.  Біріншісі  оқушылардың  іс-әрекетіне,  екіншісі  оқу 

процесін ұйымдастыруға байланысты.  

Педагогикалық  проблемалық  жағдаяттар  белсенді  әрекет  барысында, 

танымдық  жаңалығын,  маңыздылығын  баса  көрсететін  мұғалімнің  қоятын 

сұрақтарының  көмегімен  туады.  Психологиялық  проблемалық  жағдаяттардың 

тууы  таза  жеке  тұлғаға  байланысты.  Проблемалық  жағдаяттар  оқу  процесінің 

барлық  кезеңдерінде  түсіндіру,  бекіту,  бақылау  барысында  туады.  Мұғалім 

ерекше  әдістемелік  тәсілдерді  пайдалана  отырып  проблемалық  жағдаяттарды 

тудырады:  

мұғалім қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды 



оқушылардың еншісіне қалдырады;  

практикалық іс-әрекетте қарама-қайшылық тудырады;  



бір сұраққа әртүрлі көзқарас білдіреді;  

25 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау