Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет28/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   420

59 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



құбылысты  болдырмауға  ұмтылады.  Сондықтан  қаржылық  бақылаудың  болуы 

экономикалық  категория  ретіндегі  қаржыға  тек  үлестіру  қызметі  ғана  емес  бақылау 

қызметі де тән болуымен объективті түрде шартталады.  

Осыған  байланысты  мемлекеттің  өз  міндеттерін  шешу  үшін  қаржыны  қолдану 

олардың  көмегімен  осы  міндеттерді  орындау  барысында  бақылауды  жүргізуді  қажет 

етеді. Басқаша айтқанда, қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызды 

бағыты  болып  табылады.  Бұдан  басқа  ол  бұл  қызметті  шола  отырып,  оның  әрбір 

элементін  қамтиды.  Әрбір  елдің  тарихи  дәстүрлермен,  әлеуметтік  және  экономикалық 

ерекшеліктермен  шартталған  мемлекеттік  қаржылық  бақылауды  ұйымдастыруда  белгілі 

бір  ерекшеліктері  бар.  1977  жылы  қабылданған  лимдік  бақылауды  басшылыққа  алатын 

қағидалары,  декларациясы,  сонымен  қатар  жоғары  бақылау  органдары  халықаралық 

ұйымдарының(INTOSAI)  тиімді  әрекеті  арқасында  барлығына  бірдей  жалпы  және 

бірыңғай  тәсілдерді  жасауға,  мемлекеттік  басқару  жүйесіндеқаржылық  бақылау 

органдарының  рөлін  жоғарылатуға,  ең  жақсы  тәжірибені  кеңінен  қолдануға  мүмкіндік 

туды.  Барлық  мемлекеттерде  олардың  құрылымындағы  ерекшеліктеріне байланысты 

қаржылық  бақылаудың  өз  жүйелері  қалыптасқан.  Шет  елдердегі  бақылау  ревизиялық 

жүйені ұйымдастыру мен оның қызметі көп жылдық халықаралық тәжірибеге сүйенетін 

жалпы қағидаларға негізделеді. Мысалы, қандай да бір ірі бағдарламаны жүзеге асырғанда 

міндетті  түрде  бақылаудың  жүйе  іштері  (подсистема)  болады.  Барлық  демократиялық 

елдердегі  мемлекеттік  қаржылық  бақылаудың  маңызды  буыны  болып  заңдық  үкімет 

жүйесі бойынша бақылау органы есептеледі[1].  

Барлық елдерде мемлекеттік қаржыны жұмсауға парламенттік бақылаудың арнайы 

институттары бар. Ресейде - Ресей Федерациясының есеп палатасы, АҚШ-та Конгрестің 

басты  бюджеттік  бақылау  басқармасы,  Ұлыбританияда  Ұлттық  бақылау  ревизиялық 

басқармасы, Канадада Бас ревизор ведомствосы, Францияда Есеп соты, Швецияда Ұлттық 

ревизиялық  бюро  және  т.б.  Парламенттік  бақылау  институттарынан  басқа  көптеген 

елдерде орындаушы үкімет жүйесі бойынша бақылау, сонымен қатар мемлекет басшысы 

жанындағы қаржылық бақылау органдары әрекет етеді.  

Ресейде  -  бұл  министрліктер,  ведомстволардағы  бақылау  ревизиялық  қызметтер 

жүйесі. Оларға Ресей Қаржы Министрлігінің  Мемлекеттік қаржылық бақылау мен аудит 

департаменті,  Ресей  Қаржы  Министрлігінің  Федералдық  қаржылық  бас  басқармасы, 

салықтар мен алымдар бойынша министрлік салық полициясының федералдық қызметі, 

Ресей  Федерациясының  мемлекеттік  кедендік  комитеті,  Валюталық  және  экспорттық 

бақылау  бойынша  федералдық  комитет,  Ресей  банктік  бақылау  департаменті  және 

салалық  немесе  ведомстволық  қаржылық  бақылауды  жүзеге  асыратын  әртүрлі 

мемлекеттік  органдар,  Ресей  Федерациясы  Президентінің  Бас  бақылау  басқармасы 

(президенттік бақылау).  

АҚШ-та  -  бұл  федералдық  министрліктер  мен  ведомстводағы  инспекторлық 

қызмет  жүйесі,  Президент  жанындағы  Әкімшілік-бюджеттік  басқарма,  Үкіметтегі 

тиімділік пен адалдықтың президенттік кеңесі және т.б бақылау органдары.  

Ұлыбританияда  үкіметтік  қаржылық  бақылаудың  орталық  органдары  -  Үкімет 

жанындағы қоғамдық шоттар комитеті.Германияда федералдық қаржылық ведомстволар. 

Канадада Бас бақылаушы кеңсесі және т.б. 

 Дамыған елдерде парламенттік, президенттік және үкіметтік бақылау-ревизиялық 

жүйелері  қатар  және  өзара  тығыз  байланысты  қызмет  етеді.  Мысалы,  АҚШ-та  ең  ірі 

қаржылық бақылау органы - 1921 жылы құрылған Бас қаржылық бақылау басқармасы. Ол 

министрліктер мен ведомстволардың  барлық  қаржылық  құжаттарын  қарай  алады. 

Конгресс  палатасы  мен  комиссияның  және  олардың  жеке  мүшелерінің  тапсырмалары 

бойынша  мемлекеттік  бағдарламалардың  және  федералдық  ведомстволар  әрекетінің 

нәтижелілігін  бағалауды  жүзеге  асыра  алады,  өнімге  бағалардың  негізделгенділігін 

арнайы  зерттеп  тексере  алады  және  Қорғаныс  министрліктерінің  келісім-шарттарының 



60 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қаржылық-экономикалық  аспектілерін  арнайы  зерттеп  тексере  алады.  Екінші  маңызды 

бақылаушы  орган  –  АҚШ  президентінің  орындаушы  басқармасының  құрамына кіретін 

Әкімшілік-бюджеттік  басқарма.  Басқарманың  негізгі  қызметтеріне:  қызметкерлеріне 

президентке  қаржылық-экономикалық  саясат  бойынша  ұсыныстар  жасау,  бюджет 

жобасын 

дайындау, 

оның 

орындалуын 



бақылау, 

орындаушы 

үкіметтің 

ұйымдастырушылық  және  басқарушылық  құрылымдарының  тиімділігін  бағалау, 

федералдық  бағдарламалардың  жүзеге  асыруын  бақылау,  министрліктер  мен 

ведомстволар  әрекеттерін  шоғырландыру,  конгреспен  қабылданатын  заң  жобалары 

бойынша  ұсыныстарды,  орындаушы  бұйрықтарды  және  президенттің  басқа  да 

нормативтік актілерін дайындау, президентке мемлекеттік мекемелерінің әрекеті туралы 

хабарлау, шоттардағы қабылданатын заңдылықтарға шолу жасау және т.б. жатады.  

Францияда  есеп  бақылайтын  соттық  инстанция  болып  табылады.  Оның  негізгі 

қызметі  бюджеттік  қаржылық  зиянкестікті  анықтау  және  алдын  алу.  Жергілікті 

мемлекеттік  мекемелердегі  аймақтық  бақылау  аймақтық  есеп  палаталарымен  жүзеге 

асырылады.  Бұл  есеп  палаталардың  шешімдері  тек  басты  есеп  палатасымен  қайта 

қарастырыла  алады.  Ол  несиелердің,  қорлардың  және  құндылықтардың  дұрыс 

қолданылуын тексереді. Сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру облысындағы әртүрлі 

мекемелердің,  мемлекеттік  кәсіпорын  шоттарын,  сонымен  қатар  мемлекеттің  қаржылық 

көмегін қолданатын жеке заңды тұлғаларды бақылайды. Мемлекеттік бақылаудың басқа 

органы  қаржы  мен  әкімшіліктің  бас  инспекциялары  болып  табылады.  Оның  негізгі 

қызметі  –  Ішкі  істер  министрілігіне  тәуелді  қызметкерлерді,  мекемелерді  және 

органдарды  жоғары  бақылау.  Ұлыбританияда  парламент  тарапынан  әрекетететін 

бақылаушы  бюджеттік-қаржылық  ұйымның  қызметтерін  Ұлттық  бақылау-ревизиялық 

басқарма атқарады.  

Ал  Корей  Республикасында  мемлекеттік  бақылаудың  бас  органы  болып 

республика президентіне бағынатын қаржылық бақылау  мен инспекциялар ведомствосы 

табылады.    Ведомствоның  негізгі  міндеті  –  республика министрліктері мен 

ведомстволарының және оларға бағынатын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 

ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау.  

Нидерландыда    министрліктер,  ведомстволар  мен  мемлекеттік  ұйымдардың 

басқарушылары  жанында  аудиторлық  комитеттер  құрылып  қойған.  Олар  ішкі  бақылау 

қызметтері жұмыстарын жылдық жоспарын көрсетеді, тексерістер туралы есеп берулерді 

қарастырады,  анықталған  бұзушылықтарды  түзету  бойынша  ұсыныстарды  орындау 

мониторингін жүзеге асырады. Бірқатар елдерде жалпы орындаушы үкімет органдарының 

жүйесінде  ішкі  аудитті  қамтамасыз  ететін  арнайы  қызметтер  бар.  Канадада  Қазыналық 

кеңес  құрамында  ішкі  аудит  жүйесімен  ұйымдастырушылық-әдістемелік  басшылықты 

жүзеге  асыратын  Бас  бақылаушы  кеңсесі  құрылған.  Испанияда  бұл  қызметтерді  Қаржы 

Министрлігі  жүйесінде  қызмет  ететін  мемлекеттік  басқару  органдарының  Бас 

бақылаушысы  орындайды,  алайда  мамандардың  басым  бөлігі  орындарында  – 

министрліктерде, ведомстволарда және ұйымдарда жұмыс істейді. Үндістанда Шоттардың 

бас  бақылаушысы  орындаушы  үкімет  жүйесінде  қалыптасқан  ішкі  аудиттің  барлық 

қызметтерінің  (Қорғаныс  Министрлігінен,  Көлік  Министрлігінен  және  пошталық 

қызмттен  басқа)  әрекеттеріне  әдістемелік  басшылық  пен  бақылауды  жүзеге  асыра 

отырып, Қаржы Министрлігінің департаментін басқарады.  

Бельгияда,  Корольдің  бұйрығына  сәйкес,  орындаушы  үкімет  жүйесінде  ішкі 

аудиттің  сапасы  мен  тәуелсіздігін,  қолданылатын  аудит  стандарттары  мен  әдістерінің 

келісуін  қамтамасыз  ететін  тәуелсіз  сарапшылардан  тұратын  арнайы  федералдық 

деңгейдегі Аудиторлық комитет құрылған. 

 Ішкі бақылау қызметтері орындаушы үкімет органдарымен (мысалы, Канададағы, 

Ұлыбританиядағы,  континенталды  Еуропадағы  сияқты)  немесе  қаржылық  аудиттің 

жоғарғы  органымен  (АҚШ  және  Қытай)  бекітілетін  халықаралық  стандарттарға  сәйкес 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау