23
9-
қадам – оқиғаларды уақыт кеңістігінде реттеу. Уақыттың қандай
кесіндісі жоспарланып отырғанына байланысты кезеңдер, күндері
айқындалады; істер мен оқиғалардың қисыны түзіледі.
10-
қадам – жоспарды ресімдеу (жазу). Тәжірибелі педагогтер мен
жетекшілер бірден қағазға шығарып жоспарлайды. Бірақ өз әрекеттерін қағазда
егжей–тегжейіне жетіп, дәл, нақты, қысқа баяндау тек ол байыптап
жасалғанында ғана мүмкін болады. Сондықтан нысанды оңай таңдап, оны
дереу толтыруға кіріспеген дұрыс [21].
Көрсетілген алгоритм: перспективтік жоспарлауда (бір жылға және одан
астам уақытқа), мерзімдік жоспарлауда (тоқсанға, жартыжылдыққа), қысқа
мерзімді жоспарлауда (бір айға және одан аз уақытқа), оперативтік, ағымды
жоспарлауда (бір күнді, нақты істі жоспарлауда) бірнеше рет қайталануы
мүмкін.
Осы мақсатпен талдаудың және жоспарлаудың жүйелілігін нақты
мерзімдері бойынша анықтап, осы қызмет түрлерін жоспарға енгізу қажет
(«жоспарлауды жоспарлау» дегендей).
Жоспарлауды жұмыс алгоритмі түрінде көрсетуге де болады: мазмұндық,
ұйымдастырушылық, құрылымдық; қадаммен белгіленген алгоритмді
жоспарлауды келесі кезеңдерге біріктіруге болады:
1) дайындық: мәнін және уақыт кескінін анықтау, мазмұнын құрылымдау;
2) сараптау: нәтижелер мен бар тәжірибені талдау, талдау нәтижелерін
жинақтау, диагностикалау;
3) модельдеу: мақсатты тұжырымдау, ұжымдық жоспарлау, мазмұны мен
құралдарын таңдау, нәтижелерді болжамдау, оқиғаларды реттеу;
4) қорытынды (ресімдеуші): жоспардың құрылымын таңдау және оны
ресімдеу.
Жалпы алгоритмнің нұсқаларын өзгертуге: азайтуға, кеңейтуге,
нақтылауға болады. Ол педагогтің тәжірибесіне, біліміне, деңгейіне, жоспарлау
үдерісінің өтіп отырған жағдайларына байланысты (мысалы, жоспарлардың
нысанына, оның мазмұнына қойылатын қатаң әкімшілік талаптары бар болса
және т.б.).
Балалар мен жасөспірімдер жұмысының жоспары оның құрылымына
енетін басқа да тұрақты қызмет ететін органдардың («Бос уақыт» Орталығы,
Баспасөз-орталығы және т.б.) жоспарларын ескереді.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспары мектептің тәрбие
жұмысының жоспарымен немесе ұйымның байланысы бар басқа да
органдарымен келісілуі тиіс.
Қаралған және бекітілген жоспар орындау үшін міндетті құжаттардың
қатарына қосылып, ұйымның барлық мүшелерінің назарына жеткізіледі.
Жоспардың әзірленуі балалар мен жасөспірімдерге – ұйым мүшелеріне
келесідей:
-
олар үшін құндылық болып табылатын өз
құқықтарын іске асыру;