70
олардың құқықтарын қорғау комиссиясына оларды ата-аналық құқығынан айыру
немесе шектеу үшін сотқа ұсыныс дайындау үшін жіберу;
12) Білім беру ұйымдарында кӛшпелі соттың, Жасӛспірімдер ісі және
олардың құқықтарын қорғау комиссиясының мәжілістерін ӛткізуге кӛмек
кӛрсету;
13) жасӛспірімдер қылмысы, нашақорлық пен маскүнемдік, жасӛспірімдер
арасындағы бақылаусыздық пен панасыздық мәселелері бойынша семинар-
мәжілістер, конференциялар, дӛңгелек үстелдер ұйымдастыру және қатысу.
4. Білім беру ҧйымдары оқушылары арасында маскҥнемдікке,
нашақорлыққа, токсикоманияға қарсы тҧру жҧмыстарын ҧйымдастыру
13. Мектептің полициялық инспекторы: жасӛспірімдер арасында құқық
бұзушылық пен қылмыстың, жүйелі түрде спирттік ішімдік ішудің, есірткі
құралдарын және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу мақсатында
тӛмендегідей іс-шараларды іске асырады:
1) құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу рейдтері мен іс-шараларын
ӛткізуге қатысады, спирттік ішімдіктер және басқа психоактивтік заттар
қолданатын жасӛспірімдерді анықтайды, әлеуметтік педагогтермен, сынып
жетекшілерімен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрмысы
тӛмен отбасыларға, «қауіп тобындағы» отбасыларға барады;
2) есірткі заттарын, психотроптық не есеңгірететін заттарды медициналық емес
мақсатта пайдаланатын жасӛспірімдерді, кӛрсетілген құралдарды және заттарды
білім беру ұйымдарында және оның айналасында ӛткізуі және қолдануы мүмкін
жерлерді анықтайды;
3) ата-аналарының тарапынан және жасӛспірімдерді есірткі қҧралдарын,
басқа естен тандыруға апарып соғатын әсері кҥшті заттарды қолдануға
тартатын басқа да ересектердің тарапынан жасӛспірімдерге тиетін кері
әсердің жолын кесетін шаралар қолданады;
4) қалалық, аудандық органдардың наркобизнеспен күрес және есірткі
айналымын бақылау қызметкерлерімен білім беру ұйымы оқушылары арасында
нашақорлық пен таксикомания мәселелері бойынша алдын алу жұмыстарын
бірлесе атқарады;
5) спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық және басқа естен
тандыратын заттарды қолданатын жасӛспірімдерді анықтау үшін білім беру
ұйымы оқушыларын денсаулық сақтау органдарына тексеруге бағыттайды;
6) полицияның жасӛспірімдер ісі жӛніндегі аймақтық учаскелік инспекторымен,
қалалық, аудандық органдардың наркобизнеспен күрес және есірткі айналымын
бақылау қызметкерлерімен, сонымен бірге есірткі, не басқа қатты әсер ететін,
естен тандыратын заттарды медициналық емес мақсатта қолдануға жол беретін
жасӛспірімдерді алдын ала есепке алатын денсаулық сақтау органдарымен бірге
салыстырып тексереді;
7) Есеңгіретіп тастайтын спиртті ішімдіктерді, есірткі құралдарын,
психотроптық немесе басқа заттарды қолдануды алдын алу ескерту бойынша
конференция, дәріс, дӛңгелек үстел ӛткізеді, білім беру ұйымдарындағы
оқушылар арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді, олардың есірткі және басқа
71
психобелсенді заттарды қолдану зардабы туралы білімдерін анықтау мақсатында
зерттеу, сауалнама ӛткізеді;
8)
Білім беру ұйымдарының оқушылар арасында нашақорлық пен
токсикономанияны таратушылық пен күресуге бағытталған қоғамдық жастар
ұйымдарының іс-әрекетін құру және ұйымдастыру бойынша жұмысын жүргізеді;
9) Нашақорлықпен күресу халықаралық күніне арналған акцияларын ӛткізуге
қатысады, есірткіге қарсы күресу тақырыбына кӛркем шығармаларының
байқауларын, спорт жарыстарын, деректі, ғылыми-танымал және кӛркем
фильмдерінің кӛрсетілуін, ең жақсы сурет, шығарма, оқушылар арасында плакат
байқауларын ұйымдастырады;
5. Мектептегі полиция инспекторы жҧмысының нысаны мен әдістемесі
14. Мектептегі полиция инспекторы мектепішілік бақылауда тұрған әр
оқушымен келесі жұмысты жүргізеді:
1) жасӛспірімнің қанағаттанғысыз мінез-құлқының себебін анықтайды және
оның тарабынан қоғамға қарсы әрекеттің жасауын болдырмау мақсатында
онымен алдын алу ескерту әңгімесін жүргізеді;
2) жасӛспірімге зиян келтіретін ата-аналарының, тұлғалардың қоғамдыққа
қарсы мінез-құлқының болғанын анықтап, кәмелет жасына толмағандардың
істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиясына қарауға осы
мәселе бойынша материалдарды дайындайды;
3) мектеп оқытушыларымен, әлеуметтік педагогімен, әкімшілігімен бірге
мінез-құлқы девиантты жасӛспірімге жеке әсер ететін іс-шараларды анықтайды;
4) Мектепішілік есепке алынған тұлғалардың тізімдік есепке алуын жүргізеді,
оларды үздіксіз бақылауға алады, осы немесе басқа жасӛспірімнің мінез-
құлқында жағымсыз ӛзгерістер беталысы туралы ата-аналар мен оқытушыларға
ескертеді.
15. Мектеп полиция инспекторында қызметтік жайы, кабинеті болуы керек, оны
білім беру ұйымы береді, кабинеттің есігінде қызметкер туралы мәліметімен,
қызметкердің тікелей басшыларының телефонымен табличка болуы керек.
Мектеп полиция инспекторының кабинетінде болу керек:
Білім беру ұйымының жасӛспірімдерімен жасалған құқық бұзушылық туралы
мәліметтерімен
ақпараттық-құқықтық
қабырға
стенді,
Қазақстан
Республикасының
қылмыстық
Кодексінің
баптары
(кәмелет
жасына
толмағандарға қатысты бірқатар баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік
қай жастан басталатыны), салауатты ӛмір сүруді насихаттау бойынша ақпарат
(нашақорлықты, алкоголизмді, темекіні тартудың алдын алу ескерту).
16. Мектеп полиция инспекторының кітапханасында кәмелет жасына
толмағандардың істері бойынша бӛлімшенің қызметін белгілейтін әдебиет,
әдістемелік ұсыныстар, плакаттар, брошюралар, сондай-ақ салауатты ӛмір сүруді
насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, ескерту бойынша буклеттер болу керек.
6. Мектептің полиция инспекторы қҧжаттамасының тізбесі
17. Мектешілік есепте тұрған девиантты мінез-құлықты жасӛспірімдер мен
балалар туралы ақпарат: сауалнама, мінездеме, тестілеудің нәтижесі, педагог-
психологтың ұсынысы, қорытындысы, мектеп дәрігерінің ұсынысы, кәмелет
жасына толмағандардың тұрғын-тұрмыстық жағдайының тексеру актісі,
72
отбасының мінездемесі, үлгерімі мен мектеп сабақтарына баруының есепке
алуы, бос уақытының ұйымдастырылуы, жасӛспірімнің мектептен тыс қызметі.
18. Мектеп полиция инспектор жұмысының жоспары, Құқық бұзушылықтың
алдын алу бойынша Кеңес жұмысының жоспары, жеке –тәрбие жұмысының
есепке алуы, ата-аналармен жұмыс.
19. Кәмелет жасына толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
бойынша комиссиясымен бірігіп жұмыс істеу, ауданның қоғамдық
ұйымдарымен (жоспарлар, хаттар, актілер, қолдау хаттар, жауаптар). Демалыс
уақытында мектепішілік есепте тұрған жасӛспірімдер мен балалардың қол бос
болмаушылығын есепке алу.
20. Мектептің полиция инспекторы оған бекітілген білім беру ұйымына бақылау
ісін бастайды, онда кӛрсетілген ақпарат жинақталады.
Әр бақылау ісі 2 бӛлімнен тұру керек.
Бірінші бӛлімінде келесі мәліметтер кӛрсетіледі: оқушылардың саны,
сынып бойынша оқушылардың тізімі, үй мекен-жайы және ата-аналар немесе
олардың орнындағы тұлғалар туралы мәліметтер, жағдайы нашар отбасылардың
тізімі, мінез-құлқы девиантты оқушылардың тізімі, сонымен қатар оқудан бас
тартатын оқушылардың тізімі, мемлекеттік ұйымдарының, қоғамдық және
үкіметтік емес бірлестіктерінің, жасӛспірімдер қылмысының алдын алу,
ескертумен айналасатын ұйымдарының тізімдері, басшылар туралы мәліметтер,
телефондары, оқушылар арасындағы қылмыс, құқық бұзушылық, қараусыз және
панасыздық туралы статистикалық мәліметтер, білім беру ұйымдарына
бекітілген аумақтарында орналасқан кафе, бар, мейрамхана, базар, дискоклуб,
компьютерлік клубтарының тізімдері, олардың басшылары туралы мекен-
жайларының, телефондарының кӛрсетілуімен мәліметтер.
Екінші бӛлімінде мектепішілік есепте тұрған және кәмелет жасына
толмағандардың істері бойынша бӛлімшелерінде есепке алуда тұрған мінез-
құлықы девиантты оқушылардың ӛмір сүру жағдайы мен байланысы, жағдайы
нашар отбасылар туралы мәліметтер, алдын алу Кеңес отырысының
материалдары, мектеп инспекторы мен мектеп әкімшілігінің бірігіп жүргізген
жұмысының жоспары, сонымен қатар жүргізілген жұмысы туралы нақты
нәтижесімен анықтамасы кӛрсетіледі.
21. Мектеп полиция инспекторы ішкі істер органдарының кәмелет жасына
толмағандардың істері бойынша учаскелік полиция инспекторының
функционалдық міндеттерін толық кӛлемінде орындайды және байқайтын
істерін жүргізу және есепке алудағы тұлғалардың картотекалық есепке алуын
дербес орындайды.
7. Полициялық мектеп инспекторларының қызмет нәтижелері туралы есебі
22. «Полициялық мектеп инспекторларының қызмет нәтижелері туралы есеп»
жартыжылдық бойынша , оныншы шілде мен қаңтар айларында жылдық
қорытынды сандық кӛрсеткіштерімен бірге баяндау хаттары ҚР-ның ІІМ-нің
қоғамдық қауіпсіздік Департаментіне тапсырылады.
8. Полициялық мектеп инспекторларымен заңдардың орындауын
қадағалау
73
23. Полициялық мектеп инспекторларының қызметінде Заңдардың нақты және
бірыңғай
орындалуын,
кәмелетке
толмағандардың
арасында
құқық
бұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыз қалмауын ескерту мен
балалардың үйсіздігін алдын алу бойынша заңдардың орындауларын
қадағалауды прокуратура органдары жүргізеді.
Глоссарий
қҧқық бҧзушылықтың алдын алу – құқық бұзудың алдын алатын субъектімен іске
асырылатын, құқық бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды білу, зерттеу, жолдары
арқылы қалпына келтіру, құқық тәртібін сақтау және нығайтуға бағытталған құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастыру шаралары;
қҧқықтық тәрбие – азаматтардың заңды сақтау мінезін және әділдік сезімін, құқықтық
мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білімдік, ақпараттық және ұйымдастырушылық мәні
бар шаралар кешені;
алдын ала білім беру – бұл қандай да бір жағдайда не істеу керектігін балаға үйрету және бұл
тәртіпті алдын ала іспен кӛрсету;
әлеуметтік бейімдеу –жеке тұлғаны қоғамда мінез-құлық ережелері мен нормаларын
қолдануға және сақтауға қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзудың алдын алатын
субъектімен іске асырылатын кешенді шара;
әлеуметтік оңалту – бейәлеуметтік тұлғаға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық,
педагогикалық кӛмек кӛрсету, сонымен қатар психологиялық және (немесе) моральдық
жарақаттар үрдісін еңсеруге бағытталған, субъектімен құқық бұзушылықтың алдын алу
бойынша іске асырылатын кешенді шара;
жақсы мінез-қҧлықты болуы – ҚР –ның заңдарының құқық нормаларына сәйкес адамның,
азаматтың құқығын, еркіндігін және қоғам мен мемлекеттің мүддесін бұзуға жол бермейтін
тұлғаның саналы мінез-құлқы;
қҧқық бҧзудың алдын алушы субъектілер - құқық бұзушылықтың алдын алуды іске
асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті басқару органдары, ұйымдар мен ҚР-ның
азаматтары;
тҧрмысы нашар отбасы – кәмелетке толмағандарды ата-аналары немесе заңды ӛкілдері
оларды тәрбиелеуде, оқытуда, қамтамасыз етуде ӛз міндеттерін орындамайтын және (немесе)
олардың тәртібіне теріс ықпал ететін отбасы;
Ҧсынылған әдебиеттер тізімі
1. Камалова Л. Борисова Н. Гарифуллина Г. Қоғамдық - белсенді тұлғаны тәрбиелеудегі
мектептің ролі немесе тағы да КТД туралы // Мектептегі тәрбие жұмысы ( директордың
тәрбие жӛніндегі орынбасарының тәрбие жұмысы туралы іскерлік журналы). 2013 №3. 115-
132 беттер.
2. Қожахметова К.Ж., Демеуова М.Е. «Қазақстан мектептерінің тәрбие жүйесі» А., 2006
3. Колесова Ш.В., Шаталина Н.М. Жалпы білім беру мекемелерінде сапаны бағалау
мониторинг бағдарламасы //Қазіргі мектепті басқару. ОТЖ орынбасары (Мектеп әкімшілігіне
арналған ғылыми-тәжірибелік журнал). 2013, №1. 39-62 беттер.
4. Коляева М.В., Канищева Г.Н., Куликова Л.Г. Әдістемелік құрал «Отбасын нығайту
бағдарламасы» Шымкент., 2007
5. Мыңбаева А.К., Садуақасова З.М. Жаңаша оқыту әдістері немесе қалай қызықты сабақ
жүргізу керек. А., 2009
6. Сергеева В.П. Қазіргі мектептегі сынып жетекші. М., 2000
7. Панфилова М.А. Қарым-қатынастың ойын терапиясы, Тесттер, түзету ойындары:
психологтар, педагогтар және ата-аналарға арналған тәжірбиелік құрал. М., 2013
8. Созонов В.П. Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Сынып жетекшісіне арналған
әдістемелік құрал. М., 2000
9. Фридман В.Я. Лекторлық шеберлікке оқытудың белсенді әдістері: семинарлар,
практикумдар, іскерлік ойындар. М., 1989
74
10. Щуркова Н.Е. Сынып жетекшілік: теория, әдістеме, технология. М., 2000
Қолданылған қысқартулар тізім:
МІЕ – мектепішілік есеп;
ББ-білім беру бӛлімі;
КТІ және ҚҚК- кәмелетке толмағандар ісі және құқық қорғау комиссиясы;
ІІО- ішкі істер органы;
ТҮ және ТЖ-тұрғын үй және тұрмыстық жағдай;
АНТ-ақпараттық-насихаттау тобы;
2015 жылдың «22» сәуірінде
Қазақстан Республикасының
ғылым және білім Министрлігінің
№227 бұйрығымен бекітілген
Тәрбиенің тҧжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты
жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформация
ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды,
адам ӛмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм,
еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді кӛздейді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында
отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің ӛзара кірігуі
негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің
кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Тәрбие жҧмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің ӛзегі бола
отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы ӛтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2.
Рухани-адамгершілік тәрбие
3.
Ұлттық тәрбие
4.
Отбасы тәрбиесі
5.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.
Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие
7.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8.
Дене тәрбиесі, салауатты ӛмір салты
75
«Мәңгілік елдің» жалпыҧлттық қҧндылықтары
Общенациональные ценности «Мәңгілік ел»
Қазақстан тәуелсіздігі және Астана
Независимость Казахстана и Астана Independence of Kazakhstan and
Astana
Ҧлттық қауіпсіздік және еліміздің
жалпы әлемдік және аймақтық
мәселелерді шешуге жаһандық
қатысуы
Национальная безопасность и
глобальное участие страны в
решении общемировых и
региональных проблем
National Security and Global
Participation of the country in the
solution of global and local problems
Инновацияларды
индустриализациялау негізіндегі
экономикалық даму
Экономический рост на основе
индустриализации инноваций
Economic Growth on the basis of
industrialization of innovations
Тіл мен мәдениет, тарихтың
ортақтығы
Общность истории, культуры и
языка
Generality of History, Culture and
Language
Зайырлы қоғам және рухани байлық
Светское общество и высокая
духовность
Secular Society and High Spirituality
Қҧрмет
важение
Respect
Ынтымақтастық
Сотрудничество
Collaboration
Кӛпшілдік
Открытость
Openness
Жауапкершілік
Ответственность
Responsibility
Ӛмір бойы білім алу
Обучение на протяжении всей жизни Lifelong learning
Ашықтық
Прозрачность
Transparency
Академиялық адалдық
Академическая честность
Academic Honesty
Азаматтық жауапкершілік
Гражданская ответственность
Civil responsibility
Адалдық
Честность
Honesty
76
«Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»
КМҚК Қосымша білім беру және ұйымдастырушылық -тәрбие
инициативаларын дамыту бөлімі
Мекенжайымыз: Қарағанды қ, С.Сейфуллин көшесі 8/2
Байланыс телефоны: 8 (7212) 50-61-16
Сайт: umckrg.gov.kz
Электронды почта: umc_ro_karaganda@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |