© Copyright 2010 Hewlett-Packard
Development Company, L.P.
ATI Catalyst белгісі - Advanced Micro
Devices, Inc. компаниясының сауда
белгісі. Microsoft жəне Windows белгілері
- Microsoft Corporation корпорациясының
АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.
Bluetooth белгісі – Hewlett-Packard
Company компаниясының лицензия
бойынша пайдаланатын сəйкес иесінің
сауда белгісі. SD Logo белгісі – оның
иесінің сауда белгісі.
Осы құжат қамтитын ақпарат алдын ала
ескертусіз өзгертілуі мүмкін. НР өнімдері
мен қызметтеріне барлық кепілдіктер
аталған өнімдер мен қызметтерге
тіркелетін осы кепілдіктер туралы
анықтамаларда белгіленген. Осы
құжатта берілген ешбір мəліметті
қосымша кепілдік ретінде түсіндіруге
болмайды. HP осы құжаттағы техникалық
немесе басылған не түсіп қалған қателер
үшін жауапты болмайды.
Бірінші басылым: қазан, 2010ж.
Құжат бөлігінің нөмірі: 626325-DF1
Өнім ескертпесі
Бұл нұсқаулық көптеген модельдерге
бірдей болатын мүмкіндіктерін
сипаттайды. Кейбір мүмкіндіктер
компьютеріңізде жұмыс істемеуі мүмкін.
Бағдарламалық құрал терминдері
Осы дербес компьютерде алдын ала
орнатылған кез келген бағдарламалық
құрал өнімін орнатсаңыз, көшірсеңіз,
жүктеп алсаңыз немесе басқа жолмен
пайдалансаңыз, HP Түпкі пайдаланушы
лицензиялық келісіміне (EULA) бағынуға
келісесіз. Егер сіз осы лицензиялық
шарттармен келіспесеңіз, төленген
қаражатты компьютерді сатқан орынның
қаражат қайтару ережелеріне сəйкес
қайтару үшін пайдаланбаған өнімді
(жабдықты жəне бағдарламалық
құралды) 14 күн ішінде сатушыға қайтару
жалғыз шараңыз болып табылады.
Компьютер үшін төленген қаражатты
толығымен қайтару туралы толық
ақпаратты жергілікті сату нүктесінен
(сатушыдан) алыңыз.
Пайдаланушы нұсқаулықтары
НР компаниясы өнімдерінің қоршаған
ортаға əсерін азайту міндетін мойнына
алады. Осыған байланысты
пайдаланушы нұсқаулықтары мен
үйретуші орталықтарды компьютердің
қатты дискісіндегі Анықтама жəне қолдау
орталығында орналастырылады.
Пайдаланушы нұсқаулықтары үшін
қосымша қолдау мен жаңартуларды веб-
тораптан алуға болады.
Қауіпсіздік ескертпелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Күйік алу қатерін азайту жəне компьютерді қызып кетуден сақтау үшін,
оны тізеге қоймаңыз немесе ауа желдеткішінің саңылауларын бітемеңіз. Компьютерді тек қатты
жəне тегіс бетте пайдаланыңыз. Жақын жерде тұрған принтер сияқты қатты заттардың немесе
жастық, кілем не киім сияқты жұмсақ заттардың ауа келу жолдарын бітеуіне жол бермеңіз.
Компьютермен жұмыс істеу кезінде айнымалы ток адаптерінің дене немесе жастық, кілем
немесе киім сияқты жұмсақ заттармен қатынасуына да жол бермеңіз. Компьютер мен
айнымалы ток адаптері ақпараттық құралдар аумағында қолданылатын (IEC 60950) құрылғы
қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттармен анықталған пайдаланушыларға арналған
шектелген бет температурасы талаптарына сəйкес болуы қажет.
v
Maзмұны
1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1
Қандай келесі қадам ........................................................................................................................... 2
HP 3D Фильм технологиясы .............................................................................................. 2
Beats Audio ......................................................................................................................... 3
Stardock ............................................................................................................................... 3
ATI Eyefinity көп дисплейлі технологиясы ........................................................................ 4
Бір үлкен экран үшін дисплейлер конфигурациясының мысалы ................... 4
Экрандық суретті ауыстырып көрсету ............................................................. 4
ATI Catalyst басқару орталығын пайдалану .................................................... 4
Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 5
2 HP 3D Фильм технологиясын пайдалану ................................................................................................. 7
3D пайдалану қауіпсіздігі туралы ақпарат ........................................................................................ 7
Стереоскопиялық көру жəне 3D дегеніміз не ................................................................................... 9
HP 3D Фильм технологиясы дегеніміз не ......................................................................................... 9
Белсенді модуляторы бар HP 3D көзілдіріктерін пайдалану ........................................................ 10
3D көзілдіріктерінің бөліктерін анықтау .......................................................................... 10
3D көзілдіріктерін қосу жəне өшіру ................................................................................. 11
3D Фильм технологиясын пайдалану ............................................................................................. 12
3D пішімдерін түсіну ......................................................................................................................... 13
HP MediaSmart пайдалану ............................................................................................................... 14
3D параметрлерін түсіну ................................................................................................. 15
Жаңарту жиілігін реттеу .................................................................................. 16
Сол жəне оң камера түсіретін көріністерді ауыстыру ................................... 16
2D жəне 3D режимдерінің арасында ауыстыру ............................................ 17
2D жəне 3D режимдеріне арналған параметрлер ........................................ 18
3D көзілдіріктеріне күтім көрсету ..................................................................................................... 19
Саптамаларды пайдалану .............................................................................................. 19
Батареяны ауыстыру ....................................................................................................... 20
3D көзілдіріктерін тазалау ............................................................................................... 21
Көзілдіріктерді қолдану .................................................................................................... 21
Ақаулықтарды жою жəне жиі сұралатын сұрақтар ......................................................................... 22
Мен 3D мазмұнын көре алмаймын ................................................................................. 22
Компьютерімде қандай 3D пішімдеріне қолдау көрсетіледі ......................................... 23
vii