Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет95/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
232 
4.2 
5,7-СЫНЫПТАРДА 
ЖАҢАРТЫЛҒАН  БІЛІМ  МАЗМҰНЫ 
БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
Назар аударыңыз! 
Мұғалімдер  бір  бөлім  көлеміндегі  тақырыптардың  оқытылу 
ретін  және  әр  тақырыпты  оқытуға  берілетін  сағат  санын  өздерінің 
мүмкіндіктеріне қарай анықтай алады. 
 
 
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ 
 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 
 
Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  ұлттық  және 
халықаралық  тәжірибелердің  ең  үздік  үлгілерін  басшылыққа  алып  жасалған. 
Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  
23  тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
сәйкес әзірленген.  
5,7-сыныптарда  оқу  процесі  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 
ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген 
«Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  «Қазақ  тілі»  пәнінен  жаңартылған 
мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасымен  (оқыту  қазақ  тілінде)  жүзеге 
асырылады.  Ұзақ  мерзімді  жоспар  оқу  бағдарламасының  құрамына  енгізілді 
және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, сағат 
саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында  – 102 сағат;  
2) 7 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында  – 102 сағат. 
«Қазақ  тілі»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  жалпы  білім  беретін  негізгі 
мектептерде  ана  тілін  қадірлейтін,  қоғамдық  мәнін  түсінетін  тұлға 
қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, 
еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім 
алушыларға  болашақ  қадамдары  туралы  өзара  ой  бөлісуге,  оларды  жоспарлау 
мен  бағалауға  мүмкіндік  беретін  бірізділік  пен  сабақтастықты  көрсететін  4 
бөлімнен  тұрады  және  олардың  жүйесі  бірізді,  оңайдан  қиынға  қарай, 
шиыршық принципі сақталып жасалған: 
1) тыңдалым және айтылым
2) оқылым; 
3) жазылым; 
4) әдеби тіл нормаларын сақтау. 
«Қазақ  тілі»  пәнінің  5-сыныптағы  базалық  мазмұны  бойынша  білім 
алушылар:  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
233 
1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; 
негізгі  ойды  анықтайды;  негізгі  және  қосымша  ақпаратты  анықтайды; 
қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;  
2)  оқылым:  мәтіндегі  негізгі  және  қосымша  ақпаратты  түсінеді; 
лексиканың  ауызекі  сөйлеу  және  жазба  стильдік  айырмашылықтарын  мәтін 
арқылы  таниды;  хат,  хабарлама,  жарнама,  нұсқаулық,  хабарландырудың 
құрылымы,  жанрлық  ерекшеліктерін,  ауызекі  сөйлеу  стиліндегі  мәтіндер; 
оқылым стратегияларын қолданып, қажетті ақапаратты таба біледі
3)  жазылым:  мәтін  бөлімдеріне  (кіріспе,  негізгі  бөлім,  қорытынды) 
жоспар құруды; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сай етіп 
жазуды;  сюжетті  суреттер  негізінде  әңгіме  жазуды;  эссенің  бөлімдерін 
меңгеруді (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын 
не суреттейтін эссе жазуды үйренеді. 
4) әдеби тіл нормалары бойынша білім алушылар: 
1)  орфографиялық  норма  бойынша  қазақ  тілінің  дыбыстар  жүйесі; 
үндестік заңы; емле заңдылықтарын үйренеді;  
2)  орфоэпиялық  норма  бойынша  ілгерінді,  кейінді,  тоғыспалы  ықпал 
түрлерін ажырата алады; 
3) лексикалық норма бойынша сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, 
көп  мағыналы  сөздер  мен  синоноим,  омоним,  антоним  туралы  білімдерін 
кеңейтеді; 
4)  грамматикалық  норма  бойынша  туынды  сөздер;  күрделі  сөздер:  зат 
есімнің  мағыналық  түрлерін;  сын  есім,  шырай  категориясы;  сан  есім, 
мағыналық  түрлерін;  төл  сөз  бен  төлеу  сөз,  автор  сөзі  туралы  білімдерін 
кеңейтеді; 
5) пунктуациялық норма бойынша төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс 
белгілерін дұрыс қолдануды үйренеді. 
 «Қазақ  тілі»  пәнінің  7-сыныптағы  базалық  мазмұны  бойынша  білім 
алушылар: 
1)  тыңдалым  және  айтылым  дағдылары  бойынша  мәтін  негізінде 
оқиғаның  дамуы  мен  аяқталуын  болжайды;  әлеуметтік-қоғамдық,  оқу-еңбек 
тақырыптарына  байланысты  диалог,  монолог,  полилогтердегі  (интервью, 
пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан  үзінді) автор көзқарасы 
мен  көтерілген  мәселені  талдайды;  факті  мен  көзқарасты  ажыратады;  дауыс 
ырғағы  мен  сөйлеу  мәнері  арқылы  негізгі  ойды  анықтайды;  дәлелді  жауап 
береді,  салыстырады,  талқылайды;  коммуникативтік  жағдаятқа  сай  көркем 
бейнелеуіш,  эмоционалды-экспрессивті  сөздерді  және  мақал-мәтелдер  мен 
тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады, пікірталаста тез және 
дұрыс шешім қабылдай білуді үйренеді; 
2)  оқылым  дағдысы  бойынша  мәтіндік  және  графиктік  ақпаратты 
интерпретациялайды;  тілдік  құралдар  арқылы  публицистикалық  және  ресми 
стиль  ерекшеліктерін  таниды;  хроника,  хабар,  очерктердің  және  кеңсе 
құжаттарының  қызметтік  жазбалардың  құрылымы  мен  рәсімделуі  арқылы 
жанрлық  ерекшеліктерін  ажыратады;  мәтіннің  тақырыбын,  құрылымын, 
мақсатты  аудиториясын,  тілдік  ерекшеліктеріне  талдау  жасайды;  мәтін 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
234 
негізінде  проблемалық  сұрақтар  құрастырады;  комментарий  жасауды,  іріктеп 
оқу, зерттеп оқу; сілтеме жасауды үйренеді. 
3)  жазылым  дағдысы  бойынша  күрделі  жоспар  құруды;  шағын  мақала, 
нұсқаулық,  әңгіме  құрастырып  жазуды;  графиктік  мәтін  түрінде  берілген 
процесті  сипаттап  жазуды;  дискуссивті  эссе  жазуды;  жинақы  мәтін  жазуды; 
мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізуді, редакциялауды үйренеді. 
4) әдеби тіл нормалары дағдысы бойынша : 
1)  орфографиялық  норма  бойынша  жалғаулар  мен  шылаулардың 
ерекшелігін  ескере  отырып,  үндестік  заңына  сәйкес  орфографиялық  нормаға 
сай жазады; 
2)  орфоэпиялық  норма  бойынша  сөйлеу  тіліндегі  интонация,  кідіріс, 
логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады; 
3)  лексикалық  норма  бойынша  фразеологизм,  мақал-мәтелдердің 
эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;  
4) грамматикалық норма бойынша есімше; көсемше; тұйық етістік; шақ, 
рай  түрлерін;  еліктеу  сөздер;  шылау  түрлерін;  одағай;  оқшау  сөздер  туралы 
білімдерін кеңейтеді; 
5) пунктуациялық норма бойынша  сөйлем соңында және сөйлем ішінде 
қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдануды 
үйренеді. 
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер
1)  ұзақ  мерзімді  жоспарда  көрсетіген  оқу  мақсаттары  арқылы 
оқушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау 
аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;  
2)  бір  тарау  барысында  оқу  мақсаттарының  ретін,  оларға  ұсынылатын 
сағат  санын  мұғалім  өзі  таңдап  жоспарлай  алады  және  мектеп  журналына 
белгілі бір тарау бойынша ұсынылған тақырыпшаларды жазған дұрыс; 
3)  бір  сабаққа  таңдалатын  оқу  мақсатының  саны  1-3  аралығында  болуы 
қажет,  үштен  артық  мақсат  таңдалса  оқушыға  қиын  тиеді  және  оны  жүзеге 
асыру мүмкін болмайды; 
4)  қалыптастырушы  және  жинақтаушы  бағалау  оқу  мақсаттарында 
көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады; 
5) күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай 
бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады
6) бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер 
сөйлеу  әрекетінің  екі  түрін  таңдаған  кезде  рецептивті  (тыңдалым,  оқылым) 
продуктивті  дағдыға  шығып  отыруы  қажет.  Яғни  оқушы  тыңдаған  не  оқыған 
материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет
7)  тыңдалым  және  оқылым  дағдыларын  қалыптастыру  барысында  мәтін 
кезеңдерін  (мәтіналды  кезең,  мәтінмен  жұмыс  кезеңі,  мәтінсоңы  кезеңі)  қатаң 
сақтау қажет; 
8)  жазылым  және  айтылым  дағдыларын  қалыптастыру  барысында 
оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек; 
9)  айтылым  (диалог,  монолог,  полемика),  жазылым  (хат,  хабарлама, 
мақала, т.б.); 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау