НҰСҚАУЛЫҚ
Нөмірлеу ресурсын бөлуге рұқсатын алуға өтініш беру
Әрекеттің реттілігі
1. «Кіру» сілтемесіне басыңыз.
2. Бұдан әрі тиісті терезеде тіркелген кезде берілген парольді енгізіңіз және
деректерді растаңыз.
3. Авторландыру ойдағыдай өткен жағдайда порталдың басты бетінде
өтініш берушінің тегі және аты, немесе ұйымның атауы көрсетіледі.
4. Порталдың басты бетінде " Мәдениет және байланыс" қосымша
бетіне басыңыз.
5. Өтініш беру үшін қажетті түрді таңдағаннан кейін "Қызметке онлайн
тапсырыс беру" сілтемесіне басыңыз.
6. «Жеке деректерді толтырыңыз» келесі бетінде талап етілетін
алаңдарды толтырыңыз. «Сіз шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып
табыласыз ба?» және «Сіз ЖК болып табыласыз ба?» алаңдарын
анықтамалықтан «иә» немесе «жоқ» мәндерімен толтырыңыз. «Қазақстан
қаласы» алаңын анықтамалықтан алынған мәнімен толтырыңыз. Басқа
алаңдар алдын ала пайдаланушының профайлынан толтырылған. Қажетінше
оларды алып тастауға және жаңа деректермен толтыруға болады.
Осы бетті толтырғаннан кейін «Әрі қарай» батырмасына басыңыз.
7. Бұдан әрі анықтамалықтан пайдалану аумағын таңдаңыз және
нөмірлердің санын қолмен белгілеңіз.
8. Келесі бетте диалогтік терезе арқылы қажетті құжаттарды тіркеңіз.
Диалогтік терезені ашу үшін түйреуіш түріндегі белгіге басыңыз.
Құжаттарды компьютердің жұмыс үстелінен диалогтік терезеге жүктеңіз.
«Түйреуіш» сілтемесіне басыңыз:
Ашылған терезеде «Шолу жасау» сілтемесі арқылы құжаттың
орналасқан орнын сілтеп, құжатты таңдауқажет. Таңдалған құжатты
«Құжаттың атауы» жолына атауын көрсетіп, «Жүктеу» батырмасына
басыңыз, нітижесінде қажетті құжат «Түйреуішке» бекітіледі:
Осы әрекетті орындап болған соң, «Әріқарай» батырмасына басыңыз
9. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба қою бетінде сіздің (*.pfx -
сертификат) таңдап алып:
Қажетті электронды сандық қолтаңба таңдалған соң, жасырын белгіні
енгізіңіз:
ЭЦҚдағы мәлімметтер дұрыс болса, «Қол қою» батырмасына басу қажет.
Тапсырысқа қол қойғаннан кейін жүйе пайдаланушыны «Өтініш
туралы ақпарат» бетіне жөнелтеді. Өтініш туралы деректермен танысыңыз.
Өтініштің мәртебесін тексеру
1. Өтініштің мәртебесін тексеру үшін «Менің өтініштерім» қосымша
салымын таңдап алу қажет.
«Менің өтініштерім» бетінде пайдаланушының өтініштерінің тізілімі
мынадай ақпаратпен көрсетіледі:
1) Өтініштің нөмірі;
2) Берген күні;
3) Лицензиар;
4) Лицензиялардың/рұқсат берулердің түрі;
5) Өтініштің түрі;
6) Мәртебесі.
2. Жөнелтілген өтініштердің деректерін «Қарап шығу»
батырмасы
көмегімен қарап шығуға болады.
Рұқсат беру құжатын тексеру
1. Рұқсат беру құжатын қарау үшін "Менің рұқсат беру құжаттарым"
салымын таңдау қажет.
2. «Менің рұқсат беру құжаттарым» бетінде пайдаланушының
лицензиялар/рұқсат беру құжаттарының тізілімі мынадай ақпаратпен
шығады:
1)РҚ БСН;
2) Лицензияның нөмірі;
3) Беру күні;
4) Лицензиар;
5) Лицензиялардың/рұқсат берулердің түрі ;
6) Мәртебесі
Лицензияны қарап шығу «Қарау» батырмасы көмегімен жүзеге асырылады.
Лупа түріндегі суретке басыңыз. Бұдан әрі жүйе пайдаланушыны
"Рұқсат беру құжаты туралы ақпарат" бетіне бағыттайды, онда "Құжатты
көшіру" батырмасы көмегімен электрондық лицензияны (*.pdf –форматында)
жергілікті ресурсқа жүктеуге болады.
Порталмен жұмыс істеу бойынша кез келген
сұрақтарыңыз туындаса Сіз тәулік бойы Бірыңғай
байланыс орталығына келесі телефон нөмірі арқылы
хабарласа аласыз! 1414 және 8-800-080-7777 Қоңырау
тегін!
Достарыңызбен бөлісу: |