Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет46/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

тұрақты сақтау үшін ұйымның электрондық дерекқорына енгізуге;

 

      2) ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 



оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;

 

      3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің 



сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

      6. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды 



ұйымдастыру жеке немесе заң тұлғалармен шарттық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

 

      203-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау



 

                жөніндегі өндірістік кеңес

 

      1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерлердің не олардың 



өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 

өндірістік кеңес құрылады. Оның құрамына техникалық еңбек инспекторларын қоса алғанда, 

жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді.

 

       2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамы 



жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен шешімімен бекітіледі. 

 

      3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті екі жылда 



бір рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің 

арасынан кеңес мүшелері сайлайтын төраға басқарады.

 

       Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімдері 



жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады. 

 

      4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс беруші 



мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен 

кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ 

техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің 

қорғалуына тексеру жүргізуін ұйымдастырады.

 

      Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың кандидатураларын кәсіптік 



одақ, ал ол болмаған кезде – жұмыскерлердің жалпы жиналысына кемінде үштен екісі 

қатысқан кезде көпшілік дауыспен ұйымның жұмыскерлері арасынан жұмыскерлердің жалпы 

жиналысы ұсынады.

 

      5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар еңбек қауіпсіздігі және 



еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі.

 

      Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесі, құқықтары мен 



міндеттері, сондай-ақ олардың бақылауды жүзеге асыру тәртібі еңбек қауіпсіздігі және 

еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен айқындалады.

 

   23-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

      204-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi

 

      1. Осы Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



 

      2. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:

 

      1) 1-баптың 1-тармағының 64) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп 



белгіленсін:

 

      «64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған 



ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу 

жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;»;

 

      2) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп 



белгіленсін:

 

       «4) шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не 



халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік 

жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берілген біліктілігінің сәйкестігі туралы 

анықтаманы алғанға дейін не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген 

тәртіппен ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін рұқсатты алғанға дейін 




немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе 

ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын 

шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.»; 

 

      3) 30-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп 



белгіленсін:

 

      «6) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік жұмыскерлердің еңбек 



қызметін жүзеге асыруының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін 

мерзімдері, жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар не 

ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсат шегінде жасалуы мүмкін.»;

 

      4) 57-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп 



белгіленсін:

 

      «1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты 



қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде;»;

 

      5) 60-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:



 

      «3) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы 

не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты белгіленген тәртіппен алмай немесе 

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді 

сақтамай, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған;».

 

      3. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп 



танылсын:

 

      1) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (Қазақстан 



Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-

құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-

құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 

ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 

№ 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 

№ 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 

ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 

72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 

2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 

90-құжат; № 19-I, 19-IІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-

құжат; № 3, 13-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 56-құжат; № 

14, 72-құжат; № 15, 78-құжат); 

 

      2) «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2007 жылғы 



15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің 

Жаршысы, 2007 ж., № 9, 66-құжат).

 

      Қазақстан Республикасының

 

      Президенті                                 Н. Назарбаев

 

 

 



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ 



РМК 


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау