Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй



жүктеу 3,54 Mb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата14.11.2018
өлшемі3,54 Mb.
#19804
1   2   3   4   5   6   7   8   9

20

халықаралық пакт сияқты құқық қорғау 

механизімдеріне қатысуын қолдайды. осы 

халықаралық механизмдерге қатысатын 

азаматтық қоғам өкілдері заң үстемдігі, 

азаматтық және саяси бостандық, әлеумет-

тік-саяси құқықтар саласында өзгерістер 

енгізу керектігін анықтап, айтып жатады. 

Қор отандық және халықаралық 

құқық қорғау және эдвокаси қызметтерін 

көрсету жолында әрдайым жетекші рөл 

атқарып келе жатқан Адам құқықтары мен 

заңды сақтаудың Қазақстан халықаралық 

бюросына институционалдық қолдау көр-

сетті. Қазақстанның Үеұ-дары коалициясы 

сияқты топтар арқылы Бюроның азамат-

тық қоғамды адвокациялық қызметке 

тарту талпыныстарына қолдау жасадық. 

Қазақстанның Үеұ коалициясы баянда-

малары әмбебап дүркін шолу отырыста-

рында, саяси бостандық (сөз, ар-намыс 

және ассоциациялар бостандығы) және 

осал топтардың құқықтық салаларындағы 

(сонымен қатар, мигранттардың және адам 

саудасы) маңызды кемшіліктеріне назар 

аударды. СҚҚ мәжбүрлеп және жастай-

ынан үйлендіру, әйелдерге көрсетілетін 

зомбылық сияқты сұрақтарға аса ден 

қоятын әйелдерге қатысты кемсітудің 

барлық нысандарын жою туралы Конвен-

ция (әҚКнЖК) бойынша есеп әзірлеуде 

азаматтық қоғамның қатысуын қолдады 

және де Қазақстан Үеұ-ның азаптауға 

қарсы Коалиция бастамаларын қолдап, 

осы саладағы эдвокаси қызметтері арқылы 

айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мысалы, 

2013 жылы Үкімет Азаптауларға қарсы ұлт-

тық сақтандыру (превентивный) механизмін 

қабылдады.

Адам құқықтары саласында 

білім беру

1994 жылы СҚҚ мектептер базасында 

мақсаты жастар арасында адам құқытары 

бойынша білімді арттыру болып табылатын 

инновациялық оқыту жобасын құрды. Қор 

заң факультетінің студенттерін оқытып, 

кейінен олардың мектептерде адам 

құқықтары бойынша семинарларды өткізе 

алулары үшін дайындайтын Street Law-Ка-

зақстан қауымдастығының құрылуына 

қолдау көрсетті. оқыту барысында ой-

талқы, сахналық сот процестері сияқты 

жаңашыл әдістер қолданылды. Жоба 

студенттерді тартып, қызығушылықтарын 

оятып, олардың арасында ой талқысын 

АДАм ҚҰҚыҚТАры 

Құқыққорғаушылардың қатысуымен 

баспасөз конференциясы, Алматы, 2014 ж. 

Фото: Джоанна Лиллис

Сахналық сот отырысы.  

Фото: СҚҚ

тудырды. нәтижесінде жоба қатысушы-

лары негізгі құқықтардың қарапайым 

адамдардың өміріне қалай қатысты екені 

туралы өз тұжырымдарын жасады. «олар-

дың көптеген мәселелерге байланысты 

көздері ашылды. Өздерінің қажеттілігін 

түсінді. Жоба өз мақсатына жетті»,- дейді 

Айжан Мухтарова, Street Law-Казақстан 

қауымдастығының директоры. Яғни, жоба 

оған қатысқан мыңдаған студенттердің 

азаматтық сана-сезімін нығайтты. Студент-

терді оқытудан бөлек, Street Law-Казақстан 

мұғалімдерге арналған семинарлар өткізіп, 

адам құқықтары бойынша оқулықтар топ-

тамасын жариялады. Аталмыш оқулықтар 

үкімет рұқсатымен мектептерде пайдала-

нылды. Street Law-Казақстан тренингтері 

мен семинарлары кәмелетке толмаған 

жастарды бейімдеу орталықтарында және 

әлуметтік тұрғыдан қорғалмаған бала-

ларға арналған мекемелерде өткізілді. Бұл 

- қоғамның осал топтарын өз құқықтары 

мен міндеттері туралы ақпараттандыру үшін 

жасалды. «Жоба Қазақстанда азаматтық 

қоғамның құрулуына үлкен үлес қосты деп 

сенемін», - деді Василий Зенов Street Law 

жобасының тренері, заңгер.

1998 жылы Қор Алматы қаласының 

Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің 

жанында заң факультеті студенттерінің қа-

тысуымен «заң клиникалары» атты жобаға 

қолдау көрсетті. Жоба Қазақстанда тегін 

заңгерлік көмек көрсету тұжырымдама-

сын қалыптастыруға ықпал етті. Ал 2013 




СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

21

Адам құқықтары күнін атап өту барысында 

жастармен кездесу, Алматы, 2013 ж.  

Фото: әсел әбдрахманова 

жылы мемлекет әр азаматқа қылмыстық, 

әкімшілік және азаматтық істер бойынша 

тегін заңгерлік көмек алуға құқық беретін 

кепілді заңгерлік көмек жайында Заң 

қабылдады. Алматы қаласының заңгерлер 

коллегиясының заңгері Гүлнар Байгазина-

ның айтуынша «адамдар бұндай көмекке 

зәру, бірақ кез келген адамның заңгер 

жалдауға мүмкіндігі жоқ».

Ювеналды әділет

2008 жылы СҚҚ қолдауымен маман-

дандырылған Ювеналды әділет жүй-

есінің құрылуы Қазақстанда құқықтық 

жүйені қалыптастырудың маңызды 

кезеңі болды. 2003 жылы Қор ювенал-

ды әділетті дамыту бойынша бастаманы 

жүзеге асыра бастады.  нәтижесінде 

кәмелетке толмаған жасөспірімдер-

ге арналған және олар қажетсінетін 

мамандандырылған заңгерлік көмекті 

алуға кепіл беретін әділ сот жүйесі 

қалыптасты. Қазақстанда Қор қаржы-

ландыруы арқылы жүргізілген зерттеу, 

кәмелетке толмаған азаматтардың 

қажеттіліктерін ескеретін жүйе аясын-

да жасөспірімдерді түрмеге қамаудан 

басқа баламалардың артқанын және 

жасөспірімдерге деген полиция және 

сот тарапынан қарым-қатынастың 

өзгергенін анықтады. 2006 жылы Со-

рос-Қазақстан Қорының қолдауы- 

мен іске қосылған пилоттық жоба 

аяқталғаннан кейін 2008 жылы үкімет 

ювеналды соттың ұлттық жүйесін қа-

лыптастыра бастады. Сорос-Қазақстан 

Қорының бастамалары Үкімет саясаты-

ның ювеналды әділетті орнатуға қарай 

өзгеруіне түрткі болып, Қазақстанның 

отандық тәжірибесін халықаралық 

міндеттерге сай өзгертуіне көмектесті. 

«Бұл жүйе Қазақстанның құқықтық 

жүйесіне айтарлықтай үлес қосқан Со-

рос-Қазақстан Қоры қызыметінің жемісі 

болып табылады», - деді Байгазина 

ханым.


2008 жылы СҚҚ 

қолдауымен 

мамандандырылған 

Ювеналды әділет жүйесінің 

құрылуы Қазақстанда 

құқықтық жүйені 

қалыптастырудың маңызды 

кезеңі болды.


жүктеу 3,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау