Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет6/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

13 
 
Педагогикалық  өзара  әрекеттесу  баланың  өзінің  танымы  мен  дамуының 
деңгейін, ырғағын, көлемін, нәтижесін ерікті таңдауға деген бала құқықтарын 
сөзсіз тануға негізделуі тиіс. 
Осы  айқындамалардың  барлығы  балалар  ұжымының  бағдарламаларында, 
жұмыс жоспарларында, Ережелерінде, Жарғыларында көрінісін табуы тиіс, бұл 
өз кезегінде «Мәңгілік Ел» құндылықтарын дамытып, оны бекітуге мүмкіндік 
береді.  
Сонымен  қатар,  ұстаздар  білім  алушыға  формалды  ұрандату  деңгейінде 
рухани  құндылықтар  мен  нормаларды  дарытудың  мүмкін  емес  екенін  түсінуі 
қажет. Қандай да бір құндылықтардың немесе нормалардың жетік меңгерілмеуі 
адамның жеке сферасының тұтас сыйықсыздануына әкелуі мүмкін. Жеке тұлға 
дегеніміз  –  бұл  меншікті  еңбек  пен  ізденуден  шыққан  өнім.  Сондықтан 
педагогтердің  міндеті  –  балаларға  өз  ісін,  рөлін,  орнын,  мақсатын,  мүддесін, 
қоршаған  ортасын,  мәртебесін,  перспективасын  табуға  көмек  көрсету.  Тек 
белсенді  практикалық  қызметте  ғана  жеке  тәжірибе  жинақталып,  рухани 
құндылықтар шыңдалады. 
Осы  орайда  «Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымындағы 
педагогтің құзыреттіліктерін анықтап алған орынды.  
«Жас 
Ұлан» 
балалар 
мен 
жасөспірімдер 
ұйымы 
ұйымдастырушысының құзыреттіліктері 
 
Білімділік құзыреттіліктер 
Әдістемелік құзыретілік 
Жеке тұлғалық мәні бар 
қасиеттер 
1. 
Жалпы, ерекшелік 
психологиясын, әлеуметтік 
педагогиканың теориясын 
білу. 
2. 
Балалар ұйымдарының 
ерекшелігі сферасындағы, 
олардың даму тарихы мен 
теориясындағы кәсіби 
құзыреттілікті білу. 
3. 
Заманауи формаларды, 
әдістемелерді, тәрбие 
жұмысының модельдерін 
білу. 
4. Балалар құқығын қорғау 
аясындағы құқықтық 
білімдердің болуы. 
5. Психологиялық-
педагогикалық бағыттағы 
диагностикалық әдістерді 
білу. 
 
1. 
Балалардың 
шығармашылық қабілеттері 
мен бейімдерін жүзеге асыру 
үшін жағдай жасай білу. 
2. Балалардың 
қажеттіліктерін түсіну. 
3. 
Балалармен байланыс 
орнату, тұлғааралық 
қатынастарды реттей білу. 
4. 
Балалар бірлестігімен 
жұмыс жасау әдістемесін 
меңгеру. 
5. 
Педагогикалық 
міндеттерге қарай жұмыс 
бағытын өзгерте білу. 
6. 
Өздігінен білімін 
жетілдіруге қабілеттілік. 
1. 
Рухани және 
педагогикалық мәдениет. 
2. 
Коммуникативтілік. 
3. 
Зияткерлілік. 
4. 
Бастама шығаруға 
дайындық. 
5. 
Жауапкершілік. 
6. 
Өздігінен ұйымдастыруға 
жеке тұлғалық қабілеттілік. 
7. 
Шығармашылық әлеует. 
8. 
Жалпы білімпаздық. 
9. 
Ой өрісінің оң нәтижеге 
бағытталуы. 
 
«
Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  «Жас  Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер 
ұйымының  қызметінде  негіз  қалаушы  болып,  бірлестік  мүшелерінің  келесі: 


14 
 
зияткерлік;  спорттық;  шығармашылық;  қоғамдық  қызмет;  ақпараттық 
құқықтық даму бағыттары бойынша іске асырылуы тиіс.  
Балалардың  зияткерлік  дамуындағы  негізгі  бағыттар  болып 
табылатындары:  ой-өрістің  операциялық  қырын  қалыптастыру  (ақпаратпен 
жұмыс  жасау,  оны  талдау,  жинақтау  икемі),  білімдер,  мотивация,  өздігінен  ой 
құру, өз қабілетіндегі сенімділік, ой қызметінің тереңдігінің, қисынының және 
белсенділігінің, білімге және білімділіктің беделіне деген сенімнің жиынтығы. 
Нәтижесінде зияткерлік деңгейі жоғары балалар өзін-өзі бағалаудың сайма-
сай  деңгейін,  ішкі  еркіндікті  және  өзін-өзі  бақылаудың,  танымдық 
қызығушылық  пен  бастамашылдықтың  жоғары  деңгейін  алып  шығады.  Бұл 
оларға  зияткерлік  ойындарға,  дебаттарға,  пәндік  және  шығармашылық 
олимпиадаларға,  ғылыми-тәжірибелік  конференцияларға,  пікірталастарға 
өнімді қатысушы болуға көмектеседі. 
Зияткерлік  қабілеттердің  толыққанды  дамуы  жақын  болашақта  қоғам 
проблемаларын іске асыруға үлес қосатын балалар үшін өте маңызды. Баланың 
зияткерлік  жетілуінің  дәрежесіне  оның  осы  әлеуметтегі  өзіндік  рөлін  түсінуі 
тәуелді.  Қалыптастыруға  жататын  зияткерлік  дайындық  –  «Мәңгілік  Ел» 
идеясына  сәйкес  ұлттың  зияткерлік  іргетасын  құрайтын  құрамдастардың 
бірі болып табылатын құндылық
Баланың  зияткерлік  дамуы  заңдылықты  кезең  алмасуымен  сипатталады, 
ондағы  әрбір  жаңа  кезең  келесісін  дайындайды.  Ойдың  жаңа  нұсқаларының 
пайда  болуымен,  ескі  нұсқалары  жойылмай,  сақталады  да,  толықтырылады. 
Осылайша,  мектеп  оқушыларының  ой-өрісі  бара-бара  қиындай  түсетін 
міндеттерді  шешуде  өз  мәнін  таба  отырып,  жаңа  мазмұнына  ие  болады. 
Сонымен  қатар,  зияткерлік  ой  икемді,  ерекше  ойлау  қабілетінің  дамуында, 
құбылыстар мен нысандарға деген зерттеушілік көзқараста көрініс беріп, едәуір 
жоғары деңгейге шығады. 
Спорттық  даму  өзінің  міндеттерінің  қатарына  балалар  бойында 
салауатты  өмір  салтындағы  қажеттіліктер  мен  дағдыларды,  салауатты  өмір 
салтының мәдениетін, өз денсаулығын, зиянды әдеттерге теріс көзқарасын, дене 
мәдениеті  мен  спортқа  сүйіспеншілікті  тәрбиелеу  үшін  жауапкершілікті 
арттырады. 
Нақты  бағыт  аудиториялық  сабақтарды  және  көпшілік  спорттық  іс-
шараларын (спорттық фестивальдар, ойындар, спартакиадалар, олимпиадалар); 
дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметін  (жазғы  дене  шынықтыру-сауықтыру 
лагерлерін,  туристік  жорықтарды,  кросстарды,  жарыстарды  және  т.б.) 
біріктіреді; зерттеушілік қабілеттерді және өздігінен шешім қабылдау икемдерін 
қалыптастырады, бәсекелестікпен құмарландырып, адамның қоршаған ортамен 
қатынасын үйлесімділікке жеткізеді.  
Балалардың  балалар  ұйымындағы  спорттық  дамуында  денсаулықты 
нығайту, ағзаны шынықтыру және оның жан-жақты физикалық дамуы үшін де, 
табандылық, байыптылық, жігер, дербес әрекеттелік, сабырлық, өзін-өзі бағалау 
секілді  жеке  қасиеттерін  де  тәрбиелеу  үшін  барлық  алғы  шарттар  жасалады 
[14]. 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау