48
-
тәрбиеленушілермен рухани жоғары әрекеттерді жасауға түрткілеу
(бейтаныс адамдарға қамқорлық көрсету, ауланы абаттандыруға қатысу, ағаш
егу, әскери адамдардың моласына күтім көрсету және т.б.)
-
ұжымның дұрыс қоғамдық пікірін дамыту және оны жетілдіру, оның
дәстүрлерін қалыптастыру.
Онымен қатар, балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектептегі жалпы
жүйесінің құрамдасы ретінде шығатын БУҰТ жүйесін басқа құралдармен
оқушылардың қандай да бір ұжымдық ісінің алдын алып, оны сүйемелдей
немесе қорытындылай келе анықтап, күшейтетін мәдени-сауықтыру
бағдарламаларымен өзара байланыста іске асыру маңызды.
Қызметтің инновациялық әдісін таңдауда балалар ұйымының аға
тәлімгеріне бірқатар сауалға жауап беру ұсынылады:
Осы инновациялық әдіс сіздің мектепте өзекті де, қажетті болады ма?
Мекеменің қандай ресурстары (кадрлық, материалдық, ақпараттық және
т.б.) балалар мен жасөспірімдер ұйымында осы әдістің қолданысы үшін қолда
бар?
Инновациялық әрекетті орындау үшіне қандай ресурстарды сырттан тарту
қажет?
Инновациялық әдісті ұйым қызметіне енгізу бойынша жұмысты қалайша
жақсы ұйымдастыруға болады?
Осы инновациялық әдістің көмегімен қоғамдық бірлестіктің қандай
қиыншылықтарын сіз шешуге тырысасыз?
Жалпы, балалар мен жасөспірімдер ұйымы қызметіндегі барлық
қарастырылған инновациялық әдістер қоршаған ортаны және өзін өзгертуге
жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру үшін ұсынылады.
49
4.
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымын дамытуды
бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Балалар ұйымының жұмыс әрекеті бағдарламалық-мақсатты көзқарас
негізінде жүзеге асырылады.
Қандай да бір бағдарламаға қатысу жеке тұлғаның белгілі қасиеттерінің
қалыптасуы мен дамуының сәйкес моделін жүзеге асырады.
Балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің бастамасында салынған
бағдарламаларының вариативтілігі мүмкіндіктердің алдын алып, әрбір
бірлестікпен нақты балалар тобының сұраныстары мен қабілеттеріне,
бірлестіктің және осы ұйымдардың әрекет етіп отырған әлеуметтік ортасының
шарттарына жауап беретін меншікті жоспарларының әзірленуін белсендіреді.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспары – қызметтің мазмұнын,
меңгерілуге жататын білімдердің, біліктердің және амалдарының көлемін,
сонымен қатар «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы республикалық
қоғамдық бірлестігінің» қызметі туралы Ережемен сәйкес келетін
бағыттарының мазмұнын анықтайтын құжат.
«Бағдарлама» грек тіліндегі сөзден шығып, хабарландыру, ұйғарым
мағынасын береді. Құжат ретінде ол түрлі көзқараспен қаралуы мүмкін [36].
Біріншіден, бұл бірлескен әрекеттерді басқаруды тіркейтін құжат.
Екіншіден, бұл білім берудің басқару (түрлі деңгейдегі) органдарына әртүрлі
мақсаттармен тапсырылатын ресми құжат:
а) балалар ұйымы ұйымдастырушысының (аға тәлімгердің) кәсіби
деңгейінің көрсеткіші ретінде;
б) балалар ұйымы ұйымдастырушысының (тәлімгердің) балалар
ұжымымен бірлесіп жасаған қызметі мазмұнының сипаты ретінде;
в) балалар ұйымы ұйымдастырушысының (тәлімгердің) жұмысына
материалдық-техникалық қамтамасыздықтың қажеттілігіне негіздеме ретінде.
Бұл талаптар бағдарламалардың барлық түрлеріне, соның ішінде балалар
бірлестігінің және балалар ұйымының қызметіндегі бағдарламаларға да
қатысты.
Бағдарлама – балалар ұйымының (балалар бірлестігінің) мақсатты дамуын
реттейтін құжат. Бұл жұмыстың стихиялық дамуына және формализмге қарсы
құрал.
Балалар бірлестігіне қатысты тәрбиелік-білімділік бағдарламасы – бұл
нақты балалар бірлестігінің қызметіндегі мақсаттарды, оларды іске асыру
құралдары мен жолдарын нақты анықтайтын құжат [12].
Түпкі ойы бойынша балалар ұйымының бағдарламасы келесі сұрақтарға
жауап беретіндей болуы тиіс:
-
Балалар ұйымының бастапқы күйі қандай? (шын мәнісінде не бар);
-
Балалар ұйымын қандай түрінде көрген қалаулы? (мұрат-мақсаты неде)
-
Жұмыстың шынайы күйін өзгертіп, оны мақсатты түріне келтіру үшін
қандай әрекет жасау қажет?
-
Бағдарламалардың қандай түрлері бар?
50
Өзінің бағдарлануына қарай бағдарламалар кешенді және бейінді болады.
Кешенді бағдарлама –
Балалар ұйымының (бірлестігінің) көп қырлы қызметінің бағдарламасы.
Мысалы, «Жас Ұлан» ББЖҰ қызметінің бағдарламасы 7 бағыты бойынша
жүзеге асырылады.
Бейінді (мамандандырылған) – бұл қызметінде бір жетекші, басты бағыты
бар бағдарлама. Мысалы, балаларға арналған «Балдәурен» РОСО-ның
«Көшбасшылар мектебі» бейінді ауысымының бағдарламасы. Осыған ұқсас
бағдарламалар жиі білім беру мекемелерінде, сауықтыру лагерьлерінде, мекен-
жайы бойынша клубтарда қолданылады.
Авторлық және бейімделген (шеттен алынған) бағдарламалар.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазір авторлық бағдарламалар
анағұрлым кең таралған, оларда балалар мен ересектер қауымдастығындағы
тіршілікті ұйымдастыруға ой, дәстүрден тыс болады. Бейімделген
бағдарламалар – бұл өзінің нақты жағдайларын ескерумен шеттен алынып,
қайта өңделген және қайта ойластырылған бағдарламалар (Мысалы, ӨБА –
Өсудің Балалар Академиясы (авторы: Д.В.Лепешев) мен ҰЖБИ - Ұлы
Жаңалықтардың балалар Институтының бағдарламасы (Авторлары:
Е.Н.Виговская, Д.В.Лепешев). Нақты бағдарламалар тек ауысымдар
қатысушыларының ғана шығармашылық әлеуетін белсендіріп қоймай, сонымен
қатар ұйымдастырушы-педагогтардың, білім беру, медициналық және дене
мәдениеті-сауықтыру кешендері және басқа мамандардың шығармашылық
көзқарастан топ жаруына ықпалын тигізеді.
Уақыт кезеңіне қарай, бағдарламалар ұзақ мерзімді, орта мерзімді және
қысқа мерзімді болады. Әдетте, балалар ұйымы мен бірлестігі қызметінің
бағдарламасы ұзақ мерзімге (3 жыл, 4-5 жыл және одан артық уақытқа)
әзірленеді.
М. М. Поташник және В.С. Лазарев кез-келген бағдарламаның, соның
ішінде балалар ұйымы қызметінің бағдарламасының да сай келуі не жататын
жеті сапалық сипаттамасын береді:
-
өзектілігі – анағұрлым мәнді мәселелерді шешуге бағдарлануы;
-
болжамдылық – өзгеріп отырған талаптарға және іске асыру шарттарына
сәйкес келуге қабілеттілігі;
-
белгіленген мақсатқа шынайы бар ресурстардың көмегімен мейлінше
пайдалы нәтижеге жету мүмкіндігі;
–
мақсатқа жету үшін қажетті әрекеттердің тұтастығы, толықтығы мен
келісілуі;
-
бақылауға бағынуы – аралық мақсаттарды, яғни алынған нәтижелерді
түрлі амалдармен тексерудің шынайы амалдарының анықталуы;
-
түзетілуі – туындаған ауытқуларды және өзгертулерді оперативті түрде
анықтау және оған жауап беру мүмкіндігі.
Көп жағдайда біздің балалар ұйымдары білім беру ұйымдарының
базасында орналасқандықтан, балалар ұйымы (бірлестігі) қызметінің
бағдарламасы осы мекеменің директорының қолымен және мөрімен бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |