Соған қарамастан, осы негіз бойынша жұмыстан босату тек
дəлелденген жəне жеткілікті тексерілген фактілердің негізінде
жүзеге асырылуы мүмкін.
12) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңы жеке еңбек шартына сəйкес
өзіне
сеніп
тапсырылған
мемлекеттік,
қызметтік,
коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияларды
құрайтын мəліметтерді жария еткен жағдайда жеке еңбек
шартын бұзу мүмкіндігін көздейді.
Есте ұстайтын бір жағдай, заңдарда көзделген құпиялар барлық
қызметкерлерге сеніп тапсырылмайды. Яғни, бұл негіз бойынша
жұмыстан босату тек өздеріне осындай құпиялар сеніп
тапсырылған жəне осы құпияларды жария етпеу міндетіне ие
қызметкерлерге ғана таралады. Мұндай міндет жеке еңбек
шартында көзделіп өтуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда жұмыс
беруші қызметкерді бұл негіз бойынша жұмыстан босата алмайды.
Тіпті, осы негіз бойынша қызметтен босатқан жағдайда да
қызметтен босату көзделген қызметкердің сеніп тапсырылған
құпияларды жария еткен фактісін мұқият тексеру жəне даусыз
дəлелдемелердің негізінде ғана жеке еңбек шартын бұзу туралы
мəселені шешу қажет.
13) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 13-тармағы
қызметкердің ұйыммен бірге басқа жұмысқа уақытша
ауысудан немесе өндірістік іркіліске байланысты басқа
жұмысқа уақытша ауысудан бас тартуымен байланысты оны
жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату
мүмкіндігін көздеген.
Бұл негіз бойынша жұмыстан босату қызметкер жазбаша
нысанда мұндай ауысудан бас тартқан жағдайда ғана орын алуы
мүмкін. Басқа жағдайлардың барлығында жеке еңбек шартын бұзу
құқыққа қайшы болып саналады.
14) ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 14-тармағына
сəйкес жұмыстан босату бұрын осы жұмысты орындап келген
қызметкер сот шешімімен жұмысына қайта алынған жағдайда
қолданылуы мүмкін. Басқа органдардың басқа ешбір шешімі осы
жұмысты бұрын орындап келген қызметкерді жұмысқа қайта алуға
негіз бола алмайды. Мұндай жағдайда оның орнындағы қызметкер
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабының 14-тармағына сəйкес
жұмыстан босатылады. Ескеріп өтетін бір жайт, мұндай
жағдайдағы жұмыстан босату кінəлі немесе құқыққа қайшы
əрекеттер үшін жүзеге асырылмайды.
Жұмыс беруші осы негіз бойынша жұмысынан босатылатын
қызметкерге басқа жұмысты ұсынуға құқылы. Қызметкер
ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда, жеке еңбек шарты осы
негіз бойынша бұзылады.
Қызметкерлерді жұмыстан босатуды ресімдеудің тəртібі.
Қазақстан
Республикасының
қолданыстағы
заңдары
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде олардың құқықтарын
қорғауға жəне жеке еңбек шарттарының тұрақтылығын қамтамасыз
етуге қатысты шараларды көздеп қана қоймай, қызметкерлерді
жұмыстан босатуға қатысты де бірқатар заңды кепілдіктерді
көздейді. Нақты атайтын болсақ, заңдар қызметкерді жұмыс
берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босату негіздерінің
шеңберін көздеген. Тіпті, осы негіздердің басым көпшілігі жұмыс
берушіні жеке еңбек шартын бұзуға міндеттемейді, олар жұмыс
берушіге қызметкерді жұмыстан босату құқығын береді.
Жеке еңбек шартын бұзу қызметкердің де, жұмыс берушінің де
бастамасымен жүзеге асырылуы мүмкін, алайда кез келген
жағдайда жұмыстан босатудың əрбір негізі бойынша белгілі бір
ережелер сақталуы тиіс.
Жеке еңбек шартын қызметкердің бастамасы бойыша бұзу
шарттың түріне қарамастан (мерзімді, мерзімсіз, белгілі бір
жұмысты орындау уақытына жəне т.б.) кез келген уақытта, тіпті
шартты бұзудың себептерін түсіндірместен де жүзеге асырылуы
мүмкін. Жеке еңбек шартын бұзу кезінде қызметкердің міндетіне
жұмыс берушіні өзінің жұмыстан босағысы келетіні туралы
кемінде 30 күн бұрын жазбаша ескертуі ғана жатады. Тараптардың
келісімі бойынша бұл мерзім кез келген жаққа өзгертілуі мүмкін.
Жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 26-бабында көзделген негіздер
бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан босатудың
бұл бапта көрсетілген негіздерінің тізімі осымен шектеледі, бұлар
шарттың түріне қарамастан кез келген қызметкерге қатысты
қолданылуы мүмкін, алайда жоғарыда атап өткеніміздей, əрбір
негіз бойынша қызметтен босатудың белгілі бір ережелері
сақталуы тиіс.
Жалпы ереже болып бір тараптың екінші тарапты жеке еңбек
шартында көзделген мерзімде жұмыстан босату туралы міндетті
жазбаша ескертуі табылады. Егер жеке еңбек шартында бұл мерзім
анықталмаса, онда заңдардың талаптарына сəйкес бұл мерзім 1
айдан кем болмауы тиіс. Алайда, тараптардың келісімі бойынша
бұл мерзім ұзартылуы да, қысқартылуы да мүмкін. Бұл ереже
маусымдық қызметкерлермен жасалатын жеке еңбек шартына
таралмайды. Маусымдық қызметкер жеке еңбек шартын өз
еркімен, жұмыс берушіні бір апта бұрын хабарландыра отырып
бұза алады. Сонымен қатар, жұмыс беруші өзіндегі жұмысты
өндірістік сипаттағы себептер бойынша екі аптадан астам мерзімге
тоқтатқан жəне дəлелді себепсіз бір жұмыс күні ішінде жұмыс
орнында болмаған жəне еңбекке уақытша жарамсыздығы себепті
бір ай бойы жұмыста үздіксіз болмаған жағдайларда жеке еңбек
шартын бұза алады (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 38-бабы).
Жеке еңбек шартын бұзған кезде жұмыс беруші қызметкерді
жұмыстан босату туралы бұйрық шығаруға міндетті. Жеке еңбек
шартын бұзудың немесе тоқтатудың себептері бұйрықта жəне
еңбек кітапшасында еңбек туралы заңдардағы анықтамаға дəл
сəйкестендіріп көрсетілуі жəне заңның тиісті бабына жəне
тармағына сілтемесі болуы тиіс. Мысалы, лауазымынан өз еркімен
босатылды (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 25-бабының 2-
тармағының 2-тармақшасы); жеке еңбек шарты мерзімінің
аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды (ҚР «ҚР еңбек
туралы» заңының 25-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы).
Жұмыс беруші жұмыстан босататын күні қызметкерге жұмыс,
көтермелеу шаралары, жұмыстан босату себептері туралы жазбалар
көрініс тапқан еңбек кітапшасын беруге міндетті. Сонымен бір
мезетте жұмыстан босатылатын қызметкермен есептесуі қажет.
Соңғы есептесуге қызметкердің жалақысы жəне оған тиесілі
барлық төлемдер мен өтемақылар кіреді. Егер осы күні қызметкер
жұмыс істемесе, жұмысқа келмесе жəне қандай да бір себеппен
оларды талап етпесе, онда аталған құжаттар мен ақша бірінші талап
бойынша беріледі.
Қызметкердің, оның ішінде бұрынғы қызметкердің өтініші
бойынша жұмыс беруші оған бес күн мерзімнен кешіктірмей оның
мамандығы, біліктілігі, қызметі, жұмыс уақыты мен жалақысының
мөлшері көрсетілген анықтаманы, қызметкердің біліктілігі мен
оның жұмысқа көзқарасы туралы мəліметтер жазылған мінездеме-
Достарыңызбен бөлісу: |