x
1
Қош келдіңіз
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
●
Қандай келесі қадам
●
Ақпаратты табу
Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асыру маңызды:
●
Интернетке қосылу—Сымды немесе сымсыз желіні Интернетке қосылатындай етіп
баптау үшін қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін
Желіге қосылу 35-бетте
атты
бөлімді қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту—компьютерді вирустар келтіретін
зияннан қорғау үшін қолданылады. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала
орнатылады да, тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады. Қосымша ақпарат алу үшін
HP ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулықты қараңыз.
●
Компьютермен танысу—Компьютер мүмкіндіктері туралы ақпарат алу үшін
қолданылады. Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 25-бетте
жəне
Пернетақта
мен меңзегіш құрылғылар 40-бетте
атты бөлімдерден қараңыз.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасау—Амалдық жүйе мен бағдарламалық құралдарды
жүйе тұрақсыздағы немесе ақаулығы жағдайында зауыттық параметрлерге келтіру үшін
қолданылады. Нұсқауларды
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру 60-бетте
атты
бөлімнен қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралдарды табу—Компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдардың тізіміне кіру үшін қолданылады. Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін
бағдарламалық құралдарды пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін
бағдарламалық құралмен қоса немесе өндірушінің веб-торабында қамтамасыз етілуі
мүмкін бағдарламалық құралды өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
1
Қандай келесі қадам
HP 3D Фильм технологиясы
HP 3D Фильм технологиясы əдеттен тыс, студиялық сапалы, стереоскопиялық 3D ойын-сауық
мүмкіндігін береді. Компьютерде қамтылған 3D мүмкіндіктері, сондай-ақ белсенді модуляторы
бар HP 3D көзілдіріктері тамаша 3D көру мүмкіндігін береді. Қосымша ақпарат алу үшін
HP 3D
Фильм технологиясын пайдалану 7-бетте
атты бөлімді қараңыз.
ЕСКЕРІМ:
3D Фильм технологиясын жəне 3D көзілдіріктерін пайдаланбас бұрын 3D
пайдалану қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат оқып шығыңыз. Егер стереоскопиялық 3D
суретін көру кезінде физикалық проблемалар байқасаңыз, дəрігерге барып көріңіз.
2
Бап 1 Қош келдіңіз
Beats Audio
Beats Audio таза дыбысты сақтап, жақсы басқарылатын төменгі жиілікті қамтитын,
жақсартылған аудио профайлы болып табылады. Beats Audio əдепкі параметрлер бойынша
қосылған.
▲
Beats Audio төменгі жиілік параметрлерін азайту немесе ұлғайту үшін
fn+b
пернелерін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Төменгі жиілік параметрлерін Windows амалдық жүйесі арқылы да көруге
немесе басқаруға болады. Төменгі жиілік сипаттарын көру жəне басқару үшін Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне
дыбыс) > Панель управления HP Beats Audio (HP Beats Audio басқару тақтасы) >
Выравнивание (Теңестіру) пəрмендерін таңдаңыз.
Төменде берілген кестеде
fn+b
пернелерін басқан кезде көрсетілетін Beats Audio белгішелері
сипатталады.
Белгіше
Сипаттама
Beats Audio қосылғанын көрсетеді.
Beats Audio ажыратылғанын көрсетеді.
Stardock
Stardock мына мүмкіндіктерді қамтиды:
●
Stardock MyColors—Windows жүйесінің əдеттегі жұмыс үстелінің көрінісі мен
мүмкіндіктерін түрлендіретін жұмыс үстелінің теңшелетін тақырыбын ұсынады. Жаңа
жұмыс үстелі тұтынушы белгішелерін, бейнелеу мəнерлерін (Пуск (Бастау) түймешігі мен
тапсырмалар тақтасы) жəне сəйкес тұсқағазды қамтиды.
Стандартты Windows тақырыбына қайту үшін Stardock MyColors бағдарламасын ашыңыз
жəне стандартты Windows тақырыбын таңдаңыз.
●
Stardock Fences—жұмыс үстеліндегі белгішелерді реттеуге араналған. Өзгертпелі
тақырып қолданылғаннан кейін жұмыс үстеліндегі барлық белгішелер экранның төменгі
сол жақ бұрышында үстінде себеті бар тік бағанаға немесе «қоршауға» орналастырылады.
Fences өзгерту немесе Fences бағдарламалық құралының анықтамасын қарау үшін Пуск
(Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Stardock пəрмендерін таңдаңыз.
Fences пəрменін таңдап, одан кейін Fences.lnk тармағын таңдаңыз.
Қандай келесі қадам
3
ATI Eyefinity көп дисплейлі технологиясы
Компьютер қолдайтын ATI Eyefinity технологиясының мына мүмкіндіктері бар:
●
Егер дисплейлердің біреуі компьютердегі Mini DisplayPort ағытпасына жалғанса, үшке
дейін сыртқы дисплейді пайдалануға болады.
●
Кескінді сыртқы дисплейлердің тобы арқылы бөліп бір үлкен экраннан көрсете отырып
жаңа дисплей конфигурациясын ұсынады.
Бір үлкен экран үшін дисплейлер конфигурациясының мысалы
3 сыртқы дисплей пайдаланып, кескінді бір үлкен экранда көрсету барысында компьютер
дисплейі өшірулі болады. 3 сыртқы дисплей компьютерге сыртқы монитор порты (VGA), Mini
DisplayPort ағытпасы жəне HDMI порты арқылы қосылады.
ЕСКЕРІМ:
SLS режимін қалыптастыру үшін барлық дисплейлерді бірдей ажыратымдылыққа
теңшеу қажет. Түрлі базалық ажыратымдылығы бар дисплейлер базалық емес
ажыратымдылықтарды пайдалану арқылы SLS режимін қалыптастыра алады.
ЕСКЕРІМ:
Windows 7 жүйесі 2 сыртқы дисплейді ғана қолдайды. Windows 7 жүйесінде 3
сыртқы дисплей параметрлерін реттеу үшін
ATI Catalyst басқару орталығын
пайдалану 4-бетте
бөлімін қараңыз.
Экрандық суретті ауыстырып көрсету
Қосылған дисплейлердің санына қарамастан 4 конфигурация таңдауы көрсетілетін тілдесу
терезесін ашу үшін
Экрандық суретті ауыстырып көрсету
əрекет пернесін басыңыз.
●
Компьютер ғана режимі—сыртқы дисплейді өшіріп, кескінді компьютер дисплейінде ғана
көрсетеді.
●
Қайталама көшірмесі режимі—компьютер дисплейінің көшірмесін компьютердегі сыртқы
монитор портына (VGA) қосылған сыртқы дисплейде көрсетеді.
●
Кеңейтілген режим—жұмыс үстелін компьютер дисплейімен қатар қосылған барлық
сыртқы дисплейлерде көрсетеді.
●
Проектор ғана режимі—компьютер дисплейін өшіріп, қосылған барлық сыртқы
дисплейлерді кеңейтілген жұмыс үстеліне ауыстырады.
ЕСКЕРІМ:
Бейне шығыс жəне əдепкі шығыс құрылғыларды ATI Catalyst™ басқару орталығы
арқылы басқаруға болады.
ATI Catalyst басқару орталығын пайдалану
Жұмыс үстельдері мен дисплейлерді баптау жəне ATI Eyefinity құралын басқару үшін ATI
Catalyst басқару орталығын пайдалану қажет.
4
Бап 1 Қош келдіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |