Құқықтары: ұлттық заңнаманы, халықаралық стандарттар мен құқық қолдану



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет7/19
Дата25.11.2017
өлшемі0,55 Mb.
#1766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

1

Ішкі еңбек нарығын тестілеудің жоғарыда көрсетілген тәсілдері үшін рұқсат алуға өтініші 

беру күніне қатысты оларды өткізудің мерзімдері де заңды тәртіппен айқындалған (мерзімді 

басылымдарда – 1 айдан 3 айға дейін, жергілікті атқарушы органның аймақтық деректер ба-

засында іздестіру – бір айдан асырмай). Ішкі еңбек нарығында іздестіру жөніндегі талап-

тар шетелдіктерді шетелдік банк, сақтандыру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің 

басшылары ретінде және еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекші-миг-

ранттарды әлеуметтік қорғау туралы келісімдерге сәйкес ауылшаруашылық қызметкерлерін 

тарту  жағдайында  қолданылмайды.  2008  жылғы  1  маусымнан  бастап  бұл  тізбе  біршама 

ұлғайтылатын болады және ішкі еңбек нарығында ұсыныстар іздестіру мамандардың жеке-

леген санаттарына, мысалы, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары 

мен ғылыми қызметкерлеріне, теңіз кемелері экипажының мүшелеріне қатысты болмайды.

Қазақстанда  жұмыс  берушілерге  шетелдік  жұмыс  күшін  тартуға  рұқсаттарды 

облыстардың, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органда-

ры таратқан аймақтық квоталар шегінде береді. Жұмыс беруші рұқсат алу үшін белгіленген 

ережелерге

26

 сәйкес құжаттардың



27

 қомақты пакетін ұсынуы тиіс, ол мыналарды қамтиды:

1)  тартылатын  шетелдік  жұмыс  күшінің  саны,  жекелеген  кәсіптер  мен  біліктіліктер 

бойынша санаттары көрсетілген мемлекеттік немесе орыс тіліндегі өтінішті;

2)  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  белгілі  бір  нормативтік 

құжаттарына

28

 сәйкес әр лауазым үшін белгіленген біліктілік талаптарын;



3)  егер бұлар жалданатын қызметкердің біліктілік талаптарына енгізілген болса, шет ел 

тілін және стандарттарын білу, шетелдегі жұмыс тәжірибесі қажеттігі негіздемесін;

4)  аймақтық деректер базасынан бос лауазымдар бойынша ұсыныстардың болуы туралы 

анықтаманы;

5)    лауазымға  қойылатын  біліктілік  талаптары  көрсетілген,  бар  бос  орындар  туралы 

хабарландырулары бар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі республикалық және жергілікті 

баспасөз басылымдарының

29

 түпнұсқасы;



6)  еңбек нарығы деректерінің республикалық базасы бойынша іздестіру нәтижелерін;

7)  бұрын  берілген  рұқсаттың  ерекше  шарттарының  орындалуы  туралы  ақпаратты  (олар 

болған кезде); 

8)  егер  мұндай  жағдай  ішкі  еңбек  нарығында  ұсыныстар  іздестіру  кезінде  орын  алған 

болса, жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарға уәждемелі бас тартуын;

9)  сұралатын шетелдік жұмыс күші санының негіздемесін.

Жалпы, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсат, бір облыстың не Астана, не Ал-

маты қаласының аумағы шегінде ғана қолданылады, бұл мигранттардың еңбек қызметін жү- 

зеге  асыру  мүмкіндігін  шектейді:  олар  рұқсат  алған  жұмыс  берушіде  және  рұқсатта 

көрсетілген аумақ шектерінде ғана жұмыс істей алады. Жұмыс берушіге екі және одан да көп 

аумаққа (облыс, Астана және Алматы қалалары) рұқсат беру осы жұмыс берушінің тиісті не-

гіздеме беруі негізінде жүзеге асырылатын мәселені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министрлігімен келістірген жағдайда ғана жүзеге асырыла алады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алысымен, жұмыс беруші шетелдік қызметкер-

лермен еңбек шартын жасасады, олардан білімі мен тиісті еңбек қызметі тәжірибесінің бо-

луын растайтын қажетті құжаттарды

30

 жинайды, сондай-ақ рұқсаттың қолданылу мерзімі 



аяқталғанда еңбекші-мигранттардың тұрақты тұратын жеріне кетуі кепілдігін қамтамасыз 

26  Үкіметтің  2001 жылғы 19 маусымдағы  № 836 қаулысының 14-тармағы. 

     27  2008 жылғы 1 маусымнан бастап маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына рұқсат алу үшін тек 

өтініш беріледі. 

     28  Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамасы мен  

Қазақстан Республикасының  01-99 “Кәсіптер сыныптауышы” мемлекеттік  сыныптауышы. 

     29  Іс жүзінде бұл талап  бос орындар туралы  хабарландыруларды кемінде екі республикалық және екі 

жергілікті басылымдарда хабарландырылғаны  растамасын  ұсыну қажеттігі ретінде ұғынылады. 

    30  Бірінші, екінші және үшінші санат бойынша ғана (басшылық құрам, мамандар мен білікті 

жұмысшылар) талап етіледі және ауылшаруашылық қызметкерлері жағдайында талап етілмейді. 


1

етеді (мигранттарға жұмыс берушінің банкпен келісім-шартының көшірмесі мен қайтару 

үшін шотқа тиісті жарналарды енгізгені туралы түбіртек табыс етіледі). Бұдан әрі жұмыс 

беруші  мынадай деректерді көрсетеді: тегін, атын, әкесінің атын; туған жылы мен күнін; 

азаматтығын; тұрақты тұру елін; шығу елін; Қазақстан Республикасында қолданылатын нор-

мативтік құжаттарға сәйкес мамандығы мен білімін; кәсібі мен лауазымын

31

. Бұл тізбені жер-



гілікті атқарушы органдар растауы тиіс және шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат 

ол расталған сәттен бастап күшіне енеді. Шетелдік қызметкермен еңбек шарты рұқсаттың 

қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда, жұмыс беруші тартылатын ше-

телдік жұмыс күшінің өзгертілген, уәкілетті орган растаған тізімінің негізінде сол санат пен 

біліктілік бойынша шетелдік жұмыс күшін тарта алады. 2008 жылғы 1 қаңтардан бері ше-

телдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру рәсімімен қатар балл

32

 есептеу жүйесін қолдану 



негізінде жұмыс беруші тартатын еңбекші-мигранттардың біліктілігін бағалау жүргізіледі 

(білімі, тиісті жұмыс өтілі, еңбек нарығындағы осы мамандыққа (кәсіпке) сұраныстың бо-

луы бойынша). Ол маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылатындардан өзге 

квота мен рұқсаттар бойынша талаптар қолданылатын шетелдік қызметкерлердің үш сана-

тына

33

 қолданылады.



Қазақстанда  қолданылатын  мигранттардың  жұмысқа  орналасуын  рұқсаттау  жүйесінің 

тағы  бір  өзіндік  ерекшелігі  -  жұмыс  берушіге  берілетін  рұқсатты  ерекше  шарттармен 

салмақтау мүмкіндігі. Бұл шарттар рұқсатта көрсетіледі және шетелдік жұмыс күші тар-

тылатын  мамандықтар  бойынша  жергілікті  қызметкерлерді  жұмыс  берушінің  есебінен 

дайындауға, қайта дайындауға және олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ қазақстандық 

азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға қатысты болады. Іс жүзінде, мұндай 

ерекше шарттарды рұқсат беруші мемлекеттік орган дискрециялық негізде белгілеуі мүмкін. 

Оларды орындамау жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға кейін рұқсаттарды бе-

руден бас тартуға негіздемелердің біреуі болып табылады.

3.4. Мигранттардың еңбек нарығына қатынау 

құқықтары(қабылдауды сүйемелдеу)

ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясы мен Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отба-

сы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция елде белгілі бір уақыт 

кезеңінде  еңбек  қызметін  заңды  түрде  жүзеге  асырғаннан  кейін,  мигранттардың  еңбек 

нарығына еркін қатынау құқығының мүмкіндіктерін қарастырады.

Жұмыс істеуге мерзімі шектеулі рұқсат алған еңбекші-мигранттарға қатысты, жал 

бойынша жұмыс мемлекеті, сондай-ақ: 

а) еңбекші-мигрант сыйақылық қызмет атқару мақсатында оның аумағында ұлттық 

заңнамада көзделген, екі жылдан аспауға тиіс кезең ішінде заңды тұрған жағдайда өзінің 

сыйақылы қызметін еркін таңдау құқығын бере алады;

b)  өзінің  азаматтарына  немесе  осы  мақсатпен  солармен  тек  өзгерткен  адамдарға 

басымдық  беру  саясатын  жүзеге  асыру  үшін,  заңдардың  немесе  екі  жақты  неме-

се  көп  жақты  келісімдердің  қолданылуына  қарай  қызметкер-мигранттың  сыйақылы 

қызмет атқару мүмкіндігін шектей алады. Кез келген мұндай шектеу сыйақылы қызмет 

мақсатында,  ұлттық  заңанамада  көзделген,  бес  жылдан  аспауға  тиіс  кезең  ішінде,  ол 

31  Еңбекші-мигранттардың  кәсібі мен  лауазымы  Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай 

тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылардың, мамандар мен  басқа да қызметшілер лауазымдарының 

біліктілік анықтамасы мен Қазақстан Республикасының 01-99 “Кәсіптер сыныптауышы”  Мемлекеттік  

сыныптауышы бойынша, яғни Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр-

лігі бекіткен құжаттар бойынша көрсетіледі. 

     32  Балдарды есептеудің бұл жүйесі  иммиграцияны  еңбекке орналастыру не  тұрақты мекендеу үшін 

еңбек көші-қонын  қолдайтын елдерде, мысалы, Канадада, Чехияда, Ұлыбританияда  қолданылады.   

     33  Басшы қызметкер,  білікті мамандар, білікті жұмысшылар.



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау