Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет21/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50

Н. А. Маженова 
 
72 
кәсіпорындар 
өздеріне 
бекітілген 
өндірістік 
қорларды 
оперативті 
пайдалану 
негізінде 
жүргізеді. 
Ал 
олардың 
жауапкершілігі осы қорлардың шегімен шектеледі. 
Акциялар мен облигациялар 
Ірі  бизнесте  көп  кездесетін  ұйымдардың  формалары 
акционерлік  қоғамдар  болып  табылады.  Оларды  құру  мен 
дамыту  акциялардың  сатылуы  мен  шығарылуын  (эмиссиясын) 
көздейді.  Акция  –  оның  ұстаушысы  бар  екенін  куәландыратын 
бағалы  қағаз:  1)  берілген  АҚ  капиталына  белгіленген  сомада 
салынған ақша, 2) осы капиталдың иесі болып табылады, 3) АҚ-
ның  пайдасының  бір  бөлігін  (дивиденд)  алуға  құқығы  бар. 
Акциялардың  әртүрлі  белгілері  бойынша  түрлері  көп  болады. 
Шығарылу  формасы  және  сертификаты    бойынша  акцияларды 
атаулы (сертификат) деп атайды. Осыған қарама-қарсы қолма-
қол  емес акциялар қағаз емес формада болады – Ақ-ның есепке 
алу жазбаларында немесе ЭВМ жадысында болады.  
Акциялар жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Осы 
түрлерінің 
әрқайсысының 
өзінше 
«артықшылығы» 
мен 
«кемшілігі»  бар.  Қарапайым  (жай)  акциялар  а)  дауыс  беруге 
және  қоғамды  басқаруға  қатысуға  құқық  береді,  б)  көп 
дивидендтер  әкеледі  (алынған  пайдадан  пропорционалды 
түрде),  в)  оларды  төлеуді  кейінге  қалдыру  мүмкіндігі  болады. 
Артықшылығы  бар акциялар    көп  кепілдік  береді:  дивидендтер 
тұрақты  төленіп  отырады.  Дегенмен,  олардың  мөлшері  тіркеліп 
отырады,  бұл  табыстың аздығын  білдіреді.  Бұл  акциялар  дауыс 
беру құқығын бермейді. 
Осы  акциялармен  қатар  АҚ  облигациялар  да  шығарады. 
Облигация  –  ұзақ  мерзімді  міндеттеме,  осы  бойынша  АҚ 
облигация  ұстаушыға  кепілдік  береді:      1)  белгіленген  ақша 
сомасын  қайтару,  2)  пайыз  түрінде  тұрақты  табыс  алу. 
Облигациялардың  көмегі  арқылы  ірі  акционерлік  қоғамдар  
инвестиция үшін  қосымша ақша қаражаттарын тартады. 
Бағалы қағаздар нарығы мен акциялар курсы 
Акциялар  мен  облигацияларды  және  басқа  да  бағалы 
қағаздарды шығару мен сату бағалы қағаздар нарығын құрайды. 
Осы  нарықтың  негізгі  қатысушылары  болып  табылады:             
1)  инвесторлар  –  акциялар  мен  облигацияларды  сатып  алушы 


Экономикалық теория 
 
73 
ұйымдар  немесе  азаматтар;  2)  эмитенттер  –  осы  қағаздарды 
шығаратын  акционерлік  қоғамдар;  3)  инвестициялық  институттар 
–  бағалы  қағаздар  нарығын  ұйымдастыратын  және  қызмет 
көрсететін  әртүрлі  мекемелер:  қор  биржалары,  инвестициялық 
кеңесшілер,  инвестициялық  компаниялар,  инвестициялық  қорлар. 
Солардың  ішінде  негізгісі  қор  биржасы  болып  табылады,  ол 
бағалы  қағаздардың  сату-сатып  алынуын  кәсіби  дәрежеде 
ұйымдастырады.  Кеңесшілер  бағалы  қағаздар  айналысы  мен 
эмиссияның  сұрақтары  бойынша  нұсқаулар  береді.  Компаниялар 
эмитенттердің тапсырысы бойынша бағалы қағаздарды шығарады 
немесе  сатады.  Инвестициялық  қорлар  инвесторларға  бос 
ақшаларын  тиімді  орналастыруға  көмектеседі.  Қорлар  алынған 
қаржыларды әртүрлі  АҚ-ның бағалы қағаздарына салады.  
Эмитент  акцияларын  сату  олардың  алғашқы  иелеріне 
номиналды  бағасы  бойынша  сатылады,  яғни  бағалы  қағазда 
көрсетілген  бағамен.  Акцияларды  еркін  сату-сатып  алу  акциялар 
курсы деп аталады. Акциялар курсы -  сұраныс пен ұсыныс арқылы 
белгіленген  олардың  нарықтық  бағасы  және  олар  көптеген 
факторларға  тәуелді  болады:  берілген  АҚ-ның  шаруашылық 
табыстары  мен  болашағынан,  оның  дивидендтерінің  мөлшері  мен 
кепілдендірілуіне 
байланысты, 
салымдар 
бойынша 
банк 
пайызынан  және  т.б.  Жетекші  компаниялардың  акциялар 
курсының 
тербелісі 
берілген 
елде 
және 
жалпы 
әлемде 
экономикалық конъюнктураға өз әсерін елеулі тигізеді. Сондықтан 
көптеген  елдерде  ірі  фирмалардың  акциялар  курсының  өзгерісін 
көрсететін  күнделікті  арнайы  индекстер  есептеліп,  басылып 
шығарылады,    және  іскерлік  белсенділіктің  деңгейі  көрсетіледі. 
Осындай  көрсеткіштердің  ішіндегі  әйгілісі  Доу-Джонс  индексі 
болып табылады – АҚШ-тағы жетекші компаниялардың акциялар 
курсының орташа көрсеткіші.  
 
6.2. Қазақстан  Республикасында  кәсіпкерліктің дамуы 
 
Республикадағы  кәсіпкерлік  өтпелі  кезеңнің  күрделі  және 
әрқашан  жағымды  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси 
жағдайларда 
қалыптасады. 
Әртүрлі 
сипаттағы 
бірқатар 
қиыншылықтар  оның  динамикалық  тұрғыда  дамуына  кедергі 


Н. А. Маженова 
 
74 
келтіреді.  Мәселелер,  экономиканың  жалпы  дағдарыстық 
жағдайымен  және  бюджет  тапшылығымен,  кәсіпкерліктің  кең 
ауқымды  дамуына  үлкен  импульс  беру  үшін  қаржылық 
ресурстардың  жетіспеушілігімен,  барынша  жетілген  өнім  мен 
қызметтерді  өндіруді  реттеу  есебінен  толыққанды  тапшылығы 
жоқ  нарық  жағдайында  өз  қуысын  таба  алмау  қабілеттілігімен, 
іскерліктің 
болмауымен, 
заманның 
менеджмент 
және 
маркетингтің әдістерін білмеуімен байланысты.  
Әлеуметтік  сауалнамаларға  сәйкес  Америкада  бизнесмендерді  
келесідей  кәсіпкерлік  мәселелер  қатты  толғандырады:  пайда 
алу, бизнес өсуін басқару және қолдау, ақша ағындарын реттеу, 
жаңа  технологиялар.  15  маңызды  мәселелердің  ішінен  –  ел 
экономикасының  жағдайы  туралы  мәселе  5  орында,  капиталға 
қолжетімділік  –  11  орында,  сыбайлас  жемқорлық  және 
инфляция мүлдем көрсетілмеді.  
Қазақстанда  –  бірінші  орында  салықтық  саясат,  екінші 
орында  жалпы  экономикалық  жағдайдың  тұрақтылығы,  үшінші 
орында  –  несиелік  саясат,  одан  кейін  өткізу,  шикізатпен 
қамтамасыз  ету  мәселелері,  соңғы  орында  –  мемлекеттік 
органдармен өзара әрекеттестік.  
Осының барлығы мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көмек 
керек қажеттілігін көрсетеді.  
Кәсіпкерлік  қажетті  нарықтық  құрылымның  құрылуынсыз 
және  өзара  байланыссыз  қалыпты  әрекет  ете  алмайды.  Бұл 
қатынаста  біздің  экономикаға  бірқатар  мәселелерді  шешу  керек. 
Біріншіден,  экономиканы  басқарудың  әміршіл-әкімшіл  жүйесінің 
күйзелісі  жағдайында  мемлекеттік  органдардың  және  әртүрлі 
деңгейдегі  аппараттың  филиалданған  бөліктерінің  үстемдігінен 
кәсіпкерлерді  қорғауды  қамтамасыз  ету  керек.  Екіншіден, 
коммерциялық  банктер,  сақтандыру  және  биржалық  мекемелер, 
аудиторлық  және  кеңес  беру  фирма    және  өзге  де  мекемелер 
түрінде  кәсіпкерлік  инфрақұрылымын  құру  қажет.  Үшіншіден, 
кәсіпкерліктің  мотивациялық  базасын  құру  үшін  экономиканың 
қызмет  етуінің  бәсекелестік-сайыстық  тәртібі  керек.  Төртіншіден, 
өркениетті  кәсіпкерлік  үшін  жағдай  құру  туралы  айта  отыра, 
заңнамалық 
және 
шаруашылық 
функция 
арқылы 
оның 
қалыптасуында мемлекеттің елеулі рөлін ұмытпау қажет. 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау