Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Дене мәдениеті және спорт факультеті
«Бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс» кафедрасы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС- ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мамандық: 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық»
Қарағанды
2016
2
Құрастырғандар: аға оқытушы Кулейменов А.Ж.,
Садыков Қ.И., Қожамжаров Е.Ж, Иманбетов А.Н.
Рецензенттер: к.п.н.,профессор БожигЖ.
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның АӘД оқытушы -
ұйымдастырушысы Зекенов Ж.Қ.
Мақсаты – әдістемелік нұсқауда жалпы білім беретін
орта мектептерде кәсіби-педагогикалық іс-тәжірибе өту
барысында студенттердің толық көлемде атқарылатын
жұмыстары мен ҚарМУ-дың әдістемелік жетекшілерінің
және мектептегі пән мұғалімдерінің міндеттері көрсетілген.
Қарағанды
2016
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ........................................................................................4
I. Іс-тәжірибенің жалпы ережелері..........................................6
1.1.
Іс-тәжірибенің ерекшеліктері...........................................6
1.2.
Педагогикалық
іс-тәжірибенің
мақсаттары
мен
міндеттері...................................................................................7
1.3.
Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру, өткізу және
басқару........................................................................................9
2. Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны...........................10
2.1. Іс-тәжірибе базасымен танысу.........................................10
2.2. Ұйымдастыру жұмысы.....................................................10
2.3. Оқу-әдістемелік жұмыс....................................................11
2.4. Сыныптан тыс жұмыс......................................................12
2.5. Сыныптағы тәрбие жұмысы ............................................12
2.6. Ғылыми –зерттеу жұмысы...............................................12
3. Дене мәдениеті және спорт факультетінің «Бастапқы
әскери және дене дайындығы» мамандығы бойынша
студенттеріне
арналған
педагогикалық
іс-тәжірибе
бағдарламасы............................................................................13
3.1. Дене мәдениеті және спорт факультетінің «Бастапқы
әскери және дене дайындығы» мамандығы бойынша 4 курс
студенттеріне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар...13
3.2. Студент жұмысын бақылау және бағалау.....................15
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................17
5. Қосымша...............................................................................19
4
Кіріспе
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе мамандарын
дайындаудың ең негізгі бөлігі болып табылады. Іс-тәжірибе
оқу барысында алынған білімдерінен, іскерліктер және
өзіндік сапалары көрсетіледі. Мемлекеттік білім беру
стандартында Бастапқы әскери және дене дайындығы
маманының біліміне және іскерлігіне мынадай талаптар
белгіленген:
•
оқу-тәрбиелік іс-әрекетін жоспарлау;
•
мақсат, міндеттерді қалыптастыру, оқушылармен
әскери-патриоттық, спорттық көпшілік іс шараларды
мерекелер және дене тәрбиесінен сауықтыру шараларын
ұйымдастырып өткізу;
•
кәсіптік іс-әрекеті барысында ғылыми зерттеулерді
ұйымдастыру және өткізу;
•
ұжым және жаттығушылардың жеке ерекшеліктерін
меңгеру және алынған ақпаратты психологиялық-
педагогикалық ғылыми жетістігі тұрғысынан сабақты
өткізуде қолдану;
•
өзіндік педагогикалық іс-әрекетті қалыптастыру,
өзіндік талдау жасай білу (қосымша №1).
Оқу құралының құрылымы педагогикалық іс-тәжірибе
бағдарламасына сай жасалынған және келесі мынандай
бөлімдерден тұрады:
Ұйымдастыру жұмысы. Ұйымдастыру келесі жұмыс
түрлерінен тұрады: бекіту конференциясына қатысу, мектеп
директорымен, сыныптан тыс жұмысы жөніндегі
директордың
орынбасарымен,
АӘД
оқытушы-
ұйымдастырушымен, дене тәрбиесі мұғалімімен және
дәрігерімен әңгімелесу. Бөлім құжаттары базалық мектептің
міндеттемесі
мен
іс-тәжірибе
басқарушы
туралы
мағұлыматтан тұрады.
5
Оқу-әдістемелік жұмыс. Бұл жұмыс оқу процесінің
жылдық жоспар-кестесінен; тоқсандық және апталық
жоспары мен сабақтың конспект- жоспарынан тұрады.
Өткізген сабақтарына өзіндік талдау жасау жүргізіледі.
Сыныптан тыс жұмыс. Іс-тәжірибе барысына жұмыс
жоспарын құру; сыныптан тыс әскери-патриоттық және
спорттық-сауықтыру шараларын жоспарлау және өткізу;
сыныптан тыс уақытта мектеп аралық шараларды өткізу
бағдарламасын дайындау.
Сыныптағы тәрбие жұмысы. Іс-тәжірибе барысында
бекітілген сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын құру; 2
рет тәрбиелік шаралар өткізу; социметриялық зерттеу
жүргізу; 1 оқушыны зерттеу,1 оқушыға және жалпы
сыныпқа мінездеме жазу, басқа да сабақтарға қатысу,
өткізген шараларға өзіндік талдау жасау.
Ғылыми-зерттеу
жұмысы.
Бекітілген
сынып
оқушыларының
педагогикалық
талдауын
өткізу;
оқушылардың
АӘД
сабақтарындағы
танымдық
қызығушылықтарын зерттеу.
6
1 тарау. Бастапқы әскери дайындық бакалаврын
жүйелі кәсіби дайындаудағы педагогикалық іс-тәжрибе
1.1
Жалпы бағдарлама
Кәсіптік педагогикалық іс-тәжірибе жоғарғы білімді
оқытушыны дайындаудың жалпы жүйесінің жиынтығы.
Осы тұрғыда теориялық білімдер бекітіліп, тереңдетіледі.
Мектептегі
оқу-тәрбиелік
жұмысын
өткізу
және
ұйымдастыру тәжірибесі меңгеріледі. 5В010400 «Бастапқы
әскери дайындық» бакалавр мамандығында оқитын
студенттер үшін педагогикалық іс-тәжірибеден орта білім
мектептерінде өткізілуі жүзеге асырылады..
1.
Кәсіптік(педагогикалық) іс-тәжірибе 4-ші курста
Алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушының
кәсіптік сапасын әрі қарай жетілдіру мен іс-тәжірибе
өтушінің барынша өзіндік жұмыс атқару мақсатында
өткізіледі.
•
Барлық студент іс-тәжірибені орта білім беретін
мектептерде өтеді. Педагогикалық іс-тәжірибе аралығында
мектептегі жұмысты БӘД мамандығының студенттері
оқушылармен тәрбие жұмысын жасау кезінде іс-тәжірибе
өтушілерде белгілі бір қиындықтар туындайды, әсіресе
сабақ уақытында сыныпта белгілі бір тәртіпті сақтауда,
белгіленген талаптарды орындауда, оқушылардың АӘД
бағдарламасының
ұйымдастыру
сілтемесінде
көрсетілгендей студенттер бұл ерекшеліктерді іс-тәжірибеге
дейін бастапқы әскери дайындық әдістемесін үйрену кезінде
білуі керек(қосымша №2,3,4).
Оқу
құралында
педагогикалық
іс-тәжірибе
бағдарламасы, жұмыстың негізгі бөлімдерін орындау әдісі
және студенттердің 4 курстағы іс-тәжірибе талаптары
мазмұндалады. Кәсіптік жоғарғы білім бағдарламасы іс-
тәжірибе мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес келеді
7
және жұмыстың төмендегідей түрлерін қарастырады:
ұйымдастыру, оқу-әдістемелік, сыныптағы тәрбие жұмысы,
сыныптан тыс жұмыс және ғылыми-зерттеу жұмысы.
5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» бакалавр
мамандығы бойынша студенттерді дайындау деңгейіне
талап қоюға көмек береді.
Студенттер үшін жұмыс құжаттарының бланкалары
жасалынады. Құжаттарды жүргізу ережесі бойынша
әдістемелік ұсыныстар беріледі. Бұл оқу құралы Бастапқы
әскери дайындығы мамандығы бойынша оқитын студенттер
мен жоғарғы оқу орнының әдістемелік жетекшілеріне
арналған .
1.2 Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері.
Педагогикалық іс-тәжірибе оқудың негізгі бөлігі болып
табылады. Бұл 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық»
мамандығында теориялық білімдерді іс-тәжірибелік
жұмыстарда іскерліктерді қалыптастырып байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Педагогикалық іс-тәжірбиенің мақсаты болашақ АӘД
оқытушы-ұйымдастырушының кәсіптік психологиялық
іскерліктерін дамыту және бірте-бірте орта білім беру
орнына, оның жағдайына бейімделу, студенттерде
мұғалімдік
мамандыққа
деген
саналы
түрде
қызығушылықтарын қалыптастыру .
Педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі міндеттері:
а) мектепте әр түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын өткізу
кезінде университетте алынған білімдерді, педагогикалық
іскерлікті және дағдыларды тереңдетіп бекіту;
б) іс-тәжірбиенің орны:
-
сабақты жоспарлау мен өткізуде;
-
оқушының жеке ерекшеліктерін психологиялық-
педагогикалық
бақылауды
өткізгенде,
АӘД
8
сабақтарында, іске асырылатын әртүрлі оқу-тәрбиелік
процесін бақылау, сабақта педагогикалық талдау
жасауда;
-
сабақтан тыс әр түрлі әскери-патриоттық тәрбие
мен дене тәрбиесінің сауықтыру жұмыстарын
ұйымдастырып өткізу әдісінде, есеп беру құжаттарын
жазу;
-
орта және жоғарғы сыныптарда тәрбие
жұмыстарын ұйымдастырып өткізуде.
4 курста:
-
университетте және 4-ші курстағы педагогикалық
іс-тәжірибе барысында алған білімдерді, кәсіптік
іскерліктерді жетілдіру;
-
мектепте АӘД жоспарлау мен оқушылардың
әскери-патриоттық тәрбиесін меңгеру;
-
дене дайындығы мен әскери-патриоттық тәрбиенің
байланысын меңгеру;
-
оқушылармен өздігінен жоспар құрып үйрену;
-
мектептің
жоспары
бойынша
спорттық
жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
-
әскери жұмыс негізінен үйірме сабағын өткізуге
көмектесу;
-
есеп беру құжаттары мен АӘД сабақ кестесін құру
тәртібін меңгеру;
-
оқу қаруы мен оның оқтарын сақтауды
ұйымдастыруы
бойынша
АӘД
оқытушы-
ұйымдастырушының құжаттарын меңгеру;
АӘД бойынша өз бетімен 10 сабақ өз бетімен өткізу
-
Республикамыздағы әскери оқу орындарына түсу үшін
жасөспірімдер арасында үгіт насихат жасау, қорғаныс
бөліміне көмектесу;
-
мектептің шаруашылық жұмыстарына қатысу.
9
1.3. Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру, өткізу
және басқару
Педагогикалық іс-тәжірибе Е.А.Бөкетов атындағы
ҚарМУ бекітілген Қарағанды қаласындағы базалық орта
мектептерінде өтеді.
Әр базалық жалпы білім орта мектепте студенттер
топпен (бригадамен) жіберіледі, әр топта 4-6 адамға дейін
болады. Осы студенттердің арасынан біреуін жетекші
ретінде тағайындайды, ол әдіскер болмаған кезде топтың
ұйымдастыру жұмысына жауап береді және есеп жүргізеді.
Әр топты белгіленген мектепке бекітіп, іс-тәжірибе өту
тобының құрамын Бастапқы әскери және дене дайындығы
кафедрасы белгілейді. Педагогикалық іс-тәжірибе басталу
үшін бекіту конференциясы өтеді, мұнда ректордың іс-
тәжірибе басталуы,іс-тәжірибе өту тобының құрамы,
әдіскерлерді белгілеу туралы бұйырығы таныстыралады.
Әдіскерлер мына ретпен белгіленеді:
•
бір әдіскерге берілетін студенттер санын БӘД
кафедрасы белгілейді. Іс-тәжірибе белгілі бөлімдері
бойынша басқаруы жоғарыда аталған әдіскерлермен,
базалық мектеп мұғалімдерімен (директормен, сыныптан
тыс және мектептен тыс жұмысын ұйымдастырумен, АӘД
оқытушы-ұйымдастырушымен, дене тәрбиесі мұғалімі мен
сынып жетекшілерімен) іске асырылады. (қосымша №5).
Педагогикалық іс-тәжірибеге кірісе отырып, әдіскермен
бекітілген сабақтың әр бөліміне жеке жоспарлар құрады.
10
2 Тарау. Педагогикалық іс-тәжрибе мазмұны
Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұны мұғалімнің кәсіби
педагогикалық іс-әрекетінің негізгі компоненттері бар
бірнеше бөлімдерден құралады: іс-тәжірибенің базасымен
танысу, ұйымдастыру жұмысы, оқу-әдістемелік жұмыс,
оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі мен дене
шынықтыру бойынша сыныптан тыс жұмыстар, сыныптағы
тәрбие жұмысы, педагогика мен психологогия бойынша
тапсырмаларды орындау, шаруашылық жұмысы.
2.1
Іс-тәжірибе базасымен танысу
-
мектеппен
танысу,
мектеп
директорымен,
директордың оқу ісі және тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасарларымен, сынып жетекшілерімен, алғашқы әскери
дайындық оқытушысы-ұйымдастырушы мен сұхбаттасу;
-
мектептің материалдық базасымен, әкімшіліктің және
алғашқы бастапқы дайындық оқытушысының АӘД
сыныбын материалдық жабдықтау бойынша жұмысымен
танысу;
-
іс-тәжірибе бойынша бекіту және қорытынды
конференцияларға қатысу.
2.2
Ұйымдастыру жұмысы
-
бекіту конференциясына қатысу;
-
мектеп директорымен, директордың оқу ісі және
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен мектептің
дәстүрі
туралы,
педагогикалық
және
оқушылар
ұжымдарының мінездемесі туралы сұхбаттасу;
-
АӘД оқытушысы-ұйымдастырушымен, сыныптан тыс
және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушымен,
сынып жетекшілерімен, дәрігермен сұхбаттасу;
11
-
АӘД бойынша оқу-материалдық базасымен танысу;
-
мектеп әкімшілігі өткізетін кеңестерге қатысу;
-
іс-тәжірибе барысына жеке жұмыс жоспарын құру;
-
іс-тәжірибе әдіскері өткізетін топ жиналыстарына
қатысу;
-
есеп беру құжаттарын толтыру және қорытынды
конференцияға қатысу;
2.3
Оқу-әдістемелік жұмыс
-
АӘД және әскери-патриоттық жұмысты жоспарлау
құжаттарын меңгеру;
-
АӘД бойынша сабақ өткізу үшін жоспар-конспектілер
дайындау;
-
мектеп мұғалімдері АӘД бойынша өткізетін
сабақтарға қатысу;
-
оқу-тәрбие үдерісінің жеке жақтарына (сабақ
бөлімдеріне уақытты бөлу, оқушылармен сөйлесу мәнері
және т.б. ) педагогикалық бақылау жүргізу;
-
АӘД мұғалімінің сабағына көрнекілік құралдарды
дайындауға көмектесу;
-
қорғаныс-көпшілік үйірмелерінің бірінің сабақтарына
және оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру іс-
шараларына қатысу;
-
АӘД сабақтарына көрнекі құралдар әзірлеуге қатысу;
-
тәжірибе алмасу мақсатында басқа мектептердегі іс-
тәжірибені барып көру;
-
бекітілген сыныпта АӘД бөлімдерінен 8 сабақ өткізу,
оның екеуін АӘД оқытушысы-ұйымдастырушының
көмекшісі ретінде өткізу.
12
2.4 Сыныптан тыс жұмыс
-
мектептің жылдық жоспарына сәйкес әскери-
патриоттық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға және
өткізуге қатысу;
-
бекітілген сыныпты жалпы мектептік саптық жүру
және саппен ән айту сайысына қатысуға дайындау;
-
ойын түрлері бойынша әскери-патриоттық тәрбиелік
іс-шаралар мен жарыстар ұйымдастыруға және өткізуге
қатысу;
• -
түрлі сыныптан тыс жұмыстардың есеп құжаттарын
жүргізу. (қосымша №6,7).
2.5
Сыныптағы тәрбие жұмысы
- 2-
3 әр түрлі пән сабақтарына қатысу және сабақтан
тыс уақыттарда (үйірме сабақтарында, жиналыстарда,
жалпыға пайдалы еңбектер кезінде т.б.) бақылау арқылы
бекітілген сынып ұжымының ерекшеліктерімен танысу;
-
сыныптағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін
меңгеру жоспарлау, тәжірибені қорыту;
-
сыныпта әскери-патриоттық тақырып бойынша саяси-
ақпараттар мен әңгімелер өткізу;
-
сыныптың ата-аналар алқасының жұмысының
мазмұнымен және ұйымдастыруымен танысу.
2.6 Ғылыми зертеулік жұмысы
-
АӘД оқытушысы-ұйымдастырушының көрнекілік,
оқулық құралдарын және құрал жабдықтарды қамтамасыз
ету, толтыру, жөндеу және сақтау жұмыстары бойынша
жеке тапсырмаларын орындау;
-
АӘД
оқытушысы-ұйымдастырушыға
оқу-
материалдық базасын жетілдіру бойынша көмек көрсету.
13
3.Тарау. Практикант студенттердің жұмысын бағалау
және бақылау
3.1
Іс-тәжрибенің қортындысын бағалау негізгі критерилері
Мамандандыру педагогикалық іс-тәжірибе соңында оқу
орнында әдіскердің жетекшілігімен іс-тәжірибе өту
тобының басқаруымен жиналыс өтеді, бұл жиналыста дене
тәрбиесі мұғалімі және сол оқу орнының АӘД оқытушы-
ұйымдастырушысы қатысады. Осы жиналыста БӘД
оқытушы-ұйымдастырушы ретінде әр студент іс-тәжірибе
өту жұмысына баға береді, студенттің дайындығындағы
жақсы жақтары мен кемшіліктері айтылады, кемшіліктерді
түзету үшін нақты ұсыныстар жасалады.
Оқу орнының әкімшілігі жазбаша түрде әр іс-тәжірибе
өтушіге мінездеме толтырады, онда келесі мәселелер
жазылады:
-
студенттің іс-тәжірибе бағдарламасы мен тапсырмаларын
орындау сапасы; - әр түрлі бағдарлама мазмұнына оқу
жұмысын ұйымдастыру және өткізу, іскерлігі;
-
оқушылармен оқу сабағын және сыныптан тыс өткізілген
шараларының сапасы;
-
оқу тобын басқара білу іскерлігі және онда тәртіптілікті
сақтауы; - әр түрлі пәндер бойынша дайындық деңгейі,
оның педагогикалық дағдысы, теориялық білімдерді іс
жүзінде қолдана білу іскерлігі;
-
өзіндік жұмыс жасау деңгейі, орындаушылық, тәртіптілігі,
-
іс-тәжірибе жұмысын қорытындылау және оның дайындық
деңгейін жоғарылату жайлы ұсыныстар,
-
іс-тәжірибеден өтушінің жұмысы бес балдық жүйе
бойынша бағаланады.
Іс-тәжірибеден өтушіге берілген пікірге оқу орнынының
сынып жетекшісі, АӘД оқытушысы-ұйымдастырушы қол
қояды және мөр басылады.
14
Студенттің педагогикалық іс-тәжірибесінің жеке және
жалпы бағасы келесі жолмен іске асады:
-
«Өте жақсы» бағасы, егер іс-тәжірибеден өтуші БӘД
бағдарламасын жақсы меңгерсе және өткізген сабақтарының
сапасы, теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде қолдана білген
іскерлігі үшін 90-ден 100-ге дейін балл қойылады да «өте жақсы»
деп бағаланады және де, егер студенттер іс-тәжірибе барысында
сабаққа уақытында және ұйымдастырылған түрде келсе және өз
міндеттерін жақсы атқарса.
-
«Жақсы» бағасы, егер іс-тәжірибеден өтуші өткізген
сабақтарының сапасы, АӘД бағдарламасын меңгеруі үшін 75-ден
89-
ға дейін балл қойылады да «жақсы» деп бағалаланды;
«Қанағаттанарлық» бағасы, егер іс-тәжірибеден өтуші сабақтан тыс
шараларды ұйымдастыру деңгейі, құжаттарды және барлық
тексеру элементтері жағымды жағына бағаланса және белгілі
талаптарға сай болса «қанағаттанарлық» бағасынан төмен болмаса,
50-
ден 74-ге дейін балл қойылады да «қанағаттанарлық» деп
бағаланады;
-
«Қанағаттанғысыз» бағасы, егер іс-тәжірибеден өтуші 5
тараудың біреуі «қанағаттанғысыз» деп бағаланса немесе
педагогикалық іс-тәжірибе талаптары орындалмаған болса және 0-
49-
ден төмен балл алса, онда ол іс-тәжірибеден өтті деп
есептелмейді
Педагогикалық іс-тәжірибені бағалау шкаласының
үлгісі
Дәстүрлі баға
Жиынтық балл
«үздік»
90-100
«жақсы»
75-89
«қанағаттанарлық»
50-74
«қанағаттанғысыз»
0-49
15
3.2 Іс-тәжірибені қорытындылау
Іс-тәжірибе аяқталған соң, студент педагогикалық іс-
тәжірибе бойынша тиісті құжаттарды әдіскерлерге
тапсырады.
Мыналар есеп беру құжаттары болып табылады:
•10-
11 сыныптарда өткізілген бастапқы әскери
дайындық сабақтарының жоспар-конспектілері;
•
Тәрбиелік және әскери-патриоттық сынақ іс-
шараларының әзірлемесі мен талдауы;
•
Сынып
жетекшісі
және
АӘД
оқытушысы-
ұйымдастырушы берген мінездемелер;
•
Студенттің педагогикалық іс-тәжірибе күнделігі;
•
Педагогикалық іс-тәжірибенің барлық тараулары
бойынша қойылған бағалар тізімдемесі;
•
Педагогикалық іс-тәжірибе туралы есеп.
Есеп беру құжаттамасының үлгі мазмұны мен
құрылымы қосымшаларда келтірілген.
Іс-тәжірибе аяқталған соң, студент соңғы аптада есеп
дайындап, барлық құжаттарды әзірлеуі тиіс.
•
Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша
студенттерге құжаттарды кафедраға тапсыру ұсынылады,
онда құжаттарды іс-тәжірибе жетекшісі тексереді, кафедра
меңгерушісінің шешімімен құрылған комиссия алдында
студенттер іс-тәжірибе есебін қорғайды. Есепті қорғау
нәтижесі бағалаудың белгіленген балдық-рейтингтік әріптік
жүйесі
бойынша
сараланған
сынақ
арқылы
бағаланады(қосымша №8).
Іс-тәжірибе аяқталған соң, қорытынды конференция
өткізіледі, онда студенттер іс-тәжірибе жетекшілерімен
бірлесіп, іс-тәжірибе міндеттерінің орындалу мәселелерін
талқылайды, сондай-ақ студенттер іс-тәжірибеден өту
барысында кездескен қиындықтар туралы да сөз болады. Іс-
16
тәжірибе
жетекшісі
тілегін
айтып,
іс-тәжірибе
қорытындысының бағаларын айтады.
17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы
бойынша ҚР – 2010 жылғы білім берудің жалпыға міндетті
мемлекеттік стандарты.
2.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамдық
идеологиялық бірлігінде. - Алматы:Қазақстан, 1993. – 33 б.
3.
Васютин Ю.С. Военно-патриотическое воспитание: теория
и опыт. – Москва, 1984. - С.163.
4.
Харламов И.Ф. Воспитание патриотизма и культура
межнационального отношения //В кн.: Педагогика Учебное
пособие.-3-е изд, перераб.и доп. – М., 2002. – 517 с.
5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011
–
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30
тамыз.
7. «Нұр Отан» партиясы доктринасы 18.10.2013ж.
8. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 1
желтоқсанындағы
«Қазақстан-2050
Стратегиясы
-
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
жолдауы.
9. Қазақстан Республикасы Әскери доктринасы: Астана, 21
Наурыз, 2007 жыл.
10.Қазақстанның 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық
қауіпсіздік стратегиясы
11. Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы
Күштері туралы» ҚР Заңы 5 тарау, 18 бап.
12. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы
Күштері туралы //Егемен Қазақстан.-2005.-12 қаңтар (6). –
Б.4.
13. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық
әскерлері Бас қолбасшысының басқармасы» мемлекеттік
мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
20 сәуірдегі № 554 қаулысы.
18
14. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7
мамырдағы № 1085 «Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру шаралар
туралы» Жарлығы.
15. Жоғарғы бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі
№ 146 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күнін
белгілеу туралы жарлығы.
16.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі
туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16
ақпандағы Заңы.
17.А.Тайжанов.,
А.Түсіпқалиев.
Zkgma.kz/ru.indeks.
М.Оспанов атындағы БҚММ «Патриоттық тәрбие -
отаншылдық кепілі» 26 шілде 2012жыл.
18. Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру
туралы тұжырымдамасы //Егемен Қазақстан. - 1996. - 7
тамыз. - Б.2-3.
19.1
992 жылғы тамыздың жиырма бесінші жұлдызындағы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әскери ант мәтіні
туралы Жарлығы.
20. Рамашов Н.Р., Қожамжаров Е.Ж., Бодеев М.Т. «Алғашқы
әскери дайындықты оқыту әдістемесі». Оқу-әдістемелік
құралы. -Алматы, 2012.- 150 б.
19
№ 1 қосымша
Құрметті________________________________________
______________
Е.А.Бөкетов
атындағы
Қарағанды
Мемлекеттік
университетінің «Бастапқы әскери және дене дайындығы»
мамандығының _____ курс студенттерін, АӘД оқытушы-
ұйымдастырушы ретінде сіздің мектебіңізге іс-тәжірибеге
жібере отырып, педагогикалық іс-әрекетің мынадай іс-
тәжірибелік дағдыларын студенттердің қалыптасуына сізден
үлкен көңіл бөлулеріңізді сұраймыз :
1.
Оқушылардың
іс-әрекетінде
жалпы
сабақ
жоспарларын, көрнекілік құралдар және басқада әдістерін
кең көлемде қолдана отырып, студенттердің 10-11
сыныптарында өз бетімен (мұғалім көмегінесіз өзі өткізу)
АӘД сабағын өткізулері.
2.
Жалпы
мектептегі
әскери-патриоттық
және
бұқаралық-қорғаныс, жұмысының жоспарын құру; «Ұлан-
Қалқан» әскери-спорттық ойынын өткізуі жоспарын құруы,
жазу; әскери патриоттық шаралар мен жарыстар түрінен бір
жоспар құрып жазу; бұқаралық-қорғаныс үйірме
жұмысының және сонда өткізілген сабақтардың конспект
жоспарын құру.
3.
АӘД сабағына педагогикалық және психологиялық
талдау сабақтарында бақылау өктізу.
4.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу,
ҚРҚК офицері мамандығын насихаттау, бозбалаларды
әскери оқу орындарына түсуге іріктеп алып, дайындық
жүргізу.
5.
«Ұлан-Қалқан»
ойынының
бір
бөлімін
ұйымдастырып өткізу.
6.
Президенттік
сынақнама
әскери-қосымша
жаттығуларының бір түрінен мектеп аралық жарыс
ұйымдастырып өткізу.
20
7.
Бұқаралық-қорғаныс үйірме жұмысының іс-әрекетін
басқару.
8.
Әскери-патриоттық тақырыпқа байланысты саяси
хабар және әңгімелер дайындап өткізу.
9.
Әскери кабинетті, ату тирін, қару-жарақ сақтау
бөлмесін, сапттық алаңдар т. б. жабдықтау (жетілдіру)
жұмыстарын атқару.
Студент іс-тәжірибе өтушіге мінездеме жазған кезде,
Сізден олардың практикалық іс-әрекетке дайындықтарын,
кемшіліктерін, әскери және кәсіптік дағдыларының
тереңдігі мен біліктілгін бағалауыңызды сұраймыз.
Студенттердің дайындық сапасын көтеруде ұсынысыңызды
біздің университетіміздегі құрмет тақтасына белгілеуіңізді
және студент іс-тәжірибе өтушілердің іс-әрекетін бес
балдық жүйе бойынша бағалауыңызды сұраймыз.
Педагогикалық
іс-тәжірибе
жетекшісі:
_____________________________
(аты-жөні)
21
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Бастапқы әскери және дене дайындығы кафедрасы
Педагогикалық іс – тәжірибеге есеп беру
Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназия
Студент 41-тобы:
________________________
(қолы, күні )
АӘД мұғалімі №39 гимназия:Зекенов Ж.Қ.
________________________
(бағасы, қолы, күні)
Кафедраның іс-тәжірибе
жетекшісі:
________________________
( қолы, күні )
Қортынды бағасы:
________________________
Қарағанды 2016
22
№ 3 қосымша
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Бастапқы әскери және дене дайындығы кафедрасы
Топ студенті
Т.А.Ж._______________
(
қолы, күні)
Іс-тәжрибе жетекшісі:
Лецей немесе мектеп
Т.А.Ж._______________
(
қолы, күні)
БӘДжЕ
Т.А.Ж._______________
(қолы, күні)
Педагогика кафедрасы
Т.А.Ж._______________
(қолы, күні)
Психология
кафедрасынынан
Т.А.Ж._______________
(қолы, күні)
Қарағанды 201 ж
23
№ 4 қосымша
Іс тәжрибеге есеп беру талаптары
Студенттің іс-тәжрибеден өту барысында әр дайым
есеп беруге құжаттары дайындалады. Есеп 5-6 бетті құрап,
мазмұннан, негізгі материалдан, қорытынды мен
тұжырымдардан тұруы керек.
Есеп берудің жазбаша нұсқасына қойылатын талаптар:
Бет параметрлері: жоғарғы және төменгі өріс – 2 см,
солдан – 3 см, оңнан – 1 см.
Негізгі мәтіннің шрифті және бет нумерациясы Times
New Roman; шрифт өлшемі – 14 кегль; Қызыл жол
қашықтығы – 0,8 см.
Есеп мазмұынында болу қажет:
-
мұқаба;
-
кіріспе;
-
есептің негізгі бөлімі;
-
қорытынды.
Кіріспеде болу тиіс:
-
іс-тәжрибе мақсаты мен міндеті;
-
іс-тәжрибе орны мен уақыты (апта);
-
іс-тәжрибе уқытында жасалған жұмыстар.
Негізгі бөлімге міндетті түрде қосу қажет:
-
жаңашыл оқытушылардың жұмыс жасау әдістемелерін
(өз пәнінен міндетті емес).
-
мектептегі тәрбие жұмысын жұргізу әдістемесі;
-
жеке жоспарға сай орындалған жұмыстар (оқу, тәрбие
ғылыми).
Қорытынды бөлімде болуы қажет:
-
іс-тәжрибе кезінде алған дағдылары;
-
Қорытынды және нұсқаулар.
24
№ 5 қосымша
АӘД бөлімдері және тақырыптары бойынша
апталық үлгі жоспар, 10 сынып
1.
Тактикалық дайындық. 5-тақырып, 1-сабақ. ҚРҚК
танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы негізгі миналар,
олардың тактикалық-техникалық сипаттамалары және
жалпы құрылуы.
2.
Атыс дайындығы. 3-тақырып, 1-сабақ. Оқу
пневматикалық қаруды жинау оны оқтау және атысты
жүргізу тәртібі.
3.
ӘҚН (ОВС) 3- тапсырма 3-сабақ. Роталық тәуліктік
нарядының тағайындалуы, құрамы мен қару-жарағы. Рота
бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері және оның
бағыныштылығы.
4.
Азаматтық қорғаныс. 3-тақырып, 2-сабақ. Жеке
қорғаныс құралдары, олардың топтастырылуы. Оқшаулау
және сүзгі қорғаныш құралдары.
5.
ӘҚН (ОВС) 3-тақырып, 6-сабақ. «Дабыл» және
«Жинал» белгісін алған соң Рота бойынша тәуліктік
кезекшінің іс-әрекеті, өрт болған жағдайда ротаның тікелей
бастықтарының және әскери қызметшілердің ротаға келіп
жиналуы.
6.
Азаматтық қорғаныс. 3-тақырып, 2-сабақ. Арнаулы
қорғаныс киімі.
7.
Тактикалық
дайындық.
5-тақырып,
2-сабақ.
Орнатылған миналарды білдіретін белгілер, оларды жоюдың
әдістері мен амалдары. Жарылмайтын инженерлік
құрылғылар.
8.
Азаматтық қорғаныс. 3-тақырып, 3-сабақ. Паналар.
Олардың арнаулы мақсаты және құрылымы. Паналарға
адамдардың жасырыну ережелері.
25
9.
ӘҚН (ОВС). 3-тақырып, 8-сабақ. Қ.Р.Қ.К Тәртіптік
жарғысы-әскери тәртіптің мәні мен маңызы туралы. Әскери
қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттері.
10.
Азаматтаық қорғаныс. 3-тақырып, 4-сабақ.
Радиацияға қарсы тасалар, олардың арналу мақсаты мен
құрылысы. Тасаларды толықтыру реті және адамдарды
тасымалдау ережесі. Шұңқырларды, ұраларды және басқа да
құрылыстар мен үй-жайларды (ғимараттарды) тасаға
айналдырып бейімдеу. Ең қарапайым үлгідегі тасалар.
11.
Тактикалық дайындық. 5-тақырып, 3-сабақ.
Бөлімше құрамында мина жарылғыш және жарылмайтын
инженерлік бөгеттерден өтудің әдістерімен тәсілдері.
12.
Азаматтық
қорғаныс.
4-тақырып,
1-сабақ.
Радиациялық барлау аспаптары, олардың сипаттамалары.
Иондайтын сәулелерді өлшеудің иондық әдісінің мәні.
АӘД бөлімдері және тақырыптары бойынша
апталық үлгі жоспар, 11 сынып
1.
Тактикалық
дайындық.
4-тақырып,
2-сабақ.
Қарсыластың танктері мен сауытты машиналарын жою үшін
танкке қарсы қол гранаттарын қолдану реті. Сауытты
нысаналарды жою жөніндегі жаттығулар.
2.
Тактикалық дайындық. 4-тақырып, 5-сабақ. Төмен
және тым төмен биіктерде ұшатын әуе нысаналарын жоятын
атыс қаруын қолдану.
3.
Тактикалық
дайындық.
6-тақырып,
1-сабақ.
Сарбаздың ұрыс алаңында жаяу реттегі іс-қимыл кезінде
ілгерілеу әдістерін орындау тәсілдері мен ережелері.
4.
Тактикалық
дайындық.
6-тақырып,
2-сабақ.
Сарбаздың шабуылға дайындық кезіндегі қимылы және
шабуылға шығу реті. Шабуыл барысында қарсыласты жою
әдістері.
26
5.
Тактикалық
дайындық.
6-тақырып,
3-сабақ.
Қорғаныста қарсыластың оғы астында атыс позициясын
жасау. Атыс орны (жатып атуға арналған шұңқыр) мен
бақылау орнын жабдықтау және бүркемелеу.
6.
Тактикалық дайындық. 6-тақырып,4-сабақ. Бағдарлар
туралы түсінік және оларды тағайындау реті. Бағдарларға
және жергілікті заттарға қатысты өз орны мен қарсыластың
нысаналарын анықтау реті.
27
№ 6 қосымша
Іс-тәжірибе барысында өткізілетін әскери-
патриоттық жұмыс бойынша іс-шаралардың үлгі тізбесі
1.
Мектептің жоспары бойынша әскери бөлімдердің,
әскери комиссариаттардың адамдарымен және ҰОС, ауған
соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру .
2.
«Ұлан-Қалқан» әскери-спорттық ойынын өткізуге
көмектесу.
3.
Жалпы мектептік сап және саптық ән айту
жарысына қатысатын сыныптарды дайындау (10-11).
4.
Бұқаралық-қорғаныс жұмысының бір үйірмесі өз
бетімен кем дегенде 2 рет өткізу.
5.
Азаматтық Қорғаныс Күнін өткізуге дайындыққа
қатысу және әскери-спорттық эстафетада төрешілік
жасауды ұйымдастыру.
6.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күніне
арналған мерекелік шерулерге қатысу.
7.
Тақырыптарын сынып жетекшісімен келісіп, әр
сыныптарда бекітілген ерлік сабағын біріктіріп өткізу.
8.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне
арналған қабырға газетін шығаруға көмектесу.
Іс-тәжірибе жетекшісі:____________________________
(аты-жөні)
28
№ 7 қосымша
Саппен жүріп ән айту сайысының үлгі ережесі
Мақсаты мен міндеттері
1.
Жастардың патриоттық және интернационалдық
тәрбиесін нығайту.
2.
Болашақ сарбаздарды Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері қатарына дайындау.
3.
Ең жақсы бөлімді анықтау және саппен алаңда жүріп
ән айту сайысына қатысу үшін оқушыларды таңдап алу.
Күні мен уақыты
Сайыс № _____ орта мектебінің сапттық алаңда
өткізіледі. Сайыс уақыты өткізілуі кестесіне сәйкес
жарияланады. Сайысқа 8-11 сынып оқушылары қатысады.
Сайысты өткізу бағдарламасы
8-
9 сынып оқушылары үшін
1.
Бір орындағы қозғалыстар.
2.
Бір қатардан тұру және қайта сап құру.
3.
Саптық және жорықтық саппен жүріп өту.
4.
Саптық адыммен жүріп келе жатып ән айту.
10-
11 сынып оқушылары үшін
1.
Бір орындағы саптық қозғалыстар.
2.
Бір қатардан екі және қайта сап құру.
3.
Бір және екі қатарға тұру және қайта сап құру.
4.
Қозғалыстағы саптық жаттығулар.
5.
Саптық және жорықтық адыммен жүріп өту.
6.
Саптық адыммен жүріп келе жатып ән айту.
Сап элементтері мен ән айтуды орындау
талаптары
29
Командирдің барлық пәрмендерін нақты орындау
1.
Саптық адыммен жүріп келе жатып ән айту.
2.
Бір орында және қозғалыстағы сапта, қатарда және
лекте ара қашықтықты сақтау.
3.
Бір орындағы саптық жаттығулар.
4.
Қозғалыстағы бұрылыстар.
5.
Саптық әнді орындау.
6.
Қозғалыста саптық жаттығуларды орындау.
7.
Бөлім құрамында 15-20 оқушыдан кем болмауы
керек.
Киімдері
9 11сынып. Парадты киім түрі.
Ер балалар: ақ көйлек, галстук және қара түсті шалбар.
Қыз балалар: ақ көйлек, қара түсті юбка.
Бөлімнің міндетті түрде бас киімді болуы керек.
Бағалау көрсеткіштері
1.
Ішкі түрі (киім киісі).
2.
Сапта әнді анық айту.
3.
Пәрмендерді беру анықтылығы (командир).
4.
Бір орында және саптағы қозғалыстар.
5.
Команда мен командир арасындағы өзара қарым-
қатынас.
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау
Орындар жүлделер бойынша анықталады:
8-
9 сыныптар
10-
11 сыныптар.
Ең үздік бөлім арнайы сыйлықпен және құрмет
грамотасымен марапатталады.
30
№ 8 қосымша
БӘД САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІНІҢ
ҮЛГІСІ
Атыс дайындығы.
Тақырыбы: «Оқу–үйрену
пневматикалық
қаруының
құрылысы: Оны оқтау және ату тәртібі».
№______ сабақ. Пневматикалық винтовканың бөлшектері
мен механизмдерінің өз-ара әрекет етіп жұмыс істеуі.
Оқу-тәрбиелік мақсаттары:
1.пневматикалық винтовкамен жұмыс істеу тәртібі.
Уақыт: 45 мин.
Өткізілетін орны: әскери бөлме
Әдісі: практикалық оқу (әңгімелеу)
Әдебиеттер: Тасболатов А.Б. АӘД бойынша оқулық құралы
71-
95 б.
Материалдық техникалық қамтамасыз ету: диафильм,
плакат, макет және үйрену қаруы
Оқу сұрақтары:
1.Пневматикалық винтовканы күту тәртібі.
2.Пневматикалық винтовкаларды сақтау.
1. Кіріспе бөлім: 5 минут.
-
сапқа тұрғызу, бөлім, бөлімше командирлерінің
рапорттарын қабылдау және сәлемдесу;
2.Негізгі бөлім:
_______
_________________ 12 минут
3.Қорытынды бөлім:
-
сабақты қорытындылау;
Сабақты өткізген іс-тәжірибеден өтуші
студент практикант ____________________
күні, қолы
31
Әдістемелік нұсқау. БӘДжәнеЖеке сайыс кафедрасының
отырысында қаралып, бекітілді
15.03.201
жылғы № хаттама
БӘжәнеДД кафедрасының меңгерушісі _______________
Әдістемелік нұсқау. ДМжС факультетінің Ғылыми-
әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді
26.03.201
жылғы № хаттама
ДМжС факультеті әдістемелік кеңесінің
төрағасы _______________
Әдістемелік нұсқау. академик Е.А. Бөкетов атындағы
ҚарМУ-дың
Ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді
« » __ 201
жылғы № хаттама
Document Outline - № 1 қосымша
- Педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі: _____________________________
- (аты-жөні)
- № 2 қосымша
- № 3 қосымша
- № 7 қосымша
- күні, қолы
Достарыңызбен бөлісу: |