«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет23/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

 

Х Алтын сандық 

 

Тапсырма:  

 

Ақынның 



«Толық адам» философиясы бойынша берілген түсініктер мен 

қосымша мәліметтерді оқып, біліп алыңыз; 

 

Берілген тапсырмалардың, сынақ жұмысының жауаптары арқылы өз біліміңізді 



тексеріңіз.  

 

ХІ Қоржын 



 

Тапсырма:  

 

Қоржынға:  



 

өзіңіз орындаған тапсырмалардың жауаптарын; 

 

жазба жұмыстарыңызды; 

 

салған суреттеріңізді жинақтап салыңыз. 

ІІ Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша «Алтын  

 

сандықта» берілген түсінік, қосымша мәліметтер мен деректерді оқып,  

 

түсініп алу: 



ІІІ Абайдың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі бойынша сынақ  

 

жұмысына дайындалу. 



 

Қолданылған әдебиеттер:  

М. Мырзахметов, «Абай» зерттеуі: «Абайдың толық адам философиясы» бөлімі  

М.Мырзахметов, К.Керімбайұлы, Ш.Б.Әбуева, 2010 жылы Жапонияның Токио 

қаласындағы Obun Publishinq баспасынан жарық көрген «Абайтану әліппесі» 

атты аудио оқу-әдістемелік кешен. 

 

Алтын сандық 



Абайдың толық адам туралы ілімі  

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңі 

Қосымша мәлімет.  

Өлең 1889 жылы жазылған. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінің мәтіні 

1909 – 

1957 жылғы жинақтар мен Мүрсейіт қолжазбаларының (1905, 1907, 



1910) бойынша басылды.  

Түсінік. «Жас қазақ» газеті М. Мырзахметов, Абай 

«...Абай  адамгершілікті  моральдық  философияда  барлық  жайдан 

жоғары қояды». М.Әуезов 

Абайдың толық адам туралы ілімі 

Абайдағы  толық  адам  туралы  ойдың  о  бастағы  төркіні  «Ғылым  таппай 

мақтанба» (1886) өлеңінен бастау алып, жыл өткен сайын қоюлана, күрделене 

түсетіні  бар.  Гуманист  атаулы  ғалымдардың  бәрі  де  бұл  дүниедегі  асылдың 

асылы, ең бағалысы адам деп қарайды. Сол адамның бойындағы қалыптасатын 

мінез-құлықтың  ең  басты  сипаты  неден  тұрмақ  деген  сұраққа  әр  заман 

49

 

 




ойшылдары  өзі  жасаған  заман  талабына  орай  жауап  беруге  ұмтылған.  Бұған 

исламият әлемінде, әсіресе, Түркістан өлкесінде бұл өзекті мәселеге Әл Фараби 

бастаған  XI  ғасырдағы  Жүсіп  Қас  Хаджиб,  XII-XIII  ғасырлардағы  Ясауи, 

Ш.Табризи  (Тарази),  Ж.Руми  жалғастырған  жәуанмәртлік,  хал  ілімі,  камили 

инсани жайындағы ой-толғаныстары танымдары өз үлестерін қосып жатты. Ал 

XIX ғасырдың екінші жартысында Абай бұл мәселеге айрықша назар аударып, 

өзіне  дейінгі  ойшылдар  дәстүрін  жалғастырып  дамытып,  толық  адам  туралы 

ілімнің негізін салса, XX ғасыр басында өз шәкірті Шәкәрім ар ғылым арқылы 

жалғастыра дамытты. 

Адам  болу  туралы  ой  танымын  «Ғылым  таппай  мақтанба»  өлеңінде  көп 

нәрсенің төркінінен хабар беруі себепті М.Әуезов ол өлеңді «Абайдың, әсіресе, 

көп  ой  қорытып  айтқан  мағыналы  және  програмдық бір  өлеңі»,  -  деп  ерекше 

мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. Абайдың: 

Бес нәрседен қашық бол, 

Бес нәрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз, - деп, адам бойындағы мінез-құлқындағы қарама-қарсы 

ұғымдардың  сырын  7-қарасөзінде  айтылатын  «жанның  тамағы»  дейтін 

пәлсапалық  мағынасы  бар  ұғыммен  салыстыра  отырып  сырын  ашсақ,  көп 

мәселенің  тамырын  дөп  басамыз.  Осы  өлеңде  ерекше  мән  бере  аталатын 

Шығыстың  озық  ойлы  Ғұламаһи  Дауанидің  (XV  ғ.)  атақты  шәкірті  Жүсіп 

Қарабағи  (XVIII  ғ.)  «Рисаласында»  «жанның  азығы»  деген  ұғымды  еске 

(память) байланысты қарап талдайтыны бар. Автор «жанның азығы» (духовная 

пища) деген ұғымды екіге бөліп: бірінші жанның пайдалы азығы (шын сенім, 

жомарттық,  ғылыми  түсінік)  екіншісі  -  жанның  зиянды  азығы  (күншілдік, 

жалған сенім) деп атайды. 

Абай  танымындағы  «жанның  тамағы»  да  жан  қуаты  арқылы  біртіндеп 

қорланатын рухани байлықты меңзейді. Өйткені, Абай: «...Құмарланып жиған 

қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп көрсетуі арқылы 

әрбір  талапкер  жас  өзінің  дүниетанымының  қалыптасу  жолында  жанның 

пайдалы  тамағымен  сусындауға  саналы  түрде  бет  бұрса  ғана  толық  адам 

жолына түсе алмақ, болмаса жоқ. 

Ақынның  «бес  нәрседен  қашық  бол»  деп  таңбалап  отырғаны  адамды 

аздыратын жанның зиянды тамақтары болып шығады. Адам болу туралы ойлар, 

әсіресе,  ақынның  қарасөздерінде  молырақ  таратылған.  Ондағы  «адам  болу, 

адам,  жарым  адам,  толық  адам,  адамның  адамдығы,  адамшылық, 

адамшылығының  кәмалаттығы,  пенделіктің  кәмалаттығы,  инсанияттың 

кәмаләттығы  т.  б.  терминдік  мәні  бар  сөздердің  бәрі  де  толық  адам  жайлы 

пікірлерімен сабақтасып жатады. 

 

Қосымша мәлімет. 



Әдебиет теориясы.  

Эпитет. 

Айқындау,  яғни  эпитет  (грекше  epitheton  –  қосымша)  -  заттың,  құбылыс-

тың  айрықша  сипатын,  сапасын  анықтайтын  суретті  сөз.  Эпитетсіз  тіпті 

50

 

 




айтарыңды  анықтау,  суреттеп  отырған  нәрсеңді  нақтылау  қиын.  ...Эпитетті 

тыңнан табу, жаңадан жасау суреткер тіліне жаңа рең, жас ажар береді. 



Эпитет 

өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді.  

Мысалы: 

Көктемнің балғын кезі еді, 



Әнші құс көкте ағылған. 

Жемнің де жасыл өзегі 



Көгілдір мұнар жамылған. 

 

(Сағи Жиенбаев) 



Зейнолла  Қабдолов,  Сөз  өнері  (Әдебиет  теориясының  негіздері)  «Мектеп» 

баспасы, Алматы, 1976, 224-227-беттер. 



 

Қосымша мәлімет.  

Әдебиет теорияясы. Кейіптеу. 

«Жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла 

суреттелген құбылтудың (троптың(мұндай түрі – кейіптеу (грекшеprospopeia, 

орысша олицетворение). 

 

Абайдың Лермонтовтан аударған 



«Теректің сыйы» деген өлеңіндегі бейнелеу 

тәсілі – түп-түгел кейіптеу. Асау теректің долдануы, буырқануы, бұйра 

толқынның айдаһардай бүктелуі, Кавказдан азан-қазан, у-шу арқырап шыға 

бере қалың қайратын бойына жасырып, беті күле момынси қалуы- бәрі де 

өзен емес, адам мінезіне ұқсайды».  

З. Қабдолов 



«Сөз өнері» (Әдебиет теориясының негіздері), 232-бет.  

 

«Мектеп» баспасы, Алматы, 1976  



 

Қосымша мәлімет.  

«Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінің мәтіні 1909 – 1957 жылғы 

жинақтар мен Мүрсейіт қолжазбаларының (1905, 1907, 1910) бойынша 

басылды.  



Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін... 

(Абай) 

 

«Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек» өлеңі 

 

 

Өлең мәнерлеп оқылады немесе аудио дискіден тыңдалады. 



 

Тапсырмалар жүйесі 

 

ІІ Абай тілінің сөздігі 

 12-


кесте - Абай тілінің сөздігі 

Әуелде 

 

Басында, әдепкіде 



Зерек 

 

Алғыр, зейінді, ұғымтал 



Тоқтаулы 

(Тоқтаулылық) 

Әр нәрсеге ақыл-парасатпен қарайтын, байыпты, 

салиқалы 

51

 

 




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау