32
Объектілік-бағдарланған тəсілдеме сыныптар арасындағы белгілі
бір өзара іс-қимыл механизмдерін пайдалануды жəне оларды құруды
көздейді.
2.2. сурет.Мұралану
Осындай базалық механизмдерге: мұралануды, инкапсуляцияны жəне
полиморфизмді жатқызу қажет.
Мұралану — бұл бір сыныптың екінші сыныпқа өз атрибуттері
мен операцияларын беру қабілеті. Операциялар мен атрибуттерді
қабылдайтын объект, төменгі сынып деп, ал объекткөзі – суперсынып
деп аталады. Нəтижесінде иерархиялық құрылым пайда болады (2.2
сур.).
Мұралану бұрын əзірленген деректерді өңдеу алгоритмдерін
пайдаланып, төменгі сыныптарға жаңа атрибуттер мен операцияларды
қоса отырып, жүйені жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Иерархия басында «Ортақ арғы ата » - абстрактілік объект
қойылады. Егер объектілер иерархиясында суперсынып болып
табылмайтын объектілер бар болса, олар парақты деп аталады.
Инкапсуляция сыныптарда атрибуттер мен операцияларды
жинақтау үдерісі болып табылады.
Полиморфизм — бұл объектілердің бір аттас, бірақ əр түрлі
əрекеттерді орындайтын əдістерді қамту қасиеті. Бұдан əрі
полиморфтық əдістерді шақырту үлгісі келтірілген:
А.сыныбы F операциясы ();
Б.сыныб ы F опер ацияс ы ();
Визуалды əзірлеу технологиясы ақпараттық жүйе үшін
— суперсыныпқа сілтеу; — сыныптың атрибуты; —
сыныптың операциясы;
А — ортақ арғы ата; B — буын; C, D — парақтық сыныптар
33
бағдарламалық қамсыздандыруды құру үдерісін айтарлықтай
жеделдетуге мүмкіндік береді. Әзірлеушінің операциялық жүйе
ортасында пайдаланушының графикалық интерфейсімен пайдалануға
арналған жүйе интерфейсінің элементтерін əзірлеуді дизайнер
режимінде орындауға мүмкіндігі бар. Құрылатын элементтер —
сұхбаттасу терезесі мен элементтері сияқты үлгілі сыныптардың
даналары.
2.2.
Ақпараттық жүйелерді канондық жобалау
Ақпараттық жүйелерді жобалау үдерісі негізніде жүйелерді
канондық жобалау əдістемесі жатыр. Осы əдістеме МЕМСТ 34.601
— 90 сипатталған.
Осы стандартқа сəйкес канондық жобалау жобалық жұмыстарды
белгілі бір алгоритм бойынша орындауды көздейді. Жобалаудың
бірнеше қадамын бір кезеңде біріктіріп, бірден бірнеше қадамды
орындауға жол беріледі.
Канондық жобалаудың сегіз кезеңін белгілейді:
1)
жүйеге қойылатын талаптарды қалыптастыру;
2)
ақпараттық жүйенің тұжырымдамасын əзірлеу;
3)
əзірлеуге техникалық тапсырма;
4)
эскиздік жобаны жасау;
5)
техникалық жобаны əзірлеу;
6)
жұмыс құжаттамасын жасау;
7)
жүйені пайдалануға енгізу;
8)
жүйені тапсырыс берушіге тапсырғаннан кейін оны қолдау.
Бірінші кезеңде — жүйеге қойылатын талаптарды
қалыптастыру үшін жүйе құрылатын ұйымды тексеру орындалады.
Тексеруді
əзірлеуші-сарапшылар
жүйенің
келешек
пайдаланушыларынан «сұхбат» алу жолымен жүргізеді. Жүйені құру
қажеттілігін дəлелдейді, пайдаланушылардың жүйеге қоятын
талаптарын айқындайды.
Ақпараттық жүйенің тұжырымдамасын әзірлеу ғылыми-
техникалық жұмыстарды жүргізуді білдіреді. Мұнда болашақ жүйенің
функциялары айқындалады, оның құрылымы белгіленеді.
Әзірлеуге техникалық тапсырма ақпараттық жүйені жеткізушінің
жұмыстарды іске асырған кезде орындайтын міндеттерін сипаттау
жəне белгілеу құралы ретінде тапсырыс берушімен пайдаланылатын
құжат болып табылады.
Эскиздік жобаны жасау деректер қорын, пайдаланушының
интерфейсін əзірлеуге бағытталған алдын ала шешімдерді
қабылдауды көздейді. Бұл кезеңде жүйені əзірлеу үшін қажетті
бағдарламалық жəне аппараттық құралдарды таңдайды; жүйені
34
жекелеген қосалқы жүйелерге бөлшектеу орындалуы мүмкін.
Техникалық жобаны әзірлеу құрылатын жүйеге жəне оның
қосалқы жүйелеріне жобалық шешімдерді, құжаттаманы əзірлеуді
болжайды. Жүйені əзірлеу жəне өрістету үшін қажетті жабдықтың
ерекшелігін жасайды.
Жұмыс құжаттамасын жасау жүйені жобалаушыларға
нұсқаулықтарды əзірлеуді қамтиды. Осы нұсқаулықтар жұмыс
бағдарламалары түрінде рəсімделеді.
Жүйені пайдалануға енгізу ұйымда жүйені өрістету үшін қажетті
жұмыстарды жүргізуді, қызмет көрсетуші персоналды оқытуды,
жүйені бағдарламалық жəне апараттық құралдармен толымдауды,
жүйені тапсырыс берушіге көрсетуді көздейді.
Жүйені тапсырыс берушіге тапсырғаннан кейін оны қолдау: оған
кепілдік қызмет көрсетуді; ары қарай жойылу сəтіне дейін
сүймелдеуді;
кепілдік
міндеттемелерге
сəйкес
жұмыстарды
орындауды; кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді болжайды.
Ақпараттық жүйені жобалаған кезде осы жүйені пайдаланатын
ұйымды тексеруді жүргізу басты элемент болып табылады.
Тексеру мақсаттары: кəспорынның ұйымдық құрылымын зерделеу
жəне талдау; кəсіпорында қабылданған өңдеу технологиясын зерделеу
жəне талдау.
Тексеру
нəтижелері
мынадай
міндеттерді
шешу
үшін
пайдаланылады:
а) жүйені əзірлеу қажеттілігін дəлелдеу;
б) техникалық тапсырманы жасау;
в) жүйенің техникалық жəне жұмыс жобаларын əзірлеу.
Тексерген кезде жүйені енгізу стратегиясын белгілейді жəне ұйым
қызметін егжей-тегжей талдауды жүргізеді.
Енгізу стратегиясын талдау:
•
жүйені əзірлеуге жəне енгізуге ықпал ете алатын факторларды;
•
жүйенің құрылымын, қажетті бағдарламалық жəне аппараттық
қамсыздандыруды;
•
жүйенің пайдаланушыалрын;
•
жүйені енгізу мерзімдерін;
•
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті
шараларды;
•
жүйенің функцияларының ерекшеліктерін;
•
жүйенің физикалық жəне моральдық тозуы жағдайында оны
жаңғырту мүмкіндігін;
•
жүйенің ақпараттық құрылымдарын;
•
пайдаланушылар мен жүйе арасындағы өзара іс-қимыл
қағидаларын айқындауға мүмкіндік береді.
Ұйымның қызметін егжей-тегжей талдау кезеңінде басқару
Достарыңызбен бөлісу: |