113
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған
ортақ атауы.
Ғылыми тәжірибие барысында «кәсіпкерлік құрылымдар», «фирма», «ұйымдар»,
«компания» түсініктері синоним сөздері ретінде пайдаланылады. Олардың барлығы
туындаған айырмашылықтарға қарамастан, кәсіпкерлік типіндегі нарықтық
қатынастардың субъектісін сипаттайды, қызметінің негізі пайда табуға бағытталады.
Кәсіпкерлік құрылымдар және олардың элементтері 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1 – Кәсіпкерлік құрылымдардың сұлбасы
Кәсіпкерлік құрылымдардың ортаңғы звеносы ол кәсіпкердің өзі, оның
ұйымдастыру және басқару қабылеттілігінен кәсіпкерлік құрылымдардың әрекет етуінің
тиімділігі тәуелді болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік
саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға
ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды -
инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымын дамыту көзделген. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында
жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына:
Басшылық
Еңбек пәні
Кәсіпкер
Кәсіпкерлік
құрылымның мақсаты
Кәсіпкерлік ой
Ұйымдастырушы
лық құрылым
Қызметкер
Штаттық кесте
Еңбек
құралдары және
114
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
- мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер;
- үкіметтік емес мекемелер;
- коммерциялық мекемелер кіреді.
Елімізде кәсіпкерлікті үдемелі дамыту үшін кәсіпкерлерге несиелер беріледі.
Берілген несие бойынша кәсіпкерлерге белгілі жеңілдіктер жасалынып, пайыздық
мөлшерлердің неғұрылым аздығы қарастырылады. Елбасы кәсіпкерлерді осындай жолмен
қолдауды құптайды. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша
жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге
бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға
мүмкіндік берді. [2]
Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10
жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай
шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері
ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту
бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан, шағын және орта бизнес үшін 2015-
2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ,
Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.
Бұдан басқа Елбасының нұсқауымен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында елімізде әр
түрлі бағдарламалар қабылданады. Солардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2020».
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін
әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып
табылады. Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың
қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты
жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
жобаларды іріктеуді және қаржыландыру жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі
банктер Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер
арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа
да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекет тарапынан барлық келісулерді
жергілікті деңгейде «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Бағдарламаның үйлестірушілері
орындайды.
Жыл сайын елбасы еліміздің дамуына септігін тигізетін жолдаулар жіберіп, жаңа
заңдарды қабылдауда. «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Осы
жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып
келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске
бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және
көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл
қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін
болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі
қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік,
энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта
бизнесті дамытуға бағытталады [1].
Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен бөгеулерді жеңу оңайға
түспейді.