Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет94/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
229 
кемінде  2/3-не  сәйкес  келетін  жетістіктерді  көрсете  алса,  оған  «сынақ» 
қойылады.  
Оқушыға  «есептелінді»/«есептелінген  жоқ»  белгілерін  қоюда  оның  пән 
бойынша шығармашылық қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады. 
Портфолио 
сапасын 
талдауда 
оқушының 
ұжымдық 
және 
топтық 
шығармашылықтағы  белсенділігі,  сондай-ақ  жеке  шығармашылық  қызметте 
проблеманы  ұғыну  тереңдігі,  оның  ойының  бағдарлығы,  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  басымдығының  мазмұны,  адамға  және  қоршаған  әлемге 
сүйіспеншілік  негізінде  сабақта  қойылған  проблемаларды  шешу  жолдарын 
іздестіру басты назарда болады. 
 
 
«ТЕХНОЛОГИЯ  ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ  САЛАСЫ 
 
Музыка 
«Музыка»  пәні  адам  өмірінің  бөлігі  ретінде,  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  мәдениеттің  бөлігі  ретінде  білім  алушылардың  музыкаға 
деген  құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған. 
«Музыка»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  білім  алушылардың  музыка 
бойынша  негізгі  білімі  мен  біліктерін,  музыкалық  іс-әрекеттерінде  
шығармашылық  пен  өз  ойын  жеткізу  және  қарым-қатынас  жасау  тәсілдерін 
меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық 
құндылықтары  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  музыкалық  және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. 
«Музыка»  пәні  бойынша  қалыптастырушы  бағалау  өткізіледі.  Пән 
бойынша  білім  алушылардың  қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері  оқушылар 
мен  ата-аналарға  берілетін  кері  байланыс  үшін  материал  болып  саналады. 
«Музыка» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында 
«есептелінді»/ «есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады. 
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 
2) 2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
 
Көркем еңбек 
Бастауыш  сыныптардағы  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  ерекшелігі 
«Бейнелеу  өнері»  және  «Еңбекке  баулу»  оқу  пәндерін  біріктіретін  «Көркем 
еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық 
әрекет  барысында  көркем-технологиялық  білімдерді,  қабілеттер  және 
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.  
Түрлі  материалдармен  жұмыс  істеу  білім  алушылардың  технологиялық 
ойлауын,  көркем-эстетикалық  талғамын,  шығармашылық,  есте  сақтау 
қабілеттерін,  кеңістіктік  қиялын,  фантазиясы  мен  қол  моторикасын  дамытуға, 
көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді. 
«Көркем  еңбек»  оқу  пәнінің  маңыздылығы  шынайы  болмысты 
эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
230 
әлеммен өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы 
болып табылады. 
«Көркем  еңбек»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  жеке  тұлғаның  қалыптасуы 
және  өз  ойын  білдіруінің  негізі  ретінде,  рухани-адамгершілік  мәдениетін 
дамыту, 
шығармашылық, 
кеңістіктік-образдық 
ойлауын, 
көркемдік-
технологиялық білімінің негізін қалыптастыру. 
Оқу  бағдарламасының  мазмұны  көркемдік-шығармашылық  іс-әрекеттің 
алуан  түрін  қарастырады.  Сабақта  іске  асырылатын  қөркемдік  іс-әрекеттің 
түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті 
түрде  қөркемдік  іс-әрекеттің  үш  түрі  жүзеге  асырылады:  конструктивті, 
бейнелеу, сәндік. 
«Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  қалыптастырушы  бағалау  өткізіледі.  Пән 
бойынша  білім  алушылардың  қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері  оқушылар 
мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. 
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының 
соңында  «есептелінді»/«есептелінген  жоқ»  бағасы  сынып  журналына  
қойылады. 
Оқу  процесінде  әр  түрлі  жұмыстарды  орындау  барысында  еңбек 
гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет. 
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 
2) 2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
 
 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ  САЛАСЫ 
 
Дене шынықтыру 
«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқытудың  мақсаты  денені  салауатты 
шынықтыруға,  спорттық-спецификалық  қозғалу  дағдылары  мен  дене  бітімі 
қабілеттерін  меңгеруге  бағытталған  дене  шынықтырудың  негіздерін 
қалыптастыру болып табылады. 
Дене  шынықтыру  мұғалімі  денсаулығына  байланысты  арнайы 
медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ ұйымдастыру үшін дене 
жаттығуларының  өсіп  келе  жатқан  ағзаға  тигізетін  ықпалы  туралы    жеткілікті 
білуі тиіс.  
Дене  шынықтыру  мұғалімдері  оқушы  организмінің  анатомиялық-
физиологиялық  ерекшеліктеріне  (жетілуіне)  сәйкес  өздерінің  педагогикалық 
тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.  
Арнайы  медициналық  топтағы  білім  алушылардың  шалдыққан 
сырқаттарының  ауырлығына  және  сипатына  байланысты  дене  шынықтыру 
сабақтарында  дифференциалды  оқыту  үшін  оларды  А  және  Б  кіші  топтарына 
бөлу ұсынылады: 
1)  А  кіші  тобы  –  денсаулықтары  түрлі  сырқаттармен  әлсізденген,  бірақ 
қалпына келтіруге болатын ауытқулары бар білім алушылар;
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
231 
2) Б кіші тобы – сыртқы ағза мен ішкі органдар жүйесінде ауыр сырқатқа 
шалдыққан,  қалпына  келтіруге  болмайтын  өзгерістері  бар  білім  алушылар 
(жүрек-қан  тамырлары  ауруы,  несеп  шығару  жолдарының  аурулары,  бауыр 
аурулары;  көз  түбінің  өзгеруі  салдарынан  көру  қабілетінің  жоғары  деңгейде 
бұзылуы).  
«Дене  шынықтыру»  пәнінің  мұғалімі  білім  алушыларды  олардың 
денсаулық жағдайларына сәйкес кіші топтарға бөледі; сырқаттану диагнозына 
байланысты  білім  алушыларға  жаттығуларды  белгілейді;  оқыту,  сабақ  беру 
және  бағалау  процесіндегі  әдістерін  дараландырады;  сабақтарда  орындалатын 
қимыл-қозғалыс  әрекетінде  өз  білімдерін  жетік  қолдана  алатын,  медициналық 
білімі бар мамандардың қолдауымен сабақ өткізеді.  
«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  қалыптастырушы  бағалау  өткізіледі. 
Пән  бойынша  білім  алушылардың  қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері 
оқушылар  мен  ата-аналарға  берілетін  кері  байланыс  үшін  материал  болып 
саналады.  
«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  тоқсан  соңында    және  оқу  жылының 
соңында  «есептелінді»/«есептелінген  жоқ»  бағасы  сынып  журналына 
қойылады. 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына: 
- 1-сыныпта 3 сағат, оқу жылында 99 сағатты;   
-2-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау