2017 жылғы «1» маусымдағы №331 қаулысына



жүктеу 2,98 Mb.
Pdf просмотр
бет15/25
Дата14.11.2018
өлшемі2,98 Mb.
#20007
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

43 

 

4.5  5-стратегиялық 

қызмет 

бағыты. 

Трансферт 

және 

инновацияларды енгізу 

 

2015  жылы  өнеркәсіптік  өнімнің  көлемі  2014  жылмен  салыстырғанда     



2,6 пайыздық тармаққа төмендей отырып, 14 925,2 млрд. теңгені құрады. 

Көлемдердің 

төмендеуі 

машина 


жасауда 

29,6 


%-ға, 

электр 


жабдықтарының  өндірісінде  -  27,1  %-ға,  машиналар  мен  жабдықтардан  өзге 

дайын  металды  бұйымдарда  3,3  %-ға,  теміржол  техникасында  –  88  %-ға, 

агрохимияда -  48,1 %-ға, ГМК арналған машиналар мен жабдықтарда 46,8 %-ға 

белгіленді.  

Бұл  ретте  статистика  деректеріне  сәйкес  өнеркәсіптегі  негізгі 

құралдардың  тозуының  деңгейі  жаңару  коэффицентінен  2  есе  артуды 

жалғастыруда.    

 

29-сурет.  2009  –  2015  жылдар  үшін  өнеркәсіптегі  негізгі  құралдардың  тозу  және  жаңару 

деңгейінің серпіні, %. 

Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті  

 

Осылайша,  өнеркәсіп  өндірісі  көлемдерінің  төмендеуі,  оның  ішінде 



негізгі қорлардың моральдық және физикалық тұрғыда тозуына, технологиялық 

артта қалушылыққа, өнім бірлігінің жоғары шығындарына байланысты. 

Осыған  байланысты  Елбасы  өзінің  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы: 

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Үкіметке 2025 жылға дейін 

базалық  салаларды  технологиялық  тұрғыдан  қайта  жарақтандырудың  кешенді 

шараларын әзірлеуді тапсырды. 

Отандық  кәсіпорындарды  технологиялық  тұрғыдан  қайта  жарақтандыру 

үшін  қазақстандық озық  әзірлемелер  мен  технологияларды  енгізу  ең  қолайлы. 

Сол  уақытта  олардың  Қазақстанда  коммерциялану  мүмкіндігі  нарықтың 

қажеттілігіне жауап беретін енгізілуге дайын әзірлемелер санының шектеулігі, 

тәуекел  инвестициялардың  едәуір  көлеміне  мұқтаждық,  IP  мәдениетінің 

дамымағандығы сияқты факторлармен тежеледі.  

Тиісінше,  шетелдің    үздік  тәжірибелерін  есепке  ала  отырып,    ағымдағы 

сатыда    кәсіпорындар  мен  салаларды  технологиялық  тұрғыдан  дамытудағы  

негізгі назарды шетелдік озық технологиялар трансфертіне аудару орынды.  

Тозу деңгейі, % 




44 

Жоғарыда айтылғандарды  ескере отырып,  кәсіпорындар мен салаларды 

технологиялық тұрғыдан дамыту мыналарды: 

1)  технологиялар трансферті жүйесін; 

2)  технологиялардың коммерцияландыру жүйесін; 

3)  технологиялық  құзыреттерді  дамыту  бойынша    шаралар  кешенінің 

көмегімен жүзеге асыру болжанады. 

Технологиялар  трансферті  жүйесін  дамыту  шеңберінде    бір  жағынан 

отандық бизнестің қолда бар технологиялық  міндеттері анықталады, ал екінші 

жағынан  –  кәсіпорындардың  технологиялық  сұраныстарын    шешуге  арналған 

озық технологиялар мен  оларды  тасушыларды іздеу жүзеге асырылады. Атап 

айтқанда, ол үшін әлемдік нарықта қазақстандық технологиялар трансфертінің  

арналарын қалыптастыру үшін де мынадай жұмыстар жүргізіледі:   

1)  технологиялардың жергілікті және шетелдік нарығына талдау жасау; 

2)  әлемдік  трендтерге  талдау  жасау,    технологиялық    алшақтықты 

айқындау және  оларды жоюға жәрдемдесу; 

3)  технологиялар  трансфертін  халықаралық желіге  біріктіру; 

4)  негізгі  қызметі  технологиялар  трансферті  саласында  брокерлік 

қызметтер  көрсету  болып  табылатын  жетекші  шетелдік  мемлекеттік  және 

жекеменшік кәсіпорындармен серіктестік байланыс орнату; 

5)  технологияларды 

тасушылардың  қатысуымен  технологияларды 

таныстыру ілгерілеу үшін салалық алаңдарды ұйымдастыру; 

6)  технологиялар 

трансферті  бойынша  мәмілелерді  сүйемелдеу, 

технологиялар  трансферті  бойынша  жобаларды  ілгерілеуде  кеңес  беру  және 

жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету. 

Ағымдағы кезеңде технологияларды коммерциялау жүйесін дамыту үшін  

отандық  технологиялық  бизнесті  инкубация/қалыптасу  сатысынан    венчурлық 

инвестициялау  үшін  тартымды    болу  деңгейіне    дейін  қолдау  үшін  жағдай 

жасау қажет.   

Әлемдік  тәжірибе    бұл  үшін    анағұрлым  оңтайлы    құрал  технологиялық 

бизнес – инкубация болып табылатынын  көрсетеді.  

Осыған  байланысты,  технологияларды  коммерциялау  жүйесін  дамыту 

бағыты  шеңберінде,  инфрақұрылымды  дамыту  бөлігінде  Қазақстанда 

жекеменшік 

технологиялық 

бизнес-инкубаторларды 

(субсидиялар, 

аккредитация,  инкубаторлық  жобаларға  қатысу)  құруды  ынталандырудың 

қаржылық  тетіктері  әзірленеді  және  енгізіледі,  олардың  мақсаты  – 

коммерциялаудың  стратегиясын  іздеу,  іріктеу,  әзірлеу,  қаржылық  және 

сервистік  қолдау    және  коммерциялық  тартымды  инновациялық  жобаларды 

ілгерілету.  

Жобаларды  қолдау  және  коммерциялау  бөлігінде    қаржылық  құрал 

енгізілетін  болады,  оның  міндетті  шарты  аккредиттелген  технологиялық 

инкубаторлар жобаларын ілгерілетуге қаржылық және қаржылық емес тұрғыда 

қатысу болады. 




45 

Мұндай тетік мемлекетті инновациялық жобалармен және стартаптармен, 

яғни  бизнес-қызметтермен  тікелей  жұмыс  жасаудан  алшақтату  принципін 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Қазақстанда  венчурлық  инвестициялау  нарығының  дамымағанын  ескере 

отырып,    венчурлық  инвесторы  рөлін  және    инновациялық  жобаларды    іске 

асырудың  қаржылық  тәуекелін  мемлекет  өз  жауапкершілігіне  алуы  тиіс.

 

Ол 



үшін қазіргі қолданыстағы шарттар,  инновациялық жобаларға қатысу тәсілдері 

мен тетіктері (жобалық және венчурлық қаржыландыру) қайта қарастырылатын 

болады. Осылайша, тәуекел инвестициялар  нарықта  ауқымдандыру сатысында 

қолданыстағы, анағұрлым келешекті инновациялық жобаларға салынады.  

Бұдан  басқа,  технологиялардың  трансферті  және    коммерциялау 

мақсаттары  үшін  инновациялық  гранттарды    беру  рәсімі    жетілдіріле  түседі, 

олардың  операторы  Кәсіпкерлік  кодексіне  сәйкес  «ТДҰА»  АҚ  болып 

айқындалған.

 

Бұл  сондай-ақ  өтінімдерді  қарастыру  уақытын  қысқартуды, 



инновациялық  жобаларды    сараптау  рәсімін  оңтайландыруды,    инновациялық 

гранттарды беру рәсімдерін жеңілдетуді және  автоматтандыруды және оларды  

мониторингтеуді қамтиды.  

Технологиялар  трансферті  және  коммерциялау  бойынша  қызмет 

бағыттарын    табысты  іске  асыру  процесске  қатысушылардың  барлығының 

құзыреттіліктеріне  байланысты,  себебі  технологиялық  дамытуды  тежеуші 

факторлардың бірі инновациялық экожүйе субъектілерінің  құзыреттіліктерінің 

нашарлығы,  өндірушілердің  өз  өндірісін  жаңғыртуға  және  жетілдіруге  деген 

қызығушылықтарының төмендігі немесе хабардар болудың жеткіліксіздігі және 

озық  технологиялар  мен  оларды  қолдану  әдістері  туралы    ақпаратқа 

қолжетімділіктің  шектелуі болып табылады.   

  

Барлық  субъектілерді  тартуды  жандандыру  үшін  озық  технологиялар 



туралы  білім  тарату  және  мынадай  мақсатты  аудиторияларды  қамти  отырып, 

саладағы  тиімді  шешімдер    бойынша  жұмыстар  күшейтіледі:  студенттер,  

стартаптар,  дәстүрлі  ШОБ,  инженерлік-техникалық  құрам,  салалық 

қауымдастықтар,  институттар.  

Өткізілген  жұмыстардың  нәтижелері  бойынша  брокерлік  оқиғалар 

(мамандандырылған  салалық  көрмелер)  ұйымдастырылады,  онда    озық 

технологиялар  көрсетіледі,  сондай-ақ  технологиялар  трансферті  бойынша  

тренингтер,  инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдаудың  құралдары  

бойынша семинарлар ұйымдастырылады.   

Сонымен  бірге  салаларда  білім  беру  бойынша  жұмыстар  жүргізіледі, 

оның  ішінде  технологиялық  кәсіпкерлікті  ынталандыруға  шақыратын  

техникалардың  және  технологиялардың  соңғы  жетістіктерін  пайдалануды 

оқыту. 

 

 




жүктеу 2,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау