Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет380/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   420

768 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Қаржылық есептің халықаралық стандарттарының сыныптамасы 

 

Сансызбаева Л.О.,  

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі  

Статистика комитетінің АЕО» РМК 

 

E-mail: 


Leila-9412@inbox.ru

 

 

Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарын маңызы, мазмұңы және басқа 

да  белгілеріне  тәуелді  сыныптауға,  яғни  әр    түрлі  бағыт  бойынша  топтауға  болады. 



«Сыныптама»  латын сөзінен  белгілі  бір  білім  саласындағы  бірлескен  ұғымдар  (сынып, 

объект,  жағдай)  жүйесін  білдіреді.  ХҚЕС  мәселелеріне  арналған  көптеген  ақпараттың 

қайнар  көздерінде  «сыныптама»  ұғымы  басқаша  түсіндіріледі.  Бұның  себебі,  мүмкін 

стандарттар әр түрлі  мақсатпен және жылдары түрліше  құрастырылғандықтан. 

Жалпылай  келе,  ХҚЕС  стандарттарының  сыныпталу  түрлері  стандарттардың 

құрылымы  мен  белгілерін  біркелкілігін  анықтауға  мақсатталып,  халықаралық  ереже 

бойынша есепті жүргізуді түсіндіру. 

Басқаша  айтқанда,  ХҚЕС  сыныптамасы  –  белгілі  бір  жағдайларға  үйлестіре, 

сандарттарды    ұқсас  белгілері  бойынша  топтау  мүмкіндігі.  Қызметі  бойынша 

стандарттарды сыныптау стандарттарды ілеспелі белгілері бойынша бөлуді болжайды. 

Қызметі бойынша  сыныптауды стандарттар былай бөлінеді: 

1) 


жалпыметодологилық стандарттар, бұлардың негізінде бухгалтерлік есептің 

халықаралық қағидаларының қалыптасуын көруге болады; 

2) 

қаржылық есептіліктің мазмұңы мен құрамын белгілейтін стандарттар;    



3) 

жеке  объектілер  есебінің  ережелерін  анықтайтын  стандарттар.  Бұл 

стандарттары объектілер көп болғандықтан қосымша бөлімшелерге бөлінуі мүмкін. 

Стандартты  қызметі  бойынша  сыныптау  мен  қатар  экономикалық  мазмұңы 

бойынша  сыныптауға  болады.  Бұл  сыныптаудың  негізінде  экономикалық  қатынастар 

кезінде  пайда болатын есеп мәселелерін шешетін топтарды жатқызуға   болады.  Мысал 

ретінде,  мұндай  жиынтық  қатынастарға  М.И.Кутердің    «Бухгалтерлік  есеп  негіздері» 

жұмысында  келтірілген  қатынастарды  келтіруге  болады[  1, 452б.].  1-  сызбадан  бұл 

сыныптаудың негізіне жататын келесі қатынастарды көруге болады: 

мемлекет пен кәсіпорын арақатынасы, айқын мүддені көздейтін жалпыұлттық 



бюджеттің қалыптасуы кезінде бірлесуін болжайды; 

тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында, тауар ұсынысы мен сұранысы 



арқылы  реттелетін  сатушы  мен  сатыпалушы  мүдделерін  байланыстыру  және  қарсы 

қоюдан тұрады; 

көлденең  бойынша  кәсіпорындар  қатынасы,  яғни,  пайдалы  келісімді  жүзеге 



асыру мақсатта негізінде экономикалық мүддесі бар серік-кәсіпорындар арасында;  

компанияның  құрылымдық  бөлімшелері  арасында,  ортақ  компанияның  дамуы 



мен бөлімшенің жеке дамуына мақсатталған; 

акционерлік  қоғамның  бірлескен  қорының  қатысушы-салымшылар  арасында, 



негізінде пропорционалды салынған қордан пайда алу көзделген; 

жұмысберушілер  мен  жұмысшылар  арасында,  өзаратиімді  және  өзаратәуелді 



мүддені байланыстыру негізінде жасалған; 

мемлекеттер арақатынасы, жеке фирмалардың өзаратәуелділігі ғана емес және 



интеграцияның жоғары деңгейімен байланысты. [2] 


769 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



 

Сонымен,  стандарттарды  әр  түрлі  топтарға  бөлу  халықаралық  және  мемлекеттік 

деңгейде    өзарабайланысқан  экономикалық  мүддеге  айқын  көрініс  беруге  мақсатталуы 

керек. Сондай-ақ  стандарттардың  маңызы  мен  мазмұны  халықаралық  деңгейде  есепті 

дұрыс жүргізілудің  түрлі аспектісін бейнелеуге міндетті. 

Осы заманғы бухгалтерлік есептің ғылыми және тәжірибелік мәнін толық және кең 

аукымда түсіну үшін, мұның халықаралық деңгейде стандарттандырылуын және қандай 

бағыттағы аспектілерден туындайтындығын білу керек. 

Сонымен,  ХҚЕС  деп  -  бухгалтерлік  және  қаржылық  қорытынды  есеп  жүргізудің 

жалпы қағидаларын анықтайтын ресми құжатты айтамыз. 

Қазіргі кезеңдегі ХҚЕС мыналардан құралады: 

1) 


Тұжырымдамалық концепциядан; 

2) 


40-тан аса қолданбалы стандарттардан; 

3) 


25-тен  аса  қосымша  түсіндірулерден  (интерпретация).  Тұжырымдама 

(концепция) жөніндегі ұғым стандарт құжатына жатпайды. Мұнда қаржылық қорытынды 

есеп  дайындау  мен  тапсырудың  жалпы  принцинтері  ашылады.  Барлық  елдерде 



770 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



жүргізілетін  бухгалтерлік  есеп  пен стандарттар негізі арнайы ережелерден тұратын 

принциптерден  қаланған.  Қаржылық  есеп  қорытындысының  принциптерінде 

стандарттаудың  пәндік  қасиеті  анықталған.  Арнайы  зерделеніп,  халықаралық  деңгейде 

қабылданған принциптер қаржылық есеп қалыптастырудың мәселелерін, сондай-ақ есеп 

жүргізудің әдіснамалық жолдарын белгілейді. 

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есепке тән барлық 

маңызды  мәселелер:  компаниялардың  есеп  саясаты,  тауарлы-материалды  босалқыларды 

бағалау,  жинақталған  қаржылық  қорытынды  есеп, салық  салу т.б.  қаралған.  Әрбір  елде 

сабақтастық  жолдармен  қолданылынатын  есеп  стандарттарының  барлығында да есеп 

принциптері байырғы жолдармен сипатталған. 

ХҚЕС талаптарына сай қандай жерлерде болмасын орындалған ұқсас операциялар 

мен оқиғаларды үйлестік тұрғыда көрсету керек. Алайда айрықшаланған операциялар мен 

оқиғалар  мазмұны  бухгалтерлік  есепте  әр  түрлі  тәсілдермен іске асырылып, орындалуы 

мүмкін. 


Халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттары  әрбір  елдерде  қолданылынып  келе 

жатқан және дайындалатын қорытынды есеп өрісіндегі ұлттық және өндірістік талаптар 

мен  тұжырымдамаларды  жоққа  шығармауы  керек.  Сондықтан  есеп  стандарттары: 

халықаралық  және  ұлттық  болып  бөлінген.  Халықаралық  деңгейде  жарияланған 

бухгалтерлік  есеп  стандарттары,  мұның  нормативтік  және  жалпы  әдіснамалық 

ұсыныстары,  т.б.  толық  мазмұны  әр  елдің  ішкі  есебін  жүргізуге  арналған.  Мысалға, 

Қазақстандық  ұлттық  стандарт  және  мұның  әдіснамалық  ұсыныстарының  мазмұны  мен 

сәйкестігі  жағынан  халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттарымен  салыстырғанда 

ерекшелік қасиеттері бар. 

Халықаралық  қаржылық  қорытынды  есеп  мазмұнын  қосымша  түсіндіру 

мақсатында жоғарыда айтылған «Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі 

комитет» (ХБЕСК) құрамында 1997 жылы «Тұрақты түсіндіру комитеті» (ТТК) құрылған. 

Бұл  комитеттің  негізгі  міндеті  ХҚЕС  сәйкес  келетін  қосымша  түсіндірмелер  жасау мен 

ұсыну  болып  табылады.  ТТК-те  жасалған  түсіндірмелер  ХБЕСК-тің  Баскармасында 

бекітіліп, мұндай қосымша түсіндірмелер қаржылық қорытынды есеп жасаудың қажетті 

элементтері  түрінде  танылады.  Шетелдерде  ТТК  SІС  деп  белгіленген,  ал  Ресейде 

«Тұрақты  түсіндірме  комитеті»  (ТТК)  деп  ХБЕСК-нің  қойған  атымен  бірдей  аталынған. 

Қазақстанда ТТК әлі құрыла қойған жоқ. 

Кейінгі  жылдары  нарықтық  экономикасы  дамыған  көптеген  елдер  қаржылық 

қорытынды  есеп  жүйесін  халықаралық  денгейде  үндестіру  мен  икемді  бағытқа  салу 

мақсатында көптеген жұмыстар атқарып келеді. 

Қаржылық  есеп  пен  қорытынды  есеп  жүйесінің  жалпыға  бірдей  сенімділігінің 

артуы төмендегі факторлардан тұрады: 

Құнды  қағаздар  жөніндегі  халықаралық  комиссия  арасындағы  жасалған 



келісімде  қаржы  саласының  әйгілі  басшылары  мен  АҚШ  конгресінің  қызығушылық 

танытуы  негізінде  американдық  қор  биржаларында  өз  акцияларына  баға  белгілеу 

(котировка) ісіне шетелдік компанияларды көптеп тартудан; 

капитал  ағыны  талабына  сай  фирмалардың  қаржылық  есебі  барынша  сыртқы 



пайдаланушыларға  бағытталғандығынан  және  қор  биржалары  мен  халықаралық 

инвесторларға арналғандығынан; 

ұлттық  интернационалдық  бизнестің  даму  бағытының  ұлғаюы,  осыған 



байланысты қаржылық қорытынды есепті шоғырландыру шығындарының өсуі, сондай-ақ 

бизнес жағрафиясы ауқымы мен аймақтарға байланысты факторлардан; 

капитал  қалыптастыру  шығындарын  барынша  азайту.  тәуекелшілік  процесін 



төмендету,  инвестиция  қайтарымына  тән  түсінікті  көрсеткіштерді  қолдану  сияқты 

факторлардан.  

Ұлттық есеп стандарттарына қарағанда ХҚЕС-тің артықшылығы мыналар: 

халықаралық  деңгейде  әр  елдердегі  білімді  ғалымдар  мен  алдыңғы  қатарлы 



тәжірибені енгізу мүмкіндігі; 

ХҚЕС мазмұнын ашық талқылау кезеңдерінен өткізу және тиісті стандарттарды 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау