777
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
4. Султанова Б.Б. Налоговый учет: Учебное пособие. – Алматы: Экономика-2007 г.
5. Кодекс Республики Казахстан “О налогах и других обязательных платежах в
бюджет” - Алматы: Центральный дом бухгалтера, 2005.
6. Гуреев В.И. Налоговое право.- М.: Юристъ, 1995.
7. Налоги и налогообложение: Учебное пособие/ Под ред. И.Г. Русаковой, В. А.
Кашина, М.: ЮНИТИ,2000.
8. Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан.- Алматы: Жетіжарғы,
1998.
Материалдық-өндірістік қорларды есепке алу мәселелері
Мырзахметова Ж.Л., Тулегенова Г.Е
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail:
gulzhainatulegenova@mail.ru
Өндірістік кәсіпорында үздіксіз жұмыс жасау үрдісін қамтамасыз ету үшін әртүрлі
өндірістік қорлар, әсіресе шикізат көзі материалдар және басқа да құнды қорлар
айтарлықтай көп көлемде болуы қажет.
Кәсіпорынның материалдық-өндірістік қорлары ондағы шаруашылық қызметті
атқару үшін оның айналым активтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Олар еңбек
өнімі бола тұра, еңбек құралдарымен, жұмыс күшімен бірге өндіріс процесін құрай
отырып, міндетті түрде қолданылады. Олардың өзіндік құны жаңа өндірілген өнімнің
бағасын құрайды. Материалдық-өндірістік қорлардың есебі осы қорлар жөніндегі сенімді
және толық ақпарат көзімен қамтамасыз етуі, сонымен қатар, бұл қорлардың бар болуы
мен қозғалысын басқаруы үшінкерек.
Қорлар-бұл қарапайым жұмыс кезінде сату немесе өндірістік тауарларды сату үшін
арналған кәсіпорынның активі және өндірістік үрдіс кезінде қолданылатын шикізат
көзімен материалдар болып табылады [1].
Бухгалтерлік есеп ережелеріне сай, кәсіпорынның материалдық-өндірістік
қорларына мыналар жатады:
•
12 айдан аспайтын өнім өндіру кезеңі кезіндегі қолданылатын шикізат,
материалдар және де басқа актив көздері;
•
Сатуға арналған активтер (тауарлар, дайын өнмдер);
•
12 айдан аспайтын өнім өндіру кезеңіндегі басқару мақсатында қолданылатын
активтер[2].
Материалдық-өндірістік қорлардың құрамы әртүрлі. Олар өнім өндірісі кезінде
қолданылатын щикізат және материал көзі; құрылыс материалдары, құрал жабдықтар
(еңбек құралдары); жанар жағар май, қосалқы бөлшектер; сатып алынатын жартылай
фабрикаттар; ыдыс және ыдыс материалдары; аранайы жабдық және арнайы киім; басқа
материалдар (кеңсе тауарлары, мүлік және т.б)
Белов А.А материалдық-өндірістік қорларды - «жұмысшылардың еңбек құралдары
арқылы еңбегінің көмегімен өнім өндіру үрдісі кезіндегі дайын өнімге айналатын актив
көздері»деп санайды. Материалдық-өндірістік қорлар өндірістік үрдіс кезінде әр түрлі
мақсатта қолданылады.
Олардың кейбірі толықтай түрін өзгертіп жаңасына ауысады. Кейбір материалдық-
өндірістік қорлар түрін, түсін өзгертеді. Басқа материалды-өндірістік қорлар ешқандай
бастапқы түрін өзгертпестен жаңа өнімнің құрамына еніп кетеді. Ал басқалары негізгі
өнімнің химиялық құрамына және салмағына қосылмайды, бірақ, өнім өндіруі кезінде
қолданылады [3].
Кәсіпорынғақорлар әртүрлі жолман келеді: жеткізушілерден сатып алынады,
кәсіпорынның өз күшімен өндіріледі, жарғы капиталы бастапқы шоты құрамында болады,
сенімді құралдар арқылы төленетін келісімшарт негізінде келеді, сонымен қатар
кәсіпорын материалдарды қайтарымсыз ала алады.
