Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет18/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83

42
Бұл  модель  әңгімеге  сыныпта  бастама  жасайтын  және  де  оны  бақылап  отыратын  адам 
мұғалім  болатын  жағдайларды  көрсетеді  (Mercer,  1995).  Бұндай  сыныптарда  оқушылардың 
білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік болмайды.
Сұрақ  қою  маңызды  дағдылардың  бірі  болып  табылады,  себебі  сұрақ  дұрыс  қойылған 
жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, 
оны  жақсарта  және  кеңейте  алады.  Оқушылардың  тақырыпты  түсінуіне  қол  жеткізу  үшін 
мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең 
қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс 
емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жау-
ап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар 
қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, 
бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де 
қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, 
сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге 
және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау 
үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі 
тәсілдерін пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жа-
уабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға 
оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жа-
уап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы 
қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау 
барысында оқушыға бағдар беріп отырады.
Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе ала-
тындар бар ма?»
Оқуды  дамытудағы  сұрақтардың  маңызын  қарастыратын  болсақ,  сұрақ  қою  арқылы 
мұғалім:
•  оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
•  оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
•  білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
•  оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;
•  оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді;
•  оқушыларға сын тұрғысынан ойлауға көмектеседі;
•  оқушылардың  бір-бірінен  үйренуіне,  басқа  оқушылардың  идеяларын  құрметтеуіне 
және бағалауына ықпал етеді;
•  әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін 
тереңдетеді және шоғырландырады;
•  оқытуды қиындатып, кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру
Мұғалімдер  бастапқыда  қоятын  сұрақтар  ғана  емес,  оқушылардың  жауаптарымен 
мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де 
мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары 
маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана 
емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру 
үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне 
қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:
•  жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа аудара алады;


43
•  жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;
•  мағынаны  күшейту  үшін  немесе  оны  басқалардың  да  естуі  үшін  жауапты  сөзбе-сөз 
қайталай алады;
•  белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;
•  нақты  кезеңдегі  немесе  алдағы  әңгіме  желісіне  қосу  мақсатында  жауапты  басқа 
сөздермен қайталап айта алады;
•  жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімеде қолдана отырып, тікелей не-
месе жанама түрде);
•  жауапты түзете алады;
•  оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандыра алады;
•  оқушыларға маңызды мәселелерге назар аударуға көмектесе алады.
Бар назарын оқушыларды алдын ала белгілі жауапты табуға жетелеуге аударған мұғалімдер, 
әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап бе-
руге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың 
сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, көптеген 
зерттеулерде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап 
көрсетілген. Харгривс және Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны 
қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай 
кідіретіндігін анықтаған.
Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға, 
қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын 
үштен жеті секундқа дейін созса, бұл төменде көрсетілгендер сияқты басқа да параметрлердің 
өзгеретіндігіне әкеледі:
1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.
2. Ерікті жауаптардың саны.
3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.
4. Қабілеттері төменірек оқушылар жауаптарының саны.
5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.
6. Пікірталас тудыратын жауаптардың жиілігі.
Ойлануға  берілетін  уақыттың  ұлғаюы  (әсіресе  күрделі  жауаптар  үшін)  оқушыларға  өз 
жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақсатқа 
қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек – жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін, 
бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған және терең жауап 
бергендері керек.
Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы 
қарым-қатынастық,  тілдік  дағдылар  және  түсіністікпен  қарау  талап  етіледі.  Мұғалімдер 
қолданысындағы  оқушылар  қысқа  жауап  беретін  сұрақтармен  салыстырғанда,  диалогтік 
сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың 
шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Alexander, R., (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік сөйлесуді 
оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну]. Cambridge: Dialogos UK.
Barnes, D., (1971). Language and Learning in the Classroom. [Сыныптағы тіл және оқыту]. Journal 
of Curriculum Studies, 3(1), 27–38.
Barnes, D., (1976). From communication to curriculum. [Сұхбаттасудан оқыту бағдарламасына 
дейін]. Harmondsworth: Penguin.
Galton, M. & Hargreaves, L., (2002). Transfer from the Primary School: 20 Years On. [Бастауыш 


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау