Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет109/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   420

222 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



басқару  жүйесін  жаңғырту  тұжырымдамасы»  қабылданды.  Мемлекеттік  басқарудың 

тиімді  жүйесін  қалыптастыру  мақсатында:–  мемлекеттік  басқару  жүйесін  дамытудың 

бірыңғай  саясатын  қалыптастыру;–  мемлекеттік  аппарат  қызметінің  кәсібилігін  және 

тиімділігін арттыруды;– мемлекеттік органдардың қызметін халыққа сапалы мемлекеттік 

қызметтер  ұсынуға  бағдарлау;–  мемлекеттік  аппарат  қызметінің  айқындылғы  мен 

ашықтығын  қамтамасыз  ету  қажет.  Қызмет  көрсету  сапасын  арттыру  үшін  заңнамалық 

негіздер жасалды.  Қызметтердің  тізілімі  мен  осы  тізілімге  енгізілген  қызмет  көрсету 

стандарттары  бекітілді.  Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтары  арқылы  қызмет  көрсету 

басталды.  Халықпен  кері  байланыс  орнату  үшін  көрсетілетін  қызмет  сапасын  бағалау 

бойынша  тұрғындар  арасында  әлеуметтік  сауалнама  жүргізу  басталды.  Әкімшілік 

кедергілерді  азайту  үшін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жеке  кәсіпкерлік 

субъектілеріне  қатысты  мемлекеттік  органдардың  рұқсат  беру  жүйесі  мен  бақылау–

қадағалау  қызметін  жетілдіру  жөнінде  шаралар  қабылдады.  Мемлекеттік  органдардың 

бақылау  қызметтерін  ретке  келтіру  үшін  тәуекелдерді  басқару  жүйесінің  негізінде 

тексерудің  кезеңділігін  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  тетік  заңды  түрде  енгізілді. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жаңғырту  тұжырымдамасын 

іске  асыру  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жетілдіру 

саласында  қоғамның  қажеттіліктерін,  жеке  және  заңды  тұлғалардың  құқықтарын, 

бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қанағаттандыру  деңгейін  арттыруға  бағытталған 

бірыңғай,  сындарлы  саясат  жүргізуді  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.  Осы 

тұжырымдамада  тәуелсіздік  алған  сәттен  бастап  Қазақстанда  жүргізілген  мемлекеттік 

басқару  реформаларының  қорытындылары  талданды,  ағымдағы  ахуалды  талдау 

нәтижесінде  түйінді  проблемалар  айқындалды,  мемлекеттік  басқару  жүйесін 

жаңғыртудың  негізгі  бағыттары  және  оны  іске  асыру  тетігі  белгіленген.  Соңғы  уақытта 

Қазақстан  тұтынушыға  бағдарланған  жаңа  мемлекеттік  басқаруды  енгізуге  өтуде,  ол 

бойынша  мемлекеттік  органдардың  негізгі  мақсаты  –  құқықтар  мен  мүдделерді 

қамтамасыз ету, сондай-ақ халыққа және нарық субъектілеріне жағдай жасау. Азаматтар 

мен бизнестің барынша жоғары қанағаттандыру кезінде мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін 

арттыру  және  мемлекеттік  қызметтің  патриоттық  құрамдас  бөлігін  сақтау  қажет. 

Мемлекеттік  қызметтердің  толық  тізбесін  қалыптастыру  мақсатында  тұрақты  негізде 

орталық  мемлекеттік  және  жергілікті  атқарушы  органдар  функцияларын  түгендеу  және 

талдау жүзеге асырылатын болады. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік 

қызметтер  тізілімінде  ескерілмеген  негізінен  орталық  мемлекеттік  және  жергілікті 

атқарушы  органдар  көрсететін  қызметтерді  анықтау  үшін  мемлекеттік  қызметтерді 

түгендеу  заңнамалық  актілердің  тұрақты  мониторингі  арқылы  жүргізілетін  болады. 

Мемлекеттік  қызметтерді  автоматтандыру,  шешімдер  қабылдау  және  мемлекеттік 

органдар  қызметінің  нәтижелілік  көрсеткіштерінің  мәнін  түзету  кезінде  алынған 

ақпаратты пайдалану үшін мемлекеттік қызметті тұтынушылармен кері байланыс жүйесін 

құру жұмысы жалғасатын болады. «Электронды үкіметті» дамыту жөніндегі іс-шараларды 

мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі іс-шаралармен үйлестіру және келісу 

электрондық  форматта  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтің  санын  ұлғайтуға  мүмкіндік 

береді,  бұл  өз  кезегінде  оларды  көрсету  мерзімдерін  қысқартуға,  қажетті  құжаттардың 

тізбесін  жеңілдетуге  ықпал  етеді.  Осымен  бір  мезгілде  ақпараттық  жүйелерді  біріктіру 

және жетілдіру үдерістерінің жүйелілік үйлестірілуі қамтамасыз етіледі және мемлекеттік 

органдар  жұмысының  тиімділігін  арттыру  деңгейі  мен  ақпараттық  жүйелерді  енгізу 

нәтижесіндегі қызметтер сапасын айқындауға мүмкіндік беретінболады. Ол өз кезегінде 

қажетті  ақпаратты  берумен  байланысты  азаматтар  мен  бизнеске  әкімшілік  жүктемені 

азайту, азаматтардың мемлекеттік билік органдарына өтініштерінің санын төмендету және 

«бір терезе» қағидатын негізге ала отырып, ақпараттық–коммуникациялық технологиялар 

негізінде  мемлекеттік  билік  органдарының  өзара  іс–қимылының  жеделдігін  арттыру 

есебінен күту уақытын қысқарту болып табылады [2]. 



223 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  қызметін  жетілдіру  бойынша  кешенді 

шараларды әзірлеу және іске асыру, біріншіден, тұтынушылардың пікірі мен мүдделерін, 

сондай–ақ  мемлекеттік  органдардың  мүмкіндіктерін  ескере  отырып  жүзеге  асырылатын 

болады, бұл халықтың қанағаттанушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Басқаша сөзбен 

айтқанда,  мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделі  мемлекеттік  қызметтердің  тұтынушысы 

ретінде  халыққа  бағдарлауын  болжайды.  Мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделін 

қалыптастыру  мемлекеттік  қызметте  адами  капиталды  басқарудың  қолданыстағы 

тетіктерін  жаңғырту  және  жаңаларын  құруға  бағытталатын  болады.  Мемлекеттік 

қызметке  орналасу  тәртібін  және  мемлекеттік  қызметшілерді  оқыту  жүйесін  жетілдіру 

кадрлардың  сапалы  жаңа  деңгейге  үздіксіз  кәсіби  өсуін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 

береді.  Өз  кезегінде,  мемлекеттік  қызметшілердің  жұмыс  сапасын  бағалау  мемлекеттік 

қызмет  персоналын  басқарудың  пәрменді  құралы  болады  және  жұмыс  нәтижелері 

негізінде  барынша  кәсіби  және  құзыретті  қызметкерлерді  ынталандыруға  мүмкіндік 

береді. Мемлекеттік қызметшілер тәртібінің этикалық нормалары әрбір мемлекеттік орган 

қызметінің  ерекшелігін  ескеруге  және  сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылық  жасауға 

әкелетін  жағдайлардың  туындауын  алдын  алуға  мүмкіндік  бере  отырып,  анық  және 

нақтыланған болады. Мемлекеттік қызмет құрылымында үш корпус белгіленгені белгілі: 

1)  мемлекеттік  саясатты  қалыптастыруға  қатысатын  және  мемлекеттік  дамудың 

стратегиялық  бағыттарын  айқындайтын  саяси  мемлекеттік  қызметшілердің  корпусы;  2) 

мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін және саяси шешімдерді қабылдау 

мен  олардың  тікелей  орындалуы  арасында  байланыстыратын  буын  болып  табылатын 

мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  «А»  басқару  корпусы;  3)  мемлекеттік  саясатты 

іске  асыратын  және  орындау  қызметін  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  әкімшілік 

қызметшілердің «Б» атқарушы корпусы. 

Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдарының  жаңа  тізілімі  мен  корпустарын, 

кадрлық  резервті  қалыптастыру  тетіктері  мен  ротация,  оның  ішінде  саяси  мемлекеттік 

қызметшілерге  ротация  жүргізу  тетіктерін  қалыптастыру  тиісті  нормативтік  құқықтық 

актілерде  анықталатын  болады.  Мемлекеттік  қызметке  орналасудың  қолданыстағы 

конкурстық  тәртібі  едәуір  жаңғыртылатын  болады.  Мемлекеттік  қызметшілерді  оқыту 

жүйесін жетілдіру үшін қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың бірыңғай сатылас 

жүйесі  құрылатын  болады,  нәтижеге  бағдарланған  мемлекеттік  басқарудың  қазіргі 

заманға  білім  технологиялары  мен  қағидатына  негізделетін  оқыту  бағдарламаларының 

мазмұнды  бөлімі  сапалы  жаңғыртылатын  болады.  Жаңа  моделде  түпкілікті  нәтижеге 

бағдарланатын  және  уәждеу  және  біліктілікті  арттыруға  негіз  болатын  мемлекеттік 

қызметшілердің  жұмыс  сапасын  бағалау,  аттестаттау  тетіктері,  мансаптық  жоспарлау 

жүйесі қалыптастастырылатын болады. Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай сатылас 

жүйе  құру  және  жаңа  кадрлық  саясатты  тиімді  жүргізу  үшін  мемлекеттік  органдардың 

кадрлық  қызметтері  мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  уәкілетті  органдарға 

әдіснамалық  бағынатын  болады.  Тұтастай,  жоғарыда  аталған  бағыттарды  іске  асыру 

Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарының 

мемлекеттік  қызметті  кәсібилендіру  бөлігінде  аталған  нысаналы  индикаторларға  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және 

оның  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етуді  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  қызметші  болып 

табылмайтын  қызметкерлердің  мәртебесі  реттеледі,  жолдау  тәртібі  жүйелендіріледі, 

тізбесі  қайта  қаралады  және  нормативтері  әзірленетін  болады.  Мемлекеттік  аппараттың 

тиімді  құрылымын  қалыптастыру  және  әкiмшiлiк  реформаларды  басқаруды  жақсарту 

үшін  мемлекеттік  аппарат  қызметінің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  мемлекеттік 

органдардың  нақты  өкілеттіктері  мен  жауапкершілігін  белгілеуге  ерекше  назар  аудару 

қажет [3, 4]. 

Өкілеттіліктерді  бөлу  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге  асырылады:  1) 

функцияларды  оңтайландыру,  оның  ішінде:-  мемлекеттік  органдар  мен  ведомстволық 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау