Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет17/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50

Н. А. Маженова 
 
56 
7)  М1,  М2,  М3  ақша  агрегаттарының  бөліну  негізіне  
жатады: 
A) олардың өтімділігі; 
B) олардың айналыстағы жылдамдығы; 
C) инфляцияға ұрыну дәрежесі; 
D) атқаратын қызметтеріне қарай; 
E) жинақтау құралы ретінде. 
 
8) Нарықтағы “Көрінбейтін қол” терминнің авторы:  
A) Д. Рикардо; 
B) Ж.Б. Сэй; 
C) А. Смит; 
D) К. Маркс; 
E) А. Маршалл. 
 
9) Бағалық дискриминация дегеніміз – бұл: 
A)  біркелкі  өнімдерді  әрбір    сатып  алушыға  әртүрлі 
бағамен сату; 
B)  жалақыда жынысы  мен  ұлтына  қарай айырмашылықтар 
болуы;  
C)  тұтыну  тауарларына  жоғары  баға  қойып,  еңбекшілерді 
қанау; 
D) жоғары сапалы тауарлардың бағасын көтеру; 
E) төменгі сапалы тауарлардың бағасын төмендету. 
 
10) Нарық инфрақұрылымдарының элементтері болады: 
А) тауар және қор биржалары, еңбек биржасы, сауда үйлері; 
В) әкімшілік, соттар, прокуратура; 
С) зауыт пен фабриктер; 
D) өндірістің материалдық жағдайлары; 
Е) адамның өмір сүру жағдайы. 
 
Тест  сұрақтарының  дұрыс  жауаптары:  1D,  2D,  3В,  4А,  5Е, 
6А, 7А, 8С, 9А, 10А. 
 
 


Экономикалық теория 
 
57 
5.  СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫC ТЕОРИЯСЫНЫҢ  
НЕГІЗДЕРІ 
 
5.1. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы.  
       Сұранысқа бағадан басқа әсер ететін факторлар 
 
Сұраныс – бұл ақшамен қамтамасыз етілген тұтынушылық. 
Сұраныс  заңы  ол,  баға  және  сатып  алынатын  тауарлардың 
арасындағы  кері  тәуелділікті  көрсетеді.    Егер  тауардың  бағасы 
өссе, онда сұраныс  көлемінің азаюына әкеледі.  Және керісінше, 
егер баға төмендесе, онда сол тауардың сату көлемі көбейеді. 
Бұндай  тәуелділіктер  туатыны,    тауардың  тапшылығы 
пайда  болғандықтан  және  баға  өсе  бастағандықтан.  Немесе 
нарықта  артық  тауарлар    болғанда,  ал  оларды  сату  мүмкіндігі 
тек бағаның төмендеген жағдайында болады. 
Сұраныс  заңы  тағы  басқа  маңызды  кезеңді  көрсетеді  –  ол, 
сұранысының  қанағаттанған  салдарында  болатын  тұтынушылық, 
біртіндеп  сұраныстың  төмендеуі.  Сұраныстың  азаюы  болатын 
себебі,  ол,  біртіндеп  сатып  алынатын  тауар,  тұтынушыға  аздаған  
қанағаттандырушылық  әкеледі.  Бұл  жағдайда  сұраныс  заңы 
экономикалық игіліктің шектелген пайдалылығы азаюының  заңның 
әрекетімен кездеседі. Әрбір қосымша тауардың бірлігін тек оларды 
төменгі бағамен сату мүмкіндігінде ғана болады. Тұтынушылар сол 
тауарды  тек  бағасы  төмендегенде  ғана  қосымша  сатып  алады. 
Тауардың  бағасы  және  оның  сатылу  санының  арасындағы  кері 
тәуелділікті сұраныс қисығымен көрсетуге болады. 
 
 
 
1.5-сурет. Сұраныс қисығы 
Р (баға) 
Q (мөлшері) 

А
В 


Н. А. Маженова 
 
58 
Сұраныс  қисығы  теріс  еңкіште  болады,  себебі  ол  екі 
ауыспалының  -  баға  және  тауардың  сатылу  көлемінің  санының 
арасындағы кері сызықтық тәуелділікті бейнелейді (суреттейді), 
тағы  да  оның  бағасының  төмендеуімен  түсіндірілетін,  осы 
тауардың әрбір қосымша сатылуының төмендетілген шектелген 
пайдалылығымен байқалады. 
А және В әрбір нүктесі екі  белгілі мағынасына сәйкес: баға 
және  сатылу  көлемі.  D  қисығы  өзгермейді,  оның  сол  немесе 
басқа  жаққа  қозғалуы  болған  жоқ.  Бұл  дегеніміз,  сұраныс 
өзгермеді.  Ол  орында  қалды.  Бағаның  өзгеруі  тек  тауардың 
сатылу көлемін өзгертті, ал сұранысы өзгерген жоқ. 
Сұранысқа  бағадан  басқа  әсер  ететін  факторлар  болады. 
Сол кезде сұраныс қисығы «жоғары»  немесе «төмен» орнынан 
жылжиды. 
1.  Тұтынушылардың  талғамының  өзгеруі.  Мысалы,  егер 
салауатты  өмір  жүргізсе,  онда    табак,  алкоголь  өнімдеріне 
сұраныс  төмендейді,  ал  велосипед  және  туристік  жабдықтарға 
сұраныс өседі. 
2.  Сатып  алушылардың  санының  өзгеруі.  Мысалы,  бала 
туудың  қысқаруы,  балалар  тауарына  сұранысты  төмендетуге 
әкеледі,  ал  адам  өмірінің  ұзаруы  медициналық  қызметке 
сұраныстың көбеюіне әкеледі. 
3.  Тұтынушылар табысының өзгеруі. Жоғарғы категориядағы 
тауарлар  бар,  оларды  тағы  да  «дұрыс»  тауарлар  дейді  және 
төменгі  категориядағы  тауарлар  –  оларды  Гиффен  тауарлары 
дейді.  Мысалы,  егер  табыс  өссе,  онда  адамдар  өте  жұғымды 
тағамдарды  тұтынады:  көп  ет  және  сүт  өнімдері,  төменгі 
категориялы  тауарларды  аз  тұтынады:  нан  және  картоп. 
Тауарларға бағаның төмендеуіне қарай нақты табыс бар көбеюі 
мүмкін.  Мысалы,  ақшалай  табыс  200  ақшалай  бірлік,  тауардың 
бағасы 10 ақшалай бірлік, онда тауардың 20 бірлігін сатып алуға 
болады.  Егер  тауардың  бағасы  5  ақшалай  бірлікке  дейін 
төмендесе,  онда  өткендегі  20  бірлікті  100  ақшалай  бірлікке 
сатып  алуға  болады.  Ал  қалған  100  ақшалай  бірлікке  қосымша 
сондай  тауарлар  сатып  алуға  болады.  Нақты  табыстың  мұндай 
көбеюін және тұтынушылар сұранысының тауардың бағасының 
төмендеуінен өсуін табыстың тиімділігі деп атайды


Экономикалық теория 
 
59 
4.  Қос  тауарларға  бағаның өзгеруі. Қос  деп тауарлардың 
келесі екі түрін айтады: 
Өзара  айырбастайтын  тауарлар  –  бұл  сол  және  сондай 
қажеттілікті  қанағаттандыратын  тауарлардың  тобы  (шәй  және 
кофе,  май  және  маргарин,  әуе  және  теміржол  тасылымдары). 
Бұнда  бірінші  тауардың  бағасы  мен  екінші  айырбастайтын  
тауардың  сұранысына    тікелей  байланыс  бар.  Мысалы,  сиыр 
етіне  бағаның  төмендеуі,  құс  етіне  сұранысты    төмендетеді. 
Бұнда орын басу тиімділігі  деп аталатын құбылыс әрекет жасай 
бастайды.  Сиыр  етінің  арзандауы  оны  өте  тартымды  жасайды 
және тұтынушылар онымен басқа қос  өнімдерге ауыстырады. 
Өзара  толықтырушы  тауарлар  –  бұл,  бір-бірінен 
«айырылмайтын» тауарлар, оларға сұраныс бір уақытта болады. 
Бұлар фотоаппарат пен фотопленка, автомобиль мен бензин, т.б.  
Мұнда  бір  тауардың  бағасы  мен  келесісіне  сұранысының  
арасында  кері  байланыс  бар.  5.  Халықтың  сол  тауарды 
тұтынушылығындағы  қанағаттандырушылық  деңгейі:  ол 
жоғарылаған  сайын,  оған  сәйкес  сұраныс  төмендейді.  Осыған  
байланысты,  шектелген  пайдалылықтың  азаюы  деп  аталатын 
заңға  тұтынушылық  бағынады.  Заттың  пайдалылығы  –  бұл 
адамның  бірден  бір  қажеттілігін  қанағаттандыру  қабілеттілігі. 
Шектелген  пайдалылық  –  бұл,  тұтынушының  сол  тауардың 
әрбір жәңасын сатып алудағы қанағаттанушылық. Шектелген 
пайдалылықтың  азаюы  заңы,  әрбір  келесі,    немесе  сол  басқа 
өнімнің  пайдалылығының  төмендейтінін  көрсетеді.  Тұтынушыға 
сол  тауардың  сатып  алуын  көбейту  үшін  оның  бағасын 
төмендету  керек.  Мысалы,  бір  бөлмедегі  телевизор  және  басқа 
бөлмелерге телевизор алуы. 
 
5.2. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы.  
       Ұсынысқа, бағадан басқа әсер ететін факторлар 
 
Нарықтағы  ұсыныс,  өндірілетін  және  сатуға  ұсынылатын 
тауарлардың  бағасы  мен  көлемінің    арасындағы  тікелей 
тәуелділікті  көрсетеді.  Ұсыныс  заңы,  егер  баға  жоғарыласа, 
онда сол нарыққа сатуға көп тауарлар түседі. Және керісінше, 
егер  тауардың  бағасы  төмендесе,    осы  тауарлардың  өндірісі 


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау