Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет22/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50

Экономикалық теория 
 
75 
6.3. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты.  
       Өндірістік функция 
 
Өндіріс  факторларының  нарығы  –  бұл  негізгі  ресурстардың 
нарығы – ол жер, табиғи пайдалы қазбалар, әртүрлі мамандардың 
еңбек  нарығы.  Дамыған  нарықты  экономикада  тағы  осыған 
жатады  мәлімет,  білім, интеллект.  Осыларға  қызмет  жасау  үшін, 
қазіргі жағдайда нарықтың инфрақұрылымы құрылды, ол: 
-  коммерциялық банктер; 
-  қор биржалар; 
-  жылжымайтын мүліктің биржасы; 
-   шикізат биржалары; 
-  инвестициялық қорлар; 
-  еңбек биржалары пайда болды. 
Өндіріс  факторларына  табысты  алу  үшін  меншік  негіз 
болады. 
Мәселен, 
жерге, 
шикізат 
ресурстарына 
және 
жылжымайтын  мүлікке  меншік  рента  және  жалақы  түрінде 
табыстарды алуға құқық береді.  
Жұмысшы  еңбегі,  оның  жұмыс  күші,  интеллектуалдық 
меншікке  құқық,  білім,  кәсіпкерлік  қабілеттіліктер  әртүрлі 
сфераларда және экономика салаларында келесідей қызметтерге 
құқық береді:  
- кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;  
- не жұмысқа жалдау нысанында;  
-  не  дарынына  сәйкес  еркін  интеллектуалдық  меншікпен 
айналысуға.  
Жұмысқа  жалдау  түріндегі  жұмыс  еңбекке,  біліктілікке  және 
дарынға  сәйкес  жалақы  түрінде  табыс  алып  келеді.  Кәсіпкерлік 
қызмет  алынатын  пайдадан  табыс  береді.  Ерекше  дарыны  және 
қабілеттіліктері  бар  адамдар  өнер,  ғылым  және  спорт  әлемінде 
ерекше  жоғары  табыстар  алады.  Машиналар,  техника,  жабдықтар 
экономикалық  тұрғыдан  тиімді  болып  табылады  және  өнім 
өндіруден табыс алып келеді. Осы ресурстардың меншік иесі пайда 
немесе  пайыз  түрінде  табыс  алады.  Ақша  ссудалық  капитал 
нысанында  қолданылған  жағдайда  өзінің  меншік  иелеріне  пайыз 
түрінде  табыс  алып  келеді.  Бағалы  қағаздар  (акциялар)  өзінің 
иесіне дивиденд түрінде табыс береді.       


Н. А. Маженова 
 
76 
Өндірістің  факторларына  сұраныс  пен  ұсыныстың 
ерекшеліктері  бар.  Сонымен,  өндіріс  процесін  жүргізу  үшін 
оған  өндіріс  факторлары  керек.  Өндіріс 
факторларына 
сұраныстың  ерекшелігі мынада. 
Біріншіден,  өндіріс  факторларына  сұраныс  және  олардың 
баға  деңгейі  тұтынушылардың  сұранысынан  туынды  болады. 
Мысалы,  тоқымашы  еңбегіне  сұраныс,  матаның  сұранысына 
тәуелді. Өндіріс факторына сұранысты кәсіпкерлер жасайды. 
Екіншіден, барлық өндіріс факторлары экономикалық және 
технологиялық  өзара  байланысты  және  бір-бірінсіз  бөлек 
пайдаланыла  алмайды.    Өндіріс  үшін  факторларының  көбі 
қажетті:  еңбек,  жер,  техника,  шикізат,  энергия.  Олардың  бәрі 
өзара толықтыратын және өзара ауыстырмалы болу керек. Тірі 
еңбек  –  техникамен,  табиғи  шикізат  –  жасанды  шикізатпен. 
Еңбек,  шикізат  және  техника  бір  –  бірін  тек  бірыңғай  өндіріс 
үрдісінде  ғана  өзара  толықтырушы  болады.  Жекелей  олардың 
әрқайсысының  пайдасы жоқ.  Алайда  олардың  біреуіне  бағаның 
өзгеруі  екіншісіне  сұраныстың  өзгеруін  тудырады.  Мәселен, 
жоғары  жалақы  және  техникаға  төмен  бағалар  еңбекке 
сұранысты 
төмендетуге, 
машинаға 
сұраныстың 
артуын 
туындатуға қабілетті.  
Сұраныс,  бағасы  төмен  факторларға  икемді.  Ол  дегеніміз, 
өзара  ауыстыру  жасап,  қымбат  факторларды  шеттетіп,    өндіріс 
шығындарын түсіруге болады. 
Жалпы  өнім  –  бірнеше  айнымалы  факторлар  санын 
пайдаланумен  өндірілген  игіліктердің  саны.  Жалпы  өнімді 
пайдаланылған  айнымалы  факторлардың  санына  бөлу  арқылы 
орта  өнімді  алуға  болады.  Шекті  өнім  өндіріс  нәтижесінің 
өзгеруі мен өндірістік процесте қолданылып отырған айнымалы 
фактордың санының өзгеруінің қатынасымен анықталады. 
Өндірістік  функция  –    бұл  жоғары  өнім  шығарумен  және 
өндіріс  факторларының  жиынтық  шығындарының  арасындағы 
өзара байланысты анықтайтын техникалық арақатынас. 
Өнім 
шығару 
көлемін 
қамтамасыз 
ететін 
өндіріс 
факторларының әр түрлі бірігуі, альтернативті мүмкіндіктерінің 
бар болуын көрсетумен өндірістік функцияның мәні шектеледі. 


Экономикалық теория 
 
77 
Капитал  мен  еңбек  өндірісте  негізгі  фактор  болып  саналады. 
Сондықтан, өндірістік функция мына түрде жаза аламыз:   
 
Y = F(K,L) . 
 
мұндағы 
Y – өнім шығару көлемі; 
K – капитал шығыны; 
L – еңбек шығыны. 
Бұл  функцияның  графигі  изокванта  деп  аталады.  Изокванта 
өзімен  өнім  шығару  көлемін  біркелкі  алуға  мүмкіндік  беретін  К 
және L факторларының жиынтық комбинациясын ұсынады. 
Изокоста – бұл өзімен шығын құнының бірдей жиынтығын 
қамтамасыз  ететін,  капитал  мен  еңбектің  барлық  мүмкін 
байланысын ұсынатын сызық. 
Изокоста мен изоквантаның қиылысқан нүктесінде – нақты 
өнім  шығару  қөлемін  қамтамасыз  ететін  шығын  ең  төменгі 
деңгейге жетеді. 
 
6.4. Шектелген  табысты шектелген  шығынмен  
       теңестіру принципі 
 
Әрбір фирманың мақсаты көбірек табыс алу болады немесе 
пайданың  максимизациясы  дейді.  Пайданы  максимизациялау 
үшін  фирма  өндіріс  деңгейін  анықтауы  керек.  Алдымен 
пайданың  қалай  анықталатынын  ойға  түсірейік.  Пайда  жалпы 
түсіммен 
жалпы 
шығындардың 
арасындағы 
айырманы 
көрсетеді. Пайда  =  жалпы түсім – жалпы шығындар.  Пайданы 
максимизациялау 
ететін 
өндіріс 
деңгейін 
фирма 
қалай 
есептейді?  Бұл  әдіс  маргинальный  (шектелген  талдау)  деп 
аталады.  Мәнінің  қорытындысы,  жаңа  өнімнің  әрқайсысы 
қосымша  пайда  әкелгенінше  сол  кезге  дейін  өнім  өндіруді  
жалғай  беру  керек.  Өндірістегі  өнімнің  қосымша  бірлігінен 
түсетін табысты шектелген табыс (МR) деп атаймыз. Шектелген 
пайда (МР) шектелген табыс (МR) және шектелген шығындардың 
(МС) айырмасы ретінде есептелінеді МР = МR – МС. 
 
Шектелген пайда   =  Шектелген табыс  –  Шектелген шығын 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау