Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет18/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68

39 
 
бірлестігінің  ішінде  жыл  бойында  және  оның  қорытындысымен  өткізілетін 
кездесулер, кештер, клубтық күндер, «шамшырақтар» жатады. 
Берілген тақырып бойынша конкурстық-ойын бағдарламаларының екінші 
түрі  оның  қатысушыларының  емес,  ұйымдастырушыларының  алдын  ала 
дайындығын  қажетсінеді.  Бір  реттік  ойын  бағдарламаларынан  ерекше,  нақты 
бағдарламалар  белгілі  бір  тақырыпқа  нақты  бағдар  алып,  жыл  сайын 
шыңдалған  түрінде  де,  жаңа  эксперименттік  үлгісінде  де  өткізіледі.  Осындай 
бағдарламалардың  білімділік  және  тәрбиелік  мәні  –  жарқын  шығармашылық 
көріністерге, әрбір қатысушының еркіндікті сезінуіне, шығармашылық қарым-
қатынас  дағдыларын  игеруіне,  өзінің  шығармашылық  әлеуетін  жеке  дара 
түрінде де, ұжымда (командада) да  іске асыру икемін алып шығуына ықпалын 
тигізетін атмосфераны құруда болып табылады. 
Нақты бағдарламаның келесі түрлері өзекті: 
Спорттық-сауықтыру  бағдарламалары  өз  құрамына  қимыл  ойындарын, 
әзіл  айтыстарын,  көңілді  старттарды,  аралас  эстафеталарды,  спорттық 
байқауларды  қосады.  Оларға  тән  ерекшелік  –  сайысу  сипаты,  адамның 
физикалық қабілеттері мен ерік-жігер қасиеттерін қолға алу мүмкіндігі. 
Спорттық-сауықтыру  бағдарламаларына  арналған  ойындарды  таңдауда 
ойынның  сюжеті,  ережелері  мен  қимыл  әрекеттері  секілді  тұтастығы  туралы 
түсінік  беретін  оның  мазмұндық  ерекшеліктеріне  бағдар  алған  тиімді. 
Бағдарламалардың  дәл  осы  мазмұны  олардың  инкультурациялық  мәнділігін 
анықтайды. 
Ақпараттық-пікірталас бағдарламалардың құрамына пікір алмасуға, пікір 
жарыстыруға,  ой-толғанысына  түрткі  болатындай  аудитория  үшін  жаңа  да, 
мәнді  ақпаратты  қосады.  Олардың  педагогикалық  тиімділігі,  ең  алдымен, 
олардың  мазмұнына  тәуелді,  ол  қазіргі  заман  өмірінің  ауқымды  қоғамдық 
өрісінен 
құнарланады. 
Ақпараттық-пікірталас 
бағдарламаларының 
драматургиясына шынайы өмірдің оқиғаларына шұғыл баға беру, бағдарламада 
қолданылатын  бағдарламаларда  пайдаланылатын  актілердің,  құжаттардың 
дүниежүзілік,  жаһандық  көлемдегі  және  жергілікті  материалдарымен  де 
байланыстары тән. 
Шоу-бағдарламалары ойын сауық көрінісінен, пластикадан, билерден, сән 
киімдерінің  көрсетілімнен,  концерттік  нөмірлерден,  клоунадалардан, 
музыкадан,  жарықпен  безендіруден  тұрады.  Олар  мәдени-сауықтыру 
бағдарламаларының  өзге  жанрларының  ішінде  елеулі  орын  алады.  Олар  үшін 
алуан түрлі тиімді көріністер, музыка, безендіру, театр қойылымы мен т.б. тән. 
Осының  арқасында  олардың  қайталанбас  эстетикалық  тартымдылығы  бар, 
адамдарға  сұлулықтың,  күштің,  епіліктің  үлгілерін  көрсететін  мүмкіндігін 
береді,  адамның  физикалық  және  зияткерлік  дамуындағы  шексіз 
мүмкіндіктерді  көрсетеді.  Шоу-бағдарламалардың  бір  түрі  ретінде  ток-шоу 
шығады,  оның  барысында  көрермендердің  көз  алдында  өзекті  мәселелер 
талқыланады. 
Осындай  бағдарламалардың  түрлері  ретінде  келесілерді  атауға  болады: 
1) шоу-ойын, ол күнтізбелік тақырыптық мерекелерге де, мәдени өмірдің түрлі 


40 
 
атаулы 
оқиғаларына 
(жазушылардың 
мерейтойларына, 
тақырыптық 
апталықтарға, аймақта, қалада орын алып жатқан жарқын оқиғаларға); 2) ойын-
қойылым (сахналық ойын), онда спектакльдің сюжетін құрғанда, оның сырттай 
қатысушыары  алдын-ала  дайындықсыз  шағын  рөльдерді  ойнап    немесе 
спектакль  кейіпкерлерінің  тағдырына  және  оқиғалардың  келесі  тарқауына 
ықпалын  тигізетін  тапсырмаларды  ойнайды;  3)  көрініс  (концерт,  әдеби-
музыкалық  композиция,  спорттық-шоу  және  т.б.)  орындаушылардың  және 
көрермендердің  болуымен  сипатталады.  Жас  әнші,  биші,  спортшы  секілді 
орындаушылар  үшін    бұл  әрдайым  толғаныс,  рухани  асқақтауымен  қатар 
жүреді. 
Балаларда  көрермендік  мәдениетті,  яғни  өз  құрдастарының  сахнаға 
шығуын байсалдылықпен, тілектестікпен қабылдауға үйренген маңызды. 
Мерекелер – дайындығы мен ұйымдастырылуы жағынан ерекше мәнділігі 
бар,  еңбекті  қажетсінетін  іс-шара.  Ол  әрекеттердің  алуан  түрін  және  барлық 
балалардың  белсенді  қатысуымен  сахналық  қойылымның  амалдарын 
қолдануды  көздейді.  Ойын-сауық  қатысушылармен  еркін  таңдалады  немесе 
олар бірінен соң бірі кезегімен, барлығы үшін бір уақытта жүруі мүмкін. 
Мерекелерді  ұйымдастырудың  алгоритмі  қызметті  ұйымдастырудың 
педагогикалық  жетекшілігінің  технологиясы  ретінде  қарастырылуы  мүмкін 
[34].  
1. 
Педагогтың алдын ала дайындығы. Ұйымдастырушылық  қызметтің бұл 
сатысы мақсаттары мен міндеттерін ойластырып табуды, алға тартуды, 
іс-шараның  мазмұнын  және  нұсқаларын,  күтілетін  нәтижелерді 
ойластыруды көздейді. 
2. 
Жоспарлау.  Бұл  кезеңде  мерекені  өткізу  үшін  жауапты  педагог 
балалармен  дайындық  пен  өткізу  бойынша  мүмкін  нұсқаларды 
талқылап алады. Іс-шараның нұсқалары ұжымдасып таңдалады. 
3. 
Ағымдық  ұйымдастырушылық  қызметі  (дайындық).  Дайындық 
барысында  сценарий    толығымен  әзірленіп,  бекітіледі,  барлық 
ұйымдастырушылық  сәттері  сипатталып,  олар  үшін  жауаптылар 
көрсетілген  іс-шараны  дайындау  жоспары  жазылып,  бекітіледі. 
«Жауаптылар»  бағанына  неғұрлым  көп  бала  қосылса,  соғұрлым  бұл 
оқиғаның тәрбиелік, әлеуметке қосушы мәні жоғары болмақ. Мерекені 
дайындау – бұл үлкен де, маңызды, ұжымдық және шығармашылық іс, 
ол  еңбек  пен  қиял  өрісін,  ересектердің  және  балалардың  қуақы  ойын, 
тапқырлығын  талап  етеді.  Идеяны,  сюжетті  бірлестіріп  әзірлеу,  оны 
түзу,  егжей-тегжейіне  жетіп  пысықтау  мерекені  әрбір  баланың 
өміріндегі жарқын, есте сақтарлық оқиға қатарына шығарады. 
 
4. 
Іс-шараны  өткізу.  Мерекенің  өткізілуі  дайындық  кезеңінде  әзірленген 
жоспарға сәйкес орындалады. 
 
5. 
Талдау.  Өткізілген  меркені  талдау  оның  қорытындысын  шығару 
кезеңінде орындалады. 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау