Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет110/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   420

224 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



бағыныстағы  ұйымдардың  құрылымдық  бөлімшелері  арасындағы,  орталық  мемлекеттік 

органдардың  арасындағы,  орталық  және  жергілікті  органдар  арасындағы  мемлекеттік 

басқару  жүйесінің  қайталанатын  функцияларын  алып  тастау;  -  артық  функцияларды, 

мемлекеттік  органдар  негізсіз  орындайтын  функцияларды,  ағымдағы  экономикалық 

жағдайларға  сәйкес  келмейтін  функцияларды  алып  тастау;  -  жеткіліксіз функцияларды, 

ағымдағы  экономикалық  жағдайға  бағдарланған  функцияларды  қосу;-  функцияларды 

бөлуде ұтымды ету;-мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және үйлестіруді жеңілдету 

үшін  ұқсас  функцияларды  біріктіру,  сондай-ақ  функцияларды  бөлу  кезінде  мүдделер 

қайшылағын  болдырмау;  -  стратегиялық  мақсаттарға  қол  жеткізу  мен  орталық  және 

мемлекеттік  органдардың  миссияларын  іске  асыру  үшін  қажетті  мемлекеттік 

функцияларды  оңтайлы  жинауды  әзірлеу;  2)  мемлекеттік  органдардың  оңтайлы 

құрылымы мен санын айқындау. Бұл мәселені шешудің негізгі құралы стратегиялық және 

бағдарламалық  құжаттар  мен  жоспарларды  есепке  ала  отырып,  тұрақты  және  нақты 

әдіснамалық  негізде  функционалдық  шолулар  жүргізу  болып  табылады,  ол  жүргізілетін 

жұмысқа  жүйелілік  береді.  Жоғарыда  көрсетілген  іс–шараларды  шешу  үшін 

функционалдық  талдау  жүргізудің  әдіснамасы  жетілдірілетін  болды.  Өкілеттілікті  бөлу 

орталық  мемлекеттік  органдарда  ғана  емес,  жергілікті  атқарушы  органдарда  да  жүзеге 

асырылатын болады. Бұл ретте, Елдi аумақтық-кеңiстiктiк дамытудың 2020 жылға дейінгі 

болжамды схемасын ескере отырып,  жергілікті  атқарушы  органдарды  нығайтуды  және 

өңірлердің  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  олардың  санын  айқындау  мәселелері 

қаралатын  болады.  Өкілеттіліктердің  аражігін  ажырату  қорытындылары  бойынша  әрбір 

нақты  мемлекеттік  органда  өкілеттіктің  оңтайлы  көлемі,  аппараттың  оңтайлы  саны, 

басқарушылық  және  атқарушылық  буындар  айқындалады,  тиісті  әкімшілік  шешімдерді 

қабылдаудың  рәсімдері  оңтайландырылады,  орталық  және  жергілікті  басқару 

деңгейлеріндегі  атқарушы  билік  органдарының  тиімді  құрылымы  жасалатын  болады. 

Жұмысты  ұйымдастырудың  тиімділігін  арттыру,  функционалдық  және  құрылымдық 

оңтайландыру,  экономиканың  қандай  да  бір  саласын  дамытуда  маңыздылығын  белгілеу 

бойынша  баяндалған  тәсілдер  қызметі  егжей-тегжейлі талданатын билік органына 

ведомстволық  бағыныстағы  мемлекеттік  мекемелерге  қатысты  қолданылуы  тиіс. 

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау үдерісін үйлестіру және жүргізілетін саясаттың 

келісілгендігі тиімді және нәтижелі мемлекеттік аппарат құруда шешуші рөл атқарады. 

Әкімшілік  реформаны  жүргізуді  реформалаудың  барлық  қатысушыларын 

үйлестіруді, қол жеткізілген нәтижелер мен мемлекеттік қызметті тікелей алушы ретінде 

халықтың  мүдделігіне үнемі  мониторинг  жүргізуді  жүзеге  асырмайынша  тиімді  басқару 

мүмкін  емес.  Үйлестірудің,  ақпаратқа  қол  жетімділіктің  және  реформалау  үдерісінің 

қатысушылар  арасындағы  өзара  іс-қимылдың  қажетті  деңгейін  қамтамасыз  ету  үшін 

үйлестіру  функциясын  реформалау  үдерісіне  қатысатын  мемлекеттік  органдардың 

өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратып, жеткілікті өкілеттігі бар мемлекеттік органға 

бекітіп  беру  қажет  [5].Әкімшілік  реформаны  жүргізу  жөніндегі  ведомствоаралық 

комиссияның жанында реформалаудың әрбір бағыты бойынша бірыңғай саясатты тиімді 

іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс тобы құрылатын болады, олар:- 

әрбір  мемлекеттік  органның  міндеттері  мен  функцияларын  нақты  қалыптастырады, 

олардың  қайталануы  мен  әкімшілік  реформаларды  іске  асыруға  жауапты  мемлекеттік 

органдардың уәкілеттілігін барынша тиімді бөлетін болады; - әкімшілік реформа барысын 

мониторингтеу және  бағалау,  өзі  қойған  мақсатқа  қол  жеткізу,  сондай-ақ  елдегі 

қалыптасқан  әлеуметтік-экономикалық  жағдайға  және  халықтың  қажеттілігіне 

байланысты  әкімшілік  реформаның  бағытын  түзету  тетігін  енгізеді.  Әкімшілік 

реформаларды іске асыруды басқару сапасының жақсаруы көп жағдайда оны іске асыру 

барысы  туралы  объективті  ақпараттың  болуына  ғана  байланысты  емес,  сондай–ақ 

әкімшілік  реформаның  мақсаттары  мен  міндеттерін  азаматтар  мен  бизнестің  түсінуіне 

және  қолдауына,  олардың  реформаның  нәтижелеріне  деген  мүдделігіне  байланысты 



225 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



болады.  Ол  үшін  әкімшілік  реформаны  іске  асыру,  азаматтардың,  бизнестің  және 

үкіметтік  емес  ұйымдардың  реформаның  негізгі  мақсаттары  мен  нәтижелеріне  жария 

талқылау  жүргізу,  әкімшілік  реформаны  іске  асырудың  мақсаттары,  міндеттері  және 

барысы туралы қоғамды толық, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар 

ету  жолымен  іске  асыру  барысында  мүдделігін  арттыру  мәселелері  бойынша 

жұртшылықпен  өзара  іс-қимылы  жасауын  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Тұтастай  мемлекеттік 

басқару  жүйесін  дамыту  саясаты  біртұтас,  түсінікті,  дәйекті,  нақты  қағидаттар  мен 

өлшемдерге  негізделеді  және  бұлжытпай  сақталатын  болады,  ал  мониторинг  пен 

бағалаудың  құрылатын  жүйесі  мемлекетке  және  азаматтарға  мемлекеттік  басқарудың 

жүргізіліп  отырған  реформаларының  барысы  мен  нәтижелер  туралы  толық  бейнесін 

сипаттайды.  Осылайша,  Елбасы  «Қазақстан-2050» Стратегиясы –  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты,  -  атты  Жолдауында:  мемлекеттілікті  одан  әрі  нығайту 

және  қазақстандық  демократияны  дамытуды  маңызды  мәселе,  біздің  мақсатымыз  – 

мемлекеттік  басқарудың  жаңа  түрін  қалыптастыру.  Ол  қоғамға  қызмет  ету  мен 

мемлекеттілікті  нығайтудың  жаңа  міндеттеріне  сай  болуы  тиіс,  -  деп  атап  өтті,  яғни:  - 

біріншіден,  бізге  мемлекеттік  жоспарлау  және  болжау  жүйесін  одан  әрі  жетілдіре  түсу 

керек.  Қойылатын  мақсат  –  жоспарлар  мен  бағдарламалар  әзірлеуде  мемлекеттік 

органдардың  жауапкершілігін  күшейту,  еліміз  басшылыққа  алатын  стратегиялық 

құжаттарды  қайта  қарау.  Елімізде  мемлекеттік  аудиттің  ең  озық  әлемдік  тәжірибесі 

негізінде кешенді жүйе құру қажет. Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін 

мемлекет  дағдарыстық  жағдайларды  күні  бұрын  тиімді  түрде  біліп,  оларға  қарсы  шара 

қолдануы тиіс. Бұл үшін бізге дағдарысқа қарсы әрекет етудің көп деңгейлі жүйесін құру 

қажет;  -  екіншіден,  біз  басқаруды  орталықсыздандыруды  сауатты  жүргізуіміз  керек. 

Орталықсыздандыру  идеясының  мәні  –  шешім  қабылдау  үшін  құқықтар  мен  қажетті 

ресурстарды  орталықтан  өңірлік  билік  органдарына  беру.  Жергілікті  жерлердегі  билік 

органдарының  өкілеттіктері  қаржылық  және  кадрлық  ресурстармен  нығайтылатын 

болады.  Қоғам  және  азаматтар  мемлекеттік  шешімдер  қабылдау  процесі  мен  олардың 

жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы 

халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне 

нақты  мүмкіндік  беру  керек.  Бекітілген  жергілікті  басқаруды  дамыту  тұжырымдамасы 

ауылдық,  селолық  деңгейде  басқару  сапасын  арттыруға  мүмкіндік  жасайды  және 

азаматтардың  жергілікті  маңызы  бар  мәселелерге  қатысуын  кеңейтеді.  Қазір  селолық 

әкімдіктерге  қосымша  өкілеттіктер  беру  және  олардың  ауылдағы  ахуалға  ықпалын 

күшейту.  Мемлекеттік  саясаттың  нақты  бағыттарын  жүзеге  асыруға  жауапты  кәсіпқой 

басқарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусы құрылды. «А» корпусына бірінші 

кезекте  жауапты  хатшылар  мен  облыс  әкімдерінің  аппарат  басшылары,  комитет 

төрағалары,  қалалар  мен  аудандар  әкімдері  кіреді.  Бұдан  былай  мемлекеттік  қызметші 

лауазымдық  сатымен  кезең-кезеңмен,  билік  иерархиясының  бір  сатысынан  келесісіне 

өзінің  машығын  жетілдіре  және  кәсіби  деңгейін  арттыра  отырып  көтерілетін  болады. 

Белгіленген  көрсеткіштерді  асыра  орындағандар  мен  өзінің  тиімділігін  көрсеткендерге 

және  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізгендерге  ғана  ерекшелік  жасалуы  керек.  Ерекше 

назарды  мемлекеттік  қызметтер  көрсетудің  сапасын  арттыруға  аудару  қажет.  Міндет  – 

мемлекеттік  аппараттың  халықпен  өзара  қарым-қатынастарында  біржақты-өктем 

көзқарастардан  арылып,  азаматтарға  мемлекеттік  қызметтерді  тиімді  және  жедел  түрде 

көрсетуге  көшу.  Мемлекеттік  органдарды  оларға  тән  емес  функцияларды  орындаудан 

босатып,  мемлекеттік  институттардың  дербестігін  сапалық  тұрғыдан  кеңейтуге  тиіспіз. 

Үкімет оның орындалуын 2014 жылдан бастап жергілікті бюджет қалыптастырудың жаңа 

тетігін енгізумен ұштастыруы керек, - деп өз сөзін аяқтады. 

Елбасы қойған міндеттерге қол жеткізу үшін төмендегі іс-шаралар шешімін табуға 

тиіс  деп  есептейміз:1)  мемлекеттік  қызметке  кадрларды  конкурстық  іріктеу  жүйесіне 

халықтың  сенімділік  деңгейін  арттыру;  2)  мемлекеттік  қызметкерлердің  меритократия 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау