«Абайтану»



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
бет18/32
Дата15.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#20276
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32

3-

кестенің жалғасы 

 

 

 





Орта  мектепте  «Абайтану»  курсын  оқыту  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдар 

 

Таңдау  курсының  әдістемесі  қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  оқушылар 



дайындығының негізінде Абай мұрасын тануды вариативтік оқыту кеңістігінде 

жүзеге  асыру  жолдарын  қарастырады.  «Абайтану»  курсы  бойынша 

дайындалған  әдістеме  мұғалімдердің  және  оқушылардың  шығармашылық 

мүмкіндіктеріне жол ашады.  

Таңдау  бойынша  курс  сабағы  пән  сабағынан  өзіндік  ерекшеліктерімен 

өзгешеленеді.  Бұл  екеуінің  мақсаттары  ортақ  болғанмен  (екеуі  де  оқушы 

тұлғасын  дамытуды  көздейді),  сол  мақсатқа  қол  жеткізу  тәсілдері  әр  түрлі. 

Таңдау  бойынша  курс  сабақтарының  құрылымында  үй  тапсырмасын  сұрау, 

өткенді  қайталау,  бес  балл  жүйесімен  бағалау  сияқты  компоненттер 

қолданылмайды. 

Таңдау  курсы  сабақтары  сан-алуан  шығармашылық  сипаттарда  түрліше 

құрылуы тиіс: мәтінді зерттеу – ізденіс сабағы, мәтін үзінділерінен белгілі бір 

түсінікті  құрастыру  сабағы,  философиялық  ойтолғау  сабағы,  семинар  сабақ, 

ақынмен  диалог  сабағы,  өзара  диалог  (пікірсайыс)  сабағы,  қиял  сабағы, 

конференция,  дебат,  қарама-қайшылықтар  сабағы,  демонстрация,  өлең  мен, 

қарасөздер мәтіндерін өзгерту сабағы, жағдаяттар құру сабағы, оқушы мұғалім 

ретінде  өтетін  бинарлы  сабақ,  әртүрлі  ойындар  сабағы,  шығармашылық 

жұмыстарды  қорғау  сабағы,  топтық  жұмыс  сабағы,  жоба  қорғау  сабағы, 

рефлексия сабақ, рецензиялау сабағы, өзара бақылау сабағы, спектакль сабақ, 

«дөңгелек стол» сабағы, шығармашылық есеп сабағы, панорама сабағы (шолу 

сабақтарының орнына өтіледі) т.б.  

Бұлардың  ішінде  көп  қолданылатыны  –  көркем  мәтінмен  жұмыс  сабағы. 

Себебі абайтанудың кілті – ақынның өз шығармаларында. Абайды, ұлы Абайды 

өзгелердің  пікірлері  арқылы  танып  сараптау  –  мектептен  кейінгі  ғылымның 

қызметі.  Ал  мектепте  Абайды  оқушылар  оның  шығармаларын  тікелей  оқи 

отырып,  өз  көзімен,  өз  ойымен  тануға  тиіс.  Сонда  ғана  мектептегі  абайтану 

курсының оқушы үшін пайдасы болмақ. 

Әдістеменің  мақсаты  –  жалпы  стандарттық  талаптардың  орындалуын 

кеңейте отырып, оқушылардың Абай мұрасы бойынша білімін тереңдетулеріне 

4. 

Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір, т.б. хақында. 



Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар: 

ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар 



А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев; - 

Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б. 





 

Шығармашылық жұмыс 



 

Қорытынды сабақ 

36

 



 


жағдай туғыза отырып, таңдалған оқу материалдарындағы рухани болмыс пен 

адамгершілік  бағдарларды,  тәрбиелік  әлеуеттерді  олардың  өз  беттерінше 

ізденіп 

тануына, 

сол 

құндылықтарға 



бағдарлануына 

мұғалімнің 

ұйымдастыратын оқу әрекеттерін педагогикалық және психологиялық жағынан 

негіздеу. 

Бұл  әдістемелік  құрал  Абайдың  әдеби  мұрасын  оқушы  бойындағы  ойлау, 

түсіну,  сезіну,  толғаныс,  эмоциялық  және  ақыл-ой  сапаларын  дамыту  құралы 

ретінде мұғалімнің пайдалана алуына да көмек болып табылады. Ол оқушының 

стандарттық  әдеби  біліміне,  білік-дағдыларына  негізделе  отырып,  оқушының 

талғау,  қабылдау  қабілеттерін,  талдау  мәдениетін  дамытуға  бағытталады. 

Әдістеме мұғалімге оқушының ізденіп, өз оқу әрекетін өзі ұйымдастырып, өзі 

мақсат  қойып,  өзі  орындап,  өзі  бақылап,  өзі  түзетіп,  өзі  бағалауға  және  осы 

үдерістер  барысында  өзіндік  рефлексияға  шығуына  бағыттау  жолдарын 

көрсетеді.  

Абайтану  материалдары  шеңберінде  оқушылардың  зерттеушілік 

әрекеттерге қабілеттерін дамыту да негізгі міндеттердің бірі. Мұнда мұғалім – 

оқушының  әрі  кеңесшісі,  әрі  зерттеушілік  ізденісінің  ынтымақтас  әрекетшісі. 

Ол оқушыға өз бетімен айқындалған тапсырманы шешу жобасын жасауға, оны 

нақты  өмір  жағдайларымен  байланыстыруға,  әр  түрлі  дереккөздерден  ізденіп 

білім  жинауға  (оқулықтан,  мұғалімнен,  құрбыларынан,  қосымша 

әдебиеттерден,  электрондық  оқу  құралдарынан  т.б.) бағыттайды.  Нәтижесінде 

оқушы Абайдың берілген белгілі бір көркем мәтінін түсіне отырып, ол туралы 

өз  түсініктерін  байыта  отырып,  өзіндік  тұжырымдарын  өзгертеді,  жаңартады, 

толықтырады, өмірдегі жағдаяттармен байланыстырады, нәтижесінде берілген 

мәтінді жаңа өнімге айналдырады. Сабақта өз бетінше жаңа бір нәрсені білуге 

ұмтылу бала үшін шаттық сезіміне айналады. Ал жаңа нәтижені білгені қуаныш 

пен мерей болмақ. 

Таңдау  курстарын  оқыту  стандарттық  оқуды  қайталамайтын  оқу  әрекеті 

болып  табылады.  Сондықтан  оның  әдістемесі  де  өзіндік  ерекшеліктерімен 

айшықталады. Мұнда оқушылар оқу материалын меңгеруді ғана емес, сол оқу 

материалдары  бойынша  өз  бетінше  оқу  әрекеттеріне  енуге,  ізденімпаздық 

қабілеттеріне  үйренуге  бағытталады.  Демек  оқу  материалдары  өмірге  керек 

ақпараттық,  коммуникативтік,  проблемаларды  шешу  сияқты  негізгі 

құзыреттерді қалыптастыру үшін де қолданылады. 

Осы  орайдан  «Абайтану»  таңдау  курсында  оқушылар  үшін  алдыңғы 

сыныптардан  қалыптасып  келе  жатқан  өз  бетінше  оқу,  өз  бетінше  іздену,  өз 

бетінше  шешім  табу,  өз  бетінше  сараптау,  өз  бетінше  бағамдау  сияқты  оқу 

әрекеттерін шыңдап, жетілдіріп ұйымдастыруға басымдық беріледі. Өз бетімен 

жұмыс істеу шарттарының оқушы бойында дағдыға айналуына қол жеткізсек – 

онда  тұлғаның  қалыптасуына,  тұлғаның  өзгеруіне,  тұлғаның  рефлексиясына 

қол жеткізгеніміз. 

«Өзін-өзі  өзгерту  және  рефлексивтік  түрде  өзін-өзі  ұйымдастыру 

үдерістерінде  шешімдерді  өз  бетінше  белгілеп  шешуге  қабілеттілікті 

қалыптастыруға бағытталған оқу әрекетінің негізгі үдерістері төмендегідей: 

37

 



 


жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау