177
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтау жүйесінің қызметіне
көрсетілген медициналық қызметтердің ішкі сараптамасы, оның ішінде денсаулық сақтау
субъектілеріне шығып мониторинг жасау да жататын болады.
П
Сурет 1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары
арасындағы өзара байланыс
Аталған заңда азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің екі пакеті
қарастырылған. Бірінші пакет – базалық немесе мемлекет тарапынан кепілдендірілген
медициналық көмек. Бұл пакет азаматтардың кнституциялық құқығын қамтамасыз етуге
бағытталған және толықтай республикалық бюджеттен төленетін болады. Бұл көмек
түрлеріне жедел медициналық жәрдем, сантарлық авиация, әлеуметтік маңызы бар
аурулар, төтенше жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек, жаппай егу сынды көмек
түрлері жатады және Қазақстанның барлық азаматтары мен оралмандары үшін
қолжетімді болады.
Екінші пакет – қосымша пакет, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі есебінен
қаржыландыруы көзделуде. Бұл базалық пакетке кірмейтін қосымша медициналық көмек
түрлерін қамтиды. Олардың ішіне амбулаторялық-емханалық көмек, стационарлық және
стационарды алмастыратын көмек, жоғары технологиялар қолданылатын медициналық
көмек түрлері кіреді. Қосымша пакет тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
жүйесіне қатысушыларына қолжетімді болмақ. Міндетті әлеуметтік медициналық
Төлеуші
(жұмыс
берушілер –мемлекет,
жеке
кәсіпкерлер,
нотариустар,
сот
орындаушылары,
жұмысшылар, т.б. )(ай
сайын
жарналарды
төлейді)
«Азаматтарға
арналған
үкімет»
Мемлекттік
корпорациясы
(төлемдердің
есебін
жүргізеді және Қорға
аударады)
«Әлеуметтік
медициналық
сақтандыру қоры» АҚ
(денсаулық
сақтау
субъектілерінен
мед.
қызметтерді сатып алуын
жүзеге асырады және
төлемдерді жүргізеді)
ҚР
Ұлттық
Банкі
(Қордан
түскен
уақытша
бос
қаражатты
инвестици
ялайды)
Денсаулық
сақтау
субъектілері(
ауруханалар
мен
емханалар)
(тұтынушыла
рға қызмет
көрсетеді)
Медициналық
қызметті
тұтынушылар
Уәкілетті орган
(денсаулық сақтау
саласындағы
ұйымдастырушылық
қызметпен қатар
Мемлекеттік корпорацияны
өз құзыреті шеңберінде
тексереді )
Үкімет
(медициналық
көмектің тізімін бекітеді,
инвестициялауға қаржылық
құралдардың
тізімін
бекітеді)
178
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыспен қамтушының және жұмыс берушілер мен
өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың сақтандыру төлемдерінен қалыптасатын
болады. Яғни жұмыс берушілер өз жұмысшылары үшін еңбекақы қорынан 5 пайыз,
жұмысшылар 2 пайыз, өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етушілер табысынан 7 пайыз жарна
төлейтін болады. Бұл ретте жарналар 2017 жылдан бастап біртіндеп өсетінін айта кеткен
жөн. Сондай ақ корпоративтік, жеке салықтарды есептеген кезде шегерілетін болады.[1]
Бұл ретте жұмыс берушілердің аталған қорға төленуге тиіс аударымдарының
мөлшері 2017 жылғы 1шілдеден бастап аударымдар есептелетін нысанның 2 пайызын,
2018 жылдан бастап 3 пайызын, 2019 жылдан – 4 пайызын, 2020 жылы 5 пайызын
құрайды. Ал жұмысшылардың қорға аударатын төлемдері 2019 жылдың қаңтарынан
бастап 1 пайызын, 2018 жылдан бастап 2 пайызын құрамақ.[1]
Жарналардың біртіндеп өсуінен Үкімет тарапынан аталмыш заңды қабылдаған
кезде еліміздегі қазіргі экономикалық жағдайды есепке алғандыған байқауға болады.
Халқтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігі жарналар төлеуден босатылады: балалар,
«Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген және «Қаһарман ана» белгісін алған,І және ІІ
дәрежелі «Материнская слава» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар; ҰОС
ардагерлері мен мүгедектері; мүгедектер; жұмыссыздар; интернаттарда оқитын және
тәрбиеленіп жатқан тұлғалар; күндізгі оқу бөлімінде білім алушылар; баланы туу, жаңа
туған нәрестені асырап алу, үш жасқа толмаған баланы күту бойынша демалыстағы
тұлғалар; жұмыссыз жүкті әйелдер және үш жасқа толмаған баланы күтіп отырған
жұмыссыз әйелдер; зейнеткерлер; әскери адамдар; арнайы мемлекеттік органдардың
қызметкерлері; минималды қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда жазасын өтеп жатқан
азаматтар; уақытша оқшаулау мекемелерінде және тергеу оқшаулағышында отырған
азаматтар[1].
Енгізілуге әзірленіп жатқан жүйені әлемнің басқа да елдерімен салыстырсақ,
келесідей ұқсастықтар мен ерекшеліктерді аңғаруға болады (Кесте 1).
Көрсеткіштер
Қазақстан
Ресей
Германия
Жарналар төленетін ортақ мемлекттік қордың
болуы
+
+
+
Мемлекттік қордың басқа да жекеменшік
сақтандыру қорларымен байланысуы
-
-
+
Медициналық
көмектің
жекеменшік
денсаулық сақтау орындарымен де көрсетілуі
+
+
+
Міндетті
әлеуметтік
медициналық
сақтандыруды енгізген уақыт
2017 жыл
1991 жыл
1883 жыл
Табыстан төленетін жарналар көлемі
5-7%
3,5%
14,9%
Кесте 1. Қазақстан, Ресей және Германия мемлекеттерінің міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйелерін салыстыру[1-4].
Кестедегі мәліметке сәйкес жүйесі Германияда 19 ғасырдың соңында пайда болған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Германиямен қатар Европаның басқа да
бірқатар мемлекеттерінде бастау алған. Ресейде де біздің елмен салыстырғанда біршама
ерте басталған. Қазақстанда енгізгелі отырған міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандырудың үлгісі Ресей елінің үлгісімен ұқсастықтары көп.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 29 қарашадағы №1113
Жарлығына сәйкесДенсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құру бекітілген
болатын. Бұл жүйенің ұстанымы бойынша әр азаматтың емхананы өзі таңдау еркіндігімен
қатар, медициналық қызметтің кепілдендірілген көлеміне жекеменшік денсаулық
ұйымдарын да тарту арқылы денсаулық сақтау мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру болды. Осы орайда 2010 жылдан бастап қызмет еткен Медициналық қызметке