778
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Кәсіпорынға материалды-өндірістік қорларың келу түріне байланысты
анықталатын нақты өзіндік құны материалдық өндірістік қорлар есебінде қолданылады[2].
Тәжірибе де бухгалтерлер материалдық өндірістік қорларды есептеу кезінде
көптеген қиындықтарға тап болады. Олардың бірі материалдардың классификасциясының
болмауы болып табылады. Соның салдарынаннормативтік қадағалаудан бөлек өзіндік
құнды қосымша материалдардың бағасынан есептен шығару мәселесі пайда болады. Сату
құралдары секілді активті нормативтік реттеу мәселесі бар. Тәжірибеде сату құралдары
орталықтандырылған тізімнің номенклатурасы болып есептелінеді.
Ол нақты әрбір кәсіпорында болады. Сол себептен өндірістік жұмыстарды жүргізу
үшін сатып алынған сату құралдары көбінесе қор болып есептеледі және осы санатта
саналады.
Бірақ нақты көріністі айқындау үшін бухгалтерлік есеп кезіндегі қорлар есебінде
жүретін активтерге негізгі критерилерді қолдану керек. Сонымен активтерге қатысты бір
уақытта келесідей шарттар орындалатын болса:
а) өнім өндіру үшін арналғанобьект,өндірісті басқару мақсатында немесе
кәсіпорынның уақытша иелігіне және қолданысына қызмет көрсетуі немесе жұмыс
жасауы ақысы ретінде көрсетілсе;
ә)12 айдан ұзақ уақыт мерзімде қызмет көрсетуге арналған обьект болса:
б) кәспорын бұл обьектіні қайтадан сатуды қарастырмайтын болса;
в) бұл обьект кәсіпорынға болашақта экономикалық тиімді пайда әкелетін болса;
бұндай актив көздері кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп кезінде негізгі қорлар болып
саналады.
Бухгалтерлік есеп кезінде әр заттың (мысалы, кассалық аппарат, есептік өлшемдік
құралдар, таразы, сөре және сату жиһазы) активтің қандай түріне жататынын анықтау
үшін негізгі өлшем ол бағау шектеуі болып табылады. Бухгалтер есеп ережесіне сай
кәсіпорынның есептік саясаты бухгалтерлік есеп мақсатында арнайы шек (бірақ әр бірлік
үшін 200 мың теңгеден аспайтын) қоюы қажет. Осы шектің негізінде бухгалтерлік есеп
және есеп беру құрамындағы өндірісік материалдық қорлар ережеге сай қалданыла алады.
Кәсіпорында бхгалтерлік және салықтық есептің айырмашылығын ескерту мақсатында
мүмкін болатын ең жоғарғы шек ( 200 мың) қолданылады. Осыған сәйкес бағасы бұл
көлемнен төмен болатын актив көздері материалдық-өндірістік қорлардың құрамына енеді
[4].
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.
Семенхин В.В. Бухгалтерский и налоговый учет /В.В.Семенхин//
«ГроссМедиа», 2010, «РОСБУХ»,2016
2.
Кулаева Н.С. Оценка материально-производственных запасов/Н.СКулаева//
«Бухгалтерия в вопросах и ответах», 2007 №3
3.
Белов А.А.,Белов А.Н., Бухгалтерский учет теория и практика/А.А Белов//
жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық, Москва,2006.
4.
Манохова С.В Учет запасов: для начинающих и не только /С.В. Манохова//
«Торговля : Бухгалтерский учет и налогообложение». 2012. №9
Тауарлы-материалдық қорлардың ерекшелiктері
туралы жалпы сипаттама
Тулегенова Г.Е.
Ғылыми жетекші: э.ғ.д.,профессор Сейдахметова Ф.С.
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail:
gulzhainatulegenova@mail.ru
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлік есеп және
есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру.
Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасының
тұрақты өсуіне әсер етеді.