-
кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық және
қылмыс;
-
каникулдағы демалысты ұйымдастыру;
-
ұжымдық шығармашылық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;
-
оқушылардың жұмыспен қамтылуы, олардың жалпымектептік істер мен
шараларға белсенді қатысу деңгейі;
-
түрлі деңгейлі байқауларға, фестивальдар мен жарыстарға қатысуы;
-
ата-аналар жиналысына қатысуы;
-
тәрбие процесін бағдарламалық қамтамасыз ету;
-
оқушылардың өзіндік басқару қызметі;
-
мамандар;
-
тәрбие процесін материалдық-техникалық жабдықтау;
-
тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
-
кәсіби құзыреттілікті арттыру (біліктілікті арттыру курстары және т..б).
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие жүйесін
жаңарту нәтижелілігінің мониторингін ұсынамыз.
Мектепте мониторингтің бұл түрінде төмендегілер мүмкіндігінше зерттелу
қажет:
-
оқушының тұлғалық құндылықтарының деңгейі;
-
жалпыадамзаттық құндылық ретінде денсаулық жайының деңгейі;
-
тәрбиелілік деңгейі жалпыадамзаттық құндылық ретінде;
-
байқаулар, шаралар мен акцияларға қатысу деңгейі;
-
ұлттық салт-дәстүрлер, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
-
отбасы, мектеп, қоғамдық ұйымдар және түрлі мекемелердің
ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекетінің деңгейі.
Білім беру ұйымы ұрпақтан ұрпаққа тек жалпыадамзат ғасырлар бойы
жиған білімді ғана емес, сол сияқты адамзат игілігі үшін пайдалануға мүмкіндік
беретін халық даналығын жеткізуі тиіс.
Осы тұрғыда терең тұлғааралық қарым-қатынас, аралық қызметтің
кеңістігі ретінде қарым-қатынас, таным және іс-әрекеттің рухани формалары
сияқты оқушының жан-дүниесін түсінетін, рухани кеңістікке саналы шығу:
нақылдар, аңыздар, адамзаттың ұлы Ұстаздарының ілімі мен өмірінің тарихы
бойынша әңгіме жүргізуді білдіреді [5].
Жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу
қажеттілігіне баса назар аудара отыра ұлттық құндылықтарды, ұлттық
тәрбиенің көпғасырлық жетістіктерін елемеуге болмайды. Ұлттық тәрбие –
белгілі бір халықтың мыңдаған жылдар бойы жасаған көзқарас, сенім, мұрат,
дәстүр, әдет-ғұрып жүйелері, тұлғааралық қарым-қатынас, наным
ерекшеліктері және т.б.
Ғылыми негізделген, дұрыс ұйымдастырылған шынайы ұлттық тәрбие
халықтың тарихи өткенін көрсетеді, оның алдағы уақытта даму перспективасын
анықтайды. Егер нысанды ұйымдстыру, іріктеу және құру шарттары бойынша
тұлғаның оны сезінуі мен бағалау қажеттілігін тудыратын мақсатты іс-әрекет
48
жүзеге асырылған жағдайда қандай да бір құндылық тұлға мүддесінің нысаны
болады.
Оқушының рухани-адамгершілік тәрбиесінің логикасы кезеңдердің
бірізділігінен тұратынын атап көрсету қажет:
1.
Аморфты теріс саты жасөспірімнің құндылықтар жүйесіне қарама-
қарсы антиқұндылықтарға ынтасы ретінде сипатталады, ол рухани-
адамгершілік даму өзгерісінің кері руханилық жаққа ауытқудың «бастамасы»
ретінде бағаланады; жасөспірімнің қарама-қарсылықсыз құндылықтар жүйесі
аморфты сатының құрылымы болып саналады, олардың әлемнің екі
ұдайлығын түсінуі нәтижесінде құндылықты-мәнді аядағы қарама-
қайшылықтар өз шешімін табады.
2.
Фрагментті сатыда тұңғыш рет олардың өздерінің ішкі
проблемаларын түсінуі және рефлексия тәжірибесін алуы арқылы өзін өзі
жетілдіру қажеттілігі туындайды, ішкі дүниесіндегі қарама-қайшылықтар
шешіледі.
3. Рухани тәрбиенің жағдаяттық сатысында жасөспірімнің басқа
адамды түсіну мүддесі және Басқа жанмен құндылықты-маңызды сұхбаты
өзектенеді, ол өзара қарым-қатынас аясындағы қарама-қайшылықтың өз
шешімін табуына ықпал етеді.
4.
Біртұтас саты жасөспірімнің рухани өзіндік жетілуі мен үйлесімді
рухани өмірі оның қарама-қайшылықтарын шешу есебінен дамыған
қабілеттерімен сипатталады. Аморфты теріс, аморфты, фрагментті, жағдаятты
және біртұтас сатылардың заңды алмасуынан тұратын жасөспірімнің рухани
тәрбиесінің логикасы жасөспірімнің рухани дамуының динамикасымен
белгіленген. Оның білім алушының рухани дүниесімен байланысты
жасөспірімнің теріс рухани жағына қарай даму векторын көрсететін және
керіқұндылықтарға ынтасын сипаттайтын рухани тәрбиесінің сатысы
көрсетілген және негізделген.
Тұлға дамуының жалпы, әлеуметтік-адамгершілік және кәсіби процесі
оқушылар оқыту субъектісі болған кезде тиімді сипатқа ие болады. Мұндай
заңдылық іс-әрекеттік және тұлғалық тәсілдердің бірлігін ескереді. Қоғамның
рухани мәдениетінің барлық салаларында, әсіресе білім беру және тәрбие
саласында қазақстандық мектепті педагогика ғылымының ұлттық және
жалпыадамзаттық мұраттары бірлігінде оның өзгешелігі мен ерекшелігін
нығайтуға бағдарлана отыра, одан ары реформалау проблемалары тұрғысында
ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау, дамыту және байыту, келесі
ұрпаққа жеткізу өзекті болады.
Тұжырымдаманың негізгі жүйе-құрайтын идеялары: білім берудің ең
маңызды және уақыт сынынан өткен ұлттық құндылықтары, олар
жалпыадамзаттық педагогикалық құндылықтарға табиғи түрде қосылады және
керісінше; білім берудің ұлттық құндылықтары, жалпыадамзаттық
құндылықтар сияқты – тұрақты емес, керісінше тарихи, яғни берілген елдің
әлеуметтік-экономикалық және мәдени шарттары белгілі бір қоғамдық
49
Достарыңызбен бөлісу: |